Әуе көлігі саласында
Халықаралық туризмді дамытуға ықпал етуші негізгі факторлардың бірі жолаушыларды авиатасымалдау болып табылады. Қазіргі уақытта республикаға алыс шетелдің алты авиакомпаниясы («KLM», «Lufthansa», «British Airlinees», «Asiana Air Arabia», «China South Airlines», «Turkish Airlines») тұрақты ұшып тұрады. Ұлттық авиатасымалдаушы “Эйр Астана” Түркия, Германия, Қытай, Оңтүстік Корея, Тайланд, Ұлыбритания, Үндістан, БАӘ, Нидерландыға тұрақты рейстер жасайды.
Қазіргі уақытта Қазақстанның халықаралық авиатасымалдарға қол жеткізе алатын әуежайлары: Астана, Алматы, Ақтөбе, Атырау, Қарағанды, Қостанай, Павлодар, Петропавл, Семей, Тараз, Орал, Өскемен, Шымкент қалаларында бар.
Статистикалық деректерге сәйкес 2005 жылы әуе көлігі қызмет көрсетулерін 248578 турист (57,1 процент) пайдаланған.
Сапарлардың басым көпшілігінің әуе көлігін пайдалану арқылы жүргізілетінін ескерсек, авиапаркті жаңарту, жолаушыларды әуе көлігімен тасымалдау географиясын кеңейту, туристік ағынды көбейту мақсатында елеп-екшелген баға мен тариф саясатын айқындау, қызмет көрсету сапасын арттыру қажет.
Темір жол көлігі саласында
Соңғы жылдары темір жол көлігі билет құнының қолжетімділігіне байланысты республика халқының негізгі жол жүру құралына айналды.
Статистика деректері бойынша, 2005 жылы темір жол көлігін 87615 турист (10,27 процент) пайдаланған.
Қазақстан аумағы бойынша өзімізде жасақталған 132 бағдар жолаушылар поезы жүріп өтеді. Оның ішінде қала маңындық қатынаста 69 бағдар бойынша; жергілікті қатынаста – 49, мемлекетаралық қатынаста – 11, халықаралық қатынаста – 3 поезд жүреді. Сонымен қатар Қазақстан Республикасы аумағы арқылы ТМД елдерінде жасақталған 17 жолаушылар поезы бағдары өтеді.
Жолаушыларға темір жол көлігінде сервистік қызмет көрсету деңгейін арттыру мақсатында бірқатар іс-шаралар көзделген: Қазақстан Республикасы аумағында да, сондай-ақ Ресей Федерациясының аумағында да жолаушылар поезында жолаушылар үшін ланч-бокстар құрудың технологиялық процесінің жобасы қарастырылуда, “ЖВ купе”, “РИЦ купе” санатындағы вагондардың жолаушылары үшін безендіріліп, мамандандырылған ақпараттық буклет шығару бағдарламасының жобасы әзірленді.
Сонымен қатар “Жолаушылар тасымалы” акционерлік қоғамының поездарындағы қызмет көрсету деңгейі халықаралық стандартқа сәйкес келмейді. Вагон паркінің әбден тозуы және біршама бөлігінің ұзақ уақыт пайдаланылуы, оларды ауыстыру немесе қайта жаңғырту қажеттілігі жолаушылар тасымалының өзін-өзі ақтамайтындығымен, оларды субсидиялаудың мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылатындығымен түсіндіріледі.
Автокөлік саласында
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 5 желтоқсандағы № 1809 қаулысына сәйкес республикалық маңызы бар жалпы пайдаланудағы автомобиль жолдары тізбесіне ірі туристік объектілерге апаратын және туризмді одан әрі дамытуда барынша қызығушылық тудыратын мынадай жолдар енгізілуіне байланысты соңғы жылдары туристік мақсатта автокөлік белсенді түрде пайдаланылып жүр:
-
Ташкент – Шымкент – Тараз – Алматы - Қорғас;
-
Шымкент–Қызылорда – Ақтөбе – Орал – Самара;
-
Алматы – Қарағанды – Астана– Петропавл;
-
Астрахань – Атырау – Ақтау – Түркіменстан шекарасы;
-
Омбы–Павлодар–Семей–Майқапшағай;
-
Астана – Қостанай – Челябі - Екатеринбург.
Статистика деректері бойынша 2005 жылы қаларалық автобустардың қызмет көрсетулерін 87615 (20,1 процент) турист, басқа да құрлықтағы жол құралдарын 53765 (12,36 процент) турист пайдаланған.
2005 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша республикалық маңыздағы жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдары бойындағы бөлінген жолақта мынадай объектілер жұмыс істейді: 925 - АМС, 108-ТҚС, 62 - қонақ үй, 1124 - тамақтану және сауда орындары, 61 - автотұрақ. Су көлігі саласында
Каспий теңізіндегі Ақтау порты Қазақстанды Ресей, Түркіменстан, Әзірбайжан және Иран порттарымен байланыстырады. Қазақстан Республикасында Ресей Федерациясымен және Қытай Халық Республикасымен ішкі су жолдары бойынша қатынастар бар.
Шығыс Қазақстандық cу жолдары республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны жолаушылар тасымалдауға лицензиясы бар және туристік қызметке кіріктірілген кемелер үшін Өскемен мен Бұқтырма шлюздері арқылы шлюздеу құнының 25 проценті мөлшерінде жеңілдетілген тариф белгіледі. Бұл ретте Өскемен және Бұқтырма шлюздері арқылы аз мөлшерлі флотты шлюздеу ұзындығы 10 м дейінгі кемені - шлюздеу құнының – 10%-імен және 10 метрден ұзын кемені - шлюздеу құнының 20%-імен жеңілдетілген тариф бойынша белгіленген кестемен жүргізіледі. Статдеректерге сәйкес 2005 жылы аталған кәсіпорын 276 туристке қызмет көрсеткен.
Елдің басқа да су артериялары туристік мақсатта пайдаланылмайды. Сонымен қатар жүргізілген зерттеулер нәтижесінде Еуропадан келген туристердің Каспий теңізі бассейіні аумағында үлкен қызығушылығы жағажай туризмінде де және круиз ұйымдастыруда да байқалды.
2.2. Ішкі туризмнің дамуының алғы шарттары
Адам мен оны қоршаған орта арасындағы қарым-қатынас қарама қарсы. Бір жағынан адам мен қоршаған орта арасындағы қиын комплексті қарым-қатынас, екінші жағынан ғылыми-техникалық прогрестің әсерінен адам қызметінің табиғатты түрлендіруінен болатын қоршаған ортаның интенсивті өзгеруі.
Туризм адам мен қоршаған орта арасындағы қайшылықтарды жоюға бағытталған. Алайда мемлекеттегі жаңа нарықтық жағдай ішкі туризмді дамытудың проблемаларын, әсіресе әлемдік туристік нарықтағы бәсекелестік жағдайын үлкейтті.
Мемлекеттегі қиын экономикалық және қаржылық жағдай туризмнің әлеуметтік мәселелер аспектілерін қиындатты:
-
өмір сүру деңгейінің төмендеу;
-
тура табыстың қысқаруы;
-
қазақстан халқының табысының шуғұл дифференциясы;
-
тұрғындардың сатып алушылық қабілетінің төмендеуі;
-
өмір сүру минимумынан табысы төмен тұрғындардың үлкен бөлігі.
Табыстың негізгі диференциясы айлық көлемінің әр түрлілігін құрайды. Экономика инстититутының МОН РК мәліметтері бойынша мемлекет 1998 жылы әлеуметтік минимуммен қамтамасыздандырылған еңбекке жарамды әр адамның орташа айлық көлемі 80,7 пайыз құрды. Алайда экономика салалары бойынша берілген индикатор анализі тек қана өндірісте, құрылыста транспорт және байланыста қаржылық қызметте жұмыс істейтіндер өзін әлеуметтік минимумымен қамтамасыз етеді, ал ауыл шаруашылығы, денсаулық сақтау, білім, мәдениет салаларында жұмыс істейтіндер өздерін тіпті өмір сүру минимумымен қамтамасыз ете алмайды.
Тұрғындардың туристік мүмкіндіктері айлықтың көлемімен және жалпы ағымдағы кіріспен тікелей байланысты. Қазақстанда тұрғындардың ақшалай кірісі соңғы жылдарда өсті (11-кесте), бірақ сонымен қатар ақшалай шығындар да өсті (12-кесте).
11-кесте. Тұрғындардың ақшалай кіріснің өсу жылдамдығы және оның
құрылымы (1997-2000жж).
|
Бір адамға шаққандағы орташа ақшалай табыс, теңге
|
Өсу қарқыны, %
|
1997
|
1998
|
1999
|
2000
|
1998 ж.
1997 ж.
|
1999 ж.
1998 ж.
|
2000 ж.
1999 ж.
|
Барлық табыс
|
34187
|
36241
|
40896
|
47795
|
106,0
|
112,8
|
116,8
|
Сонымен бірге:
|
|
|
|
|
|
|
|
еңбек қызметі
|
25347
|
26622
|
29711
|
33958
|
105,0
|
111,6
|
114,3
|
әлеуметтік транспорт
|
3927
|
4515
|
4497
|
5434
|
115,0
|
99,6
|
120,8
|
сатудың барлық түрлері
|
2209
|
2236
|
3923
|
5295
|
101,2
|
175,4
|
135,0
|
Басқа ақшалай кірістер
|
2704
|
2868
|
2765
|
3108
|
106,1
|
96,4
|
112,4
|
Тұрғындардың шығыны ақшалай кірісінің ара қатынасы 1997-2000 жылдары айтарлықтай өзгерген жоқ. 1997 жылы тұрғындардың шығыны ақшалай кірісінің 97,2 % ал 1998 жылы 99,1% , 1999 жылы 97,6% және 2000 жылы 99,3% құрды.
12-кесте. Тұрғындардың ақшалай шығындарының өсу жылдамдығы және оның құрылымы (1997-2000).
|
Бір адамға шаққандағы орташа ақшалай табыс, теңге
|
Өсу қарқыны, %
|
1997
|
1998
|
1999
|
2000
|
1998 ж.
1997 ж.
|
1999 ж.
1998 ж.
|
2000 ж.
1999 ж.
|
Барлық табыс
|
33237
|
35901
|
39927
|
47450
|
108,0
|
111,2
|
118,8
|
Сонымен бірге:
|
|
|
|
|
|
|
|
Тұтыну шығындары
|
28651
|
31237
|
34870
|
40897
|
109,0
|
111,6
|
117,3
|
Азық-түлік тауарлары
|
16074
|
16765
|
18078
|
20411
|
104,3
|
107,8
|
112,9
|
Азық-түлік емес тауарлары
|
7026
|
7476
|
8058
|
10646
|
106,4
|
107,8
|
132,1
|
Ақылы қызметтерге
|
5551
|
6996
|
8734
|
9840
|
126,0
|
124,8
|
112,6
|
Салық, жинақ, төлемдер
|
1825
|
1689
|
1837
|
1992
|
92,5
|
108,8
|
108,4
|
Басқа ақшалай шығындар
|
2761
|
2975
|
3220
|
4561
|
107,8
|
108,2
|
141,6
|
Мұндай арақатынаста тұрғындардың еңбек демалысы кезінде туристік саяхатқа немесе ұйымдасқан демалысқа мүмкіндіктері туралы айту қиын. «Жұмысшылар демалысын демалу орны бойынша бөлу» статистикалық есептеулері бойынша 1997-2000 жж. периодында демалыс үйлерінде және пансионаттарда демалушылар санының өсуіне қарай демалысты үйде өткізетіндер санының азайғанын көрсетті (13-кесте).
13-кесте.
Жұмысшылар демалысын демалу орны бойынша бөлу, 1997-2000жж.
|
Жұмысшыларды бөлу, %
|
Өсу қарқыны, %
|
1997
|
1998
|
1999
|
2000
|
1998 ж.
1997 ж.
|
1999 ж.
1998 ж.
|
2000 ж.
1999 ж.
|
Еңбек демалысы бар жұмысшылар
|
100
|
100
|
100
|
100
|
|
|
|
Оның ішінде демалу орындарында:
|
|
|
|
|
|
|
|
Демалыс үйлерінде және пансионатта
|
0,3
|
0,3
|
0,6
|
0,7
|
100
|
200
|
117
|
Санаторийде
|
0,3
|
0,3
|
0,4
|
0,5
|
100
|
133,3
|
125
|
Курорттық жерлерде
|
|
0,1
|
0,0
|
0,1
|
-
|
-
|
-
|
Туысқандар мен таныстардың дачаларында
|
3,7
|
4,0
|
3,1
|
2,7
|
108,1
|
77,5
|
8,7
|
өз дачасында
|
3,2
|
2,4
|
3,0
|
2,5
|
7,5
|
125
|
83
|
Үйде
|
91,0
|
91,6
|
91,9
|
91,8
|
100,6
|
100,3
|
99,9
|
2000 жылғы мәлімет бойынша Қазақстанда жұмысшылардың 91,8 пайызы өзінің еңбек демалысын үйде өткізді. Сонымен қатар мемлекет өзінің тұрғындарына аз көңіл аударды, демалысты ұйымдастыруға және мәдениет саласының қызметіне ЖІӨ-нің 0,7 пайызы ғана бөлінді (14-кесте). Халықтың демалысын ұйымдастыруға өте аз сумманы бөле отырып мемлекет жұмысшының денсаулығын жақсартып еңбек көлемін өсіру, сондай-ақ жаңа жұмыс орындарын көбейту мүмкіндіктері сияқты маңызды экономикалық жағдайларды ескермейді.
14-кесте. 1998-2000жж. Қазақстан Республикасының әлеуметтік-мәдени шараларына мемлекет бюджетінің шығындары.
|
Шығын, млн.теңге
|
Өсу қарқыны, %
|
1998ж.
|
1999ж.
|
2000 ж.
|
1999 ж.
1998 ж.
|
2000 ж.
1999 ж.
|
Барлығы
|
165200
|
294618
|
327543
|
178,3
|
111,2
|
Сонымен бірге:
|
|
|
|
|
|
Демалысты ұйымдастыруға және мәдениет саласының қызметіне
|
11770
|
12237
|
17487
|
104,0
|
143,0
|
ЖІӨ, %
|
0,7
|
0,6
|
0,7
|
85,7
|
116,6
|
Денсаулық сақтауға
|
26024
|
44825
|
54323
|
172,2
|
121,2
|
ЖІӨ, %
|
1,5
|
2,2
|
2,1
|
146,6
|
95,4
|
Сауықтыру элементі мәдениет жағынан туризмді қамтиды (ең алдымен адамның психологиялық жағдайын сауықтыру). Мәдениет және туризм бір-бірімен қоғамдық өмірдің әр түрлі дәрежесінде жақындайды. Мәдениет - адам қызметі табысының бірлігі ретінде туризмнің түрлерін дамыту және мәдениеттендіруде маңызды орын алады.
Мәдениетке архитектура, өнер, тұрмыс және т.б. жатады. Ал туризм адаммен жасалған мәдениет орындарына сүйенеді. Яғни тек табиғи ресурстарды ғана емес, мәдени және мәдени мұра ресурстарын пайдаланады.
Мәдениет және туризм қарым-қатынасын екі аспектіде қарастыруға болады:
-
Мәдениеттің туризмге әсер етуі.
-
Туризмнің мәдениетке әсері.
Мәдениеттің туризмге әсері бірқатар жағдайларға байланысты, олар:
-
белгілі территорияда материалдық жағдайының болуы;
-
әлеуметтік инфрақұрылымының дамуы, сонымен қатар мәдениет саласы;
-
тарихи-мәдени, архитектуралық-этнологиялық, археологиялық және т.б. ескерткіштердің орналасу орны;
-
ғылым-білім потенциалының болуы.
Белгілі территорияның материалдық жағдайының болғандығын мәдениеттің туризмге әсер етуінен материалды инфрақұрылымның дамығандығын айқындайды (инженерлік, агротехникалық, сызықтық құралдар). Бұл объектілерде мәдени қызметтің негізі қаланады.
Әлеуметтік инфрақұрылымның тұрғысынан бұл әсер ерекше айқындалады. Н.Ф. Голиковтың анықтамасы бойынша оған мәдени-тұрмыстық бағыттағы, денсаулық сақтау, білім беру, демалу объектілері және т.б. жатады. Аталған объектілерден демалыс - әлеуметтік инфрақұрылымның негізгі бөлігі болып табылады. Адамдар демалысты күнделікті ауыр жұмыстан өзін босату деп түсінеді. Демалыс орны рекреациямен бірдей ұғым, өйткені соңғы сөзіміз «демалу», «тынығу» дегенді білдіреді. Сондықтан демалыс әлеуметтік инфрақұрылымның негізгі функциясы ретінде көптеген мәдени аспектілерді қамтиды.
Тарихи-мәдени архитектуралық-этнологиялық, археологиялық және басқа ескерткіштер орналасу жағынан туризмге әсері әр түрлі бола алады. Бұл Қазақстанның барлық территориясы көне ескерткіштердің көптігімен сипатталады. Мысал ретінде, Қазақстанның «Ұлы Жібек жолы» бойында орналасқан туристік орталықтарын айтсақ болады. Сонымен қатар Қазақстан Республикасы Президентінің «Жібек жолының тарихи орталықтарын қайта өркендету, түркі тілдес мемлекеттердің мәдени мұрасын сақтау және сабақтастыра дамыту, туризмнің инфрақұрылымын жасау» атты мемлекеттік бағдарламаға жарғы қабылдауы туризм индустриясын және қонақжайлылықты дамытуға және қалыптастыруға себеп болып отыр.
Ғылым-білім потенциалының болуы мәдениеттің туримзге әсерінің бастапқы нүктесі болып табылады. Туризм өзінің танымдық функцияларын қоса туристерді қабылдаушы мемлекет тұрғындары ғылым және білім негізіне сүйену керек. Сондықтан Қазақстанда жоғары квалификациялы кадрлар көп болса, резидент емес туристерді мемлекетке тарту мүмкіндігі де көп болады. Тұрғындардың ғылым-білім потенциалы дегеніміз тек кәсіптік білім категориясы ғана емес, сонымен қатар мемлекеттің тарихын және салт-дәстүрін, әр түрлі өнердің және қолөнердің түрлерін меңгеру, бірнеше шет тілін білуі керек. Бұл резиденттердің және резидент еместердің жақын қарым-қатынасын айқындайды.
Туризмнің мәдениетке әсері келушілер мен қабылдаушы арасындағы қарым-қатынаста және тұрғындардың жағдыйының жақсаруына әсер етуінен көрінеді. Бірінші деңгейінде келушілер мен қабылдаушы арасындағы қарым-қатынаста бір-бірімен рухани мәдениетпен алмасуын көруге болады. Ол әр түрлі этникалық топтарда мәдениеттің өсуімен, сонымен қатар адамның ішкі мәдениетінің көтерілуімен айқындалады. Ғылым мен техника салаларында біліммен алмасу мүмкіндігі туады. Екінші деңгейінде тұрғындардың жағдайының жақсаруына әсерін тигізеді. Ол мемлекеттке келетін туристердің контингентінің «бай» жоғары индустриалды мемлекеттерден келуін айқындайды. Бұл резидент еместердің төлеу қабілетін түсіндіреді. Тұрғындардың жағдайының жақсаруы адамның білімге, ғылымға және оқуға талпынысына мүмкіндік туғызады. Яғни барлық мәдениеттің өсуіне абсолютті алғы шарттар жасайды. Туризм бұл жағдайда бірінші және ерекше орын алу керек. Туризм және тұрғындардың жұмыс бастылығы екі позицияда қарастырылады: Туризмнің жұмыссыздықты қысқартуға және жаңа жұмыс орындарын қалыптастыруға әсері.
Туризм табиғи, мәдени объектілердің болуын ғана емес, сондай-ақ басты фактор жұмыс күшін анықтайды. Қазіргі кезде әлемде туризм индустриясында 212 миллион жұмыс орны бар, ал кешелектегі он жылда оның саны 338 миллионға дейін өсуі ықтимал.
Жұмысшыларды туристік салаға нәтижелі тарту үшін еңбек биржасында есепте тұрған жұмыссыздарды тарту керек. Қазіргі кезде Қазақстанда еңбек нарығында қиын жағдай қалыптасты. Экономиканы қайта қалыптастырудың нәтижесінде көптеген жұмыс орындары қысқарды, яғни жұмыссыздардың саны көбейді.
1995-1996 жылдары жұмыссыздар саны төмендеді және 1997-1999 жылдары жұмыссыздық қисығы жоғары өрбіді (15-кесте).1997-1999 жылдар кезеңінде еркектер арасында жұмыссыздар саны өсті (21,6%) және керісінше әйелдер және жастар арасында жұмыссыздық қысқарды. 1997-1999 жылдар арасында әйелдер арасындағы жұмыссыздық 10,7 пайыз, ал жастар арасында 18,7 пайыз қысқарды. Әйелдер және жастар арасындағы жұмыссыздықтың төмендеуі еңбек биржасы және жұмыс бастылық орталықтарына сенімсіздікпен қарауынан болуы мүмкін.
15-кесте. Жұмыссыздықтың өсу жылдамдығы және құрылымдық жылжуы
|
1995ж.
|
1996ж.
|
1997ж.
|
1999ж
|
Өсу қарқыны
|
1996
1995
|
1997
1996
|
1999
1997
|
Барлығы
|
100
|
100
|
100
|
100
|
202,4
|
91,2
|
97,6
|
Еркектер
|
33,9
|
36,8
|
33,4
|
40,5
|
186,7
|
82,6
|
121,6
|
Әйелдер
|
60,1
|
63,2
|
66,6
|
59,5
|
212,6
|
96,1
|
89,3
|
Жастар
16-29
|
46,4
|
40,9
|
35,5
|
28,9
|
177,0
|
72,1
|
81,6
|
Аймақтық бөлімінде жұмыссыздықтың сандық көрсеткіші және өсу жылдамдығы әр түрлі. Қазақстандағы бес экономикалық аудандарды топтағанда 1994-1995 жылдар әр бес ауданда анықталған өзгерістер болды (16-кесте). Шығыс Қазақстан үлесі жалпы жұмыссыздар құрылымында 20 пайыздан 5,2 пайызға дейін қысқарды. Батыс Қазақстанда елеусіз 20 пайыздан 20,6 пайызға дейін өсті. Оңтүстік Қазақстанда керісінше елеулі өзгерді. 32 пайыздан 18,6 пайызға дейін қысқарды. Солтүстік және Орталық Қазақстанда жұмысшылар саны өсуде. Сонымен бірге 25 пайыздан 33 пайызға дейін бірінші аймақта, 2,5 пайыздан 7,7 пайызға дейін екінші аймақта.
16-кесте. Жұмыссыздықтың өсу жылдамдығы және аймақтық құрылымы
Экономиялық аудандар
|
1994
|
1995
|
1996
|
1997
|
1999
|
Темпы роста
|
1995ж
1994ж
|
1996ж1995ж
|
1997ж
1996ж
|
1999ж
1997ж
|
Барлығы
|
100
|
100
|
100
|
100
|
100
|
199,1
|
202,4
|
91,2
|
97,6
|
Шығыс Қазақстан
|
20
|
17
|
16
|
16
|
5,2
|
168,3
|
188,9
|
92,7
|
32,5
|
Батыс Қазақстан
|
20
|
17
|
19
|
18
|
20,6
|
168,4
|
232,0
|
84,0
|
114,4
|
Солтүстік Қазақстан
|
25
|
25
|
23
|
33
|
33,0
|
198,1
|
187,9
|
128,3
|
100,0
|
Орталық Қазақстан
|
2,5
|
3
|
5
|
5
|
7,7
|
223,8
|
369,9
|
95,9
|
154,0
|
Оңтүстік Қазақстан
|
32
|
38
|
36
|
28
|
18,6
|
239,3
|
192,5
|
69,7
|
66,4
|
Достарыңызбен бөлісу: |