1 Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі



Pdf көрінісі
бет102/236
Дата18.05.2022
өлшемі6.3 Mb.
#456981
1   ...   98   99   100   101   102   103   104   105   ...   236
Totin Filosofia (1)

 


280 
 
ДОСМҰХАМЕДОВ, Халел Досмұхамедов (1883–1937) — 
Алаш қозғалысының қайраткері, дәрігер, ұстаз, ғалым. 
Мамандығы дәрігер бола тұрса да, қоғам өмірінің сан салалы 
мәселелеріне араласқан көп қырлы дарын: саяси және қоғам 
қайраткері, тарихшы, табиғаттанушы, тілтанушы, әдебиетші, 
ауыз әдебиетінің сирек үлгілерін жинап, насихаттаушы, шебер 
аудармашы. 
ДОСТОЕВСКИЙ, Федор Михайлович Достоевский (1821–
1881) — орыс жазушысы, философ. Экзистенциализм және 
философиялық антропологияның қалыптасуына ықпал етті. 
Шығармалары: «Қылмыс пен жаза», «Нақұрыс», «Ағайынды 
Қарамазовтар», т.б. Онда ол Ф.Ницшенің және И.Кант 
философиясының ықпалында болды. Оның шығармаларының 
желісі - адамның ішкі дүниесіпсихологиялық күйзелістері
Оның мақсаты христиан дініне негізделген, құдайға сенген 
қоғам құру болды.
ДУЛАТ-АҚЫНДулат Бабатайұлы (1802–1874) — атақты 
«Зар-Заман» ақыны және ойшылдарының бірі. 1880ж. 
Қазанда жарық көрген «Өсиетнама» деген жинағында сол 
кезеңдегі 
қазақ 
елінің 
саяси-әлеуметтік 
өмірін 
шыншылдықпен жырлаған ой-толғаныстары енген. Оның 
өлең-жырларының басты сарыны — орыс отаршылдарына 
рухани қарсылық көрсету. Шығармалары: «Тегімді менің 
сұрасаң», «О, Сарыарқа, Сарыарқа», «Асқар таудың сәні жоқ», т.б. жырлары 
мен жеке кісілерге айтқан «Сүлейменге», «Бараққа», «Кеңесбайға» және т.б.
ДУЛАТОВМіржақып Дулатұлы (1885–1935) — қазақтың 
аса көрнекті ағартушысы, қоғам қайраткері, ақын, жазушы, 
жалынды көсемсөз шебері, тарихшы-ғалым, философ. Оның 
«Оян, Қазақ!» жинағы философиялық ойлаудың сол кездегі 
айтулы үлгісі еді.Ал философиялық эсселері негізінен тарих 
философиясына, әлеуметтік ойларға, тіл мен әдебиет 
мәселелеріне арналды. Ол өзінің ойын обьективті шындыққа 
қол жеткізуге болады деп түйіндейді. Табиғат пен өмірдің 
мағынасын сөз арқылы немесе графикалық тәсілдердің көмегімен жүйелі 
түрде айқындауға болады. Бұл идея танымның эмпирикалық және теориялық 
деңгейлерінің өзара қатынасын айқындап, қазақ философиясында тың 
жолды көрсетіп берді.


281 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   98   99   100   101   102   103   104   105   ...   236




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет