1 Қазақстандағы ішкі туризмінің қазіргі жағдайы, перспективалары



бет3/7
Дата24.04.2016
өлшемі0.66 Mb.
#79726
1   2   3   4   5   6   7

Бұл эксперимент биыл жалғасуы белгісіз. Ол эксперимент - оң нәтижелер берді ме, туристік саяхатты көбейтті ме ол жағы да белгісіз. Бірақ басқа туристік ұйымдар өзіне үйреншікті емес режимде - делдалдар ретінде қызметке қалды, ондай ұйымдар Алматыда ғана 300-ге жуық. Туристік ортада "жеңілдету" деп "эксперименттің ішіндегі экспериментті айтады", өйткені кейбір ұйымдар "ерекше құқықтарға" ие болатын. Дегенмен туристік екі және үш реттік визалар өз туристік пакетін Жібек жолы бойынша сататын фирмаларға үлкен проблема болуда. Туристік Агенттік Ассосациясы МІМ (МГД)-де туристік қызметті экспорттау кезінде НДС-тің нөлдік ставкасы туралы сұрақты талай көтерді. "Мұнай мен газ экспортталғанда оларды НДС-тен босатады, ал капиталды қатты қажет етпейтін қызметтерге салық салады, ол елге валюта әкелетін түрі" деп жазды ТКА төрағасының орынбасары Тимур Дүйсенғалиев "Казахстанская правда" газетінде.

"Туризм" жайлы жаңа заңның шығуы туристтік салада көп өзгерістерге әкеледі деп сендіреді. Мамандардың ойынша, жаңа заңда негізінен ішкі және сыртқы туризмге көп көңіл бөлінген. Екінші баптың он бесінші тармағында кәсіпкерлер арасында түсінбеушілік пен аландаушылыққа әкелді, онда "құзырлы орган соттың араласуынсыз турфирманың лицензиясын алты айға дейін тоқтата алады" делінген. Құзырлы органдардың басқару тетіктерін өздеріне қалдыруға тырысуы түсінікті, бірақ бұл шенеуліктер тарапынан өз міндетін асыра пайдалануға әкелуі мүмкін. Алматы Туристік Фирмалар Ассосациясы " турфирмалар мен атқрушы билік арасындағы дауды тек қана сот шеше алады" деген ойда. Заң бәріне бірдей - атқарушы билік үшін де, кәсіпкерлер үшін де.

Дүниежүзілік Туристік Ұйымның үшінші мың жылдықта кеңестік республикаларға қатысты оптимистік болжамы бізді әлемдегі ең жемісті ел болуға сендіреді. Бірақ қазақстандық турөнім, елдің өзі тәрізді көпке белгісіз болып қалуда. Шетел сарапшылары айтқандай Қазақстан басқа елдерден ерекшеленіп тұратын "нақты" турөнім жасамағанша туристік қызметтер рыногында өз орнын таппайды деген. Кейбір ерекшеліктер қазірдің өзінде көрініп тұр. Біздің турөнімнің екі базалық компоненті бар: Жібек жолындағы мәдени туризм (дәстүрлі және сиынушылық) және сонымен тығыз байланысқан экооқйғалы туризм, (сафари, рафтинг, орниталогия, альпенизм, аң аулау, балық аулау). Ең жемісті облыстар - Алматы, Оңүстік Қазақстан, Жамбыл, Шығыс Қазақстан.

XXI ғасырда ең бағалы болатын бес бағыт бар: круиздер, экотуризмдер, оқиғалы, мәдени танымдық және тақырыптық туризм. Қазақстанға өз өркениетін сақтап мемлекет ретінде өзінің ерекше мүмкіндіктерін пайдаланбау кешірілмес іс. Әсіресе Алматы облысының ерекшеліктері керемет, онда турист бір сағат немесе бір күн ішінде ауа райының бірнеше рет өзгеруіне куә бола алады. Оның үстіне өзіндік ландшафттар елдің туристік потенциялының 20 пайызын құрайды. Сондай-ақ Оңтүстік мегополисін халықаралық әуежай, елдің туркомпанияларын 3/4 -і-және шетелдік елшіліктер орналасқан. Мамандардың есептеуі бойынша Алматы жыл сайын 200 мың туристі қабылдай алады. Казір де Алматының қызмет көрсету белсенділігі 49 пайыз, Астана 20 пайыз Қарағанды 8 пайызын құрайды.

Қазақстандық турбизнестің ерекшелігі оның әртектілігі. Бұл рыноктың тағы бір кемшілігі- кәсіподақтарда және мемлекеттік құрылымда ақпараттық-аналитикалық орталықтың жоқтығы. Туризмде жұмыс істейтін салалар арасында ақпараттық вакуум пайда болды. Турфималар жетістіктерге жету жолында бағыттарды ізденуде. Туризм құрылымдары мен түрлі ведомствалар жеке жоспары мен жарғыларын анықтайды. Қонақ-үй секторы өзінің баға саясатын орнатады. Ұлттық мемлекеттік парктер "делдалсыз" халықаралық рынокқа шығуға тырысады. Авиарынок өзінің заңдарымен өмір сүреді. Қазақстандық елшіліктер мен өкілеттіліктер өз істерімен айналысады.

Кәсіптік экскурсоводтар санаулы ғана қалды. Осы үлкен тізбекте байланыстырғыш звено жоқ. Одан басқа әлемдік туриндустрия үшін Қазақстан белгісіз тақырып болып тұр. Рыноктағы қатысушылар туралы, ұсыныстар мен

сұраныстар туралы шынайы жағдай көрсетілген мамандандырылған басылым жоқ. Тіпті туроператорға жарнамалық ақпаратты бастыруға басылым болмайды. Халықаралық көрмелерге қатысу үлкен өзгеріс әкеле қоймайды, ал ондай көрмелерге кез-келген турфирма қатыса алмайды. Обьективті ақпарат жоқ, сондықтан - маркетингтік зерттеулер жоқ. Осыдан барып мемлекеттік менеджмент дамымайды.

Тағы бір меселе, туристік қызметтерді экспорттаудағы Қырғызстан мен Өзбекстанның тарапынан бәсекелестіктің өсуі. Олардың басты артықшылығы, онда туризм мемлекеттік саясаттың басты бағыттарының бірі болып табылады: бюджеттен бөлінетін тікелей субсидиялар, құзырлы органдардың жоғарғы статусы, салық салудағы жеңілдіктер. "Онда кіруге керекті құжаттар арзан, тез және оңай жасалады, қонақүй, көліктік қызметтер арзан" дейді біздің турфирмалар. Мысалы, Қырғызстан жапондық туристерге визана шақырусыз береді. Өзбекстан американдықтарға қызмет мерзімі 5 жыл кіретін виза ұсынды. Дегенмен олардың сервисі жоғары дәрежеде емес. Олардағы 5 жұлдызды қонақүйдің нөмірі 50-60 доллар болса, бізде 100 долларға жуық. Кейбір алматылық отелдер туристік топтарға жеңілдік тарифтері мен маусымдық жеңілдіктер ұсына отырып, фирмаларға жеңілдіктер жасайды. Бірақ, турфирмалардың өзі жиі келісімді бұзады, өз клиенттеріне жеңілдік қарастырмайды.

Қырғызстанда 1994 жылы Макс Хаберштронның келуімен-ақ өзгерістерге жөн алынды. Немістің топ менеджерінің тамаша қасиеттерінің арқасында көрші ел көп көрсеткіштер бойынша жоғары дамыды. Туристік ағын өсті - 1994 жылы 7 мың, ал 2000 жылы 30 мың, ТМД елдерінен келетін туристер көбейді - 200 мың. М. Хаберштронның көзқарасы бойынша "Орталық Азиядағы туризмнің дамудың басты тежеуші күші - бюрократия".

Өзбекстан бізбен салыстырғанда, Кеңес Одағы ыдырағаннан соң инфрақұрылымды сақтап қалды, оны мемлекеттік дәрежеде қолдап, ДТҰ-ның мүшесі болды, ал бұл - консультациялар, технологиялар, тиімді жобалар, жеңілдіктер.

Біздің батысқа жалтақтауымыз іске ешқандай пайда әкелмейді. Бұл әдет туристік рынокты да айналып өтпеді. Туристік фирмалар бай шетел туристі үшін анағұрлым сенімді қайнар көзі - ішкі туризмді ескергісі келмейді. Отандық туризмді жаңғырту - турөнімнің қозғалуындағы ең үлкен тетіктерінің бірі. Тауардың-барлық қасиеттерін білмей оны сату оңай емес. Ішкі туризм сыртқа шығу туризімінің плацдармы болып табылады. Статистика бойынша, дамыған елдердің көбінде ол 30-дан 50 пайыз арасында барлық туризм кірісін әкеледі екен.

Ішкі туризмнің ерекшелігі - маусымдылығында. Оның басты белсенділігі мамырдан қазанға дейінгі уақытқа келеді. Одан басқа әрбір сегменттің өз спецификасы бар: альпинизмнің - шілдеден тамызға дейін, орнитологияда –сәуірден маусымға дейін, треккингтерде - тамыздың ортасынан қыркүйекке дейін, тау шаңғысы - қарашадан наурызға дейін, аңға шығудың өз уақыты бар. Бұл жергілікті туризмді осал етеді. Егер фирма маусым кезінде орташа есеппен 3-4 топты қабылдаса, ол жаман көрсеткіш болмайды. Бірақ турфирмалардың көбі "теңіз асып" келетін қонақты күтеді Соңдықтан олар ұтылып та жатады. Айтпақшы 1999 жылы Ресейдегі экономикалық дағдарыс ішкі туризмде көрінді. Сол кезден бастап онымен белсенді түрде айналысып келеді.

Бүгін әрбір турист үшін күресу керек, оның бай болуы міндетті емес деп Туризмнің Қоғамдық Академиясы "Тұран" Университетінің президенті Рахман Алшанов өз аргументтерін ұсынды: “Біздің келешегіміз ішкі туризмді дамытудан басталады, біз қармақты салып қойып "капиталистік шортан" ілінсе деп отырамыз. Ал өзіміз қармаққа ілінетін азықтың қандай болатынын білмейміз. Менің ойымша ішкі туризм үлкен кіріс әкелетін бизнес түрі бола алады”.

Жемісті туризмнің орналастыру және тамақтану орындары.

Оңтүстік астана қонақ үй индустриясының басты орталығы болып саналады. Бүгінгі күнде республикада 195 қонақ үй жұмыс істейді. Соның 36-сы Алматы қаласында орналасқан. 1990 жылдан бастап Қазақстанның қонақ үй рыногында инвестициялық ағын болды деуге болады. Осы жылдары 10 аса отелдер салынды. Көбісі бірлескен кәсіпорындар болып есептеледі және де әртүрлі халықаралық қонақ үйлер тізбектеріне кіреді. Кейіннен 1990 жылдардың ортасында халықаралық стандарттарға жауап беретін бір қатар отелдер пайда болды. Олардың инвесторлары болып отандық бизнесмендер шықты.

Қонақ үй индустриясына инвестицияның келуіне байланысты, банкротқа ұшыраған конақ үйлер саныда өсті яғни рынок сұранысындағы дәрежеге сай қолайлы. Мысалы: оған «Премьер Медеу» отелін жатқызамыз. Ежелгі Медеу шатқалы демалу жұмыс орнына қолайлы. Осының бәрі Алматы орталығынан 15 минуттьқ жерде. «Медеу» мұзайдынының жанында «Қазақ ауылы» мейманханасы (Отырар комплексі) орналасқан.

Қазақстанда отель бағасы бойынша және қызметтері бойынша әр түрлілігімен көзге түседі. Бір тәулікке 3 доллар, бұнымен көбінесе дүние жүзінің волонтерлері қолданады. Ал люкс нөмір 1400 долларға дейін жетеді. Бұнымен көбінесе сапарға келген президенттер қолданады.

Жергілікті жердің экзотикасына қызығушылар. Халықаралық стандартқа үйреніп қалғандар: Бес жұлдызды отельдер шетел азаматтарына барлық керек нәрсе бар. Әрине бағасына сай. Жиі келіп тұратын шетел азаматтарына шамалы жеңілдіктер болады.

«Достық» отелі шетел азаматтарына өте қызықты. "Интерлюкс отелі, бұл қала сыртындағы Алатау санаториінде орналасқан. Мұнда советтік партияның қол басшылары, мәр-мәр залда жүргенін көресіздер. «Алия», «Уют» орташа қонақ үйлері бар. Конақтар көбінесе орташа елдерден Өзбекстаннан, Қырғызстаннан келеді. Жоғары таулы отель "Ворота" "Туюк су". Бұл керемет пансион Швейцариядағы альпілік қонақ үйге ұқсас болып келеді. Отель өте ыңғайлы және қолайлы. Әр нөмірлерінің қабырғалары ағаштан ойылып салынған.

6-кесте.

Шет елдерде кейбір елдердің саяхаттаушыларының орташа шығындары



Ел

Туристің барлық шығыны (1 тәулкте)

Қонақ үйге кеткен шығыныдар, доллар, 1 тәулікте)

Германия

90

36

Ұлыбритания

125

50

Франция

110

54

Италия

100

40

Испания

140

56

АКШ

85

34

Жапония

300

120


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет