1 Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі


ЖІГЕР — дамның белгілі бір іс-әрекеттерді орындауға саналы, мақсатты  түрде ұмтылысы.  ЖЭНЬ



Pdf көрінісі
бет184/236
Дата18.05.2022
өлшемі6.3 Mb.
#456981
1   ...   180   181   182   183   184   185   186   187   ...   236
Totin Filosofia (1)

ЖІГЕР дамның белгілі бір іс-әрекеттерді орындауға саналы, мақсатты 
түрде ұмтылысы. 
ЖЭНЬ — конфуцийліктің басты этикалық түсінігі. «Гумандылық», 
«мейірімділік», «адамгершілік» дегенді білдіреді. Жэнь – бұл «бес 
парыздың» бірі, оны адам өмірде игеруі керек. Конфуций бұл ұғымға 
әмбебап ізгіліктің мағынасын үстеп, оны «адамдарды сүю» деп түсіндірген. 
Мэн-цзы «Жэнь деген адам» афоризмінің айтып, бұл ұғымның тұлғааралық 
сипатын анықтайды және оның мәні адамдар арасындағы қатынас болады. 
Жаңа конфуцийшілдік философиясында Жэнь ұғымына космологиялық мән 
үстелген – ол ғаламның негізінде жатқан, адамды аспанмен, жермен 
біріктіретін махаббат деп түсіндіріледі. 
ЗАТ — бұл категория көптеген философиялық жүйелерде – обьект 
мағынасында, танымдық қызмет ерекшелеген шындықтың қайсібір саласы 


352 
мағынасында, затсыздандыру тиіс болатын заттанған қызмет ретіндегі 
мәдениет феномені мағынасында жұмсалады, сондықтан оны обьектіге 
жатқызуға болмайды. 
ЗАТТАНУ және ЗАТСЫЗДАНДЫРУ — үдерістегі қызметтің заттың 
тұрақты формасына өтуін және затта жүзеге асқан мазмұнның тірі, үдерісті 
қызметке өтуін белгілейтін марксшіл философияның категориялары. 
ЗАТТЫҚ ІС-ӘРЕКЕТ — К.Маркс философиясының негізгі категориясы. 
ЗЕРДЕ — пайыммен салыстырғанда ең жоғарғы ой қызметі, ол қарама-
қарсылықтардың бірлігін тануға қабілетті. Зерде мен пайымды ажыратуға 
алғашқылардың бірі болып талпынған – Н.Кузанский. Кейін неміс 
классикалық философиясы үшін мұндай ажырату маңызды болған. 
ИДЕАЛИЗАЦИЯ (грекш. - түр, көлеңке) — шындығында бейнесі бар, бірақ 
күнделікті 
тіршілікте 
кездеспейтін 
обьекттерді 
ойда 
құрастыру, 
конструкциялау. 
ИДЕАЛИЗМ — идеалдық бастаманың (рух, құдай, сана, ой, логос, жан, идея 
т.б.) алғашқылығы деп танитын жалпы философиялық ілімнің атауы. Бұл 
аталмыш ұғымды алғаш рет ғылымға енгізген – Г.В.Лейбниц
ИДЕАЛДЫЛЫҚ — нақтылық категориясына қарама-қарсы қойылатын (жиі 
айтылатындай «материалдық нәрсеге» емес) категория. Ол «идеалды» 
(мінсіз) деген «идеал» ұғымынан туындайтын мәселе емес. 
ИДЕЯ — ежелгі грек философиясында пайда болған категория. Демокрит 
атомдарды идея деп атаса, Платон сезім арқылы қабылданатын әлемнің 
ақылжетерлік әуелгі бейнелерін атаған және олар, оның пікірінше, шынайы 
болмыс болады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   180   181   182   183   184   185   186   187   ...   236




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет