383
СУБЬЕКТ — қызметті (практикалық, ойлау, танымдық) атқаратын адам.
Субьект –
белсенді бастау, оны әдеттегідей іс-жүзінде енжар болатын алып
жүрушімен теңестіруге болмайды.
СУННА (суннат Расул Аллах – Құдай елшісінің дәстүрі) —
Мұхаммед
Пайғамбардың әрекеті, мұсылманның басшылыққа алатын пікірлері жайлы
Қасиетті аңыз. Сунна өсиет ретінде – сунниттердің
хадистерінде және
шииттердің хабарларында тіркелген.
СУННИЗМ (арабш. «сунна»
– жол, үлгі, мысал) — X-ғасырда пайда болған,
Мұхаммед Ғ.С. – ең соңғы пайғамбар деп ұғынатындар.
СУРЬЯ — күн және күн құдайы; сәуле мен жылудың қайнар көзі. Оның
баласы – Ашвины.
СУРЬЯ, САВИТАР, МИТРА, МАРТАНДА —
күнді бейнелейтін құдайлар.
Агни (миф. «от» мағынасында) – оттың құдайы; ведалық храмның үлкен
құдайларының бірі. Аңыз бойынша оттың жалыны мен түтіні
адамдардың
садақасын құдайға желпіп жеткізеді.
Варуна (миф.) – аспанның құдыретін
білдіретін ведалық құдайдың басты біреуі.
Вишвадева (миф. «бар құдайлар»)
– барлық құдайлардың
ортақ аты; құдайлар тобын анықтау.
Индра (миф.) –
найзағай құдайы, күн күркіреу құдайы, үнді Зевсі.
Дакша (миф.) – құдай,
Брахманың ұлы. Аңыз бойынша, оның қызынан құдайлар, жын-перілер және
адамдар тарайды.
СУТРА —
діни-философиялық әдебиет жанры, өзінің мәнінде жүйенің басты
ойы.
Достарыңызбен бөлісу: