Ендігі кезекте Қазақстанның қонақ үйлеріне тоқтала кетеміз.
«Анкара» - қонақ үйі. Алматы қаласының орталығы, Президент сарайына қарама-қарсы орналасқан. Бұл қонақ үйде 290 жабдықталған нөмірлер бар. Оның ішіде люкс нөмірлерінде халықаралық телефон байланысы, мини барлар, көп бағдарламалы музыкалық жүйе, спутникті ТВ, бағдарламалармен жабдықталған. Қонақ үй құрамына 5 мейманхана және барлар кіреді. Сонымен қатар бассейн, денсаулық клубы, туристік агенттік, шаштараз, казино, түнгі клубтар бар. Алматы қаласындағы ең үлкен залдардың бірі осында орналасқан.
«Премьер-Медеу-Интернейшнэл» - қонақ үйі. Алматы қаласының орталығынан 15 километр, ал әуежайдан 50 минуттық жерде орналасқан. Қонақ үйде 129 нөмірлер бар. Оның ішінде 126 жай нөмір, 3 люкс нөмірі кіреді. Бұл нөмірлердің барлығы халықаралық телефон жүйесімен, спутник ТВ, мини барлармен жабдықталған. Қонақ үйде жоғары мамандандырылған қызметкерлер жүмыс атқарады. «Медеу» қонақ үйі өзінің клиенттеріне қиындықсыз келісімге отыруына көмектеседі. Қонақ үйде 2 конференц залы, 10-80 адамға арналған, жоғары класстағы мейманхана бар, сіздерге сусындар мен шығыс және еуропа асханасын көрсетеді. Сіздерге жыл бойы демалуға мүмкіндік жасайды. Кімде-кім таза ауада демалуды ұнатса, қыс кезінде шаңғы, конькимен мұз айдынында сырғанауға болады. Бұл мезгіл қарашаның аяғынан басталып сәуірдің басында бітеді. Бұдан басқа, қонақ үйден 30 метр жерде бассейн орналасқан.
«Премъер-Алатау» қонақ үйі. Алматы қаласында 1974 жылы қүрылғанн. Қонақ үйде 185 нөмір бар. Олардың ішінде қазіргі уақытта 83 нөмір белсенді жұмыс атқарады. 5 жартылай люкс жэне 73 жай нөмірлер бар. Олар халықаралық стандартпен қамтылған. Ішінде желдеткіш, телевизор, телефон, мини барлар бар.
Барлық саяхаттар туристерді орналастырумен басталады. Өйткені қонақ үйлер туристердің демалу орны болып саналады. Сондықтан онда әдемі жақсарған және туристерге ұнау үшін барлық жағдай жасалған. Орналасуы әдемі туристік-рекреациялық жерлерге ұқсас болып келеді.
Қарағанды облысында 30-ға жуық қонақ үй бар. Ең халықаралық стандартпен жасалған «Созвездие»» отелі. "Созвездие" люкс отелі сәулеткерлік өнермен жасалған 8 қабатты ғимарат. Бұл отель экологиялық таза ауданда орналасқан және парк зонасында аквалендпен этнопаркпен қоршалған. Табалдырықтан аттай бастағанда, сізді жоғары дәрежедегі ыңғайлы қонақжайлылық күтіп тұрады.
Люкс отель әрбір жеке клиентке көңіл бөледі. Отельде жоғары мамандандырылған қызметкерлер жұмыс атқарады. Бұл жерде Қазақстандағы жалғыз бильярд спорт орталығы орналасқан. Сіздерді өте жоғары деңгейдегі әр түрлі асхана тағамдарымен қамтамасыз етеді. Сауна, жакузи ыңғайлы демалыс бөлмесі бар. Отельде VIР және люкс нөмірлер евро дизайнмен жасалған. Мұнда желдеткіш, мини бар, телефон, телевизор бар.
Бұл отель осы уақытқа дейін 2267 қонақтарды қабылдады. Отельге әйгілі суретшілер, саясаткерлер, халықаралық бильярдтан турнирге қатысушылар, әйгілі фирмалардың басшылары келеді. Жезқазғанда 4 қонақ үй халықаралық класта қызмет көрсетеді. "Байқоңыр" – “5” жұлдызды қонақ үй. 1999 жьлы желтоқсанда қонақ үй "Казақмыс корпорациясының" меншігіне кірді. Қайта қалпына келтіру жұмыстары жүргізіліп 2000 - шы жылы іске қосылды. Қонақ үй - Кеңгір су қоймасының жағасында орналасқан. Барлық қонақтарға ыңғайлы болып саналады. Бұл жерде 20 орын, соның ішінде VІР нөмірі; 2 люкс, 8 жартылай-люкс, 9 бір адамдық жоғары категориялы орындар бар. Қонақ үй желдеткішпен, таза сумен және әрбір нөмірде телефон, телевизор, мини барлар бар.
Конференц залы аудиовизуалды техникамен жабдықталған. Зал іскерлік кеңесуге арналған. Қонақ үйде хол және қысқы оранжерея бар. Осыған қоса 150 орынға арналған мейманхана, 36 орынға арналған кіші банкет залы кіреді. Бұл жерде ұлттық және халықаралық асхананы көруге болады. Жазда ашық ауада терассада отыруға болады. Демалуға арналған бассейн, сауна, бильярд ойнау залы бар. Кір жуатын жерлері соңғы үлгідегі кіржуғыш машиналармен жабдықталған. "Бизнес-центр" – “3” жұлдызды қонақ үй. Швед фирмасы салған. Ол Кеңгір су қоймасының жағасында, қалалық демалыс орнында орналасқан. Бұңда желдеткіш, таза сумен қамтылған нөмірлер бар. Қонақ үй құрамына автокөлік тұрағы, 40 орындық мейманхана, 12 орындық конференц залы, емделу кешені кіреді. "Металлург" - қонақ үйі. Бұл қонақ үй 1969 жылы пайдалануға берілген. Жезқазған қаласының орталығында орналасқан. Қонақ үйде 10 адамға арналған 11 орын, 4 бар, жоғары категориядағы 2 нөмір бар. Қонақ үй құрамында 40 орындық кафе, 25 орындық жазғы кафе бар. Қонақ үйде іскерлік комплексінде 23 адам жұмыс атқарады. Бұл жерде ақылы қызметтер: сауна, бильярд, кір жуатын жер, мейманхана, кафе. Барлық қызметтер жоғары деңгейде орындалады. Сол сияқты өзінің қызметін медициналық орталық шетел қонақтарын қабылдайды. Бұл жерде 34 бір орындық нөмірлер бар. Нөмір желдеткіш, телевизор, телефон, тоңазытқьшшен жабдықталған.
Көлік коммуникациялық базалары. Қазақстанның көліктік жүйесі жақсы дамымаған деп айтуға болады. Қазақстан көлік жүйесі негізінен темір жол, автомобиль және әүе көлігінен тұрады. Туризм саласында көліктің маңызы өте зор болып табылады. Ол туристің қозғалуымен сипатталады. Қашықтық пен катысушылардың санын қысқартатын жаяу жорықтар мен экскурсияларды есептемегенде, көлік жоқ болса туризмде болмас еді.
Қазақстан автомобиль жолдарының жалпы ұзындығы 85 мың км-ге жуық, соның ішінде 55,7 мың км қатты жамылғылы 17,4 мың км жолдың республикалық маңызы зор, оның ішінде 11,8 мың км жол халықаралық маңызда. Қазақстан территориясынан өтетін жалпы темір жол ұзындығы 14,6 км. Кеме жүзетін ішкі су жолдары 4,0 км. Өкінішке орай автомобиль және темір жолдардың жағдайы нашар және әлемдік стандартқа сай келмейді. Әр жылы туристерді қабылдап отырған еліміздің беделіне әсерін тигізеді. 2002 жылдың аяғына жолаушыларға арналған жылжымалы паркінің саны былай болды: жалпы пайдаланудағы автобустар саны - 8659 дананы құрады, ал жолаушы және жүк пен жолаушы таситын өзен кемелерінің барлық саны - 10 дана болды. Қатынас түрлері бойынша жалпы пайдаланудағы көлікпен жолаушыларды тасымалдау (7-кесте).
Қонақ үйлік және мейрамханалық техника - бұл туризм саласындағы технологиялардың негізгі бөлігі болып, туризм индустриясының дамуына үлкен әсерін тигізеді. Соңғы он жылда Қазақстан қонақ үйлерімен мейрамханаларды жаңа қондырғылармен қамтамасыз етіп, қонақ үй және мейрамхана шаруашылығындағы жұмыскерлердің жұмысын жеңілдетті.
Коммуникациялық техника қазіргі кезеңде компьютерлік технологиялардың дамуымен байланысты. Көп көлемдегі ақпараттарды сақтай алатындықтан және де тез өңдейтіндіктен компьютерлерді қолдану ақпараттық және коммуникациялық технологиялардың революциялық қайта құруға алып келді. Ақпараттық жүйелерді қолдану туристік рыноктаға жұмыстарды істеуге өз әсерін тигізіп жеңілдетті.
Көлік - коммуникациялық базалар:
-
көліктік - коммуникациялық жүйе (темір жолдар, автожолдар, әуебайланыстар, телефондық жүйе факс, интернет жүйесі және басқалары);
-
көліктер (локомотивтер, вагондар, автомобильдер, самолеттер және басқалары);
-
көліктік қозғалысты реттейтін ұйымдар;
-
көлікпен байланыстың техникалық базалары (депо, парктер, базалар және басқалары).
Қазақстанның ішкі туризмдегі коммуникациялық техникаға келетін болсақ, төмен деңгейде дамып, әлі толығымен қамтамасыз етілмеген. Алғы шептегі техникамен Қазақстанның ірі қонақ үйлері ғана пайдаланып отыр. Атап кететін болсақ бес, төрт және үш жұлдызды қоңақ үйлер. Туристік рыноктың сұранысына және де әлемдік стандартқа сай болу мақсатында болашақта өз деңгейін табады деген ойдамыз.
7-кесте.
2001-2002 жылдардағы қатынас түрлері бойынша көлікпен жолаушыларды тасымалдау (млн. адам).
Көлік түрі
|
Халықаралық қатынас
|
Қалааралық қатынас
|
Қала маңыңдағы қатынас
|
2001
|
2002
|
2001
|
2002
|
2001
|
2002
|
Темір жол
|
15,3
|
15,5
|
-
|
-
|
6,3
|
5,2
| Автобус |
3,0
|
2,6
|
10,0
|
8,2
|
26,7
|
34,0
| Өзен |
|
|
|
|
|
0,04
| Әуе |
0,3
|
0,4
|
0,5
|
0,6
|
-
|
-
|
Достарыңызбен бөлісу: |