1 Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі


ТЕХНИКАЛЫҚ ӨРКЕНИЕТ ТЕОРИЯСЫ



Pdf көрінісі
бет222/236
Дата18.05.2022
өлшемі6.3 Mb.
#456981
1   ...   218   219   220   221   222   223   224   225   ...   236
Totin Filosofia (1)

ТЕХНИКАЛЫҚ ӨРКЕНИЕТ ТЕОРИЯСЫ — өркениеттің негізгі өлшемі, 
критерийі – техниканың даму деңгейі (Д.Белл, З.Бжезинский, Р.Арон). 
ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ ДЕТЕРМЕНИЗМ — қоғамдық-экономикалық 
құрылымдардың дамуындағы шешуші фактор – өндірістің техникалық және 
технологиялық жақтарын өзгерту деп тұжырымдайтын методологиялық 
ұстаным. 
ТОЛЕРАНТТЫЛЫҚ (ағылш. – төзімділік, көнбістік) — басқа ойға, 
көзқарасқа, наным-сенімге, іс-әрекетке, әдет-ғұрыпқа, сезім-күйге, идеяларға 
төзімділік, түсіністік, жұмсақтық көрсете білу қасиеті. Мысалы, исламдық 
төзімділік – басқа монотеистік діндерге сеніммен төзу деген мағынаны 
береді. Исламдағы толеранттылық ұстанымы басқа діни сенімді насихаттауға 
мүмкіндік беретін ұстаным ретінде қалыптасқан. Исламдық толеранттылық 
діни толеранттылық ретінде діни еркіндікке негізделеді. Толеранттылық 
конфессияаралық сұхбат арқылы іске асады.
 
ТОЛЫҚТЫРМАЛЫҚ ПРИНЦИПІ — квант механикасына байланысты 
Н.Бордың ашқан тәсілдемелік принципі. Ол принцип бойынша, микроәлемге 
қатысты физикалық объектіні дәлірек суреттеу үшін, оны бірін-бірі жоққа 
шығаратын қосымша суреттеу жүйелерін пайдалана отырып анықтау қажет 
делінген. 
ТОМИЗМ — ортодоксалды схоластика бағыты. Оның негізін қалаған – 
Фома Аквинский
ТОТЕМ (Солтүстік Америка аджибве тайпа тілі – тек, ата) — белгілі бір 
тайпаның немесе этникалық топтың шыққан тегі, арғы атасы деп 
қарастырылатын өсімдік, жануар, зат немесе табиғат құбылысы. 
Дж.Лонгтың термині. 
ТӨЛМӘДЕНИЕТ, ИНКУЛЬТУРАЦИЯ — мәдениетттануда тұлғаның өзі 
тәрбиеленіп өскен ортасы, дәстүрлі мәдениетіне байланысты қолданылатын 
ұғым – термин. 


387 
ТРАНСЦЕНДЕНТТІЛІК (лат. –  аттап өтуші, шектен шығушы) — теология 
мен философияның негізгі категорияларының бірі. Ол шектен асатын нәрсені 
белгілейді теологияда Құдайды, философияда қайсібір ең жоғарғы 
нақтылықты. 
ТРИАДА (гр. – үштік) — философиялық құрылыстың тәсілі. Г.Гегельдің 
логикасында абсолютті идеяның өздігінен дамуының (ереже – терістеу –
терістеуді терістеу) және өзін өзі тануының (тезис – антитезис – синтез) ішкі 
ырғағы. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   218   219   220   221   222   223   224   225   ...   236




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет