1. Қазақстан Республикасының қоғамдық-саяси өмірін демократияландыру және жаңарту


Адам құқықтары жөніндегі уәкіл туралы Ережеге сәйкес «Ережеде көзделмеген функцияларды Уәкілге жүктеуге ешкімнің құқығы жоқ. Уәкілдің қызметіне қандай да бір заңсыз араласуға жол берілмейді»



бет7/9
Дата29.03.2022
өлшемі132.98 Kb.
#456510
1   2   3   4   5   6   7   8   9

Адам құқықтары жөніндегі уәкіл туралы Ережеге сәйкес «Ережеде көзделмеген функцияларды Уәкілге жүктеуге ешкімнің құқығы жоқ. Уәкілдің қызметіне қандай да бір заңсыз араласуға жол берілмейді»

  • Адам құқықтары жөніндегі уәкіл туралы Ережеге сәйкес «Ережеде көзделмеген функцияларды Уәкілге жүктеуге ешкімнің құқығы жоқ. Уәкілдің қызметіне қандай да бір заңсыз араласуға жол берілмейді»
  • Адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтарының бұзылу фактісін анықтау мақсатында жоғарыда айтылғандарға сәйкес Уәкіл өз құзыретінің шегінде, келіп түскен өтініштер негізінде де, және егер оған ресми көздерден немесе бұқаралық ақпарат құралдарынан аталған жолсыздықтар туралы мәлім болған жағдайда, сондай-ақ өз бастамасы бойынша да адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтарын бұзу фактілері туралы мәліметтерді тексереді

11.7 Қазақстандық бірегейлік пен бірлікті нығайту және дамыту тұжырымдамасы: мақсаты мен міндеттері.

  • Тұжырымдаманың мақсаты – азаматтық қағидаттарына және «Мәңгілік Ел» жалпыұлттық патриоттық идеясы құндылықтарына негізделген қазақстандық бірегейлік пен бірлікті нығайту мен дамыту.Тұжырымдаманың міндеттері: азаматтық қағидаттарында қазақстандық бірегейлік пен бірлікті нығайту және дамыту жөнінде барлық деңгейдегі мемлекеттік органдар мен азаматтық қоғам институттарының бірыңғай жұмыс жүйесін, «Мәңгілік Ел» жалпыұлттық патриоттық идеясы құндылықтары негізінде жаңа қазақстандық патриотизмді құру; ел дамуының стратегиялық мақсаттары төңірегіне топтасқан, қазақстандық бірегейлік пен бірлік қағидаттарында тәрбиеленген «Мәңгілік Ел» жаңа қазақстандық патриотизм ұрпағын қалыптастыру; еңбек және кәсіпқойлар қоғамын қалыптастыру, онда отбасы, достық, бірлік, сондай-ақ еңбексүйгіштік, адалдық, оқығандық пен білімділік, үштілділік сияқты құндылықтар дәріптеледі; орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдардың тарихи ескерткіштер мен халықтың рухани-мәдени мұраларын нығайтуға, сондай-ақ Қазақстан қоғамының рухани бірлігі қағидаттарына негізделген мемлекеттің зайырлы сипатын дамыту жөніндегі шараларға бағытталған мемлекеттік бағдарламалар мен жобаларды іске асыруы. Сонымен қатар, орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдардың Тұжырымдама іс-шараларын, сондай-ақ болашағы біртұтас ұлтты қалыптастыру басымдықтарын іске асыру жөніндегі қызметін мониторингтеу, есеп беру және бақылау тетігін қалыптастыру.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет