359
саласы. Дүниенің пайда болуы туралы көне таным дін мен мифте аңыз боп
айтылады және оны әлемнен сырт тұрған жаратқан күштің иесі туралы
айтылады.
КОСМОПОЛИТИЗМ (грекш. - «әлем азаматы») —
мәдениеттанудың
әлемдік азаматтық идеологиясын білдіретін ұғым – термин. Антиктік дәуірде
қалыптасып, ХІХғ. қолданысқа енді. Ұғымның негізінде әлемдік мемлекет
қалыптастыру немесе
мемлекеттердің әлемдік федерациясын құру идеясы
жатыр.
Космополитизм идеологиясына, сондай–ақ, жалпыадамзаттың
мәдениетті қалыптастыру, дамыту және әлемдік
глобальды мәселелерді
шешу жатады.
КОСМОС (грекш. – ғарыш, әлем, ғалам) — ежелгі грек философиясында
әлемнің әсем ұйымдасқан жүйе ретінде тұтас бүтіндігін көрсететін термин.
Қазіргі таңда әлемді айқындаудың синонимі ретінде қолданылады. Жақын
космос жер
мен оның кеңістігін қарастырса, алыс космос жұлдыздар әлемі
мен галактиканы қамтиды.
КОСМОЦЕНТРИЗМ — қоршаған ортаны,
табиғат құбылыстарын,
тіршілікті жасаушы дүлей, шексіз сыртқы күш – Ғарыш, барлық өзгерістер
ғарыштық айналым арқылы жүзеге асады деп түсіндірілетін философиялық
көзқарасты айтады (Ежелгі Үнді, Ежелгі Қытай, басқа да Шығыс елдері және
Ежелгі Грекия).
КРЕАЦИОНИЗМ — латынш. – «жарату».
Құдайдың әлемді ештеңеден
жаратуы туралы діни доктрина (оны кейбір философиялық ілімдер де
қолдаған).
КРИТИЦИЗМ — философиялық және ғылыми-теориялық ойлауға тән
ұстаным, методологиялық әдіс. Критицизм ақиқат білімнің қатаң логикалық
өсуін қамтамасыз
ететін универсалдық метод жоқ, сондықтан ғылымның
міндеті – ізденіс және формальдық-логикалық тәсілдердің көмегімен жалған
теорияларды теріске шығару деп пайымдайды.
КӨЗҚАРАС — метафизикалық ойлау мен зерттеулер нәтижелерінің
жиынтығы, обьективті дүниеге және ондағы адамның орнына, адамның өзін
қоршаған ортасы мен өзіне деген қатынасын білдіретін
пікірлерінің және
олардан туындайтын өмірлік ұстанымдарының, сенімдерінің, идеалдарының,
құндылықтық бағыттарының жүйесі.
КУЛЬТ–ҒИБАДАТ (латынш. – күтім, құрметтеу) — ерекше тылсым күшке
сену бағытында жасалатын қимыл, әдет–ғұрып, салт–жоралар жиынтығы.