1 балалар ұжымындағы оқшаулану және қарым қатынас мәселелерін теориялық зерттеу



бет6/8
Дата05.07.2016
өлшемі0.72 Mb.
#179158
1   2   3   4   5   6   7   8

Тақырыбы: "Ұлдар мен қыздар".

Мақсаты: Балаларды өзінің жақсы жақтарын ғана ойлап, оны айта білуге үйрету.



Барысы: Жүргізуші балалармен шеңбер құрып отырады. Әр бала кідірістен соң, кезек-кезек сенімділік сезіммен қарап, өздерінің бойындағы жақсы жақтарын айтып өтеді. Мұнда әр баланың өз бойындағы жақсы жетістіктерін жасырмай, ұялмай жеткізіп айтқаны дұрыс.

Баланың жақсы жақтарымен қатар бойындағы кемшіліктерінен де дер кезінде арылуға жағдай туғызу қажет. Ондай жағдайда психолог балаға үнемі өзін-өзі сынату аркылы жағымсыз жақтарынан арылуға көмек бере алады.

Соңында педагог балалармен олардың бойындағы қалыптасқан ерекше сапалы жақсы жақтарын айтып қорытындылайды. Сонда ғана олар және айналасындағылар өте жақсы өмір сүре алады. Өз бойына жақсы дағды қалыптастыру -бұл өмір сүру мәдениеті.

Тақырыбы: "Күншуақ"

Мақсаты: Жақсы көңіл-күй, жылулық сыйлау, бала өз көңіл-күйін түсініп, оған баға беруге үйрету.

Барысы: Денелеріңді бос ұстап, ыңғайланып отырып, көздеріңді жұмыңдар. Өздеріңді жағажайдамыз деп сезініңдер. Күн жарқырап сәулесін төгіп түр. Күн шуағының жылуын сезініңдер.

Тақырыбы: "Айна".

Мақсаты: Өзгенің қимылын бұлжытпай қайталауға үйрету -бейсананы дамыту.



Барысы: Жүргізуші: Балалар, қабырғасы айналардан жасалған дүкенге кірдік деп ойлаңдар. Сыртқы шеңбердегі балалар осы қабырғалардағы айналар, ал ішкі шеңбердегі балалар әр түрлі, балықтар, жыландар, т.с.с. Өтіп бара жатқан аңдар айнаға қарап секіріп, бетін, көздерін қисайтып әр түрлі қимылдар жасап өтеді, ал айна аңдардың әр қимылын бұлжытпай қайталып отыруы қажет.

Жүргізуші алақанын соққанда ішкі - сыртқы шеңбердегі балалар орындарын ауыстырып, жоғарыдағыдай ойынды жалғастыра береді.

Жүргізуші балалардың әрқайсысы екі рольде (айна және аңдар) ойнап шығуын қадағалап отырады.

Тақырыбы: "Психологиялық мүсіндеу".

Мақсаты: Балаларды ұйымшылдыққа, ептілікке үйрету, қол моторикасын дамыту.

Барысы: Бұл жерде жүргізушінің тапқырлығына байланысты. Жүргізуші балалардан өздері жасаған денелерден, үлкен бір дене құрауын өтінеді. Мысалы: "Теңіз жұлдызы" (кілемнің үстіне жатып) - дененің бәрі бірге қалай қозғалатынын көрсету. "Мысық" - бір бала - басын, екіншісі -денесін, үшіншісі - аяғын, күлағын осылай әркім өзінің жасаған денесін -бәрі бірге мысықтың бүкіл дене мүшесін түгел құрайды. Балалар тек денені мүсіндеп қана қоймай, оған жан бітіреді. Денені құрап, бүтін қалпын бұзбай, бәрі бірге жеңіл жүреді.

Тақырыбы: "Қуаныш".

Мақсаты: Балаларды бір-біріне қуаныш сыйлай білуге үйрету. Барысы: Балалар әуен ырғағымен екі қолдарын бүйірлеріне таяп, еркін, бірін-бірі көргендеріне қуанышты екенін айтады. Содан соң, оң қолын жүрегінің тұсына сол қолымен, одан кейін екі қолын кеудесіне қойып тілегін жалғастырады. Осындай қимыл барысында балалар ішкі тебіреністерін байқайды. Барлығы осы қимылды қайталайды. Олар бір-бірімен мейірімді қарым-қатынаста болып, айналасын қуанышқа бөлейді.

Тақырыбы: "Саяжайда қыдырамыз".

Мақсаты: Балалардың қиялын дамыту, өзіне сенімділігін, шыдамдылығын арттыру.

Барысы: Ойынға қатысушылар екі топқа бөлінеді, бірінші жақ "саз балшық", екінші жақ "мүсіншілер". Саз балшық жүмсақ, илеуге ыңғайлы, ал мүсіншілер өздері ұнатқан мүсінді жасауға кіріседі. (аңдар, гүлдер, балықтар, құстар, ойыншықтар т.с.с). Жасалған дайын мүсіндер катып, қимылдамай тұрады, ал мүсіншілер оларға ат қояды. Соңында барлық мүсіншілер саяжайдың ішінде тұрған мүсіндерді аралап, қарап бір-бірінің жасаған мүсіндерін мақтап, аттарын дұрыс табуға кіріседі. Қатысушылар рольдерімен ауысады.

Ескерту: Мүсіндер тұрған қимылдарын өзгертпейді және сөйлесе алмайды. Жүргізуші барлық жасалған мүсіндерді мақтап, мадақтайды.



Тақырыбы: "Айдаһар"

Мақсаты: Көпшілікпен ойынның ережесін ұстана ойнауға үйрету, қарым-қатынасты нығайту.

Барысы: Ойыншылар бір қатарға бір-бірінің иығынан ұстап тұрады. Бірінші ойыншы айдаһардың "басы", ал соңындағылары "құйрығы". Басы құйрыққа дейін жетіп, оны ұстауы керек. Ойынның шарты бойынша айдаһардың денесі бөлініп кетпеуі қажет. "Бас" "құйрықты" ұстаған сәтте, ол құйрыққа айналады. Бүкіл ойыншы екі рольде ойнап болмайынша ойын жалғаса береді.

Тақырыбы: "Қайырымды жануар".

Мақсаты: Жүректің дұрыс соғуына арналған психологиялық жаттығу. Балаларды жағымсыз сезімдерден арылтып, жақсылыққа үйрету.

Барысы: Қатысушылар дөңгелене шеңбер жасап, қолдарын ұстасып тұрады. Жүргізуші жай ырғақты даусымен: "Біз -бәріміз бірге, үлкен, қайырымды жануармыз. Кәне, тыңдап көрейікші, ол қалай тыныс алады екен?". Барлығы бірге өзінің және көршісінің тыныс алуын тыңдап көреді. Ал енді бәріміз бірге бірдей тыныс алып көрейікші. Тыныс аламыз - бәріміз бір қадам алға, дем шығарамыз - бәріміз бір қадам артқа. Тыныс аламыз - екі қадам алға, дем шығарамыз - екі қадам артқа (2-3 рет қайталаймыз).

"Жануар тек қана бұлай дем алып қоймай, оның үлкен қайырымды жүрегі де, осылай нақты соғады. Соғады - бір қадам алға, соғады - бір қадам артқа т.с.с. Біз бәріміз осы жануардың тынысы мен жүрегінің соғуын өзімізге аламыз".



Тақырыбы: "Мылқау сыйлық".

Мақсаты: Балаларды мимика, ым арқылы түсінуге үйрету. Барысы: Шеңбер бойында дөңгелене түрып, көршісіне ыммен, мимика, пантомимо арқылы бір қалаған сыйлығын тарту ету. Ал сыйлықты қабылдаған көршісі басын изеп "Рахметін" байқатады.

Тақырыбы: "Молекула".

Мақсаты: Жылдамдыққа үйретіп, қарым-қатынасты нығайту. Барысы: Бөлмеде қатысушылар шашырап жүреді. Жүргізуші алақанын қанша соқса, сонша қатысушы бірігеді. Мысалы: жүргізуші алақанын 5 рет соқса қатысушылар әр жерге бес-бесеуден шоғырланады т.с.с. ... ойын осылай жалғаса береді.

Тақырыбы: "Көңіл-күйім неге ұқсайды?".

Мақсаты: Өз көңіл-күйін ауа-райына баламалай айтуға үйрету. Барысы: Қатысушылар кезектесіп өзінің бүгінгі көңіл-күйін табиғат құбылыстарына, жыл мезгілдеріне, ауа-райына ұқсатып айтады. Бірінші қатысушы: "Менің көңіл күйім ашық, көк аспандағы аппақ, жұмсақ бұлтқа ұқсайды, (көршісіне қарап) ал сенікі ше?" Келесі - "өте жақсы" деп, өзінің көңіл-күйін айтып, ары қарай жаттығу жалғасып кете береді. Соңында жүргізуші барлығынан - "Бүгін біздің топтың көңіл-күйі қандай екен? - көңілді ме, қуанышты ма, болмаса көңілсіз бе? - деп сұрайды.

Ескерту: Жүргізуші балалардың жауабын бақылап тұрады. Егер жауаптары нашар - ауа-райы суық, нөсерлі жаңбыр, қара түнек аспан т.с.с. болса, мұндай ашу элементтері қолайсыз (жағымсыз) эмоционалды жағдайды көрсетеді. Бірақ мұны балаларға нашар деп айтудың қажеті жоқ.



Тақырыбы: Көңіл күйіміздің суретін саламыз. Қажетті заттар: Суланған қағаз, түрлі-түсті бояу. Барысы: Балаға өз көңіл-күйінің суретін салуын сұраймыз, жанына анасының, әкесінің, інісінің т.б. көңіл-күйін де бейнелеуге болатынын түсіндіреміз. Жүргізуші баланың жұмысына араласпай бақылап отырады. Ашық түсіне, бояудың қоюлығына, суреттің түсіне қарай анықтаймыз. Тұйық түстер -бұл алаңдатарлықтай жайды байқатады.

Тақырыбы: "Тілектер".

Мақсаты: Құрбы-құрдастарына жақсы тілектер айтып, жағымды қарым-қатынас түзу.

Барысы: Бір-бірінің қолынан ұстап дөңгелене отырады. Көршісінің көзіне қарап, бір-екі ауыз сөз жақсы тілек айтады. Қабылдаған бала басын изеп: "Рахмет, маған өте ұнады!" деп жауап береді. Сосын ол өзінен кейінгі көршісіне жақсы тілегін сыйлайды, осылай жаттығу жалғасып кете береді. Ескерту: Кейбір балалар тілек айта алмай қиналғанын байқасаңыз, оның көршісінің күтіп, ренжігенін күтпей, өзіңіз көмектесіп айта салыңыз. Тұйық балалардың көпшілігі айта алмай қиналып көп тұрып қалған жағдайда, көпшіліктің назары өзіне ауғанын байқап, одан сайын тұйықталып еш нәрсе айтпауы мүмкін, сондықтан да күттірмей өзіңіз айта салғаныңыз жөн, ол бала осылай біртіндеп араласады.

Тақырыбы: "Оқиғаны ойлап табамыз". Мақсаты: Қиялын, тілін дамыту.

Барысы: Жүргізуші: "Ерте, ерте, ертеде ...." деп бастайды, келесі қатысушы оқиғаны ары қарай жалғастырады, осылай шеңбер бойынша бәрі оқиғаны жалғастырып айтып шығады. Қайтадан кезек жүргізушіге келгенде, ол оқиғаны тереңдете, қиындата түседі, осылай жаттығу жалғаса береді.

Ескерту: Жүргізуші қиялға түсе алмай отырған балаларға көмектесіп, демеп отырады.



Тақырыбы: "Жел бергіш және үрленетін қуыршақ". Балалар жұп-жұп болып бөлінеді: біреуі - еденде желі шығып жатқан (аяғы тізесінен бүгіліп, басы, қолы төмен қарап салбырап) үрілетін қуыршақ. Ал екіншісі - алдыға қарай еңкейіп жел бергішпен қуыршаққа жел үрлейді, тынысын шығарып "с-с-с" деп дыбыстайды. Қуыршаққа жайлап жел үрленеді, бойы созылып түрегеліп, жел толып қатаяды. Енді үрленіп болды. Сосын үрленіп тұрған қуыршақтың ішін қатты басып, желін шығарады. "с-с-с" деп желі біртіндеп шығады. Желі шығып, қуыршақ қайтадан бастапқы күйіне түседі. Балалар рольдерін ауыстырады.

Тақырыбы: "Көзімізді түйістіріп"

Мақсаты: Сезім арқылы өзгенің ішкі дүниесін түсіне білу. Барысы: Балалар жұп-жұп болып бөлініп қолдарынан ұстасып тұрады. Жүргізуші: Үндемей бір-біріміздің көзімізге қарап, қолымызбен сезініп, - "Мен көңілдімін, кәне ойнайық", "Мен сенімен достасқым келеді!" т.с.с. ойларымызды сезім арқылы жіберіп, оны қалай қабылдағанымыз жайында әңгімелеп, ойымызды бөлісеміз.

Тақырыбы: "Амандасу - сәлемдесу".

Мақсаты: Балаларды біріктіріп, өзара сенім жағдайын жасау. Барысы: Балалар жүргізушімен бірге шеңбер жасап отырады. Амандық сөздерді әндетіп айтуға жаттығады. « Қайырлы таң, Асқар! (күліп, басын изеу)

Қайырлы таң...! (жүргізушінің атын атайды)

Қайырлы таң ...! (шеңбер бойымен балалар бір-бірінің аттарын атап шығады)

Қайырлы таң, аспан! (жоғарыдағы қимылдарды жасап қайталайды).

Қайырлы таң, барлық жақсылық өзімізге! (балалар қолдарын жандарына жайып, кейін түсіреді).
Тақырыбы: "Актерлер".

Мақсаты: Өзінің жақын адамдарын қуанта білуге, мейірімділікке тәрбиелеу. Қимыл, мимика, жест арқылы байланыс. Барысы: Балалар шеңбер құрып отырады. Барлығы - актерлер, жүргізуші- көрермен. Жүргізуші балаларға кімді бейнелеу керектігін ұсынады.

- Күзгі бұлт.

- Ренжіген адам.

- Қатыгез сиқыршы тәрізді қатуланыңдар.

- Күнге қараған мысық.

- Күн.


- Айлакер түлкі.

- Қуанышты бала.

- Сендер күнді көріп тұрған сияқты күлімдеңдер.

- Балмұздағын жерге түсіріп алған бала.

- Көпірдегі екі ешкі тәрізді ашуланыңдар.

- Жұмыстан келген ана.

- Ауыр жүк көтерген адам.

- Үлкен шырпы тасыған құмырсқа тәрізді шаршаңдар.

- Орманда адасып жүрген бала.

- Қасқырды көрген қоян.

- Ит қуып жүрген мысық тәрізді қорқыңдар.

- Ауыр рюкзак шешіп қойған турист.

- Анасына үйді жинауға көмектескен бала тәрізді дем алыңдар.

- Сендер осы кейіпкерлердің өздерін калай сезінгенін жеткізе біліңдер. Бір - бірлеріңе қарап, өз көршілеріңе осы жағдайлар- ды жеткізе біліңдер. Тақырыбы: "Кім күлкілі күледі?".



Мақсаты: Өзінің жақын адамдарын қуанта білуге, мейірімділікке тәрбиелеу. Адам өміріндегі күлкі ролінің маңызы жөнінде түсінік беру.

Барысы: Балалар шеңбер құрып отырады, жүргізуші ертегі айтып береді: "Бір елді күлкі ханы басқарыпты. Ал оның әйелі күлегеш ханым және оның бірнеше күлдіргіш балалары болыпты. Бұл елде өмір сүретін адамдар ешқашан ренжуді білмеген, ертеден кешке дейін күле берген. Бір күні бұл елге басқа елдің тұрғыны келеді. Оны құрметпен қарсы алып, одан өзінің болған елдері туралы әңгімелеп беруін сұранады. Сонда жолаушы барлық көрші мемлекеттерде қауіпті ауру барын - адамдар тәулік бойы жылап, күлуді тоқтатқанын әңгімелеп береді. Бұл түні ханның жанұясы ұзақ уақыт көз ілмей, қалай көрші мемлекетке көмектесудің жолын қарастырады. Ертеңгісін күлкі ханы күлегеш ханым екеуі күлдіргіш балаларын шақырып жолға дайындайды, яғни, олардың мақсаты - көрші мемлекеттердің көңілдерін көтеріп, күлуге үйрету. Күлдіргіштер әлемі бойынша барлық жерде болып, күлкіні таратқан соң, адамдар көңілдерін көтере бастады. Жылына бір рет қана олар өздерінің сарайына оралатын болған. Нәтижесінде адамдар шын ниетімен күлуге үйренді.". Жүргізуші күлкі мейрамын ұйымдастырып, барлық адамдарды қуана білуге шақырады, мейірімді күле білуге үйретеді.

Тақырыбы: "Ұжымдық сурет"

Мақсаты: Балалардың бір-біріне деген жылы сезімін оятып, қиялын дамыту.

Қажетті заттар: Плакат, түрлі-түсті бояулар.

Барысы: Қағаз бетіне әр қатысушы алдын-ала дайындап алған оқиғаны (күлкі ханы, әуедегі бал, теңіз түбіндегі өмір, таңертеңгі орман кейпі, т.б.) суреттейді. Сосын барлығы өзінің суретінің атын атап, осы бүкіл суреттерді байланыстырып бір оқиға немесе ертегі ойлап шығарады.

Тақырыбы: "Ауыл ауласындағы тіршілік" - этюді. Мақсаты: Балаларды ұйымшылдыққа тәрбиелеу, қиялын дамыту. Барысы: Жүргізуші балалардың барлығын сол жердің тұрғыны ретінде ауыл ауласына шақырады. Таңертең ерте барлығы үй жануарларына айналып, олардың тіршілігін көрсетеді. Міне, кеудесін тік ұстап, басын көтеріп, қолын арқасына айқастырып, өзін бір керемет санап, ауланың ішінде "Ку-ка-реку!" деп, әтеш жүр. Есіктің алдына жеңіл, абайлап мысық шықты. Ол артқы аяғымен отырып, алдыңғы аяғымен бетін, мұрнын, құлағын ырғақпен әдемілеп жуып отырып: "Мияу!" деп дыбыстап қояды. Аяқтарын шатастыра басып, балпаңдап үйрек шықты. Ол "кря-кря!" деп дыбыстап қауырсындарының арасын тазалай бастады. Өзін мактаныш түтып, аяқтарын сермеп басып, амандасқандай басын әр жаққа бұрып: "Га-га!" деп қаз жүр. Көлшіктің үстінде, алдыңғы, артқы аяқтарын жиырып жатқан шошқа басын бірден көтеріп, таңданған көзін бадырайтып: "Хрю-хрю!" деп бір нәрсені сұрап қояды. Ат басын төмен түсіріп, түрегеп ұйықтап түр. Міне, есек көзін ашып, бір құлағын көтеріп (алақанымен), сосын басы мен екінші құлағын көтеріп қуанышты дауыспен: "И-хо-хо!" деп күліп қояды. Тауық ояна сала ауланың ішінде олай-бұлай жүгіріп: "Ко-ко-ко!" бәрі оянды ма? Қайырлы таң! деп қояды. Ескерту:

1. Балалардың өздері көптеген қимылдар ойлап табуларына болады.

2. Этюдтің басында әр жануарды өз қимылына бөлек-бөлек дайындаймыз. Балалар өз роліне бейімделіп үйренгеннен кейін, алдын-ала дайындап аула тіршілігін бәрі бірге бірдей көрсеткені дұрыс.

Тақырыбы: "Төмпешіктер".

Мақсаты: Балаларды өзара тіл табыса білуге үйрету. Ойын барысы: Еденнің үстіне әр жерге жастықтарды қоямыз, қос аяқтап секіргенде жете алатындай қашықтықта. Ойыншылар -батпақты мекендейтін бақалар. Ал жастықтар - төмпешіктер. Бір төмпешіктің үсті сотқар бақаларға тарлық жасайды, сондықтан да олар көрші төмпешіктерге секіріп: "Ква-ква, жылжышы" дейді. Егер екі бақаға бір төмпешік тар болса, біреуі келесі төмпешікке секіреді, болмаса көршісін "батпаққа" итереді, ол өзіне бос төмпешік іздейді.

Ескерту: Жүргізуші де ойынға араласып төмпешіктердің үстінен секіріп, бақылап жүреді. Егер бақалардың арасында өзара келіспеушілік пайда болған ағдайда, ол секіріп жүріп олардың дұрыс шешім кабылдауына көмектеседі.



Тақырыбы: "Құпия".

Мақсаты: Өзара тіл табысуға,бөлісе білуге үйрету. Барысы: Жүргізуші әдемі қорапшадан қатысушылардың бәріне құпия сыйлық (түйме, моншақ, сағат, сырға, т.б.) тарту етеді. Сыйлықты көршілеріне көрсетпей алақанына салып, жүдырықпен жұмып тұрады. Бір-біріне не нәрсе берілгенін білгісі келген қатысушылар бөлменің ішінде жүріп, келіссөзге келе бастайды.

Ескерту: Жүргізуші бір-бірімен құпиясын алмасып, келіссөзге келуін бақылап тұрады. Келісе алмай тұрған балаға, әрқайсысымен тіл табысуына көмектеседі.



Тақырыбы: "Жіп орамы"жаттығуы.

Мақсаты: Топтағы балалардың бір-біріне жақындастыру сезімін қалыптастыру. Қажетті құрал: Жіп орамы.

Барысы: Балалар дөңгелене отырады. Жүргізуші қолындағы жіп орамының ұшын өзінің үлкен бармағына орап, өзін қызықтыратын сұрағын көршісіне қоя отырып (Мысалы: "Сенің атың кім, сен менімен достасқың келе ме?, сен неден қорқасың?, т.б.") жіп орамын көршісіне ұзатады. Ол жіп орамын алып өзінің бармағына орайды да, сұраққа жауап береді, сөйтіп ол жіп орамын ұзата отырып, келесі ойыншыға өзінің сұрағын қояды. Осылай, соңында жіп орамы жүргізушінің өзіне оралады. Жіп орамы барлық ойынға қатысушыларды бір-біріне байланыстырып, әрқайсысының ішкі дүниесін сезініп, бір-бірін жақынырақ түсінуге көмектеседі. Барлығы бірігіп бір ортақ дене құрағандай сезінеді.

Ескерту: Қиналып айта алмай отырған балаға жүргізушінің көмегі қажет жағдайда, ол жіп орамын өзіне қайта алып, балаға қажетті сөзді айтып қайта лақтырады. Осылай жасалған тәсіл жүргізуші мен баланың арасындағы қарым-қатынасты 2-3 есеге арттырады.

Зерттеу мақсатымызға орай психокоррекциялық қызмет көрсету барысында едәуір нәтижелер алдық. Жоғарыда келтірілген балалардың қарым-қатынастарын жақсартуға арналған ойындар мен психологиялық түрлі жаттығулар біздің мақсатымызды ғана жүзеге асырып қана қойған жоқ, сонымен қатар, балалардың танымдық процестері мен жеке тұлғалық қасиеттерінің де дамуына едәуір нәтижелі әсер еткендігі байқалды. Айтылатын ойымызды кесте ретінде көрсетуге тырысайық. (ҚОСЫМША 2). Оқу жыл басында алған нәтижелермен салыстыра отырып, зерттеу обьектісі - сынып ұжымынан оқшауланған балалар саны азайып, олардың басқа балалармен қарым-қатынастары едәуір жақсарды. Олай болса біз ұсынып отырған психологиялық көмек көрсету сипаты әрбір психологтың қызметіндегі негізгі ерекшелік.
3 Бөлімнің қорытындысы

Балалар ұжымынан оқшауланған оқушылармен жұмыс жүргізу бастамасы оның себебінен туындаған конфликтіні шешудің психологиялық-педагогикалық жолдарын ашудан басталады.

Мектеп оқушылары арасындағы қарым-қатынасында проблемасы бар балаларға психологиялық көмек көрсету істеріне, конфликттердің алдын-алу әрекеттеріне мектептегі жақсы оқу тәрбие беру ұйымының болуы, тәртіптің болуы, оқушылардың қарым-қатынасқа түсуінің қиын жағдайларында мұғалімнің белсенді көмек беруі негізгі роль атқарады. Бүдан басқа, оқушылардың конфликтерді шешу және басқара білуіне дағдылану үшін мектептерде оқушыларға арнайы оқытатын жоғарыдағы бағдарламаларды қолдануға болады.

Психологиялық конфликтінің даму динамикасын зерттеу барысында мұндай конфликтілерді балалар өз бетімен шеше алмайтындығы түсіндірілген. Мұндай балалармен ерекше жеке дара жұмасты ересек адамдар жасау керек, яғни өз құрбыларымен жағымды қатынас құру жағдайларын қарастыру қажет. Зеттеулер бойынша, әсіресе, экспериментті ойындар балаларда әрбір баламен өте ерекше, дифференциалды әрекеттер жасай отырып, балалардың жағымсыз әрекеттерінің себебін анықтап, оның ерекшеліктерін зерттеу қажет, одан әрі оны шешудің жолдарын қарастыру қажет.

Өз балаларының ойындарын бақылай отырып, олардың бір шетте оқшауланып, балалармен араласуға бата алмай, үлкендерден қорқып, сенімсіздік пен ұялшақтық байқатуын көру ата-аналар үшін қандай қиын.

Қарым-қатынастың бұзылуы, жанжалдасушылық пен оқшауланушылық баланың қоршаған ортаға нашар бейімделуінің белгісі.

Мектеп психологының қызмет көрсету сферасы оқушылар, мұғалімдер, ата-аналар, әкімшіліктер, яғни кез-келген адамдар арасындағы қарым-қатынас қиыншылықтарын шешу болып табылады. Себебі сыныптағы қарым-қатынас сипаты баланың білім алуы мен тәрбиеленуіне едәуір әсер етеді. Егер мұғалім оқушыларға дұрыс тәрбие беріп, білімдерін жоғарылатамын десе, онда ең бірінші кезекте оқушылардың өзара қарым-қатынасын, сондай-ақ мұғалім мен оқушы арасындағы қарым-қатынасты реттеп алған жөн.

"Олай болса, біз әрбір сабақта, балалармен бірлесе жұмыс жүргізу барысында балаларды тату болуға, бірігуге үйрететін, басқаларды түсінуге, қолдауға көмектесетін ойындар мен жаттығуларды тиімді қолданудың жолдарын білуіміз керек.

Қарым-қатынасты жақсартуға арналған тапсырма мен ойындарға қатысушылардың көп болуы соғұрлым нәтижелі бола түседі. Кейбір жаттығуларды ата-аналар өз балаларымен бірге орындай алса, ал көпшілік бөлігі құрдастары, достарымен бірге ойналатын болады. Сондықтан төменде көрсетілетін ойындар мен жаттығуларды өткізбес бұрын, оны жүргізетін орындарды ұйымдастырып алған жөн. Балаларға арнап мерекелер мен ойын-сауықтарды жиі-жиі ұйымдастырып, оларға көбірек көңіл бөлу -мұғалім іс-әрекетін жандандыра түседі.

ҚОРЫТЫНДЫ

"Әлеуметтік изоляция", "оқшаулану", "ұялшақтық" "бөлектену" - жалғыздық сезімін басынан өткізетін адамның күйін сипаттайтын терминдердің бірі. Әлеуметтік қобалжу, қоршаған орта алдындағы қорқыныш, қауіптенушілік сезімі, құрбыларының шектеп тастауы, конфликтілі жағдайдағы топтан оқшаулану сезімдері бала психикасындағы көп толғандыратын жайт.

Сондықтан біз балалар ұжымындағы оқшаулану және қарым-қатынас мәселесін теориялық зерттеу барысында зерттеу мәселесіндегі терминдерге жан-жақты талдау жасауға тырыстық.

Адам психикасының қайнар көзі - қарым-қатынас екендігі тек біздің зерттеу жұмысымыздың бірінші тарауында ғана дәлелденіп қойған жоқ, сондай-ақ қарым-қатынас жасау стилі мен технологиясының да адам психикасына зор әсер ететіндігі жан-жақты ашылып отыр.

Мектеп тәжірибесінде ең көп кездесетін жағдай -оқушылардың ақыл-ойы мен сабаққа үлгеріміне байланысты балалардың өзара қарым-қатынасындағы ерекшеліктер. Мұнда да айтылатын мәселе қарым-қатынас жасау технологиясы баланың ақыл-ойы мен сабақ үлгеріміне тікелей байланысты.

Айталық, біздің зерттеу мәліметтерінен алынған мәліметтерге қарағанда, ақыл-ойы басқа балаларға қарағанда жоғары, сабаққа үлгерімі жақсы, оқу тапсырмаларына белсене қатынасатын оқушылырға балалар үйір болып келеді де, ақыл-ойы біршама баяу дамыған, оқу үлгерімі төмен, оқу тапсырмаларына енжар келетін оқушылармен басқа балалар көп жұғыса бермейді.

Диплом жұмысымызда қарым-қатынасында проблемасы бар балалардың өзіне тән жеке даралық психологиялық өзгешеліктеріне сипаттама берілді. Ақыл-ойы енжар балалардың психологиясына сипаттама беру барысында расында да бұл балалардың қарым-қатынаста едәуір қиналатынын, өзіне сенімсіздік басқалармен қатынас жасауына кедергі жасайтынын, сондай-ақ ондай балаларды құрбылары шектететіндігін сипаттайды.

Қорыта келе, берілген бағыттардан алынған эмпирикалық материалдар жоғарыда айтылған проблемаларды тиянақты түсініп, оны шешу үшін көптеген жаңа мүмкіндіктер ашады.

Мектеп оқушылары арасында туындайтын оқшауланған балалардың болу себебін түсіндіретін оқушылардың өзара конфликтерін түгелдей болдырмау мүмкін емес. Конфликттерді алдын алу жолында маңызды роль алатын - тәртіп болып табылады. Тәртіп - белгілі бір тәртіптілікке бағыну әрекеті арқылы балаға өзіне қажетті бостандығының толық дамуын қамтамасыз ететін әрекет.

Диплом жұмысымызда балалар ұжымында оқшауланған балалардың шеттелу себептерін анықтау мақсатында эксперименттік зерттеу жұмыстарын жүргізу арқылы, топтан изоляциялану себептерін анықтап талдау жасалды. Сондықтан біз жүргізген социометриялық әдістеріміздің көмегімен мектеп жасына дейінгі және мектеп оқушылары арасынан оқшауланған балалар іріктелді. Балалар ұжымынан оқшауланған балаларды анықтау ең бірінші кезекте олардың өзара қарым-қатынасы мен бір-біріне деген жұғысуы мен алшақтауын аңғарудан басталады.

Оқшауланған баланың себептері түрлі болатындығын біздің зерттеулерімізден аңғаруға болады. Бірінші кезекте әлеуметтік оқшаланудың бір түрі - балада қорқыныш пен қобалжу кезінде көрінетін ұяңдық. Оның мотивациясы әлеуметтік бағаға деген қорқыныш сезімімен байланысты. Әлеуметтік оқшауланудың келесі формасы - тұйықтық. Мұның мотиві болып жаңа жағдайға және әлеуметтік бағаға деген қорқыныш сезімі табылады. Бұл жақындау және алшақтау мотивтерінің күресі негізіндегі құрылған ішкі конфликт.

Ерте шақта бала мінезіндегі тежелу, яғни басқа адамдармен қарым-қатынасқа түсуден бас тартуға тырысушылық зерттеулер көрсеткендей оның темпераментінің ерекшелігіне байланысты, әрі темпераментінің бауыр басу типімен өзара әрекет функциясына тәуелді болады.

Алынған мәліметтерді сараптай отырып баланың әлеуметтік жағдайына, яғни топта алатын орнына әсер ететін тағы бір фокторын бөліп алуға болады. Ол - нәрестенің өз белсенділігінің реттеуге қабілеті және икемділігі.

Оқушылар арасындағы баланың әлеуметтік жағдайына, яғни топта алатын орны мен топтан тыс қалуына әсер ететін тағы бір фоктор -конфликтер. Оның ішіндегі конфликтілердің бірі лидерлікке үмтылыс немесе лидерлік конфликті. Мұнда екі-үш лидерлердің және олардың топтарының сыныптағы біріншілік беделіне таласуы. Орта сыныптарда қыздардың тобымен үлдар тобының арасындағы конфликтері жиі болып тұрады. Үш-төрт жасөспірімдердің бүкіл сынып немесе бір оқушының бүкіл сынып оқушыларымен конфликтке түсуі мүмкін.

О.Ситковская, О.Михайлова сияқты психологтардың бақылауынша лидерлікке жол, әсіресе жасөспірімдер ортасында, қатыгездік, мейірімсіздік, өзінің біріншілігін көрсету немесе демонстрациялау - топтан тыс қалудың немесе оқушылардың конфликтілі балалармен қарым-қатынас жасаудан қашқақтайтынын көрсетеді.

Оқушылардың агрессивтік қылықтарының генезисі олардың жеке тұлғалық әлеуметтенуінің дефектерімен байланысты. Әлеуметтік дефектісі балалардың қарым-қатынасында проблема тудырып, оның топтан оқшаулануын тудыруына әбден ықтимал. Сондай-ақ, мектепке дейінгі балалардың ата-аналарының жазалауының жиілігі мен балалардың конфликтке түсуі, олардың жас ерекшеліктеріне байланысты дағдарыстарының негізі - топтан оқшаулануының да бір себебі болып табылады.

Қорытындылай келе, сыныптан оқшауланған балаларға психологиялық көмек көрсетпес бұрын, оқшауланған баланы анықтап алу, оның ұжымнан шектелу себептерін жан-жақты анықтап алу міндеті тұрады. Біздің екінші тарауымыздағы материалдар бұл міндетті шешудің бірден-бір жолы деп сенеміз.

Балалар ұжымынан оқшауланған оқушылармен жұмыс жүргізу бастамасы оның себебінен туындаған конфликтіні шешудің психологиялық-педагогикалық жолдарын ашудан басталады.

Мектеп оқушылары арасындағы қарым-қатынасында проблемасы бар балаларға психологиялық көмек көрсету істеріне, конфликттердің алдын-алу әрекеттеріне мектептегі жақсы оқу тәрбие беру ұйымының болуы, тәртіптің болуы, оқушылардың қарым-қатынасқа түсуінің қиын жағдайларында мұғалімнің белсенді көмек беруі негізгі роль атқарады. Бүдан басқа, оқушылардың конфликтерді шешу және басқара білуіне дағдылану үшін мектептерде оқушыларға арнайы оқытатын жоғарыдағы бағдарламаларды қолдануға болады.

Психологиялық конфликтінің даму динамикасын зерттеу барысында мұндай конфликтілерді балалар өз бетімен шеше алмайтындығы түсіндірілген. Мұндай балалармен ерекше жеке дара жүмасты ересек адамдар жасау керек, яғни өз құрбыларымен жағымды қатынас құру жағдайларын қарастыру қажет. Зеттеулер бойынша, әсіресе, экспериментті ойындар балаларда әрбір баламен өте ерекше, дифференциалды әрекеттер жасай отырып, балалардың жағымсыз әрекеттерінің себебін анықтап, оның ерекшеліктерін зерттеу қажет, одан әрі оны шешудің жолдарын қарастыру қажет.

Өз балаларының ойындарын бақылай отырып, олардың бір шетте оқшауланып, балалармен араласуға бата алмай, үлкендерден қорқып, сенімсіздік пен ұялшақтық байқатуын көру ата-аналар үшін қандай қиын.

Қарым-қатынастың бұзылуы, жанжалдасушылық пен оқшауланушылық баланың қоршаған ортаға нашар бейімделуінің белгісі.

Егер мұғалім оқушыларға дұрыс тәрбие беріп, білімдерін жоғарылатамын десе, онда ең бірінші кезекте оқушылардың өзара қарым-қатынасын, сондай-ақ мұғалім мен оқушы арасындағы қарым-қатынасты реттеп алған жөн.

Олай болса, біз әрбір сабақта, балалармен бірлесе жұмыс жүргізу барысында балаларды тату болуға, бірігуге үйрететін, басқаларды түсінуге, қолдауға көмектесетін ойындар мен жаттығуларды тиімді қолданудың жолдарын білуіміз керек.

Қарым-қатынасты жақсартуға арналған тапсырма мен ойындарға қатысушылардың көп болуы соғұрлым нәтижелі бола түседі. Кейбір жаттығуларды ата-аналар өз балаларымен бірге орындай алса, ал көпшілік бөлігі құрдастары, достарымен бірге ойналатын болады. Сондықтан төменде көрсетілетін ойындар мен жаттығуларды өткізбес бұрын, оны жүргізетін орындарды ұйымдастырып алған жөн. Балаларға арнап мерекелер мен ойын-сауықтарды жиі-жиі ұйымдастырып, оларға көбірек көңіл бөлу -мұғалім іс-әрекетін жандандыра түседі.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет