1. банк қызметін қадағалау және рейтингтік бағалаудың теориялық негіздері



бет3/9
Дата25.04.2024
өлшемі0.55 Mb.
#499830
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Дип.-БАНК-РЕЙТИНГІН-АНЫҚТАУДЫҢ-АҚПАРАТТЫҚ-ЖҮЙЕСІН-ЖОБАЛАУ

Қашықтан қадағалау

Ақпараттық есеп беру базасы

Табыстар мен шығыстарды талдау

Активтер сапасын талдау



Өтімдлікті талдау

Капиталды талдау

CAMEL жүйесі бойынша тәуекелді бағалау



Қашықтан талдау нәтижесі бойынша ұсыныстар

Қаржылық талдау

Салысытырмалы топтық талдау

1-сурет. Қашықтан қадағалау механизмі


Ақпараттық есеп базасы. Банктердің қызметін кешенді түрде сипаттайтын ақпарттың негізгі және жинақтаушы көздері болып табылатын банк балансы мен қаржылық есеп есебін талдау барысында жеке банктік операциялардың тәуекелдік деңгейі мен табыстылығын, өтімділігін анықтауға, меншікті және тартылған қаражаттардың көздерін, олардың белгілі бір мерзімге немесе белгілі бір кезеңге орналастыру құрылымын айқындауға, сондай-ақ банк жүйесіндегі жеке бір банктердің қызметінің мамандануы мен маңызын белгілеуге мүмкіндік береді.
Қаржылық талдаудың мақсаты – енді пайда болып келе жатқан мәселелерді қаржылық тұрақсыздыққа ұшырауға дейін айқындау. Бұндай мәселелерді айқындау банктердің қаржылық есеп беруінен және осы мәселеге қатысты басқа да ақпараттардан (басқару сапасы туралы, сыртқы аудиттің сапасы мен аудиторлардың есеп беруінің мазмұны туралы ақпараттар) алынатын қаржылық ақпараттарда талдауды жүзеге асырумен іске асады.
Қашықтан талдау жүргізетін мамандар мынадай міндеттерді шешеді:

  1. Банктердің пруденциялық нормативтер мен сақтауға міндетті басқа да нормалар мен лимиттерді, резервтік талаптар және күмәнді қарыздарға қарсы провизияларды құру барысының орныдалуын тексеру.

  2. Банктердің қаржылық қызметін қарастыру, оның болашақтағы қызметі мен дамуы жайлы ой қалыптастыру, оның нәтижелерін соған ұқсас банктердің нәтижелерімен салыстыра оырып бағалау.

Екінші деңгейдегі банктердің қаржылық қызметін талдау банктердің қызметінің қардылық жағдайы мен нәтижесіне қатысты мынадай маңызды сұрақьарды қамтиды:

  1. капитал;

  2. активтердің сапасы;

  3. пайдалылық пен рентабельдік;

  4. өтімділік.

Қаржылық талдаумен айналысатын мамандар банктік мәселелердің пайда болуынынң мүмкін болар жақтарын айқындауы тиіс.
Капиталды талдау.
Капитал банктің қаржылық жағдайының ең маңызды көрсеткішіболып табылады.
Капитал жеткілікті, оның табыстылығы сияқы қашықтан бақыланып отыруға тиіс. Сондықтан банктің капитал бойынша ұстанымын жан-жақты талдау, кез келген банкті қашықтан тексерудің маңызды элементтерін білдіріреді.
Жалпы капитал жеткіліктілігі туралы өзінің ойын қалыптастырып талдаушы мынадай сұрақтарды ескеруі қажет:
- Банк капиталды стандарттарға жауап бере ме?
- Ең төменгі капитал мөлшерінен асқан жағдай болды ма?
- Капитал деңгейінің банктің және алған тәуекелге қатынасы қандай?
- Ең төменгі стандарттармен жеткіліксіз есептеуге алынған тәуекелдер бар ма?
- Банк капиталының сапасы қандай?
Капиталдың кез келген бөлігін банк үшін тұрақты қаражаттар көзі деп санамауға себептер бар ма?
Активтердің сапасын талдау. Банктің активтерінің сапасы банктік операциялырдың барлық аспектілеріне әсерін тигізеді. Егер қарзы алушы өзінің қарыздарын қайтармайтын болса және олар бойынша пайызды төлемейтін болса, онда банктің таза пайдасы азаяды. Ал пайдасының азаюы, өз кезегінде өтімділіктің жетіспеушілігіне әкеліп соғуы мүмкін. Таза пайданың тұрақсыздығы банк капиталын көбейтуге мүмкіндік бермейді және активтер сапасының нашарлауы жалпы капиталға теріс әсерін тигізеді. Осы себептердің салдарынан банктердің төлем қабілетсіздікке ұшырау мүмкіндігі туындайды.
Активтердің сапасын қашықтан бақылау мен талдау банктердің қызметін реттеу механизмінің маңызды бір бөлігі болып табылады. Қашықтан бақылаудың талдаушысы банк активтерінің жалпы сапасының нашарлауы бойынша банк басшылығына хабарлайды және инспекторлық тексеру кезінде зерттелетін факторлардың қатарына қосуы мүмкін. Бірақ қашықтан басқару тиімділігі банк беретін ақпараттардың сапалылығымен ғана шектеледі. Ал активтердің сапасын нақты көрсететін мәліметтерді алу үшін, банкте проблемалық ссудаларды анықтауға және тиісті түрде жіктеуге мүмкіндік беретін активтердің ішкі талдау жүйесі болу қажет. Сонымен қатар, банктердің болашақтағы активтердің сапасы қазіргі уақытта берілетін жаңа несиелерге байланысты болады.
Жалпы активтердің сапасын қашықтан талдау кезінде тексеруші мынадай сұрақтарды көрсетуі мүмкін:
- Өткен тоқсанда банктің несие тәуекелі жағдайында ерекше өзгерістер байқалды ма?
- Жалпы банк активтеріндегі кешіктірілген және аударылмаған активтердің үлесі қандай?
- Банктің капиталына қатысты сапасыз активтердің деңгейі қандай?
- Өткен тоқсанда немесе алдыңғы жылда сапасыз активтер сомасының жоғарылауы немесе төмендеуі қалай болуы мүмкін? Банктің сапасыз несиелерінің құрылымы қандай?
- Үмітсіз несиелерді баланстан шығару. Шығарылған несиелердің негізгі түрлері және олардың өсуі немесе төмендеуі?
- Банктің несиелік қызметінің шығынын жабу үшін құрылған банктің жалпы резервтерінің сомасы. Банктің құрған резервтерінің (провизиялар) жоғарылауы немесе төмендеуі?
- Ұлттық банктің нормативті талаптарының сақталуы?
Табыстар мен шығыстарды талдау. Капитал, банктің қардылық жағдайының ең маңызды көрсеткіштерінің бірі дедік. Ал капиталдың тұрақты жағдайын, сәйкес табыстарсыз қолдау мүмкін емес. Банк неғұрлым рентабельді жұмыс жасаған сайын, соғұрлым жыл сайын өзінің капиталын толықтырып және акционерлеріне пайда беріп отырады. Акционерлер банктің одан ары дамуына жағдай жасайды. Ал шығындар банктің капиталын азайтып немесе жойып жіберуі мүмкін. өз табыстарын қайтара алмаған акйионерлер капиталды инвестициялауды тоқтатып, соның салдарынан банк банкротқа ұшырауы мүмкін.
Сондықтан банктің табыстарын үздіксіз қашықтан бақылау қажет.
Банктің табысын талдау барысында талдаушы мынадай негізгі үш сұраққа жауап береді:
- Банктің табысының деңгейі қандай? Оның деңгейі банк капиталын құруға және қолдауға жеткілікті ме?
- Табыстардың тенденциясы қандай? Қазіргі экономикалық жағдайда оның келесі жылда жоғарылауы немесе төмендеуі мүмкін бе?
Банк өз қызметін жүзеге асыру барысында көптеген банктік операцияларды жүргізеді.
Операцияларды жүргізуде пайыздық, пайыздық емес және басқа да шығындару болады. Банк осы операцияларды жүргізуге арналған ғимараттары, құрылығылары және қызметкерлері болғандықтан, оның әкімшілік шығындару да болады. Ал осы шығындарды жабу көзі банктің табысы болып табылады. Сондықтан банк өзінің табысын тиімді болу саясатына негіздеп, бос шығындарды қысқартып, табыстың көп бөлігін банктің дамуына, өсуіне және капиталдануына жұмсауы керек. Осы орайда банктің шығындарын талдау қашықтан талдауда маңызды орын алады.
Банктің шығындарын талдауда қарастыратын негізгі мәселелер:

    • шығындардың құрылымы;

    • пайыздық шығындардың көлемі;

    • пайыздық емес шығындар мен басқа да шығындардың көлемі;

    • әкімшілік шығындар.

Өтімділікті талдау. Банктің өтімділік жағдайы оның барлық қызметінің көрсеткіштерін әсер етеді.
Банктің өз міндеттемелері бойынша жауап бере алмауы банкке деген сенімінің жоғалуына әкеп соғуы мүмкін. Сондықтан өтімділікті қашықтан талдау мен қадағалауда өтімділікке әсер ететін банктің барлық көрсеткіштері мен жағдайлары ескеріліп, өтімді активтердің сомасы мен міндеттемелердің құрамы сияқты банктің өтімділігі бойынша объективті көрсеткіштерге көңіл аударылады. Сондай-ақ банктің өтімділігін кең турде талдау қарастырылады.
Жалпы қашықтан қадағалаудың талдаушысы банктің өтімділігі бойынша жағдайын бағалаған кезде төмендегідей сұрақтарды қарастыруы қажет:
- Банктің өтімді активтерінің көбеюі немес азаюы? Банктің өз міндеттемелеріне қатысты өтімді активтердің көп немесе аз болуы?
- Банк ірі депозиттер, басқа банктердің депозиттері немесе мемлекеттік органдардың депозиттері сияқты тұрақсыз қаражат көздеріне деген тәуелділігін азайтып жатыр ма немесе көбеюде ме? Және теәуеділік деңгейі қандай?
- Банктің активтерінен асатын, жақын арада қайтаратын банктің қарыз сомасы бар ма?
- Қазақстан Республикасы Ұлттық банкпен белгіленген өтімділік бойынша талаптарды орныдай ма?
Екінші деңгейдегі банктердің жағдайы туралы ақпараттарды сақтайтын Қазақстан Республикасы Ұлттық банктің электронды жүйесінің (BOSS) Ұлттық банк алдында мынадай міндеттері болады:
- банк басшылығымен үнемі және тиімді байланыста болу;
- өз бақылауындағы банктердің жағдайы туралы банктік қадағалау департаментінің директорына жедел түрде ақпараттар беріп тұру;
- банк басшылығы мен директорлар кеңесінің кемшіліктерді түзетуге қабілеті мен ықыласына байланысты мәселелерді шешуде өздерінің шаралар жоспарын Ұлттық банктің басшылығына қарастыруға беру;

    • өзіне бекітілген банкке қатысты әсер ету шараларының орындалуын бақылау және олардың тиімділігін бағалау.

Банктердің кураторлары жаңа шарттар жоспары бойынша берілетін күнделікті баланстарға талдау жүргізеді.
Апта сайын ашық валюта позициясының лимиттері және валюталық нетто-позициясы орныдалуы туралы есептерін тексереді.
Банктердің өтімділігін бақылап отыру үшін куратор банктің апта сайын берілетін ағымдағы өтімділікті орындағаны жайлы есеп беруін (талаптар мен міндеттемлердің салыстыру кестесін) тексереді.
Кураторлар банктердің қызметін реттеуде ең маңызды құралдарның бірі болып табылатын пруденциялық нормативтердің орындалуын тесеріп, олардың дұрыс есептелмегені және орындалмағаны жағдайында банкке ескертулер мен түзетулер жасайды.
Жалпы пруденциялық реттеу тәжірибесі екінші деңгейдегі банктердің пруденциялық нормативтерді сақтаумен бірге сенімді ішкі аудит жүйесін және дұрыс несие саясатымен өтімділік саясатын жүргізуге бағытталған.
Екінші деңгейдегі банктер Ұлттық банктің Қаржылық қадағалау департаментіне есеп берудің мынадай формаларын тапсырады:

    • 700 Н формасы бойынша күнделікті балансы;

    • Ашық валюталық позицияның лимиттері және валюталық нетто-позициясы туралы апталық есебі;

    • Ағымдағы өтімділіктің орындалғаны жайлы апта сайын есеп беру (талаптар мен міндеттемелерінің өзара салыстыру кестесі).

    • Пруденциялық нормативтердің орындалуы туралы ай сайын есеп беруі;

    • Активтердің және шартты талаптар мен міндеттемелердің ай сайын жіктелуінен;

    • Тоқсан сайын үнемі қаржылық есеп беруі.

Қазақстан Республикасынның Ұлттық банкі пруденциялық нормативтері туралы ережесіне сәйкес, к1, к2, к3,1, к3.2, к4.1, е4.2 және к5 коэффициенттерінің есептелген мәліметтерін есеп беретіні айдан кейінгі айдың сегізінші күні кешіктермей Қаржылық Қадағалау департаментіне тапсырады. Кураторлар әр ай сайын нормативтердің дұрыс есептелгенін тексеру үшін ақпаратты-статистикалық басқармасының есептелген мәліметтермен салыстырып отырады. Қазақстан Республикасы Ұлттық банкі ең төменгі резервтік талаптар туралы ережесіне сәйкес банктерді мүмкін және күтпеген шығындардан сақтау үшін екнші деңгейдегі банктерҰлттық банк белгілеген резервтік талаптардың нормаларын орындауы міндетті. Осыған байланысты банктер банктік қадағалау департаментіне ай сайын резервтік талаптардың көлемі, банктің банктерден басқа заңды және жеке тұлғалардың алдындағы барлық депозиттік міндеттемелерінен белгіленген пайыз мөлшерінде анықталады. Қазіргі кезде белгіленген резервтік мөлшерлеме 6 %-ға тең.
Банктердің ең төменгі резевтік талаптарды орындауының екі әдісі бар:

  1. Баламалы – ай сайын қаражаттарды резервтік активтерде орналастыру, ондағы резервтік активтердің орташа айлық сомасы айдың әрбір жұмыс күніндегі депозиттік міндеттемелердің орташа айлық сомасынан пайыз түрінде есептелінетін ең төменгі резервтік талаптардың орташа айлық көлемінен кем болмауы керек.

  2. Баламасыз – қаражаттарды Ұлттық банктегі резервтік шотта орналастыру, ол шоттың қалдығы айдың бірінші жұмыс күні бойынша депозиттік міндеттемелердің пайыз түрінде есептелген мөлшерінде ең төменгі резервтік талаптарға тең болуы қажет.

Қазақстан Республикасынданың Ұлттық банкі белгіленген екінші деңгейдегі банктердің Қаржылық қадағалау департаментіне тоқсан сайын халықаралық стандарттарға негізлелген қаржылық есеп береді. Қаржылық есеп беру банктік қаржылық жағдайы мен оның қызметінің нәтижелері туралы нақты мәліметтерді қамтитын отыз бес кестеден тұрады.
Кестеде берілген мәліметтер BOSS жүйесінің көмегімен автоматтандырылған әдіспен өңделеді және осы мәліметтердің негізінде банктің қаржылық жағдайы туралы толық көрініс алуға болады және салыстырмалы банктердің топтарында банктің рейтінгісін анықтауға болады.
Сонымен банктер мен әр түрлі есеп берулердің негізінде қашықтан қадағалаудың қызметкерлері тоқсан сайын Статус-Репорт деп аталатын қысқаша қорытынды жасайды.
Статус-Репорт – банктің ағымдағы қаржылық жағдайын толық бағалауға мүмкіндік беретін құжат.
Статус-Репортты жасау барысында қашықтан қадағалау қызметкерлері “CAEL” (“CAEL”, яғни M-менеджментті қарастырмағанда, CAMEL жүйесі бойынша) компоненттері бойынша банкке рейтинг беру жүйесін қолданады.
Берілген баға тек қана ішкі арналымдарға ғана қолданылады және банкке санкцияларды қолдануға негіз бола алмайды.
Бұл құжатты қарастыру қорытындылары банк бойынша сәйкес ұсыныстар берумен қатар соңғы шешім қабылдау үшін Қаржылық қадағалау департаментінің басшылығына беріледі.
Статус-Репортта көрсетілетін негізгі қаржылық көрсеткіштер мен басқа да мәліметтерге мыналар жатады:

  1. Банк туралы жалпы мәліметтер.

  2. Меншікті капиталының көлемі мен құрылымы.

  3. Банктің активьері.

  4. Банктің міндеттемелері.

  5. Банктің табысы мен шығысы.

  6. Өтімділігі және шығысы.

  7. Қосымша ақпараттар.

Талдаушы барлық жоғарыда аталған факторларды ескеріп, қашықтан тексеруді банктің өтімділік позициясын жалпы бағалаумен аяқтауы керек. Егер банктің өтімді активтерінің сапасы төмен болған жағдайда, талдаушы бұл деңгейдің міндеттемелердінің құрамына қаншалықты сай келетінін анықтауы керек.
Сонымен қашықтан қадағалаудың талдаушысы екінші деңгейдегі банктердің банктік қадағалау департаментіне әр түрлі есеп беруін қарастырып, талдау жасау барысындабанктің ағымдағы қаржылық жағдайын толық бағалауға мүмкіндік беретін Статус-Репорт деген қысқаша қорытынды құжат жасайды.
Қашықтан қадағалау қызметкерлері сондай-ақ жыл соңында төрт тоқсан бойынша қорытынды жасап, жылдық Статус-Репортты жасайды.
Сонымен қатар, қашықтан қадағалау талдаушысы:

    • банктерді ашу үшін табыс ететін құжаттарды қарастырады;

    • банктерге банктік операцияларды жүргізуге лицензия беру құжаттарын қарастырады;

    • банктің басқарушы қызметкерлерінің кандидатуралары бойынша Ұлттық банктің біліктілік комиссияснда қаралатын сәйкес құжаттарды дайындайды;

    • банктердің бағалы қағаздар проспектілерінің эмиссияларын сараптаудан өткізеді және оларды шығару қорытындылары мен орналастыруын қарастырады;

    • банктің қаржылық жағдайын сауықтыру бойынша сондай-ақ оған санкциялар немесе шектелген ықпал ету шараларын қолдануға байланысты ұсыныстар жасайды және Банктік қадағалау департаментіне жүктелген басқа да қызметтерді атқарады.

Есеп берулер макроэкономикалық талдауға қажетті мәліметтерді керек еткенімен пруденциялық қадағалау жүйесінде есеп берулер капитал жеткіліктігі, активтердің сапасы мен өтімділік деңгейі сияқты негізгі қаржылық көрсеткіштер мен коэффиценттердің көмегімен талдау жасау арқылы банктің қаржылық жағдайын анықтау үшін қолданылады.
Қашықтан қадағалаудың жетістіктері есеп және есеп берудің нақты нұсқаулары мен нормативтеріне сәйкес берілетін мәліметтердің дұрыстығына байланысты болады, сонымен қатар берілген ақпараттардың толықтығы мен дұрыстығын қамтамасыз етуге көңіл бөлу керек.
Тиімді қашықтан қадағалау үшін жоғарыда аталған негізгі көрсеткіштеріне қаржылық талдау жүргізудің жоғары деңгейіндегі кәсіптілігі қажет. Есеп беру мәліметтерін қаржылық талдау, топтар бойынша коэффицеенттердің деңгейін, тенденцияларын салыстыру талдау жасау үшін қолданылады.
Қашықтан қадағалау жеке бір банктің қаржылық жағдайында мәселелерінің пайда болғаны туралы қадағалау қызметкерлерін ескертетін «алдын ала ескерту жүйесі» ретінде қызмет етеді. Өз кезегінде қашықтан қадағалау банктің алдында тұрған тәуекелді жиі айқындай бермейді және барлық субъективтік негізгі аспектілерін жарыққа шығара алмайды.
Қашықтан қадағалау мен инспекциялау жалпы қабылданған әдістері болып саналғанмен, пруденциялық қадағалау осы екі әдісті қатар жүргізуді қажет етеді.
Қашықтан қадағалаудың артықшылығы – онда банктердің жағдайы туралы мәліметтер, әсіресе капитал жеткіліктілігі, өтімділігі және табыстылығы бойынша жиі жаңартылып тұрады. Соның өзінде тәуекелдің аспектілеріне жеткілікті көңіл аударуға мүмкіндік болмайды және кейбір берілген мәлімететрдің дұрыстығына, оның тексеруден өтпегеніне толық сенуге болмайды.
Инспекциялық қадағалау – банктерді орналасқан жерінде тексеру арқылы олардың жағдайлары туралы нақты мәліметтер алуға мүмкіндік беретін банктердің қызметін реттеу әдісі.
Инспекциялау әдісінің артықшылығы – банктің барлық операциялары мен тәуекелін тиянақты тексеру, сондай-ақ банктің басқарылуы туралы нақты көрініс алуға болады. Сонымен қатар инспекциялар сирек – кейбір жағдайда бірнеше жылда бір рет жүргізіледі, сондықтан банктің жағдайының барлық жақтарына үзіліссіз бақылау қызметін жасай алмайды.
Инспекциялық қадағалау механизмі 2-суретте берілген.



2-сурет. Инспекциялық қадағалау механизмі


Инспекциялауды жүзеге асыру үшін қадағалау органдары банктік операциялар мен банктік тәукелдерді білетін жоғары білікті мамандардан тұратын топ немесе топтарды құруы қажет. Инспекциялық тексерулерді жүргізу үлкен еңбек көлемін қажет ететінін ескере отырып, қадағалау органдары тексерулердің өткізілуінің кезеңділігін (әрбір банк кемінде жылына бір рет тексеріледі) және жүргізілетін тексерулердің көлемін жалпы және шектелген түрде анықтау қажет. Банктерді инспекциялау банктің тәуекелінің жалпы тексеру мен банктің жалпы қаржылық жағдайын айқындау, сондай-ақ кемшіліктерді жоюды қажет ететін жақтарын айқындауға негізделеді.


Қазақстан Республикасы екінші деңгейдегі банктердің қызметін реттеу механизмі қазіргі кезде көптеген елдерде қолданылатын осындай екі әдісті бірге қамтиды. Соның ішінде қашықтан қадағалау әдісі жедел тексеруді қажет ететін банктерді анықтаудың негізі болып табылатын көрсеткіштерді айқындау үшін қолданылады және тексеруді ерекше алаңдататын қызметтердің бағытын дұрыстап тексеруді ұйымдастыруды қамтамасыз етеді.
Қашықтан қадағалау, инспекциялау барысында анықталған мәселелерді жою бойынша жұмыстардың нәтижесіне бақылау жасауы мүмкін. Осымен бірге қадағалау орындары қызметкерлерінің есеп берулерді тексеру, инспекциялау ісінде біліктілігі мен кәсіптілігі болу керек.

1.2. Банк қызметін рейтингтік бағалау.


Жалпы қаржылық жағдайды анықтауда банктің негізі көрсеткіштерін және капиталдың сәйкестілігін, активтердің сапасын, басқаруды (менеджмент), табыстылығы мен өтімділігін бағалайтын CAMEL жүйесі қолданылады.


Банктің қаржылық жағдайын жан-жақты тексерулер барысында мынадай сұрақтар қамтылады:
а) банктің қаржылық жағдайымен жүргізілетін операциялардың саласын анықтау.
Бұл активтер мен кассаны түгендеу, ішкі бақылау шараларын орындауын тексеру, белгіленген тәртіптерді сақтау мен құжаттардың дұрыс жүргізілуі;
ә)басқару сапасын бағалау, олар мыналарды қамтиды:
- оператрлар жағынан басшылықтың бақылауын бағалау;
- банк юасшылығына берілген құзіреттер мен олардың жүзеге асу тәртібін зерттеу;
- қызметкерлердің қызметке сәйкестігін және қайта дайындау тәртібі;
- иерархиялық құрылым мен екі жақты бақылау.
б) заңдар мен инструкцияларды сақтауына бақылау жасау.
Құжаттар мен заңдардың және белгіленген әдістердің сақталуын тексеру;
в) бухгалтерлік есеп беруді жүргізудің дәлдігі.
Аудиторлық тексеру нәтижесінде алынған санкциялар мен рекомендацияларды сақтау, келісімдер бойынша құжаттарды жүргізудің дәлдігін және дұрыстығын бағалау.
г) активтердің сапасын тексеру.
Операторлар кеңесімен жасалған несие саясатының толықтығы мынадай бағыттарды қамтиды:

  • жеке тұлғалар мен компанияларға берілетін несиелердің қатынасы;

  • банктер үшін қолайлы бағалы қағаздардың түрлері;

  • бағалау тәртібі;

  • несиелердің шекті көлемі;

  • несиені бағалау әдістемесі;

  • несиенің қайтарылуы мен несиелік қабілеттілігін бақылау;

  • несиенің «ескіруі», пайыздардың тоқтатылуы мен несие бойынша шығындарды жабу үшін резервтерді құру.

д) банктің төлем қабілеттілігін бағалау. Бұдан кейін банктің төлем қабілеттігі мен банк балансы бағаланады. Бұл әдетте банктің жоғары менеджментімен және аудиторлық жеке-жеке қарастыруды қамтиды.
Тексерушілер сондай-ақ банктің қызметін АҚШ-тың Федералды резервті жүйесімен жасалған «CAMEL» жүйесіне сәйкес бағалайды.
Банктің табыстылығын тексеруде СПРЭД-тің банктің қызметкерлерінің еңбек өтімділігіне және активтер сомасынан пайда алу коэффиценттерінің қатынасына мән береді.
Басқа жағынан банктің қаржылық жағдайын тексеру банк басшылығымен немесе оның акционерлері мен салымшыларға қатысты алаяқтық жағдайлар мен заңға қарсы келетін іс-әрекеттерді айқындайды. Мұндай іс-әрекеттер, әсіресе қазіргі кезде банктік алаяқтардың өз құралдарын халықаралық байланыстарда пайдаланып, оларды заңсыз жолмен шығаруға барлық мүмкіндіктерін салуынан көрініп отыр. Банкті тексерушілер заңсыз қызметтер мен алаяқтықты болдырмау мақсатында басқа да органдармен ақпараттар алмасу саласында тығыз қарым-қатынас жасайды.
Инспекциялау банктің қызметерінің толық немесе жеке бір сұрақтар бойынша зерттеу жолымен, оның нақты қаржылық және институционалды жағдайы туралы мәліметтерді анықтау үшін және банктің басшылары немесе жеке қызметкерлерінің қызметінің қазіргі заңдылыққа сәйкестігін тексеру үшін жүргізіледі. Банктерді инспекциялауды Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі дербес түрде немесе басқа ұйымдардан мамандарды шақыру арқылы жүргізеді. Ұлттық банктен банктерге кешенді және ағымдық тексерулер жүргізілуі мүмкін.
Банкті тексеру бойынша комиссияның, басшы қажет болған жағдайда, оның мүшелері арасында нақты міндеттердің болуы мен жұмыстың жоспарын анықтайды. Комиссия инспекциялауды жүргізу барысында өзінің жұмысын өз бетінше ұйымдастырады және танысу үшін банктен барлық қажетті құжаттарды алуға құқылы. Банк талап етілген құжаттарды дайындауға және тексерушілерге беруге жауапты өз мамандарын анықтайды.
CAMEL рейтинг жүйесі – қаржылық есеп беру мәліметтері мен инспекциялық тексерулердің нәтижесі бойынша банктің жағдайына баға беруге болатын банкті қаржылық талдаудың әдісі.
Рейтинг жүйесінің CAMEL атауы талданатын компаненттердің алғашқы әріптерінен құрылған:
С – (capital adequacy) – капиталдың жеткіліктігі, мұнда банктің міндеттемелерін қамтамасыз ету үшін капиталдың жеткіліктігі, яғни меншікті капиталының көлемі бағаланады.
А – (asset quality) – активтердің сапасы, мұнда активтердің сапасы анықталады, сонымен бірге, несиені қайтаруды қамтамасыз етуге және проблемалы несиенің жалпы банктің қаржылық жағдайына әсер етуіне баға беріледі.
М – (management) менеджмент – банк қызметінің тиімділігіне, қалыптасқан жұмыс тәртібі мен заңды және нормативтік актілердің талаптарының орындалуына бақылау әдістерін ескере отырып, банкі басқару әдістері бағаланады.
Е – (earnings) – табыстылығы (пайдалылығы) – банктік қызметерді кеңейту перспективалары үшін, оның табысының жеткіліктілігі тұрғысынан банктің рентабельділігі бағаланады.
L – (liquidity) - өтімділік, банктің ағымдағы және болашақтағы міндеттемелерін орындау үшін өтімді активтерінің жеткіліктігі, яғни өтімділік деңгейі анықталады.
CAMEL жүйесінің компоненттерін бағалау Ұлттық банкке берілетін қаржылық есеп берулердің мәліметтері бойынша жүргізіледі. Бірақ та оларды нарықтық бағалау үшін инспекциялық тексерулерді жүргізу қажет. Бұл жүйе бойынша банкті бағалау үздіксіз процесс болып табылады. Дегенмен де бағалауды инспекциялық тексерудің соңында жүргізгенді дұрыс санайды.
САМЕL жүйесінің бес компонентінің әрқайсысын: капиталдық жеткіліктігі, активтердің сапасын, басқару табыстылығын және өтімділігін бағалауды жүргізгенде мынадай принциптер мен тәртіптерді ескеруі қажет:
1-рейтинг (тұрақты):
- өте жақсы нәтижелер мен қаржылық тұрақтылық;
- бағалануы өте жоғары немесе басқа банктерге қарағанда жоғары.
2-рейтинг (қанағаттанарлық):
- қызметінің нәтижелері қанағаттанарлық (күрделі мәселелер табылған жоқ);
- қызметтің нәтижелері орташадан жоғары немесе орташа деңгейде;

  • қаржы операцияларының қауіпсіздігі мен сенімділігін қамтамасыз ету үшін қажетті жағдайлар жасалған.

3-рейтинг (орташа):

  • қызметінің нәтижелері қанағаттанарлықсыз;

  • бағалауы орташа немесе қанағаттанарлықтан төмен;

  • сапасы орташадан төмен.

4-рейтинг (шекті):
- орындалуы орташа деңгейден төмен;
- банктің қызметіндегі кемшіліктері болашақта банк қызметіне қауіп төндіретіні анық көрініп тұр.
5-рейтинг (қанағаттанарлықсыз):
- қызметінің нәтижелері сөзсіз нашар;
- мәселелері асқынған және тез арада шаралар қолдануды талап етеді;
- егер кемшіліктерді жою бойынша шаралар қолданбаса, банктің банкртқа ұшырау қаупі бар.
Капиталдың жіктілігі. Капитал салымшылардың құралдарын қорғайтын ең басты құрал болып табылады. Тұрақты капиталы бар банктің өзінің салымшыларына қауіп төндірмей үлкен шығындарды өз мойнына алу мүмкіндігі болады.
Сонымен қатар, банктердің халықаралық стандарттарға өтуі бойынша оларды бірінші немесе екінші топқа жатқызуға байланысты әрбір банк үшін белгіленетін жеке бақылау белгілері бар.
Меншікті капиталдың (МК) жеткіліктігіне қатысты сапалы көрсеткіштерді талдау үшін төмендегідей көрсеткіштерді есептеуге болады:



Активтердің
өсу
қарқыны



=

Берілген жылғы есепті кезеңдегі активтер

Өткен жылғы есепті кезеңдегі активтер

Өткен жылғы есепті кезеңдегі активтер




(МК)өсу қарқыны



=

Берілген жылғы есепті МК

Өткен жылғы есепті кезеңдегі МК

Өткен жылғы есепті кезеңдегі МК



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет