Қиын балалар қиғылығының қыры балалардың ұжымнан изоляцияланудың бір себебі ретінде қарастырылатын әдебиеттерге шолу арқылы төмендегідей көзқарастарды сөз етеміз.
А.О.Эфрусси мінез-құлықтағы қиындық табиғатын жүйке жүйесіндегі ерекшеліктер: қозушылық көңіл күйдің аумалы төкпелілігімен, жұмысқа қабілеттіктің нашарлауымен түсіндіруге әрекет жасады, сонымен психологиялық себептерді физиологиямен ұштастырды.
В.В.Трифанов зерттеулерінде қиын оқушы анықтамасы - бұл күнделікті педагогикалық әсерге көне бермейтін, өзіне үнемі қосымша уақыт бөліп қарауды, мұғалімнің ерік жігерін, күшін, қожырлы педагогикалық еңбегін қажетсінетін оқушы.
Біраз зерттеулер (М.А.Алемаскин, Л.М.Зюбин, Д.В.Колесов, В.Н.Кудрявцев, Г.М.Минковский, М.Я.Мягков, т.б) «Қиын балалардың басым көпшілігі» - бұлар мектеп бағдарламасын дұрыс меңгере алмайтындар сондықтан да оқушылар ұжымынан тысқары шығып қалатын балалар,-деп көрсетті. Ұжымдағы жағымды позициядан қалыс қалу оларды теріс мінез құлыққа, айналасындағы адамдармен, әсіресе бірге оқитын құрбы-құрдастарымен дұрыс қарым-қатынас жасауына кедергі келтіреді.
Г.А.Фортунотовтың айтуы бойынша дау-жанжалдардың тууы негізінде балаларда көбінесе мынадай мінез-құлық бітістер: қозушылық, ұстамсыздық, қасарғыштық, кекшілдік, мейірімсіздік т.б пайда болады.
«Қиын балалар» намысқой келеді, олар бір нәрсеге өзінің жарамсыз екенін сезіп тұрады және сол себептен қиянат жасауға физикалық күшін жүмсап «мені адам деп санамайды», «мен оларға көрсетемін» - деп саналы түрде тұжырымдап, өзін өзі сендіреді.
Ұзақ мерзімді дау-жанжал баланы қиын атандырып қана қоймай, сонымен бірге оның жүйке жүйесінің бұзылуына себепші болуы мүмкін (психоневроз). Балада ішкі дау-жанжалдың ықпалынан сыртқы дүниеге қоршаған ортаға деген сенімсіздік тіпті жауластық сияқты қатынастар пайда болады.
Л.С. Выготский қиындықпен тәрбиеленуімен күресудің нақты жолын анықтап берді. Өзінің «Қиын балалық шақтың педагогикалық клиникасы және дамуының диагностикасы» (1936 ж) еңбегінде ол былай жазады: «Жеке адамның күйзелісімен күресу, оның себептерін жою жолымен ғана емес, сонымен бірге адамды жөнге салудың белсенді жолымен, білім, білгірлігімен, дамуына жағдай жасау арқылы да нәтижеге жетуге болады». Л.С.Выготский жеке адам тәрбиесі ұғымның маңызды бір мәселесі - аффектілі қажеттілік ортасымен сананың байланысын көтерді.
2.2 Ұжымнан баланың изоляциялану себептерін эксперименттік зерттеу
Қарым-қатынастың әр түрлі ауытқуларын талдауда, әртүрлі тестілер қолданылады.
Психологиялық конфликтіні зерттеу әдістемелері. Зерттеудің бірнеше әдістемелері бар:
1. Топтың құрылысын бір сәтте үзіп көру әдістемесі
2. Хронометрлі бақылау әдістемелері
3. Социометриялық әдістеме (мектеп жасына дейінгі балаларға және мектеп оқушыларына арналған вариант)
4. Баға беру әдістемесі
5. Тартымдылық деңгейін зеттеу әдістемелері
6. Анкета
Балалар арасындағы конфликтілердің пайда болу себептерін арнайы экспериментті ситуациялар арқылы зерттеуге болады. Диплом жұмысынң тақырыбы мен зерттеу мақсатымызға орай біз аталмыш зерттеу әдістерінің бірқатарын жүргіздік. Әуелі зерттеуде баланың өзімен қатар жас құрбы-құрдастарының арасындағы қарым-қатынасын, оның осы ортадағы мәртебесін анықтауда - "Социометрия" әдісін қолдандық.
Социометриялық зерттеу жұмысымыздың нәтижесін талдау барысында төмендегідей көрсеткішке ие болдық.
Сынып лидерлері: 6. Рашидқызы Бақтыгүл
1.Жолдасбек Самат Төмен деңгейдегілер:
2.Манапов Ербол 1. Елубай Ерболат
3.Мусиев Руслан 2. Жәлел Нұртуған
4.Мұптілдаев Сұлтанәлі 3. Мұханбетжан Ерсұлтан
Орташа деңгейдегілер: 4. Мырзалиев Саят
1. Бостаева Жазира 5. Мырзалиева Шара
2. Жұрағатова Ақбота Шетте қалғандар:
3. Ерғали Ақтілек 1. Жантөреева Ақтоты
4. Кенжнетаева Ақманат 2. Құрманаева Гүлжайна
5. Құрманәлі Нүржан 3. Пернебекова Дидаркүл
Социометрия әдісіне қоса, мектеп жасына дейінгі балалардың қарым-қатынас ерекшеліктерін зерттеуге арналған бірқатар тестік тапсырмалар да жүргізген болатынбыз. Айталық, "Маскалар" тестін қарастырайық. Бұл тестілеуде 5-10 жас аралығындағы балаларды зерттеуге болады.
Стимулды материал: Ақ қағазға салынған 4 түрлі маскалар жинағы: көңілді, көңілсіз, біреуді мұқатқандай және бағынышты көңіл-күй бейнеленген.
Нұсқау: Мына бет бейнелерге мұқият қара. Сен топтағы (сыныптағы) құрдастарына қандай бет пішінмен қарар едің? Ал сен әдетте кімге былай қарайсың? (кезекпенен әр масканы көрсетеді) Қайсы бала саған жиі былай қарайды? (тағы кезекпенен әр масканы көрсетеді).
Тесттің жүргізілуі: 4 масканы қатарластырып баланың алдына қояды. Бірінші сұрақта таңдап алынған маскадан кейін, балаға әр масканы кезекпен бере отырып сұрақ қояды: "Сен кімге бұлай қарайсың? Саған кім бұлай қарайды? т.с.с. Қандай жауап болса да қабылданады ".
Нәтижені талдау: (Топтағы бал)
Баланың топтағы эмоционалды күйі (жақсы және нашар) бірінші сұраққа берілген жауабынан байқалады.
"Сен әдетте кімге бұлай қарайсың?" деген сұрақтың жауабында, масканың нешеуі жағымды, нешеуі жағымсыз күй екенін санап отыру қажет. Бала өзінің топтағы орнына, өзі қанағаттанатын болса, онда көңілсіз маскаға қарағанда көңілді масканың орнын көбірек көрсетеді.
Бұл көрсеткіш баланың топтағы мәртебесін (лидерлік немесе елеусіз) анықтау үшін өте қажет. Егер баланың топтағы орны елеусіз болса - ол бала үйдегі немесе ауладағы, көрші, өзімен қатар балалармен қарым-қатынаста болғанын дұрыс көреді. Мұнан келіп топтағы (сыныптағы) балаларға қарсы сын көзбен немесе бір нәрсеге алаңдауынан қарым-қатынас төмен деп қорытындылауға болмайды. Бұл жағдай баланың көпшілікпен белсенді қарым-қатынасты қаламауы, қызықпауынан да болуы мүмкін.
Кейбір жағдайда топтағы лидер де өз орнына қанағаттанбауынан да болуы мүмкін, ол жоғарырақ орынды талап етіп ұмтылуы, болмаса топтың бір шамасы басқа топқа бөлініп, осы лидерге бағынбаған жағдайда. Сонымен балалар "белсенді" және "сылбыр" деген сияқты атпенен екіге бөлінеді.
Кейбір балалар өзінің елеусіз орнына үйреншікті бір қалыпты қарап, көпшілікпенен қарым-қатынасқа ұмтылмайды, бірақ іштей өзінің топта елеусіз екеніне күйзеледі.
Баланың көрсеткен маскадағы "мұқатқан" және "бағынышты" түрін санап отыру қажет (бұл өте қажет көрсеткіш). Әсіресе, өзінің ортадағы мәртебесіне қанағаттанбайтынын көрсетеді. Оларға өзінің құрдастарымен жай қарым-қатынас жасау ұнайды, сондықтан көпшілікпен араласудан бас тартады, бағынышты болғанша жалғыз жүргенді дұрыс көреді. Мұндай балаларға ойын немесе іс-әрекет дағдыларын құрбы-құрдастарымен бірге бірлесіп меңгеретінін ұғындыру қажет. Негізгі маңызы жай әшейін рольге кіргізу емес, бірлесіп меңгеру екенін аңғарту.
Бағынышты тенденция байқалатын, өзінің елеусіз орнына қанағаттанбайтын балалар қарым-қатынастың қандай формасы болмасын араласуға, орындауға дайын. Мұндай балалар үлкендер жағынан қандай көмек болса да қабылдайды, ал бірінші жағдайдағы балалар мұндай көмекті күдікпен қабылдап, өз күшімен шығатын жол іздейді.
Осыған орай қай балалардың топтан оқшауланатынын анықтауға болады, яғни егер барлық балалардың бір не екі балаға жағымсыз қарауы анықталса, ол баламен ешкімнің қарым-қатынас жасағысы келмейтіндігі белгілі болады. Ал мұндай жайт баланың топтан оқшаулануының бір белгісі болып табылады.
Балалардың жас ерекшеліктеріне қарай 4-8 жас аралығындағы балалар бір-біріне деген ілтипаты мен сезімінің қарым-қатынасын "Екі үй" әдістемесі ақылы да анықтауға болады. Бұл материалды да біз өз зерттеулерімізде қолдандық.
Стимулды материал: Ақ қағаз бетіне стандартқа сәйкес кішірек екі үй салынған. Біреуі сәл үлкендеу - қызыл түсті, ал екіншісі - қара түсті. Ереже бойынша бұл сурет алдын-ала дайындалмайды, баланың алдында қызыл және қара түсті қаламмен салынады.
Нұсқау:"Мына үйлерге қарашы. Ойша елестет, мына қызыл үй саған тиесілі. Сен бұл үйге кімді шақырғың келсе, бәрін шақыруыңа болады. Ойланшы, сен өзіңнің тобыңдағы (сыныптағы) қайсы баланы өзіңмен бірге қызыл үйге шақырып, ал қайсысын қара үйге кіргізгің келеді"
Тестің жүргізілуі: Суретті сала отырып балаға қызыл үйде әр түрлі ойыншықтар, тәтті тағамдар бар, ал қара үйде ештеңе жоқ деп әңгімелейді. Нұсқаудан кейін бала қанша баланы қызыл үйге кіргізгенін, қаншасын қара үйге кіргізгісі келетінінің санын жазып отыру қажет. Әңгіменің соңында балаға: "Екі үйдегі адамдардың кейбіреуінің орнын ауыстырғың келе ме? Болмаса ешкімді ұмытпадың ба?"- деген сұрақтар қойылады.
Нәтижені талдау: Бұл тестіге алынған қорытынды былай: Баланың ішкі сезімі мен ілтипаты өзінің құрбы-құрдастарын қызыл және қара үйге орналастыруында. Достарының көпшілігін қара үйге кіргізіп, өзі жалғыз немесе айналасына үлкендерді жинаған балаға ерекше зейін аудару қажет. Әдетте, мұндай балалар көпшілікке араласпайтын, өте тұйық немесе айналасындағылардың бәрімен ұрысып біткен қиын бала.
Олай болса, бұл тест тапсырмасы да баланың топтағы құрбыларымен қарым-қатынасы арқылы оқшауланатын баланы аңғаруға болады.
Осы "Екі үй" тестің 4-8 жас аралығындағы балалардың отбасы мүшелерімен өзара қарым-қатынасын анықтауға да болады, бірақ бұл жағдайда сәл басқаша.
Стимулды материал: Бұл жағдайда үйдің суретін баланың көз алдында емес, алдын-ала дайындау қажет. Стандартты ақ қағаздың жоғары жағында көп этажды стандартты үй-жай қарындашпен салынған. Төменде екі үй орналастырылады. Біреуі үлкендеу, әдемі қызыл түсті гүлдермен безендірілсе де болады, ал қасындағы - азырақ әсемделінген жай қарындашпен салынған, көлемі кішірек.
Нұсқау: "Жоғарыдағы үйді көрсетіп, бұл үй сенің қазіргі тұратын үйің. Ал енді төмендегі үйлерге қара, қандай әдемі үй, ойша бұл үйді саған сыйлады делік, бұл сенің үйің. Үйде ойыншықтар, тәтті тағамдар өте көп, сондықтан үй кең емес. Ал жанында тағы да бір үй бар, оның бөлмелері бос, кең. Қызыл үйге сыймаған қонақтарды осы үйге кіргізуге болады. Өзіңнің отбасы мүшелерінің қайсысын өзіңмен бірге орналастырғың келеді, ал қайсысын жанындағы үйге орналастырғанды қалайсың?"
Тестің жүргізілуі: Бала туысқандарын екі үйге бөліп болғаннан кейін ғана, төмендегі екі үй жайында әңгімелесуге болады. Егер сіз бала біреуді ұмытып кеткенін байқасаңыз, онда - "Сен ешкімді ұмытпадың ба?"- деп сұрасаңыз болады. Бірақ баланы барлығын түгел айт деп күштеп мәжбүр етуге болмайды. Егер біреуді ұмытып немесе айтқысы келмесе, ал осы тестке қажетті ақпарат төмендегі екі үй жайындағы әңгіме үстінде балаға үйге "әдемі", "нашар" - деген сөздермен мінездеме беруге болмайды. Сондай-ақ төмендегі екінші үйді - қара, кішкентай, нашар деп хабарлау тесттің жауабын өзгертеді, дұрыстығын төмендетеді, себебі ата-анасының біреуін "нашар, қара үйге" орналастыру баланың психологиясына ауыр тиеді. Сондықтан да осы жағдайға көбірек көңіл бөлу қажет.
Нәтижені талдау: Қорытындының дұрыс шығуы, баланың өзімен бірге тұратын отбасы мүшелерін жылдам іріктеп атап беруінде.
Баланың шапшаң (тез) жауап бергені нормаға сай. Баланың ойланып асықпай жауап беруі - бұл отбасы мүшелерінің бір-бірімен қарым-қатынасында эмоционалды салқындықты, кейде үйдегі әлдебіреуіне деген қорқынышты байқатады. Бала отбасы мүшелерін рет-ретімен атауында, біреуін жеке ұмыт қалдыруы -сол кісімен бірқалыпты емес қарым-қатынаста екенін байқатады. Сүраққа дұрыс ақпарат - баланың кімді қайсы үйге орналастыруында. Мұнда да жауапты баланың жылдам немесе ойланып жауап беруінде. Бала жауап берерден алдын неғұрлым көп ойланса, соғұрлым жауабы сенімді айқын болады. Егер бала өзімен бірге (қызыл үйге) отбасы мүшелерінің барлығын алып, көрші үйді қойма немесе т.с.с. нәрселерге қолдануға қалдырса -онда бұл нормаға сай.
Егер бала үйге өзімен бірге көп мөлшерде құрбы-құрдастарын, үй жануарларын немесе бөлек тұратын (мысалы: ата, әже, нағашысы т.б.) туысқандарын алса - онда отбасы мүшелерінің арасындағы қарым-қатынастың бұзылуын, эмоционалды салқындықты, балаға деген жылулықтың, түсініктің жоқтығын байқатады. Мұндай жағдай сәтті, тұрмысы жақсы отбасында да кездесуі мүмкін, бала күтімі жақсы, тамағы тоқ, баламен бірге әрдайым шұғылданады, бірақ баланың толыққанды дамуына қажетті жылулық жетіспейді. Баланы тек бір нәрсеге емес (мысалы: жақсы тәртібіне немесе бестік бағасына, т.б.), оның жаратылысы қандай болса, отбасында сол күйінде сүйікті етіп қабылдамайды. Егер көрші үйге (қара үй) отбасы мүшелерінің біреуін кіргізетін болса, баланың сол адаммен кері қарым-қатынасын білдіреді. Сол кісінің алдында қандай да бір қорқынышты, оның ашуынан, мүмкін сол кісіге деген ренішінен болуы мүмкін.
Бір тестің жауабы бойынша баланың ішкі дүниесі немесе баланың топтан оқшауланғанын бірден айтып қорытынды шығаруға болмайды. Бірнеше тесттердің қорытындысының өзара үйлесуі (мысалы: "Екі үй" және "Маска", "Социометрия") ғана бізге дұрыс жауапты көрсете алады.
Зерттеу нәтижелері бойынша өз тәжірибемізден мектеп жасына дейінгі балалар арасынан екі бала іріктелініп шықты. Ал мектеп оқушылар бойынша жүргізілген тестер негізінде үш баланың шеттелінгендігін аңғардық. Зерттеу жұмысымыздың келесі параграфында бұл таңдалған балалардың оқшаулану себептерін анықтауға тырысамыз.
Зерттеу мақсатына орай жүргізілген эксперименттік зерттеулер негізінде сыналушылар саны 100 оқушы болған. Ол негізінен бастауыш сыныптары бойынша іріктелінді. Зерттеуге қатынасқан төрт сыныптан жалпы саны 11 бала сыныптық ұжымнан оқшауланған балалар көрсеткіші ретінде анықталды. Егер эксперименттен алынған мәліметтерді сұлба ретінде көрсететін болсақ, онда төмендегідей кесте алған болар едік. (ҚОСЫМША 1)
Баланың ұжымнан изоляциялануын анықтайтын тағы бір эксперименттік зерттеу.
Проблеманың қойылуы соңғы оң жылдықта өзгеріске ұшыраған әлеуметтік жағдайдағы жеткіншектің психологиясын зерттеу мәселесі -оның әлеуметтік және мектептік дезадапциясына, жеткіншектік ортада криминализацияның көбеюіне әсер ететін әлеуметтік факторлардың дәстүрлі анализінің аспектісіне айналды. Зерттеу жұмысының басты міндеті, ол:
Жеткіншектің ішкі психологиялық сәтсіздік бағасын анықтау сыртқы факторлардың түрлі әсеріне байланысты жеткіншекте патологиялық емес және патопсихологиялық симптоматиканың (белгілерінің) пайда болуы мен дамуы.
Жүргізілген зерттеулер бірнеше проблемаларды айқындап берді:
Біріншіден, мінез-құлық ауытқушылығының түрлі формаларында көрінетін баланың психологиялық ерекшелігіне әсер етуші әлеуметтік жағдай. Мұндай ауытқушылықтардың ішінде жеткіншек жастағы жекелік дамумен байланысты жас ерекшелік девиоциясын және әлеуметтік-мәдени нормаларға қарсы келетін, бірақ жанұядағы қарым-қатынас шекарасынан шықпайтын девиантты мінез-құлықты ажырата білу қажет. Девиоцияның тереңдеуі және құқықтық нормаларды бұзып, басқа адамдарға қауіп төндіріп, деструктивті бағытталуының активтілігі жоғарылап, мінез-құлықтың антиәлеуметтік сипатқа ие болуы деменквентті мінез құлықтың сыртқы критериі бола алмайды.
Екіншіден, бір жағынан балада психологиялық -эмоционалды, коммуникативті когнитивті проблемаларды туғызушы ішкі уақытша жағдайдың, екінші жағынан, нормативті вавиоциядан шығып, кейде психологиялық аурумен сипатталатын жайсыздық жағдайды монифесттеуші сыртқы байқалатын мінез-құлық ауытқушылықтары арасындағы қатынасты ескеру қажет.
Делинквентті мінез-құлық - кейбір жұмыстарда жеткіншектің психиотриялық статусының сыртқы көрінісі ретінде көрсетілсе, ал кейбіреулерінде ол аурудың көрінуімен емес, керісінше, әлеуметтену жағдайының жайсыздығымен байланысты ішкі психологиялық проблемалармен сипатталған көрінісі болып табылады.
Үшіншіден, мінез-құлық ауытқушылықтарының каузалды байланысымен сипатталатын психологиялық өзгерушіліктің, психикалық дезонтогенездің ішкі жағдайда даму жүйесіндегі өзара байланыстың нақтылануы.
Психологиялық әдістерді қолдану негізінде біз мінез-құлық ауытқушылығының түрлі бұзылыстарын диогностикалауға, сондай-ақ олардың психологиялық жайсыздықпен, тұрақсыздық симптоматикалармен байланысын анықтауға тырыстық. Психологиялық жекелік сапаларды біз көбіне мінез-құлық ауытқушылығының белгілі ретінде, жекелік девиацияның тұрақтылығымен сипатталатын әлеуметтік нормаға қарсы әрекет жасаушы жеткіншек туралы айтқанда қолданамыз. Девиациялық мінез-құлық жекелік даму процесінде пайда болумен қатар, пубертаттық дағдарыс кезінде де көрінуі мүмкін. Мінез-құлық акцентуациясын зерттеудің жалғыз өзі бізге толығымен мінез-құлық ауытқушылығын анықтап бере алмайды. Сондықтан, П.Фриктің әдістемесінен алынған жекелік өзгермелі «психопатия» көрсеткішін баланың әлеуметтену жағдайының жекелік өзгерістарімен байланысты үшін таңдадық.
Жанұядағы жайсыздық, мектептегі дезодаптация немесе изоляция, травмалық жағдайлар (ата-ананың біреуінің өмірден кетуі), жанұяда немесе одан тыс ортада балаға деген суық қарым-қатынас - баланың өмір шарты ретінде алынған «әлеуметтік экологиясының» бұзылуына себепші факторлар болып табылады.
Сонымен зерттеу жұмысымыздың мақсаттары:
1) қауіптік топтағы және мінез-құлқы ауытқыған жеткіншектердің дамуындағы бұзылыстарды деңгей бойынша салыстыру;
2) баланың психологиялық ерекшеліктеріне және мінез-құлық ауытқушылықтардың көрінуіне әсер еткен тұрақсыз, яғни уақытша әлеуметтік ортаны анықтау.
Біздің зерттелінушілеріміз жеткіншек жастағы барлығы 172 адам, оларды екі топқа бөлдік . 1-ші топ нормадағы балалар (75 адам) және 2-ші қауіптілік топ (97 адам).
Өзіндік топқа жатқызу - топаралық қарым-қатынастың негізгі факторы ретінде қарастырылып, ол арқылы топішілік жағдайлардың өзгеруімен, сондай-ақ ондағы өзгешеліктермен байланыста болып тұрған маңызды өзара әрекетті анықтауға мүмкіндік алдық. Соның бірі - шкала бойынша К - SADS көрсеткіші.
Бастапқы нүсқада К-SADS өз құрамында ата-анаға, мұғалімге және зерттеушінің өзіне жүргізілген сауалнамалардың көрсеткішін біріктіреді.
Симптомды анықтау үшін берілген критерийлер барлық дерек көздерінен жинақталған ақпаратты қолдануға сүйенеді.
Біздің зерттеуіміздің басты көзі - интервью алынған жеткіншектің басты өзі болды. Одан бөлек кейбір шкалаларды толтыру үшін зерттеушіні бақылайтын үлкендерді де (мұғалім мен тәрбиелеуші) сұрастырдық. Бізді бірінші кезекте қызықтырған шкалалар - гиперактивтілік пен зейіннің жетіспеушілік синдромы (синдром дефицита внимания и геперактивности - СДВГ), қобалжушылық оппозициялық және деменквентті мінез-құлық.
«Жоқтық белгісі» жағдайы да, «мәлімет жоқ» жағдайы да кез-келген шкалада өзіне тиесілі балдармен бағаланады.
Сыртқы және ішкі фактордың әсерін талдау үшін дисперсионды анализдің жалпы сызықтық моделі ретінде П.Фрик пен Т.Ахенбахтың сауалнама парақтары алынды.
1-ші сауалнама парағының авторы делинквентті мінез-құлықтың кейбір түрлерін анықтап, оларды социопатиялық бұзылыстар ретінде қарастыруды негіздеді. П.Фриктің бақылау парақтарындағы пунктердің мысалы:
- соңын ойламай әрекет жасайды;
- өтірікті оңай айтады;
- оның эмоциялары шынайы емес сияқты;
- оны жөндегенде немесе жазалағанда өкпелейді, ренжиді.
- басқалардың сезімі туралы қам жейді.
Сауалнама баланың өзіне емес, психологқа бағытталады. Бірақ үлкен адам жеткіншекті бақылай отырып, оны бақылаушы басқа да адамдардан ақпарат жинап, берілген пунктер бойынша зерттеушінің өзімен сөйлесіп, парақты толтырады.
Екінші сауалнама да баланың мінез-құлқын сипаттайды. Ол да бірнеше шкалалардан тұрады. Т.Ахенбахтың әдістемесіндегі шкалалардың атауы төмендегідей: тұйықтық, соматикалық проблемалар, әлеуметтену проблемасы (әлеуметтік дезадаптация, қобалжушылық, СДВГ делинквенттілік және агрессия).
Бұл жерде назар аударатынымыз, автордың ішкі (интернализация) және сыртқы (экстернализация) психологиялық проблемалардың симптомдарының балдарын суммаланатын көрсеткішін енгізуі болып табылады.
Зерттеуде қолданылған әдістемелер жеткіншектің даму проблемасы мен оның мінез-құлық ауытқушылығының қауіптілігінің психологиялық сипатын ашып көрсетті.
Сонымен, берілген аномнезге қатысты, жеткіншекпен алдын-ала жүргізілген әңгімеден, сондай-ақ оны бақылаушы үлкендердің (мұғалім, психолог, тәрбиелеуші) бақылауы нәтижесінде жеткіншек дамуының сыртқы жағдай факторы ретінде көрсетілген сапалық дәрістер анықталды. Сапалық өзгерістер ретінде жеткіншектің жанұядағы, өмір жағдайымен байланысты жақын әлеуметтік ортасы шықты. Бұл жағдай балада психологиялық проблемалар мен мінез-құлықтық бұзылыстардың пайда болуына алып келеді. Оларға: жанұядағы адамдардың құрамы (толық немесе толық емес), балаға қатаңдық қарым-қатынас, зорлық, алкоголизация, ата-ананың біреуінің немесе екеуінің де жоқтығы және ата-аналық құқықтан айырылу жатады.
Нәтижесі:
1. П.Фрик пен Т.Ахенбахтың «бақылау парақтарында» фиксацияланған көрсеткіштерге ішкі фактор жағдайының әсері.
1. №2 кестеде дисперсиялық анализдің нәтижелері көрсетілген. Бұл жерде универиативті (ANDVA) және көпөлшемді (MANDVA) өзара бірін-бірі нақтылайды.
2. №3 кестеде өзгермелі ішкі жағдай әсері туралы көрсеткіш ұсынылады. Олар жартылай стандартталған К - 8АБ8 интервью арқылы анықталды.
Ішкі жағдай факторы, жеткіншектің психикалық жайсыздығының критерийін көрсетеді.
Бірінші орында бізді қызықтырған оппозициялық және делинквентті мінез-құлық шкалалары болды (ХVжәне XVI). Қобалжушылық, СДВГ, делинквентті мінез-құлық өзгермеліліктері.
К - SADS әдістемесінің де, Т.Ахенбахтың әдістемесінің де көрсеткіші бола алады. Оларды ретімен қарастырайық.
Қобалжушылық бұзылыстары (К - SADS) бойынша бұл шектен тыс қобалжушылық, социофабия, агорафбия және спецификалық қорқыныш) коморбидтік бұзылыстарға жатады. Делинквенттілікті сипаттаушы өзгермелі факторлар ретінде:
1. саулофобия және спецификалық қорқыныш (IV және VII).
2. оппозициялы мінез-құлық синдромдары (XV) және мінез-құлықтық бұзылыстар (XVI).
3. Оппозициялық мінез-құлық факторы және бұзылыстар агрессия көрсеткішін айқындайды, (VII) факторы да әсер етеді.
4. «Тұйықтық» өзгермелілігі қарым-қатынастағы қиындық, жеткіншектің ұяңдығы, жабдықтағы қарым-қатынастан қашу. Социофабия, спецификалық емес қорқыныш пен шектен тыс қауіптенушілік сияқты психотикалық жағдай факторларының (VІ-VІІІ) сондай-ақ энкопрез факторы (XI) мен оппозициялық мінез-құлық синдромы (XV) әсерінен туындайды.
Сыртқы жағдай факторларының әсері.
Олар жеткіншекпен алдын-ала сөйлесу кезінде алынған сапалық өзгерістер болды.
Сыртқы жағдайдың сапалық өзгерушіліктерінің сандық анализі көмегімен орындалатын мінездемелерін көрсетеміз.
«Жанұя құралы» 0 - мағлұмат жоқ; 1 - толық; 2 - толық емес; 3 -жанұядағы үлкендердің біреуі - өгей әке немесе өгей шеше; 4 - асыранды ата-аналар; 5 - жеткіншек өмір сүреді.
«Жанұядағы қарым-қатынас»: 1- жақсы; 2- жаман (өгей әкесімен немесе өгей шешесімен); 3- қараусыз қалушылық; жанұяның барлық мүшелерімен нашар қарым-қатынас; 5- әкесімен жаман қарым-қатынас; 6 - барлығымен қанағаттанарлық ; 7- дұрыс емес; 8-анасымен нашар.
4 - кестеде көрсетілгендей жанұядағы жайсыздық жағдайы факторы делинквентті мінез-құлық көрсеткішіне барынша әсер етеді.
Жанұядағы алкоголизация жеткіншектің алкогольге құмар болуына әсер етпейді. Бұндай жағдайдағы жеткіншектің тек 11% -да ғана құмарлық байқалады. Ал мұндай жағда йда көбіне маңызды фактор болып «қатал қарым-қатынас» табылады. Сонымен қатар, әлеуметтік жайсыздық өзгерушіліктер жағдайы да СДВГ сияқты ішкі жағдай дамуының көрсеткішіне әсерін тигізеді.
Ата-ананың біреуінің өмірден кетуі жеткіншекте әлеуметтенудің бұзылысы мен психикалық қауіптенушілік деңгейінің күрт өсуіне алып келеді.
Алынған мәліметтер эмпирикалық негізделген эффекттерге сәйкес, психикалық дезонтогенезде ішкі және сыртқы жағдайлардың арасындағы байланысты белгілейтін түсіндірмелі гипотезаларды шығару қажеттілігін дәлелдейді.
Мәліметтер көрсеткендей, әлеуметтік дезодаптация, қатал қарым-қатынас пен жанұядағы бұзылған қатынас және де ата-ананың өмірден кету факторларының әсерінен заңды түрде күшейеді.
Мысал ретінде сыртқы жағдай өзгермеліліктерінің көрсеткішін ашып көрсетеміз.
№5 кестеде 2 түрлі топтағы жеткіншектердің жанұя ортасындағы жағдайдың өзгешеліктерін көре аламыз.
1 топтағы балалардың үштен екісі (2/3) бұзылмаған жанұя жағдайында өмір сүреді, ал қауіптік топтағы балалардың үштен бірінен де кіші бұзылмаған жағдайда өмір сүретіні көрсетілген.
Сондай-ақ №6 кестедегі мәліметке назар аударсақ 1 - ші топтағы балалардың 96%-ы қатал қарым-қатынас көрмеген бірақ 2-ші топтағы жеткіншектердің әрбір бесіншісі жанұядан тыс қатал қарым-қатынастың құрбаны болды.
№4 кестеде көрсетілгендей, «қатал қарым-қатынас» К -SADS шкаласы бойынша кейбір шкалалардың психологиялық деңгейін анықтап, жеткіншектің әлеуметтену проблемасы мен онда делинквентті мінез-құлықтың дамуы- мен байланысты психологиялық жайсыздық көрсеткішіне әсерін тигізеді.
Достарыңызбен бөлісу: |