1. Қазақстан Республикасының қоғамдық-саяси өмірін демократияландыру және жаңарту



бет2/9
Дата29.03.2022
өлшемі132.98 Kb.
#456510
1   2   3   4   5   6   7   8   9

Мемлекеттік билік жүйесін реформалау барысын алатын болсақ,Мемлекеттік билік жүйесін реформалау барысын алатын болсақ, 2001 жылы «Қазақстан Республикасы жергілікті атқарушы билік туралы» Заң қабылданды. Бұл заң жергілікті билік өкілдеріне белгілі бір дәрежеде құқықтық мәртебе беріп, өкімет орындары мен жоғарғы атқарушы билік пен жергілікті атқарушы биліктің аражігін ашып береді. Осы кезеңде төменгі атқарушы билік – ауыл әкімдерін сайлау арқылы тағайындаумен сипатталады. Атап айтатын болсақ, 2001 жылы бірнеше ауыл әкімдері тәжірибе ретінде сайланды. Сондай- ақ, осы кезеңдердегі құқықтық реформалардың маңызды бөлігі ретінде 2002 жылғы Елбасының халыққа Жолдауынан көрініс тапты.

  • Мемлекеттік билік жүйесін реформалау барысын алатын болсақ,Мемлекеттік билік жүйесін реформалау барысын алатын болсақ, 2001 жылы «Қазақстан Республикасы жергілікті атқарушы билік туралы» Заң қабылданды. Бұл заң жергілікті билік өкілдеріне белгілі бір дәрежеде құқықтық мәртебе беріп, өкімет орындары мен жоғарғы атқарушы билік пен жергілікті атқарушы биліктің аражігін ашып береді. Осы кезеңде төменгі атқарушы билік – ауыл әкімдерін сайлау арқылы тағайындаумен сипатталады. Атап айтатын болсақ, 2001 жылы бірнеше ауыл әкімдері тәжірибе ретінде сайланды. Сондай- ақ, осы кезеңдердегі құқықтық реформалардың маңызды бөлігі ретінде 2002 жылғы Елбасының халыққа Жолдауынан көрініс тапты.

11.2 Саяси партиялар мен Қазақстанның партиялық жүйесі. ҚР-ның саяси партиялар туралы Заңы және оның маңызы.

  • Қазақстанның партиялық жүйесі қазіргі кезде өтпелі кезеңді бастан кешіріп отыр және бұл жаңа әлеуметтік топтардың, ең бастысы, бизнес-элитаның белсенділігінің нәтижесі екендігін білеміз. Басқаша айтқанда, кейбір «қысым көрсетуші» топтардың, мысалы «Ақ жол» ҚДП-ның жартылай өзгеруі айдан анық көрініп тұр. Саяси сала сапалылығы жағынан өзгеріп келеді деуге болады, және оған себеп тек жаңа ойыншылардың пайда болуы ғана емес, сонымен қатар ескі қатысушылардың да өзгеруі. Және бұл кәдімгі даму кезеңі, мұнда асығыс болмауы тиіс, алайда тежелудің де қажеті жоқ, өйткені бұл жалпы саяси жүйе үшін қауіпті. Тәуелсіз Қазақстанның партиялық жүйесі ондаған жылдар бойы қалыптасып келеді. Өткен ғасырдың 90-жылдарында республика шеңберінде көппартиялы саяси жүйе тәжірибе жүзінде қолданымда болған жоқ, өткен кеңес дәуірінің саясаты мен азаматтық қоғамның дамымағандығы әсер етті. Қазақстан Республикасының партиялық жүйесінде сапалық даму үрдісі 90-жылдардың екінші жартысында байқалды, бұл кезде кейбір әлеуметтік топтар өз мүдделерін жариялау және қорғау қажеттілігін сезініп партия атты саяси ұйымдарға бірлесе бастады.
  • Партиялық құрылыстың алғашқы қадамдары дәл Алматы қаласында жүзеге асырылды, саяси өмірдің орталығы да дәл осында. Тіпті, Елорданы ауыстырғаннан соң да партиялық қызметтің белсенді орталығы мен саяси белсенді тұрғындардың басым бөлігі осы қалада қалды.
  • Партиялық жүйе – бұл қоғамның саяси ұйымын сипаттайтын және бір жағынан саяси партиялар мен мемлекет арасындағы қатынастармен, екінші жағынан партиялардың саяси жүйенің басқа қоғамдық элементтерімен және азаматтармен қарым-қатынасымен сипатталатын институт.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет