Біріншіден бұқаралық ақпарат құралдарының халық пен үкіметтің арасындағы байланысты ұйымдастырушы.Екіншіден,баспасөз қоғамның әлеуметтік өміріндегі өзгерістерге жедел үн қосып отыруы.Осы арқылы заң шығарушы,атқарушы және сот биліктеріндегі өзара құбылмалық жөнінде халықты хабар етеді.Бұқаралық ақпарат құралдарының қызметінің негізінде болып өткен,болып жатқан және алдағы уақытта болатын әлеуметтік өзгерістер жөніндегі тәжірибелі түсінік алынады. Және де бұқаралық ақпарат құралдары қоғамдағы өзгерістерге нақты көзқарас қалыптастыруға мүмкіндік береді. Себебі,төртінші билік-бұқаралық ақпарат билігінің құдыреті күшті,оны ешкім ештеңемен ауыстыра алмайды,-деуімізге болады және де арнаулы мемлекеттік мәртебе рөлі болмаса да, баспасөз қоғамдық пікір туғызып,қалыптастыратын ықпалы бар,халық пен билік арасындағы ерекше байланысқа ие бірден-бір әлеуметтік институтқа тән зор күші бар құрал болып табылады.Мемлекет өзінің ұлттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін алдымен ақпараттық саланың іргесін мығымдап алғаны дұрыс.. 11.5 Құқық қорғау және сот органдарының қызметін жетілдіру. 2003 жылғы 2 желтоқсандағы азаматтық және саяси құқықтар туралы пакт және оны жүзеге асыру. - Құқықтық тұжырымдама азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауда маңызды рөл атқарады. Әсіресе, бұл саяси құжатта көрсетілгендей, Қазақстан жағдайында азаматтардың өлім жазасына кесілуі жойылып, тек адамдардың өлімімен ұштасатын террористік қылмыстармен және соғыс уақытында жасалған ауыр қылмыстар ғана ауыр жазаға кесіледі.Ал, аңдаусызда жаза басып, істі болған азаматтардың жазасы жеңілдетіні, сондай-ақ, халықтың әлеуметтік әлсіз топтары-жүкті және асырауында кәмелетке толмаған балалары бар жалғызбасты әйелдерге, кәмелетке толмағандарға, жасы ұлғайған адамдарға да жеңілдік жасалатыны жөнінде мақалада толық ақпар беріліп, ұлттық заңнамалардың негізгі салалары- қаржы, кеден, экологиялық, банктік, салық заңнамаларының әрі қарай дамуын талап ететін саяси құжат жайында жан-жақты оқырмандарға көптеген құқықтық мәлімет берілген. Сондай-ақ, бұл құжат жөнінде әрбір азаматтың білуі, құқықтық насихатты жандандыру жағы да басымдыққа алынғаны, әсіресе, халыққа құқықтық түсіндіруде тегін заңгерлік көмек көрсету, адвокаттық қызмет көрсетумен қамтудың мәселесін бірте-бірте шешу қажет,- деп Елбасының Тұжырымдамада қадап айтқаны көп нәрсені аңғартады
Достарыңызбен бөлісу: |