КОММУНИКАЦИЯ (латынш. – қатынас, байланыс) — қатынас, байланыс,
хабарлау амалдарының жолдары.
КОМПРОМИСС — өзара түсіну арқылы келетін ымыра немесе пәтуа.
КОНСТРУКТИВТІК — жасампаздық сынау, бәрін «түбіне дейін» жоймай,
жаңа да ескінің жағымды, позитивтік мазмұнын сақтайтын сын.
КОНФЛИКТ — әр түрлі көзқарастардың арасындағы жанжал, қақтығыс.
КОНФОРМИЗМ (көне лат. – тәрізді, ұқсас, сәйкес) — ықпалы күшті, үлгілі
стереотипке сынмен қарамай еріп кету, бейімделгіш, пассивті әлеуметтік іс-
әрекет түрі.
КОНФУЦИЙШЫЛДЫҚ — бұл философиялық ағымның пайда болуы және
қалыптасуы осы ағымның негізін қалаушы Кун-фу-цзы, оның ізбасарлары
Мэн-цзы және Сюнь-цзының есімдерімен тығыз байланысты. Кун-фу-
цзының ілімінше, ең жоғары жаратушы күш – Аспан, ол жерде әділеттілік
болуын қадағалап отырады. «Өмірдің не екенін білмей жатып, өлімнің,
рухтың не екенін қайдан білеміз» деуінің өзі осыған айғақ. Басты мәселесі –
адамдар арасындағы қарым-қатынас, тәрбие мәселелері. Ал адамгершіліктің
негізі – «жэнь» «ата-анасын құрметтеу және үлкен ағаларын сыйлау», жалпы
алғанда, үлкендерді сыйлау. Бұл әдептілік қағидасы, бір сөзбен айтқанда,
«өзің қаламайтын нәрсені басқа біреуге жасама» дегенге сайып келеді.
Аталған әдептілік қағидаларын «текті адамдар» (цзюнь-цзы) ғана
басшылыққа алып, іс-әрекет жасайды. «Текті адам» тек қана этикалық ұғым
емес, ол саяси ұғым да. Ол халықты басқарады.
КОНЦЕПТУАЛЬДЫҚ (латынш. – ой, көзқарас жүйесі) — ХХғ. 70-80ж.ж.
Модернизмде қалыптасқан бағыт. Өнердегі оның ерекшелігі – сол өнердегі
идеяны материалистік тұрғыдан қабылдауды теріске шығарудан тұрады.
Олар «көркемдік идеяны» (концептуалдық) көрермен санасына схема,
диаграмма, таңба арқылы жеткізуге шақырады. Өнердің өз табиғатын ерекше
көрсету бағытын ұстанады.
Достарыңызбен бөлісу: |