1 Қазақстандағы ішкі туризмінің қазіргі жағдайы, перспективалары


Қазақстан туризм инудстриясының құрылымы



бет2/7
Дата24.04.2016
өлшемі0.66 Mb.
#79726
1   2   3   4   5   6   7

Қазақстан туризм инудстриясының құрылымы






Т/ғы рекреациялық потенциал













Туризмді басқаратын мемлекеттік орган







Туризм индустриясы










Туризм инфраструктурасы








Туристік фирмалар, агенттіктер

















Ғылым және білім беру ұйымдары












Жар-қ ақпараттық мекемелер БАҚ


1-сурет.


Көрсетілген құрылым туризм индустриясының қазіргі бөлімін қамтиды және Қазақстан Республикасының жаңа туристік саясаттың құрылуына негіз бола алады. Демек, туризм индустриясы қиын экономикалық жүйе. Қазақстанда туризм индустриясының дамуы мемлекеттің бюджетіне қаржы түсіріп, туризммен байланысты және Қазақстан экономикасының басқа салаларына қатысты қиын әлеуметтік, экологиялық, демографиялық және басқа проблемаларды шешуге көмектеседі.

Батыста туризмнің әлеуметтік-экономикалық мәнін бұрыннан түсінген. Сондықтан да 20-ғасырдың 80-жылдардың аяғында туристік ұйымдардың әр түрлі эксперттері мен барлық мүмкіндіктегі комиссиялары 2000 жылдары және одан да ары 2025 жылдары туризм қандай болады? – деп болжам жасауға ұмтылған, себебі оның әсерлі даму стратегиясын құрастыру қажет болды. Сол кезде, 80-шы жылдары, туризм өзінің мәні бойынша халықаралық қызмет түрлерінің ең бір алғашқы бірінші дәрежелі болады деп жазылды. Мұны біз оны дамытуға жұмсалып жатқан қаражаттың динамикалық көтерілуінен біле аламыз және де бірінші жоспарға үлкен трансұлттық қаржылық топтар өздерінің транспорт қорымен, қонақ-үй комплекстік байланысымен, электронды есептеуіш және ақпараттық орталықтарыменен ене бастады.

Әлемдік туристік нарықты 2020 жылға дейінгі аралықта маңызды сегменттер есебінде ДСҰ круизді, конгресс туризмді, тақырыптық-қалалық туризм, мәдени туризм, эксклюзивті және спорттық туризм, сондай-ақ жағажайлық демалысты атады. Ал сол кезде әлемде 2020 жылы болжаған туризмнің келу саны 156,1 млн. адамды құрауы мүмкін.

Қазақстан үшін бұл кезеңде әлемдік туристік нарықта оқиғалы және спорттық туризм маңызды сегмент болып табылады, оған Республикада жеткілікті рекреациялық ресурстары бар.

Әлеуметтік туризм және еңбекшілердің демалысы бойынша халықаралық ассоциациясының президенті Ж.Фошенің ойынша, туризмді дамыту тек қаржылық табыс түсіру негізінде ғана болса және де әлеуметтік, мәдени және гуманитарлық аспектілерді көрсете алмаса, мұндай жұмыс ұзаққа бармайды, адамдар мен оны қоршаған орта үшін келешегі жоқ деген.

Туризм дамуының ғаламдану концепциясын құрастыру әлемде әлеуметтік мәнге ие, егер де адам дамуының ұзақ мерзімдік болжамына сүйенетін болсақ, онда туризм дамуының максималды дәл ғаламдық концепциясы үшін адам дамуының экологиялық және демографиялық ұзақ мерзімдік болжамдарын анализдеу керек . Ал мұндай ұқсас болжамдарды әр елдің ғалымдары үзбей зерттеп отырады. Вашингтондық «World watch» институты өзінің шығарған жылдық «Әлемнің қазіргі жағдайы 1998» атты баяндамасында мынадай ескертулер бар, яғни әлемдік ресурстарды (қолдану) пайдалану келесі 50 жылдың ішінде бірден көбейеді. Біздің жер шарындағы халық 60 пайызға көбейеді деп болжануда. Сонда 6 миллиардқа жуық адамға тағы да 3,5 млрд. адам қосылады. Бұл өзімен бірге табиғи ресурстар шығынның көлемін үлкейтеді. Баяндамада айтылғандай, соңғы 50 жылда әлем өзінің орман массивінің тең жартысын жоғалтып алған.

Әрине экономиканың мұндай саласын қарыштатып дамыту үшін көп көлемде табиғи рекреациялық ресурстарды қолдануға тура келеді. Бұл өз кезегінде маңызды проблемаға айналып отыр. АҚШ-та, Еуропада, Қытайда, Үндістанда, Таяу Шығыста және Африкада су қоры азаюда. Баяндамада әлем елдерін планетамызды қоршаған ортаға қажетті экологияны қарастыруға шақырады. Бұл Қазақстан үшін де көкейтесті мәселенің бірі.

Келесі бір адам дамуындағы маңызды, ұзақ мерзімді болжам жер халқының санағы жайындағы демографиялық болжам. 2001 жылы БҰҰ есебі бойынша халықтың саны ұдайы өсіп отырады деп болжаған, яғни 2050 жылы 9,3 млрд-қа және де 2150 жылы 10 млрд. деңгейінде тұрақталады делінген. Бірақ та кейінгі кездері демографтар жиі-жиі мүлдем басқа болжамдар жасап отыр.

Әрине бұл демографиялық факторлар туризм индустриясының қарыштап дамуына үлкен әсер етуі сөзсіз, себебі түсінікті де.

Келесі бір адам дамуындағы ұзақ мерзімдік маңызды болжам планетамыздағы ғаламдық құрғақтану, бұл өз кезегінде туризм дамуының концепциясын нақтылай түсуге елеулі әсер етеді.

БҰҰ-ның 2002 жылы 21-наурызда шыққан баяндамасында, Судың Дүниежүзілік күнін атап өту кезінде, егер де дәл қазіргідей сол масштабта әлем суды осылай пайдаланатын болса, 2025 жылы 2,7 млрд. адам су тапшылығына кезігеді делінген. Тағы 2,5 млрд. адамның тұщы суға жетуі шектелген болады.

Ең бір су жетіспеушілік салдарынан дау-жанжал туындайтын әлемдегі аумақтардың бірі Орта Азия. Сондықтан да Сібірлік өзендердің суын осы аумақтарға бұру мәселесі өте актуальды болып отыр. Бұл мәселе Кеңестік заманда да талқыланып, белгісіз себептермен кейінге ысырылып қойды. Қазіргі кезде бұл «өзендерді бұрмалау» жобасы Қазақстан мен Орта Азияның қызығушылығын тудырып отыр. Егер де бұл жоба іске асар болса, онда аумақта тек қана туризм индустриясын дамытып қана қоймай, бірқатар өзекті мәселелердің шешім табары сөзсіз.

Халықаралық туризмді мамандар біріншіден қызметтер мен тауарлардың халықаралық саудасының бөлігі ретінде қарастырады. Ол кезегінде халықаралық сауда-саттық теориясының абсолюттік басымдылық теориясын; салыстырмалы басымдылық; факторлардың қарым-қатынасын қатыстырады.

Абсолюттік басымдылық халықаралық туризмде маңызды роль атқарады. Керемет табиғи және тарихи-мәдени ескерткіштер шығу туризмінен басқа елдердің алдында абсолютті басымдылықты байқатады.

Абсолюттік басымдылықты табиғи ескерткіштер бойынша мына топтар иемденеді: Непал, Қытай, Пәкістан (территорияларында әлемдегі ең биік шыңдар 8 мың метрден жоғары, оның ішінде Эверест те бар), АҚШ (Гранд-Коньон); Венесуэла (әлемдегі ең биік сарқырама) және т.б.

Абсолюттік басымдылықты тарихи-мәдени ескерткіштер бойынша мына топтар иемденеді: Египет (Гиза-Дахшур ауданындағы пирамидалар, ежелгі Фивтер); Греция (Афинадағы Акрополь, Бассаедегі Аполлон Эникурейдің храмы); Франция (Версальдағы саябақтар мен сарайлар және - Фонтенбло); Ресей (Санкт-Петербург, Мәскеудегі - Қызыл алаң және Кремль); Қытай (Қытайдың ұлы қорғаны)және т.б.

Жоғарыда аталып кеткен елдер өздерінің абсолютті басымдылықтарын халықаралық туристік нарықта керемет туристік өнім құрап пайдаланып өз секторын қалыптастырады.

Қазақстанда өзінше орналасқан бірқатар табиғи ескерткіштер кейбір абсолютті басымдылықты иемденеді. Мысалы, әлемдегі ең солтүстіктегі таулы шың Хан-Тәңірі, биіктігі - теңіз деңгейінен жеті мың метрден жоғары, әрі Алматы сияқты мегаполистің қасында орналасқан. Жақын маңда аэродром болғандықтан Алматылық турфирмалардың қызметкерлері Алматыдан альпинистерді вертолетпенен 3,5-4,5 сағатта Хан-Тәңірінің астына апарып тастай алады. Бұл басқа жеті мың метрлік шыңдары бар елдердің алдындағы айқын басымдылық.

20-шы ғасырдың соңғы 10-жылында ТМД елдерінде туризм индустриясына келген тікелей инвестицияның көлемі үлкен емес. Сондықтан да мамандардың айтуынша мұндай инвестициялардың нәтижесін әзірге Батыс елдері пайдалануда. Басқаларына қарағанда инвестициясының кең тараған түрі жобалы несиелеу, жобаға бірге қатысу; басқаруға келісім шарт жасау.

Қазақстан Республикасы шетелдік инвесторларға тартымдылығы келесідей басты негіздермен анықталады:



  1. Потенциалды жоғары пайда коэффициенті.

  2. Нарықтың үлкен потенциалы.

  3. Табиғи ресурстарды пайдалану мүмкіндігі.

  4. Болашақта Шығыс пен Батысты біріктіруші халықаралық транспорттық маршруттық перспективасының болуы.

1997-2000 жылдар аралығында Қазақстан Республикасының өкілетті ұйымдармен 171 инвестициялық келісім шарт 1240 млн. доллар көлемінде түзілген. Оның ішінде туризм саласына 12,21 млн. доллар тартылған.

Туризм саласына мұндай аз көлемдегі инвестицияның негізгі себебі:



  1. Қазақстан Республикасы бағдарламасының жоқтығы.

  2. Жеткілікті сервистің және сол жердегі коммуналдық құрал-жабдықтың жоқтығы.

  3. Республика территориясындағы транспорттық кестенің оптималды еместігі.

Жаңа инвестициялық саясаттың негізгі міндеті – Қазақстандағы өту кезеңінің жағдайында инвестициялаудың қазіргі моделін нақты жағдайларға адаптациялау. Олардың бірі – инвестициялық қаржыландыруды бюджеттік емес көздерінде мобилизациялау. Бұның арқасында дамыған мемлекеттерде капиталды салымдардың және ұлттық шаруашылықтың негізгі бөлігін қамтамассыз етеді.
1.3 Қазақстандағы ішкі туризімінің қазіргі жағдайына сипаттама
Туризм – демалыспен, бос уақытпен, спортпен, сондай-ақ мәдениетпен және табиғатпен тілдесумен тікелей байлынысты, жеке және ұжымдық толық жетілудің жолы ретінде жоспарлануы жеке тәжірибеге негізделуі тиіс қызмет.

Туризм – әлемдік экономикада басты рольдердің бірін атқарады. Дүниежүзілік туристік ұйымның деректері бойынша ол әлемдік жалпы ұлттық өнімнің бір бөлігін, халықаралық инвестициялардың 11 пайызынан


астамын, әлемдік өндірістегі әрбір 9-шы жұмысшы орнын қамтамасыз етеді.
Қазіргі туризм индустриясы ірі жоғары табысты және жоғары деңгейде дамып жатқан халықаралық саудадағы қызмет көрсетулердің бірі. Халықаралық туризм әлемдік экспорт табысының 8 пайызын, экспорттағы қызмет көрсетулердің 37 пайызын алады. Ішкі туризмнен түскен табыс, табыс көлемі бойынша мұнай, мұнай өнімдерін және автомобиль экспорттаудан кейін үшінші орын алады. Қазіргі деңгейдегі жағдай жаңа мыңжылдықта да қала бермек. Ал туризмнің өсуіне негізгі себеп болатын, ол туризм әлемдегі дәстүрлі аудандардан басқа, жаңа территориялардың пайда болуы. Осыған байланысты Қазақстанда әлемдік туристік нарықтағы өзінің орнын алып қалуға зор мүмкіншілігі бар.

1993 жылы Қазақстан Республикасы, дүниежүзілік туристік ұйымға нақты мүше болып кірді.

Қазақстанда қазіргі заманғы инфрақұрылым салаларының дамуына, соның ішінде туризмге үлкен мән беріледі. Туризм елдің тұтас өңірлерінің экономикасына белсенді ықпал етеді. Туризм саласында шаруашылығын жүргізуін субъектілердің құрылуы мен жұмыс істеуі жол көлігінің, халыққа сауда, мәдени, дәрігерлік қызмет көрсетудің дамуымен тығыз байланысты.

Біздің ғасырымызға дейінгі үшінші мыңжылдықта басталған Ұлы Жібек жолының құрылуы мен дамуы Қазақстан ішкі туризімінің тарихи алғы шарттары болып табылады

Қазақстанның тәуелсіздік алуы ішкі туристік қызметті реттеу мен халықтық тарихи және мәдени мұрасын жаңғырту үшін негіз болып қаланды. Туризмнің тез және тұрақты өсуін, оның қоршаған ортаға, экономиканың барлық саласына және қоғамның әл-ауқатына күшті ықпалын назарға ала отырып, үкімет Қазақстанның ұзақ мерзімді даму бағдарламасында туризмді басты сала деп анықтады.

Қазіргі туризм – бұл әлемдік экономиканың құлдырауды білмейтін саласы. Мамандардың есебі бойынша, орташа есеппен, бір шетелдік туристің беретін табысын алу үшін, шамамен 9 тонна тас көмір немесе 15 тонна мұнай немесе 2 тонна жоғары сортты бидайды әлемдік рынокқа шығару керек. Бұл ретте, шикізат сату елдің энергия көздерін азайтады, ал туристік өндіріс таусылмайтын ресурстармен жұмыс істейді. Шетелдік экономистердің есебі бойынша, 100 мың турист қалада орташа есеппен екі сағат болған кезде кемінде 350 мың доллар немесе адам басына бір сағатта 17,5 доллар жұмсайды.

Сөйтіп, шикізат сату өзіндік экономикалық тығырыққа тірелу болса, ал туризмді дамыту – ұзақ мерзімді, экономикалық тиімді болашақ.

Туризм жалпы алғанда, мемелекеттің экономикасына үш оң нәтиже береді:

1. Шетел валютасының құйылуын қамтамасыз етеді және төлем теңгерімі мен жиынтық экспорт сияқты экономикалық көрсеткіштерге оң ықпал жасайды.

2. Халықтың жұмыспен қамтылуын көбейтуге көмектеседі. ДТҰ мен Дүниежүзілік туризм және саяхат кеңесінің бағалауы бойынша, туризм өндірісінде құрылатын әрбір жұмыс орнына басқа салаларда болатын 5-тен 9-ға дейін жұмыс орны келеді екен. Туризм тура немесе жанама түрде экономиканың 32 саласының дамуына ықпал жасайды.

3. Елдің инфрақұрылымын дамытуға жәрдемдеседі.

Қазақстанда ішкі туризмнің дамуы үшін нормативтік-құқықтық база


құрылды. 2001 жылдың маусымында "Қазақстан Республикасындағы
туристік қызмет туралы" жаңа заң қабылданды. Ол Қазақстан Республикасы
экономикасың бір саласы ретінде туристік қызметтің құқықтық,
экономиканың, әлеуметті және ұйымдастырушылық негізін айқындайды. Заңға сәйкес Қазақстандағы туристік қызметті мемлекеттік реттеудің негізі принциптері болып: туристік қызметке жәрдем беру және оның дамуына қолайлы жағдайлар жасау, туристік қызметтің басым бағыттарын айқындау және қолдау, сонымен қатар Қазақстан туризм үшін қолайлы ел туралы түсінікті қалыптастыру саналады.

1993 жылы Қазақстандағы туризм индустриясын дамытудың ұлттық бағдарламасы, 1997 жылғы "Жібек жолының тарихи орталықтарын жандандандыру. Түркі тілдес мемлекеттердің мәдени мұрасын сақтау және сабақтастыра дамыту, 1997-2000 жеке туризм инфрақұрылымын құру туралы" Қазақстан Республикасының мемлекеттік бағдарламасын қабылдады. 1997 жылы 2030 жылға дейінгі туризмді дамыту стратегиясы жасалды.

Қазіргі уақытта 2000-2015 жылдарға арналған туризмді дамыту жөніндегі республикалық бағдарламаның жобасы жасалған. Бұл бағдарламаның басты мақсаты республикада қазіргі заманға сай жоғары нәтижелі жеке бәсекеге қабілетті туристік немен құру, экономиканың қосалқы салаларын өркендету. Сонымен қатар ол Қазақстанның ішкі туристік бейнесін қалыптастыруға және нығайтуға бағытталған.

Мемлекет Басшысының “Қазақстан экономикалық, әлеуметтік және саяси жедел жаңару жолында” атты халыққа Жолдауында туристік сектор шикізаттық емес саладағы ел экономикасының мамандануын анықтайтын мемлекеттің ұзақ мерзімге арналған жеті кластерінің қатарында экономикалық басымдықтардың бірі болып белгіленді.

Қазақстанның мәдени-тарихи және демалыс зоналарын жетілдіру мен сақтауға, саланың ғылыми-әдістемені қамтамасыз етілуіне, кадрларды дайындауға және қайта дайындауға үлкен мән бөлінетін болады.

Мақсаты. Туризм елдің тұтас аудандарының экономикасына белсенді әсер етеді. Туризм саласындағы шаруашылық жүргізуші субъектілердің құрылуы және жұмыс істеуі жол көлігін, сауданы, коммуналдық, тұрмыстық, мәдени, медициналық қызмет көрсетуі дамытумен тығыз байланысты. Сөйтіп, туризм индустриясы басқа экономикалық секторлардың көпшілігімен салыстырғанда, неғұрлым пәрменді мультипликаторлық тиімділікке ие.

Осындай көрсеткіштерге ие болып отырған туризм саласы Қазақстан Республикасында енді бой көтеріп келеді.

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев «мемлекеттің экономикасына валюталық кірістің көзі ретінде туризмді перспективті салалардың бірі» деп бірнеше рет атап өтті. Бірақ, бүгінгі таңда Қазақстанда туризм саласы қажетті әлемдік стандарттардан артта қалып отыр. Бұл бірқатар жағдайлармен анықталады, олар:

– туристік инфрақұрылымның әлі де дами қоймағандығы;

– шетел инвестициясын туризмге қызықтыратын қаржылық-кредиттік жүйенің жетілмегендігі;

– мемлекеттің көрікті орындарының және туристік жерлерінің шетелде жарнамаланбауы және жеткілікті насихатталмауы;

– туризм саласында жоғары квалификацияланған мамандардың аздығы;

– туризм индустриясын нарықтық бәсекелестікке сай құру үшін ұйымдастырушылық, инновациялық және экологиялық негіздің дамымағандығы, туримзнің ғылыми негізінің өңделмегендігі.

Туризм индустриясын үлкен көлемді бизнес негізінде дамытуды қалыптастыру және рекреациялық потенциалды, рационалды пайдалану «Қазақстан 2030» стратегиясын, «Қазақстан Республикасында туризмді дамыту концепциясы», «Қазақстан Республикасының Туристік қызмет туралы» заңын және басқа да нормативті-құқықтық актілерін жүзеге асыру мақсатында бағытталған.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің туризм саласындағы белгілеген барынша маңызды міндеттерінің бірі – Қазақстанды орталықазиялық өңірдегі туризм орталығына айналдыру.

Мемлекеттік бағдарламаның мақсаты сырттан келушілер туризмі және ішкі туризм көлемін арттыру есебінен халықты жұмыспен қамтуды, мемлекет пен халық кірісінің тұрақты өсуін қамтамасыз ету үшін бәсекеге қабілетті туристік индустрия құру.

Қойылған мақсаттарға сәйкес бірінші кезектегі міндеттер мыналар болып айқындалды:

– туризм инфрақұрылымын дамыту;

– туризмді мемлекеттік реттеу мен қолдаудың тиімді тетігін құру;

– елдің тартымды туристік имиджін қалыптастыру;

– туристік әлеуетті арттыру;

– рекреациялық шаруашылық мамандануы бар аймақтар қалыптастыру.

Қазақстанның қазіргі экономикасында ішкі туризмнің ролі айқындалып келеді.

Астана, Алматы қалаларында, Атырау, Қарағанды және Ақтөбе облыстарында сырттан келушілер барынша кең көлемі байқалады, бұл ретте іскерлік туризм басым. Көрсетілген қалаларда, сондай-ақ Алматы, Қарағанды, Солтүстік Қазақстан және Батыс Қазақстан облыстарында неғұрлым сыртқа шығушылар туризмі дамыған.

Ішкі туризмнің барынша дамуы Астана, Алматы қалаларында, Шығыс Қазақстан, тұтастай алғанда Қарағанды туризімінде, Алматы және Ақмола облыстарында байқалады, республика бойынша туризмнің барлық түрлерінен барынша көп туристке Алматы, Астана қалаларында, Шығыс Қазақстан, Қарағанды, Алматы, Атырау және Ақтөбе облыстарында қызмет көрсетілген (4-қосымша). Бұл өңірлердегі туристердің сапар мақсаты негізінен іскерлік және кәсіби мақсат, бос уақыт, рекреация және демалыс, сондай-ақ шоп-турлар болып табылады.

Өндірілген өнім (жұмыстар мен қызмет көрсетулер) көлемі

(млн. теңгеде)





2003 ж.

2004 ж.

2005 ж.


БАРЛЫҒЫ

оның ішінде:



9055,0

22386,9

29944,0

Туристік фирмалар


2926,2

3204,2

5028,0

Қысқа мерзімде тұруға арналған қонақ үйлер және басқа да орындар,

оның ішінде:



2181,4

14530,7

17737,5

мейрамханалары бар қонақ үйлер

1547,5

12886,4

15927,0

мейрамханалары жоқ қонақ үйлер

524,4

1297,5

1533,3

жастар туристік лагерлері және таулы туристік базалар

33,5

41,4

57,7

кемпингтер

-

148,9

0,7

басқа да тұрғылықты жерлер

76,0

156,5

218,8

2001 жылдан бастап, жергілікті атқарушы органдар саланы дамытуға қажетті қаржылай қаражатты бөліп келеді, алайда, талдау көрсеткеніндей, облыстардағы туристік индустрияның дамуын тежеуші факторлардың бірі жергілікті атқарушы органдардың экономикалық өсімді қамтамасыз ететін басымдықтардың бірі ретінде аталған салаға жеткіліксіз назар аударуы болып табылады. Айталық, ішкі туризмді дамытудың 2003-2005 жылдарға арналған өңірлік және республикалық бағдарламасын іске асыруға Солтүстік Қазақстан облысында жыл сайын орта есеппен 400 мың, ал 2006 жылға - 329 мың теңге, Павлодар облысында жыл сайын - 500 мың теңгеден және Қостанай облысында – 1,5 млн. теңге шегінде бөлінді.
Қазақстан Республикасы Статистика агенттігінің деректері бойынша 2005 жылы Қазақстан Республикасының аумағында 515 туристік объект болды, оның ішінде: 273 мейманхана, 7 кемпинг, 36 санаторий, 15 санаторий-профилакторий, 12 профилакторий, 5 емдеу-профилакторий орталықтары, 4 пансионат, 29 демалыс аймағы, 27 демалыс үйі, 24 туристік база, 35 сауықтыру лагері, 4 тау шаңғысы базасы, 13 қонақ үй, 9 аңшылық үй, 1 балалар мен жасөспірімдер туризмі орталығы, 7 сауықтыру кешені, 6 мұражай, 2 кесене, 1 туризм жөніндегі мемлекеттік кәсіпорын және басқалары (клубтар, қолөнершілер қалашықтары) - 5.

2005 жылғы қолданыстағы 385 қонақ үй мен басқа да орналастыру орнының 340-ы жеке меншік нысанында, 22-сі мемлекет меншігінде және 23-і басқа мемлекеттердің меншігінде болды.

Елде үш, төрт, және бес жұлдызды 78 қонақ үй жұмыс істейді, қалған қонақ үйлер басқа санаттарға жатады.

Республика бойынша туристерді орналастыру объектілерін пайдаланудан түскен кіріс 2005 жылы 21156 млн. теңгені құрады, аталған кәсіпорындар көрсеткен қызмет көлемі 17737,5 млн. теңге, оның ішінде – мейрамханалары бар қонақ үйлер – 15927,0 млн. теңге, мейрамханаларсыз қонақ үйлер – 1533,3 млн. теңге, жастар жатақханалары мен таудағы туристік базалар – 57,7 млн. теңге; кемпингтер, мотельдер, автофургондар мен автотіркемелерді қоюға арналған тұрақтарда көрсетілетін қызметті қоса алғанда – 0,7 млн. теңге, қалған орналастыру объектілері – 218,8 млн. теңгені құраған (6-қосымша).

Мамандандырылған орналастыру орындарында: 106 санаторий, пансионат, санаторий-профилакторийде 2005 жылы емдеу-сауықтыру қызмет көрсетулерін 257,4 мың адам пайдаланған, 13 демалыс базасы мен үйінде, пансионаттарда 32686 адам демалған. Неғұрлым танымал емдеу орындарына “Сарыағаш” (ОҚО), Арасан-Қапал (Алматы облысы), “Мойылды”, “Баянауыл” (Павлодар облысы), “Жаңақорған” (Қызылорда облысы), Щучье-Бурабай аймағы (Ақмола облысы), “Каспий” (Маңғыстау облысы) және басқалары жатады.

Қазақстан Республикасы Статистика агенттігінің деректері бойынша 2003 жылы туризм объектілерінің негізгі жаңа құралдарына 29591,8 млн. теңге, 2004 жылы 37895,2 млн. теңге, 2005 жылы 33994,3 млн. теңге инвестиция бөлінген. Бұл туризм саласына инвестиция тартудың оң үрдістеріне куә болады, алайда қабылданып отырған шаралар инфрақұрылымды дамытуға және туристік индустрияны инвестициялауды ынталандыруға анық жеткіліксіз. Талдау көрсеткеніндей, елдің инфрақұрылымын дамытуға салынған инвестициялардың жалпы сомасынан туристік ұйымдардың қызметін жүзеге асыруға 2003 жылы тек 139 млн. теңге, 2004 жылы 242 млн. теңге және 2005 жылы 48,3 млн. теңге тартылған.

Туристік қызметке жасалған талдау Астана және Алматы қалаларына шекараның арғы жағынан келген туристер сапары іскерлік мақсатта болатынын (іскерлік туризм) және олар сапалы әрі қызмет көрсетулердің толық жиынтығын ұсынатын қонақ үйлерге тоқтағанды жөн санайтынын көрсетті. Елдің іскерлік орталықтары – ірі қалалардағы халықаралық деңгейдегі қонақ үйлер желісінің одан әрі дамуы дәл осы іскерлік туризмге байланысты болады.

Алайда, қонақ үйлерді, пасионаттарды, демалыс үйлері мен базаларын қоса алғанда, орналастыру объектілерінің материалдық базасы, сондай-ақ санаторийлік-курорттық мекемелер моралдық және физикалық тұрғыдан тозудың жоғары шегіне жетуімен сипатталады.


Қазіргі ішкі туризм экономикалық құбылыс ретінде индустриалды формасы бар, ұлттық экономиканың жылдам дамуының катализаторы болып ілгері басып, жаңа жұмыс орындарын береді, ұлттық кірістің өсуіне әсер етеді, жергілікті инфрақұрылымның дамуын және жергілікті халықтың өмір сүру деңгейін көтереді. Туризм индустриясы инвестицияның жылдам өтелуімен және жоғары дәрежелі тиімділікпен айқындалады. Яғни, туризм мемлекет экономикасына қолайлы жағдай тудырып, оның дамуына әсер етеді.
Облыстар тұрғысынан туризм түрлері бойынша

қызмет көрсетілген келушілер саны







Туризм түрлері бойынша қызмет көрсетілген келушілер саны

барлығы

оның ішінде

сырттан келушілер

сыртқа шығушылар

ішкі

Қазақстан Республикасы

1817402

304664

217961

1294777

Ақмола

58529

1377

480

56672

Ақтөбе

63733

9222

4765

49746

Алматы

152593

971

32080

119542

Атырау

91883

30963

5122

55798

Шығыс Қазақстан

168320

8434

3200

156686

Жамбыл

40101

2204

4416

33481

Батыс Қазақстан

36498

6333

7905

22260

Қарағанды

161477

14387

14164

132926

Қостанай

39148

4482

2424

32242

Қызылорда

15141

2020

746

12375

Маңғыстау

59050

8203

2487

48360

Павлодар

60353

2626

2900

54827

Солтүстік Қазақстан

53843

6237

8911

38695

Оңтүстік Қазақстан

55020

4172

1217

49631

Астана

251432

31900

31783

187749

Алматы

510281

171133

95361

243787

1998-1999 жылдары Қазақстанға 100 әлем мемлекеттерінің өкілдері келді. Біз зерттеген уақыт барысында Қазақстанға туристер жіберетін мемлекеттері ішінде 1-орында Германия, 2-орында Ресей, содан кейін Туркия, АҚШ және Жапония елдері (2-сурет).

Көрсеткіштерді анализдеп, Германия азаматтарын резидент емес туристерге қызмет көрсету басымдылығы Қазақстанда үлкен неміс диаспорасының барлығымен түсіндіріледі: Ресей, екінші орында, бұл географиялық жақындылық және біздің мемлекеттер арасындағы ескі байланыстар. Туркия үшінші орында тұр. Бұл тарихи тамырлардың, тілдің, мәдениеттің жалпылығы, сонымен қатар Туркияның Қазақстанға деген кәсіпкерлік ортаға қызығушылығы. АҚШ және Жапония Қазақстанға негізінен экономикалық тұрғыдан құштар.

Аталған 5 мемлекеттің резидент еместерге қызмет көрсетуден 1998 жылы кіріс 709,1 АҚШ долларын немесе жалпы кіріс суммасының 51% құрды. 1999 ж. кіріс 358,2 мың АҚШ долларын немесе 43,1% қысқарды.

Біз Қазақстанға туристер жіберуші мемлекеттерді 6 категорияға бөлдік. Бұл: 1) 10 мыңнан аса туристер жіберуші мемлекеттер; 2) 5 мыңнан 10 мыңға дейін туристер жіберуші мемлекеттер; 3) 1 мыңнан 5 мыңға дейін; 4) 5000-ден 1000-ға дейін туристер жіберуші мемлекеттер; 5) 100-ден 500-ге дейін туристер; 6) 100 туристен аз мемлекеттер.

Осы категорияға сәйкес 1998 жылы бірінші категорияда Германия 14838 туристер, екінші категорияда жіберуші мемлекеттер болған жоқ, үшінші категорияда 6 мемлекет бар: Ресей, Туркия, АҚШ, Жапония, Ұлыбритания, Қытай (24,5% жалпы резидент емес туристерден), төртінші категорияда : Франция және Пәкістан (4,2%), бесінші категорияда 18 мемлекет, олардың ішінде: Корея Республикасы, Өзбекістан, Украина, Австрия, Италия, КХДР, Иран және Қырғызстан. 18 мемлекеттің үлесі 11,3 пайыз құрды. Алтыншы категорияға қалған мемлекеттер (9,6%). 1999 жылы бұл жағдай келесідей болды:

бірінші категорияда Германия 18503 туристер;

екінші категорияда мемлекеттер жоқ;

үшінші категорияда 7 мемлекет: Ресей, Туркия, АҚШ, Жапония, Ұлыбритания, Қытай және Франция (31,5% жалпы резидент емес туристер санынан);

төртінші категорияда 6 мемлекет: Австрия, Корея Республикасы, Пәкістан, Израиль, Индия, Нидерланды (8,2%)

бесінші категорияда 25 мемлекет: Филиппины, Өзбекістан, Италия, Қырғызстан, Тәжікстан, Швейцария, Греция және Польша сияқты мемлекеттерді атап көрсетуге болады. Барлық 25 мемлекеттің үлесі жалпы резидент емес туристер санының 11 пайызын құрды;

алтыншы категорияда қалған барлық мемлекеттер туристерді жіберуші мемлекеттердің жалпы құрылымның 12,1 пайызын құрды.

Бұл бөлуде 1998-1999 жылдар Қазақстанда шетелдік туризмнің даму тенденциясы шұғыл өзгермегендігі байқалады. Бірақ 3-ші категорияда мемлекет үлесі - 7,0 %, 4-ші категорияда – 4,0%, 6-шы категорияда – 2,5% өсті.

Сондықтан Қазақстан Республикасы өзінің табиғи рекреациялық және экономикалық потенциалына сүйене отырып, келу (шетелдік) туризмін дамыту керек. Бұл туризм индустриясының «Клондайкомы» болып табылады.

Шетелдік туризмді дамыта отырып, оның әсерінің нәтижесін үйрену керек. Әрине бүгінгі күнде шетелдік туризмнің дамуы Қазақстанға ешқандай әсер еткен жоқ. Сонда да жалпы қабылданған шетелдік туризмнің әсерін келтірейік. Н.Ю.Малашенко туризм дамуының дамушы мемлекеттерде экономикалық-әлеуметтік және экологиялық әсерін бөліп көрсетеді. Біз тек экономикалық әсерін шетелдік туризмге қатысты жағдайларды көрсетеміз (4-кесте).

4-кесте.


Дамушы мемлекеттерде шетелдік туризм дамуының экономикаға әсері

Пайда

Зиян

Халықаралық еңбек бөлінісіне қатысудың ұлғаюы

Нақты валютаның ағып кетуі.

Жергілікті ресурстарды пайдалану.

Дәстүрлі жұмыстан кетуі.

Нақты валютаны және шетелдік капиталды тарту.

Жұмыссыздық қаупі.

Жергілікті іскерлік айналымның өсуі.

Маусымдылық жұмыс бастылық.

Ұлттық тауар және қызмет өндірісінде құрылымды жылжуы.

Инфляция.

Жұмыс бастылықтың ұлғаюы.

Шетелдік компанияларға басшылық-тық узурпациясы (басымдылық).

Жеке табыстың өсуі.

Халықаралық экономикалық конъюнктураға, сәнге, саяси жағдайға бағыныштылығы.

Аймақтың диспропорция балансы.

Экономикалық кризистердің және дамудың жөнге келтірілмеуі.

Шетелде мемлекеттің экономикалық имиджін жасау.

Дамушы мемлекеттерде туризм дамуының бір ерекшелігі ұлттық (ішкі) туризмнің болмауы және осы жерде қалыптасқан туризм индустриясы сыртқы сұранысты қанағаттандыруға бағытталған. Бұл Қазақстанда да өз дәрежесінде байқалады. Бірақ, бізде сыртқы сұранысты қанағаттандырудың кері процесі келуші (шетелдік) туристерге емес шығушы (резиденттер) туристерге жүреді. Осылай 1999 жылы резидент емес туристер саны 22% құрды. Бұл фактілер, яғни Қазақстанның туристік қызметінің келу нарығындағы жағдайының анализі туризмнің барлық проблемаларын қамтитын заңның жетіспеушілігін, қатаң салық салудың, тарифтің тым арттырылуын, туристік инфраструктураның нашарлығын, біздің мемлекетіміздің көрікті табиғатының шетелде жарнамаланбауын және туризмнің насихатталмауын дәлелдейді.

Жалпы біздің ойымызша шетелдік туристерді тарту негізінде туризм индустриясын қалыптастыру және дамыту – жақын болашақтың жұмысы.
Жыл сайын көрме алаңдары ұлғаюда, республиканың туристік ұйымдарының өкілдіктері кеңеюде, жарнамалық-ақпараттық өнімнің сапасы артуда. Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия Біріккен Корольдігінде (Лондон қ.) 2004 жылғы қарашада Қазақстанның бірінші туристік өкілдігі ашылды.

Бүкіләлемдік туристік ұйымның Іс-шаралар күнтізбесіне енгізілген KITF – Қазақстан халықаралық туристік жәрмеңкесі Алматы қаласында, “Белуха” халықаралық туристік фестивалі Шығыс Қазақстан облысында жыл сайын өткізіледі. 2005 жылы KITF жәрмеңкесіне әлемнің 23 елінен 200-ден астам компания қатысты, ал 2006 жылы оның экспоненттері 30 елден 450 компания болды. Сонымен қатар негізгі мақсаты туристер ағынын елдің орталық және солтүстік өңірлеріне тарту, ел ордасы – Астананың үшінші мыңжылдық қаласы ретінде имиджін қалыптастыру болып табылатын “Астана-Демалыс” халықаралық қазақстандық туристік көрме жыл сайын өткізіліп тұрады.

Туристік бизнес кәсіпкерлері үшін гранттар, техникалық көмек және инвестициялар тарта отырып бизнес-жоспарлар құру мен инвестициялық жобалар жасау бойынша оқытып үйрету семинарларын жыл сайын өткізу қамтамасыз етілген. Қазақстанның туристік мүмкіндіктерін шетелде көрсету үшін инвестициялық жобалар каталогы, бағыттамалар, буклеттер мен қағаз және электрондық жеткізушілердегі басқа да жарнамалық-ақпараттық өнім шығарылды.

Қазақстанның оң туристік имиджін қалыптастыруға және туристік индустрияға инвестициялар тартуға Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Шетелдік инвесторлар кеңесінің (ШИК) жұмыс тобы көп жәрдемін тигізеді, оның шеңберінде 2005 жылы ШИК жұмыс тобының мүдделі мүшелері қатарынан туризм жөніндегі шағын топ құрылды. Сонымен қатар 2006 жылдан бастап ШИК веб-сайтында «Қазақстандағы туризм» Интернет-парағын ашу туралы шешім қабылданды.

Бүгінде республика іс жүзінде туризмнің қолданыстағы барлық түрін ұсынып отыр. Туристік кластерді дамыту шеңберінде республикада туризмді дамытудың іскерлік, экологиялық, мәдени-танымдық, сондай-ақ шұғыл түрлері сияқты басым бағыттары айқындалды.

Туристік қызмет көрсетулердің негізгі жеткізушісі туристік ұйымдар болып табылады, оларды туристік қызметті жүзеге асыру құқығына лицензиясы бар 846 туристік ұйым мен 30 жеке кәсіпкер ұсынады. Әрекет етуші туристік фирмалар мен қонақ үй шаруашылығы кәсіпорындарының басым көпшілігі Алматы қаласында (605), Шығыс Қазақстан (124), Қарағанды (122), Алматы (71) облыстарында және Астана қаласында (79) (1-қосымша). Қазақстанның туристік қызмет көрсетулер нарығында 3,2 мыңға жуық адам, 1,5 мың кәсіби гид пен экскурсияшы жұмыс істейді. Туристік нарықтың барлық ұйымдарының 98,3 %-ін шағын кәсіпорындар (жұмыс істейтіндердің саны 50 адамға дейін) білдіреді. 250 адамнан аспайтын персоналы бар орташа кәсіпорындар 1,3%-ті, ал ірілер 0,4%-ті құрайды. Талдауға қарағанда, туристік ұйымдардың көпшілігін шағын және орта кәсіпорындар құрайды, олар әлем елдерінің көбінде инновацияларға негізделген экономикалық өсімнің тиімді генераторы болып табылады. Қазақстанның туристік ұйымдары әлемнің жетпіс елімен ынтымақтаса жұмыс істейді.

Қазақстан Республикасы Статистика агенттігінің деректеріне қарағанда 2004 жылы Қазақстанда туризм саласында 379,3 мың адам еңбек еткен, бұл 2003 жылға қарағанда 17,8 процентке артық.

Жоғарыда көрсетілгендермен қатар, ұлттық туристік нарықта шетелдер қатысатын 37 туристік ұйым қызметін жүзеге асырады.

Тек қана туристік ұйымдардың қызметінен Қазақстан Республикасының кірісі 2005 жылы 5902,6 млн. теңгені құрады.

Тұтастай алғанда, 2005 жылы республика бойынша туристік индустрия кәсіпорындарының кірісі 16,8 процентке көбейіп, 30553,4 млн. теңгені құрады, сонымен қатар бюджетке 6526,5 млн. теңге аударылды, бұл былтырғымен салыстырғанда 37,6 процентке артық (2-қосымша). Көрсетілген қызметтердің жалпы көлемі де 43,3 процентке артып, 24516,8 млн. теңгені құрады.

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банктің төлем теңгерімінің деректері (“Сапарлар” бабы) бойынша резидент еместерге Қазақстанның қызмет көрсетулер көлемі 2005 жылы 684,5 млн. АҚШ долларын құрады, Қазақстанның резидент еместерден алған қызмет көрсетулер көлемі 667,1 млн. АҚШ долларын құрады (3-қосымша). 2005 жылы елдің ІЖӨ-ге туризмнің салымы 1,3 процентті құрады.

Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің және Қазақстан Республикасы Статистика агенттігінің деректері бойынша сырттан келушілер туризмі көлемінің 2004 жылғы 4291 мың туристен 2005 жылы 4365 мың туристке дейін тұрақты арту үрдісі байқалады. Ішкі туризм бойынша көрсеткіштер 2004 жылғы 2793,8 мың туристен 2005 жылғы 3280 мың туристке дейін өсуде (4-қосымша). Сонымен қатар Қазақстан Республикасы Статистка агенттігінің 2000 жылдан бастап 2005 жылды қоса алғандағы деректерін талдау сырттан келушілер туризмі географиясының 2000 жылғы 60 елден 2005 жылы 161 елге дейін кеңейгенін көрсетеді.

Сырттан келушілер туризмін талдау көрсеткендей, туристердің 58,4 процентінің біздің елге іскерлік және кәсіби мақсаттармен келгенін көрсетті. Елімізде демалу мақсатында 12017 турист (30,1 %), таныстары мен туыстарының шақыруы бойынша 10,2 процент коммерциялық мақсатпен - 1,2 процент турист келген.

Жыл сайын сыртқа шығушылар туризмінің көлемі артуда. Егер 2000 жылы туристік фирмалар шетелге 67360 туристі жіберсе, ал 2005 жылдың қорытындылары бойынша кеткен Қазақстан Республикасы азаматтарының саны 210692 туристі құрады. Алыс шетел мемлекеттерінің ішінде Түркия – 63,1 мың адам (30%) , Қытай – 48, 6 мың адам (23,1%), Біріккен Араб Әмірліктері – 23,8 мың адам (11,3%) Қазақстан тұрғындары арасында барынша танымал болып табылады.

Сыртқа шығушылар туризмінде бос уақыт, рекреация және демалыс (44, 7%) мақсатымен шығу басым болып келеді. Қалғандарының шығу мақсаты коммерциялық – шоп-турлар (29 %), іскерлік және кәсіби (18,7%) болып табылады.

Елде әр түрлі туристік қызмет көрсетулерде қазақстандық және шетелдік азаматтардың қажеттіліктерін қанағаттандыруға кең мүмкіндікті қамтамасыз ететін қазіргі заманғы тиімділігі жоғары және бәсекеге қабілетті туристік кешеннің жұмыс істеуі үшін жағдайлар жасалуда, ұлттық туристік өнімнің сапасын қамтамасыз ету үшін стандарттар әзірленіп, қабылданды. Қазақстан Республикасында туризмнің материалдық-техникалық базасын дамытуға инвестициялар тарту үшін жағдайлар айқындалды.

Туризмді дамыту көлік инфрақұрылымын дамытумен тікелей байланысты. Елімізге туристер негізінен әуе көлігімен келеді. Ішкі туризм мақсатында көбінесе автожол көлігі пайдаланылады. Жыл сайын республикалық маңызы бар жолдар тізбесі толықтырылып, олардың құрамында ірі туристік объектілерге апаратын жолдар бар.

Сырттан келушілер туризмі мен ішкі туризм көлемін ұлғайтудың негізгі факторлары тармақталған көлік желісін дамыту және жолаушылар тасымалының барлық түрлерінің географиясын кеңейту болып табылады. Осыны ескере отырып, ұлттық тасымалдаушы - «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы мен «Жолаушылар тасымалы» акционерлік қоғамы туризм саласындағы уәкілетті органның қолдауымен 2002 жылдан бастап Алматы-Тараз-Шымкент-Ташкент-Самарқанд-Үргеніш-Бішкек-Рыбачье-Алматы бағыты бойынша “Жібек жолы меруерті” мамандандырылған пойызын ұйымдастыру жөніндегі жобаның бірінші кезеңін іске асырады.

Болашақта Тегеранға дейін екінші кезеңді, Қытайдың Шыңжаң-Ұйғыр автономиялық округы арқылы Пекинге дейін үшінші кезеңді жүзеге асыру жоспарланып отыр.

2003 жылдан бастап 2005 жылды қоса алғандағы кезеңде Қазақстан Республикасының шетелдермен туризм саласындағы халықаралық ынтымақтастығының нормативтік құқықтық базасы кеңейді. Қазіргі кезде туризм саласында 26 келісім қолданылуда. Жапониямен, Грекиямен, Франциямен, Катармен, Сауд Арабиясымен, Словениямен, Польшамен, Моңғолиямен, Малайзиямен туризм саласында ынтымақтастық туралы келісім жобалары контрагенттерге келісу үшін жіберілді. Қазіргі уақытта Біріккен Ұлттар Ұйымының мамандандырылған мекемесі болып табылатын Дүниежүзілік туристік ұйыммен және Дүниежүзілік туристік ұйымға мүше елдердің ұлттық туристік әкімшіліктерімен ынтымақтастық нығайтылды.

Резидент еместерден ел экономикасына шетелдік валюта ағынының тұрақты артуы есебінен елдің төлем теңгерімі жақсарып отырғанын айта кету керек, туризм саласын қаржыландыру мәселесі шешілуде: 2001 жылдан бастап 26 млн. 111 мың теңге көлеміндегі қаржылық қаражат, халықаралық көрмелерге қатысу мен республикада халықаралық туристік жәрмеңкелер өткізуді қоса алғанда, туристік қызмет жөнінде іс-шаралар ұйымдастыруға бөлінді. 2003 жылдан бастап туристік іс-шараларды қаржыландыру көлемі Бағдарламаны қабылдауға байланысты 32 млн. теңгеге, 2004 жылы – 34 млн. теңгеге артты және 2005 жылы бөлінген қаржы қаражат сомасы 39,5 млн. теңгені құрады.

ҚазақстандаҒы ішкі туризм дамуының мүмкіншіліктері


2.1. Қазақстандағы ішкі туризм саласының даму мүмкіндіктері
Халықаралық мамандар қазіргі туризмді құлдырауды білмейтін әлемдік экономика саласына жатқызады. Кіріс жағынан ол тек мұнай экспорты, мұнай мен автомобильге ғана жол береді. Шикізат сату елдің энерго тасымалдаушыларын шығынға ұшыратады, ал туриндустрия жанданып келе жатқан ресурстарда жұмыс істейді. Осыдан келіп туризмді дамыту шикізат сатудан тиімдірек пе деген ойға еріксіз берілесің.

Сонымен қатар Қазақстанның ішкі туризмі – мемлекетіміздің жарнамасы болып табылады. Алайда соңғы жылдары кіріс және ішкі туризмге деген сұраныс өсуде. Халықаралық талдаушылар мен мамандардың ойынша туризм де Қазақстанның өсуі мен өркендеуіне зор ықпалын тигізеді. Осы орайда Алматының туристік инфрақұрылымы елеміздегі ең дамыған инфрақұрылым болып отыр. Қаламыздың туристік қызметтері даму үстінде: 600 жүзден астам туристік агенттіктер бар, 80-нен астам шетелдік компаниялармен байланыстар орнатылған. Өткен жылғы көші қон қызметінің көрсеткіші бойынша қаламызға көпшілігі «іскерлік туризм» өкілдері арқылы алыс және жақын шет елден 76000 қонақ келген. Туристік агенттіктер туристерге қызмет көрсету арқылы мемлекеттік бюджеттің қірісін ұлғатып отырғандығын байқатуды. Туристік агенттіктері арқылы туристік қызмет көрген туристердің саны күні бүгінге өсіп келеді. Ішкі маршруттық көрсеткіштер 3,3 есе өсті.

Қала әкімшілігі туризм дамуына ерекше көңіл бөліп отыр. Алматының туристік индустрия орталығына айналуы қазіргі таңдағы ең негізгі мәселе.

Алматының әсемдігін біз басқа елден келген туристерге көрсетіп, оларды қонақ-жайлылықпен қарсалып, олардың көңілдеріне жақсы әсер қалдырып, Алматы жайында өз елдеріне жеткізіп, қайтадан келулеріне ықпал етуіміз қажет.

Еуропа мен Азияда Қазақстандық нарықтың жаңа мүмкіншілігі мен Алматы қаласаның туризмінің алға жылжуы үшін әр түрлі әсерлі шешімдер өңделіп жатыр. Осы шаралар қала әкімшілігі мен туристік фирмалардың біррлескен күш салуы нәтижесінде жүзеге асуда. Қалада туристік кластерлер құрылып жатыр. Демалыс орындары салынып парктермен фонтандар, ескерткіштер қалпына келтірілген. Көк-Төбені өз қалпына келтіріп, көптеген қонақтардың ұнататын демалыс орнына айналды. Қаланың инфра құрылысының өркендеуімен тыныштығы Оңтүстік астанаға туристердің көбеюіне бағытталып отыр. «Медеуді» қайта қалпына келтірумен туристік кешен құрылысын салу жайында жоспар бекітілген. Асыл тауларды сақтап қалу, «Шымбұлақты» өркендету мақсатында бірнеше салалар ұйымдастырылып отыр.

Түргендегі үлкен шаңғы курортының құрылысы басталды. Іле Алатауының солтүстігін игеруде жаңа жобалар қолданылып отыр. Оңтүстік астанаға туристің көбеюі мен Алматының көптеген қонақтарды күтуі өте тығыз байланыста болады. Сондықтан да қонақ үйлері өркендеуі қажет. үстіміздегі жылы Алматыға 1,5 есе іскер туристердің келуі жоспарлануда. Сол себептен бес жұлдызды қонақ үйлер мен туристік классер құрылысы туралы жобалар жасалынуда. Инфрақұрылыстың болашақта дамуына жетінші қысқы Азия ойындарымен 2014 жылы Қысқы Олимпияданың Алматыда өту үшін кандидатурасын ұсынады. Сәуір айында Алматыда 45-ші ір туристік форумы өтті. Еуропа елдерінен 42 туристік әкімшіліктерінің өкілдері келген осындай форумнан соң туризмнің жаңа импулсі, өркендеуі, әлемдік туризм қоғамымен тығыз байланыста болып, қаланың имиджін нығайтып, туристік әлеуетті нығайтты. Осының бәрі біз үшін көп мүмкіншілікке жол ашады. Аталған іс-шара аясында «Атакент көрме кешенінде» 27-29-шы сәуір аралығында өткен KITFF-2006 «Туризм және саяхат» халықаралық Қазақстандық туристік жәрменкесі ұйымдастырылды.

Сонымен бірге Алматы Халықаралық Әуежайда туристік анықтаманың қызметін құру бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр.

Қазақстанның туристік ассоциациасымен бірге «Қазақстандағы туризм» біртұтас ақпараттық-интернет порталын құру жоспалануда.

Әрине Алматы қаласы үшін экологиялық іскери және мәдени танымдық туризм түрлерін дамыту жолдары дамып келеді. Алматының табиғи кешенін ескере отырып, отандық және шетелдік туристері үшін жаңа туристік бағдарлар жасалып ендірілуде. Жұмыс барысында «көшпенді өркениет мұражайы», «сақ қорғандары» атты мұражайын , халықтың өнерді дамыту, этнографиялық орталығын ашу жоспарланып отыр.

Қорытындылай келе, Алматы еліміздің туристік индустриясының орталығына айналып, дүниенің түкпір-түкпірінен келген туристерді құдайшыл қонақ қонақжайлылықпен қарсы алатын бейбіт және қауіпсіз жеріміз халықаралық диалогтың дамуына үлкен үлес қосады деген үміттеміз /?,11/

Туризм басқа экономикалық сектормен салыстырғанда мультиприкаторлықтың аса үлкен пәрменділігіне ие. Ол тікелей жене жанама түрде экономиканың 32 секторына есер етеді (бұл турфирмалар, көліктің барлық түрлері, қонақүй кешендері, тамақтандыру жүйесі, демалыс үйлері, санаториилер, ұлттық кәсіптер, парктер және тағы басқалары). Онымен қоса-бұл әлемдік өндірістегі әрбір тоғызыншы жұмыс орны.

Шетелдік экономистердің санағы бойынша, 100 мың турист, қалада 2 сағат болғанда 350 мың доллар жұмсайды (17,5 доллар 1 сағатқа бір адамға). Отандық есептердің бергендеріне қарағанда біздің әрбір шетелдік турист орташа алғанда 700 доллар жұмсайды. Дүниежүзілік Туристік Ұйымның көрсеткіштері бойынша әлемдегі саяхаттаушы адамдар саны 1997 жылғы 613 миллионнан 2020 жылы 1,6 миллиардқа жетеді. Халықаралық туризмнен түскен пайда 1997 жылғы 443 миллиард доллардан 2020 жылы 2 трлн. долларға жетеді.

Триллиондар жайлы армандамай-ақ қояйық. Қазақстанға дамыған туристік державаларға кірсе де, соңғы уақыттарға дейін әлемдік статистика Қазақстанды халықаралық туристік рыноктың субъектісі ретінде қарастырмаған болатын. Халықаралық сарапшылардың "Қазақстандык үкіметтің Қазақстанды туристік потенциялы бар ел ретінде көрсетуге еш ықыласы жоқ" деген көзқарасы көпке дейін сақталды (бірақ оның мүмкіндіктері аз емес еді). Бұл жайлы қонақжай шаруашылығы мен ұлттық парктерінің мамандарының квалификациясын көтеруге келген Карл Дуйсенбергтың Кауымдастығының мамандары айтқан болатын. Соңғы 4-5 жылдар ішінде Казақстан мемлекеттік дәрежеде ірі туристік биржалар мен жәрменкелерге қатыспаған еді (бұл жағдай 2001 жылы түбірімен өзгерді). Дүниежүзілік Туристік Ұйымға көп қаржы қарыз болдық. Нәтижесінде біз бұл халықаралық ұйымның ақпараттық демеушілігінен айрылып қалдық. Сәйкесінше, 1998 жылы Қазақстанның жалпы ішкі өнімінің 0,09 пайызын туризм құрады. Туризм және Спорт агенттігінің экономикалық сараптамасы Қазақстанның төлем ақы балансында тоғыз жыл бойы "Туризм" саласына байланысты дұрыс қаржы бөлінбегенін анықтады. Қазақстан Республикасының статистика агенттігінің мәліметтері бойынша туристік шаруашылықтан алынатың салықтар үлесі бюджетке кіретін жалпы кірістің 1998 жылы 0,1 пайызын құраса, 1999 жылы 1,1 пайызын құраған. Қазақстан Республикасының турфирмалар мен агенттіктерден кірген кірісі 2000 жылы не бары 9 миллион доллар құраған.

Біздің туристік рынок ат үсті дамыған болатын, өйткені елде нақты мемелекеттік стратегия болмады. 90-шы жылдардың бірінші жартысында рыноктың басты жағдайын айқындаушы шоп-туризм болды. Олар әлемді белсенді түрде тани бастағандардың алғашқысы болды, ал олар арқылы әлем біздің ел жайлы біле бастады. Уақыт өте бұл жағдай басылды. Екінші толқын бастау алғанда турфирмалар зиялы туризм жасай бастады, дегенмен астыртын сауданың жылдық мөлшері Казақстанның сыртқы сауда айналымында шамамен 1 миллиард доллар құрайды. Турфирмалардың басым көпшілігі бұрынғысынша саяхатқа шығару туризмімен айналасады, бұл Қазақстаннан қаржының ағылуына әкеліп соқтырады. Қазақстан Республикасының статистика агентігінің берген мәліметтері бойынша 2001 жылы Қазақстандықтардың ең көп баратын жері - Түркия (30.4 пайыз), Кытай (19,2 пайыз), Германия (19.5 пайыз), БАӘ (6.8 пайыз).

Шетелдік туристерге қызмет ету бастапқыда азғана турфималарды қызықтырған еді. Туризмнің бұл саласын дамыту көп қаржылай салымды талап етті. Бұл жағдайдың теріс қыры Қазақстанның туризм обьектісі ретінде имиджінің қалыптасуының концепциясының жоқтығынан күшейе түсті. Квалификацияландырмаған басқару басқа проблемаларды тудырды; әкімшілік формальды істердің қиындауы (визалар, шетелдік азаматтарды тіркеу, кеден процедуралары), дамымаған инфрақұрылым, қатаң салықтық режим, тұрғылықты халықтың туристерді бейбітшілікпен қабылдамауы. Тіпті интернет жүйесінде Қазақстанды туристерге қауіпті елдердің тізіміне кіргізген мәліметтер де шыққан.

Елге келетін туристер санын көбейту мақсатында туристік ұйымның шетелге шығарған туристің саны елге келетін туристік азаматтар санымен теңесуі керек деген айла да қолданып көрді. Бұл іске тек қана жекеменшік турбизнес өкілдері ғана емес, сонымен қатар шетелдіктер де қарсы болды. Солардың біреуінің ойынша, "тек сауатты ойластырылған саясат қана жағдайды өзгерте алады және 25 пайызға емес, барлық 50 пайыз".

Қазақстан Респупликасының Туризм жэне Спорт Агенттігінің берген мәліметтері бойынша 2001 жылдың бірінші жарты жылдығында елде 532 туристік ұйымдар жұмыс істеген. 2000 жылы туристік ұйымдар 146,9 мың туристке қызмет көрсеткен, Қазақстанның туристік фирмаларының қызметін 23,8 мың шетел азаматтары пайдаланды.

Туристер келмегендіктен, қонақ-үй секторы дамымай отыр. 1997 жылғымен салыстырғанда қонақ-үй саны 40 пайызға азайды. 6-7 жыл ішінде 605 қоңақ-үй жабылып қалды. Егер 1999 жылы 205 қонақ-үй жұмыс істеп, нөмірлі қор 15 пайызға ғана жүктелген болса, 2000 жылы Республикалық Статистика Агенттігінің санығынша 159 қонақ-үй ғана бары анықталды. Қазіргі таңда қонақ-үйлердегі, турбазалардағы, кемпингтердегі сыйымдылық жүктеменің 35 пайызын ғана құрайды. Туристік кластағы қонақ-үйлер үлкен сұранысқа ие (екі және үш жұлдызды немесе үлкен және орташа қонақүйлер), бірақ баға тарифтері бойынша олар ТМД елдеріндегі сондай отелдерден ұтылып отыр.

Қазақстанда әуе жолдары да жақсы дамыған, бірақ авиабилет бағасының қымбаттығы Қазақстанның туристік өнім бағасын үлкейтеді, ол сәйкесінше халықаралық рынокта бәсекелестігін төмендетеді. "Мұнай өнімдерін өндірмейтін Қырғызстанда авиабилет құны мұнайлы ел Қазақстандікімен салыстырғанда екі есе арзан" деген болатын қазақстандық турфирмалар.

Кадрмен қамтамасыз ету әлі нашар. Қазіргі уақытта Қазақстанда мемлекеттік, жекеменшік, ресейлік филиалдарды қосқанда туризм менеджерін дайындайтын 28 жоғарғы оқу орны бар деп саналады. Қазақстанның туристік потенциялы жайлы оқытушылардың жеткілікті дәрежеде білмеуімен және туристік салада жұмыс тәжірибесінің аздығы нәтижесінде болашақ мамандар шынайы рыноктан қол үзіп қалады. Мысалы, Алматыда туристік рынокта 5-10 кәсіпқой менеджерлер ғана сұранысқа ие.

Қазақстанда ішкі туризмнің дамымауының басты себебі мемлекет бұл іспен экономика саласы ретінде мемлекеттік дәрежеде айналыспағанын мойындауымыз керек. Бұл салаға көзқарас өзгергеннен бастап туристік ұйымдар елге туристер кіргізумен қызу айналыса бастады. Бұған түрткі болған ел басының бұл саланы өте пайдалы екенін айтқан мәлімдемесі еді.

Үкімет кешікпей Қазақстанның 2000-2003 жылдардағы туристік имиджінің қалыптасуының жоспарын бекітті. Өткен жыл турбизнесті түбірімен өзгертті. Біріншіден, ел бюджетінде "Туризм" статьясы пайда болып, оған 26 миллион тенге салынды. Бірнеше жылғы үзілістен кейін Казақстан ірі туристік биржаларды белсенді көрінді: ІТВ (Берлин), WТМ (Лондон), МІТТ (Мәскеу). Көрме стенділерінде Қазақстандық Ту көріне бастады. Оңтүстік астананың имиджінің қалыптасуына бағытталған істер жандана түсті. Алғаш рет Алматы және Алматы облысының туристік мүмкіндіктері туралы жарнамалық-ақпараттық бояулы буклет үлкен тиражбен (25 мың дана) басылып шықты. Туризм департаменті плакаттарды, үлкен күнтізбелерді, карталарды, аймақтың туристік артықшылықтарын ашатын екі бейнефильм өңдеп шығарды. Ішкі және кіру туризмін көтеру мақсатында Алматы және Оңтүстік Қазақстан облыстарына ақпараттық-жарнамалық турлар ұйымдастырылды. Мұндай турлар солтүстік, орталық және шығыс аймақтарға да ұйымдастыру жоспарланған болатын.

Тағы бір маңызға ие болатын оқиға бірінші халықаралық Қазақстандық "Туризм және саяхат КITТ-2001" көрмесі, оны ІТЕСА компаниясы ұйымдастырған болатын (айтпақшы, осы компания өткен жылдары Алматыда туристік жәрмеңке ұйымдастыруға келіспеген еді). Осы көрме аясында экотуризмге арналған халықаралық семинар болып өтті. Оған Дүниежүзілік Туристік Ұйымның Бас хатшысы Давид Де Виль мырза қатысқан болатын.

Осы уақыт ішінде екі туристік одақ пайда болып мақұлданды: елден шығаратын турфирмалар бәрісі біріктірген Туристік ұйымдардын Алматы Ассосациясы (ТҰАА) және елге туристер келтіретін Турагенттіктердің Қазақстандық Ассосациясы (ТКА) . "Біз жалғыз өзіміз өзімізді қорғай алмайтынымызды түсіндік- дейді ТҰАА вице президенті Раушан Қасенова, соңғы уақыттары туризм жайлы теріс пікірлер жиі айтылады, бірақ жақсы жақтары анағұрлым көп. Біз де, шетелдіктер де үлкен беделге ие болған көптеген турфималармен бірігіп туристік мамандықтың, туристік саланың имиджін көтеруге талпынамыз". Кәсіптік бірігулер спецификалық бизнесті қорғауда үлкен рөл атқарды. Мысалы, шетелдік серіктесіне аударылатын сумманың НДС-ін ауыстырып, ТҰАА өз құқықтарын қорғап қалды (Қазақстан Республикасы бюджетке төлейтін салықтары мен басқа міндетті төлемдері 36-шы баптың 1-ші тармағында). ТКА қызметті оңтайландыру және кіру визаларына бағаны төмендету мақсатымен Алматы мен Астана әуежайларында "шетел туристеріне визалық істерді жеңілдету" деген эксперимент ұйымдастырды. Туризм және Спорт агенттігінің мәлімдемесі бойынша "бұл жобаның мақсаты орындаушы биліктің шетел туристерін қызықтыруда турфималарға көмек көрсетуге тілек білдірді". Экспериментке "Үлкен жетіліктің" елдері, басқа мемлекеттер (20-ға тарта) және жекелеген турфирмалар (10-15-ке тарта) қатысты. Консулдық жиындардың тарифы 35 доллар, қарапайым визалар 40-100 доллар (тездетілген режим 750 доллар (5-кесте).


5-кесте.

Кейбір елдерде туристік визаны алу мерзімі мен құны.




Мемлекет

Туристік визаны алу –мерзімі

Құны (қызмет мерзімі отыз күнге дейін)

Қырғызстан

Өзбекстан

Ресей

Түркіменстан



24 сағат

48сағат


10күн

3 күн ішінде



40 доллар

60 доллар

85 доллар

41 доллар



Қазақстан

7 күн ішінде

60-100 доллар

Греция

Түркия


4 күн

Шекарада


27 доллар

визасыз


Франция

4 күн

26 доллар

Непал

Шекарада

8 доллар

Тайланд

Шекарада

8-10доллар


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет