282
мұраларын зерттеп, көлемді еңбектер жазды.
Ғалымның философиялық
көзқарастары, ой-пікірлері
ұлттық рухани мұраларымызды, тарихи
дәуірлердің ішкі имманенттік мазмұны мен мәнін жаңаша түсініп,
қабылдауға ықпал етеді.
ЖАНСҮГІРОВ,
Ілияс Жансүгіров (1894–1938) — қазақтың
көрнекті
жазушысы,
қазақ
әдебиетін
қалыптастырушылардың
бірі
әрі
қоғам
қайраткері.
Пролетарлық-социализм идеясын ұстанушы. 1937—38ж.ж.
саяси қуғын-сүргін науқанының құрбаны болды. Әйтсе де
әмбебап дарын айналасы 10
- жылда проза мен
драматургияда, әсіресе поэзияда әдебиетіміздің алтын
қорына жататын айтулы философиялық толғамдарға толы
туындылар беріп, артына аса мол көркем мұра қалдырды.
ЖАЛАИРИ,
Қадырғали би Қасымұлы Жалаири (1530-1605) — қазақтан
шыққан ғұлама ғалымы, биі, ұлы ойшылы. «Жамиғат тауарих»,
«
Жылнамалар жинағы» тарихи-шежіре кітабы арқылы таныс. «Ойлап
айтқан сөз де, ойнап айтқан сөз де оралмайды» деген екен ол.
ЖӘҢГІР-ХАН,
Жәңгір (Жиһангер) Бөкейұлы (1801–1845)
— Кіші жүздің Әбілқайыр
хандығынан бөлініп шыққан
Бөкей ордасының
соңғы ханы, Әбілқайырдың шөбересі,
Нұралының немересі. Ресей
империясы тұсындағы атақты
Қазан университетінің құрметті докторы. Қазақ Елінде ел-
жұрттың сауатын ашу мақсатында мектеп, кітапхана, т.б. да
нысандарды ашқан, ұрпақ қамын ойлаған биік тұлға.
Достарыңызбен бөлісу: