1 Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі


ИЕРОГЛИФ (грек тіл. ауд. – қажетті және қиылып алынған) — көне  жазудың түрі, таңба не белгі, сурет түрінде келеді.  ИНДИВИДУМ



Pdf көрінісі
бет187/236
Дата18.05.2022
өлшемі6.3 Mb.
#456981
1   ...   183   184   185   186   187   188   189   190   ...   236
Totin Filosofia (1)

ИЕРОГЛИФ (грек тіл. ауд. – қажетті және қиылып алынған) — көне 
жазудың түрі, таңба не белгі, сурет түрінде келеді. 
ИНДИВИДУМ (латын тіл. ауд. – бөлінбейтін, тұтас, ерекше тұлға) — жеке 
адам, тұлға. 
ИНДУИЗМ — әлемдегі ірі діндердің бірі. Қасиетті кітабы – Веда және 
брахмандардың бір орталыққа бағындыру ілімінің негізін құрайды. Карта 
заңына сай жанның істеген ісінің оң не терістігіне сәйкес өлгеннен кейін 
жаңа түрге айналатындығы туралы ілім. 
ИНДУКЦИЯ (латынш. – нысанаға алу) — «жекеден»- «жалпыға» қарай өту 
арқылы білім алудың логикалық тәсілі. Дедукцияға қарама-қарсы қойылады. 
ИНТУИТИВИЗМ — философиялық-методологиялық ұстаным, болмыс пен 
танымның соңғы негіздемесі ретінде шындықтың субьект пен обьектіге 
бөлінуін жоятын, затқа тікелей, «тірі» енуді таниды. 
ИНТУИЦИЯ — білімді дискурсивті туындатусыз және дәлелдеусіз
проблемалық ситуацияны тұтастай қамту арқылы тікелей алу процесі. 


355 
ИНТЕЛЛИГИБЕЛЬДІЛІК — ақылмен танылатын, ақыл арқылы ғана қол 
жеткізуге болатын нәрсе. 
ИННОВАЦИЯ (ағылш. – жаңалық) — мәдениеттану мен социологияда 
этностың алғашқы даму кезеңінде болмай, кейіннен пайда болған мәдени 
құбылысты айқындайтын ұғым. 
ИНТЕНЦИЯШЫЛДЫҚ (латынш. – талпыну, зейін қою) — сананың 
белгілі затты түсінуге бағытталуы немесе заттың шынайы, шынайы емес 
екендігіне тәуелсіз сана нақтылығы. 
ИНТЕРПРЕТАЦИЯ — тарихи-гуманитарлық ғылымдарда – мәтіндердің 
мәндік мазмұнын ұғынуға бағытталған мәтінді түсіндіру; математикалық 
логикада, логикалық семантикада, ғылым философиясында – формальдық 
тілдің сөйлемдерінің мағынасын анықтау. 
ИНТЕРСУБЬЕКТІЛІК — таным субъектілері арасындағы арнайы қарым – 
қатынас, өзара араласу мен білімін өзгемен бөлісудің негізі. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   183   184   185   186   187   188   189   190   ...   236




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет