№1 басылым 09. 12. 9 беттің беті -еттің -ші



бет3/6
Дата13.06.2016
өлшемі346.5 Kb.
#133833
1   2   3   4   5   6

5.3.Бағалы қағаздар

Бағалы қағаз – белгіленген нысан мен реквизиттерді сақтай отырып, жүзеге асырылуы тек оны көрсеткенде ғана мүмкін болатын мүліктік құқықтарды куәландыратын құжат. Бағалы қағазбен куәландырылған құқықтарды жүзеге асыру және беру үшін арнайы (жай немесе компьютерленген) реестрде бекітілген, сондай-ақ қағаздармен жасалған мәмілелерді тіркеуді жүзеге асыратын бағалы қағаздар рыногына кәсіпқой қатысушылардың жауап беретін адам-эмитенттің айғағы жеткілікті. Бағалы қағаздарға: облигация, коносамент, акция және заң актілерінде немесе соларда белгіленген тәртіппен бағалы қағаздар қатарына жатқызылатын басқа да құжаттар жатады. Бағалы қағаздар ұсынбалы, ордерлік және атаулы болуы мүмкін. Атаулы бағалы қағазбен куәландырылған құқықтар онда аталған адамға тиесілі болады. Ұсынбалы бағалы қағазбен куәландырылған құқықтар бағалы қағазды ұсынушаға тиесілі болады. Ордерлік бағалы қағазбен куәландырылған құқықтар онда аталған адамға тиесілі болады. Бағалы қағаздармен куәландырылатын құқықтардың түрлері, бағалы қағаздардың міндетті реквизиттері, бағалы қағаз нысанына талаптар және басқа да қажетті талаптар заң құжаттарымен немесе соларда белгіленген тәртіп бойынша белгілеленді. Бағалы қағаздың міндетті реквизиттері болмауы немесе бағалы қағаздың ол үшін белгіленген нысанға сәйкес келмеуі оның жарамсыз болуына әкеліп соқтырады. Ұсынушыға бағалы қағазбен куәландырылған құқықты басқа адамға беру үшін бағалы қағазды сол адамға тапсыру жеткілікті. Атаулы бағалы қағазбен куәландырылған құқықтар талапты (цессияны) жеңілдету үшін белгіленген тәртіп бойынша беріледі. Атаулы бағалы қағаз бойынша құқықтарды басқа адамға берген кезде берілетін қағаз жойылады, ал оның иесіне басқа бағалы қағаз беріледі. Ордерлік бағалы қағаз бойынша құқықтар бұл қағазға берілген жазу - индоссамент арқылы беріледі. Ордерлік бағалы қағаз бойынша құқық беруші адам (индоссант) құқықтың болуы үшін ғана емес, оның жүзеге асырылуы үшін де жауапты болады. Бағалы қағазға жасалған индоссамент бағалы қағазбен куәландырылған барлық құқықтарды бағалы қағаз бойынша құқықтар берілетін адамға – (индоссантқа) немесе соның бұйрығына ауыстырады.



Құрастырған қолы

Келістірілген қолы

Бекітілді қолы

Индоссамент бланкілік болуы мүмкін. Бағалы қағазды берген адам және оны индоссиялаған барлық адамдар оның заңды иесінің алдында бірге жауап береді.

Бағалы қағаздың заңды иесінің сондай қағазбен куәландырылған міндеттемесін бағалы қағаз бойынша міндеттенгендердің арасынан бір немесе бірнеше адамның орындауы туралы талабын қанағаттандырған ретте олар бағалы қағаз бойынша өздерінен бұрын міндеттенген өзге адамдарға кері талап қою (регресс) құқығына ие болады.

Міндеттеменің негізі болмауын не оның жарамсыздығын сылтауратып бағалы қағазбен куәландырылған міндеттемені орындаудан бастартуға жол берілмейді.



Мүліктік емес өзіндік құқықтар

Мүліктік емес өзіндік құқықтардың қорғалуын азаматтық іс жүргізу заңдарында көзделген тәртіп бойынша сот жүзеге асырады. Азаматтық заңнамада өзгеше көзделмесе құқық бұзған адамның кінәсіне қарамастан, мүліктік емес өзіндік құқықтар қорғалуға тиіс. Қорғау туралы талап қойған адам өзінің мүліктік емес өзіндік құқықығының бұзылуын нақты дәлелдеуге тиіс. Азамат немесе заңды тұлға өзінің ар-намысына, қадір-қасиетіне немесе іскерлік беделіне кір келтіретін мағлұматтарды, егер ондай мағлұматты таратушы адам олардың шындыққа сай екендігін дәлелдей алмаса, сот арқылы теріске шығаруды талап етуге құқылы, ал егер аталған мағлұматтар бұқаралық ақпарат құралдары арқылы таратылған болса, олар сол бұқаралық ақпарат құралдарына тегін теріске шығарылуға тиіс. Егер аталған мағлұматтар ұйымнан шыққан құжатта болса, бұл құжаттағы мағлұматтардың шындыққа сай келмейтіндігі туралы тиісті адамға міндетті түрде хабарлана отырып, мұндай құжат алмастырылуға немесе кері сұратып алынуға тиіс. Өзге ретте теріске шығару тәртібін сот белгілейді. Азаматтың жеке бас құпиясын, оның ішінде хат алысу, телефон арқылы сөйлесу, күнделіктер, естеліктер, жазбалар, ішкі жан сыры, бала асырап алу, туу құпиясын, дәрігерлік, адвокаттық құпияны, банктік салымдар құпиясын сақтауға құқығы бар. Күнделіктерді, жазбаларды, естеліктерді және басқа құжаттарды жариялауға олардың авторының келісімімен, ал хаттарды олардың авторы мен алысушының келісімімен ғана жариялауға жол беріледі. Олардың қайсібірі қайтыс болған жағдайда аталған құжаттар қайтыс болған адамның артында қалған жұбайының және балаларының келісімімен жариялануы мүмкін. Қандай да бір адамның суреттік бейнесін оның келісімінсіз, ал ол қайтыс болған жағдайда – мұрагерлерінің келісімінсіз пайдалануға ешкімнің де құқығы жоқ. Басқа адам бейнелеген бейнелей туындыларын (сурет, фотосурет, кинофильм және басқалар) – бейнеленген адамның келісімімен, ал ол қайтыс болғаннан кейін оның балалары мен артында қалған жұбайының келісімімен ғана жариялауға, қайта шығаруға және таратуға жол беріледі.



Құрастырған қолы

Келістірілген қолы

Бекітілді қолы

Заң құжаттарында көзделгеннен басқа реттерде азаматтың азаматтың тұрғын үйге қол сұққызбау құқығы болады, яғни тұрғын үйіне өзінің еркінен тыс баса-көктеп кірудің кез келген әрекетін тыюға құқығы бар.



Дәріс 6. Мәмілелер

6.1. Мәміле ұғымы және түрлері

6.2. Мәміленің жарамды болу шарттары

6.3. Мәміленің жарамсыздығы



Мәміле ұғыімы және түрлер

Мәміле дегеніміз - азаматтар мен заңды тұлғалардың азаматтық құқықтары мен міндеттерін белгілеуге, өзгертуге және тоқтатуға бағытталған әрекеттері. Мәмілелер біржақты және екі немесе көпжақты (шарттар) болуы мүмкін. Заңдарға немесе тараптардың келісіміне сәйкес жасалуы үшін бір тараптың ерік білдіруі қажет және жеткілікті болатын мәміле біржақты мәміле деп есептеледі. Шарт жасасу үшін екі тараптың (екіжақты мәміле) не үш немесе одан да көп тараптың (көпжақты мәміле) келісілген ерік білдіруі қажет. Біржақты мәміле мәміле жасаған адамға міндеттер жүктейді. Ол басқа адамадарға заң құжаттарында белгіленген не сол адамдармен келісім болған реттерде ғана міндеттер жүктей алады. Біржақты мәмілелерге тиісінше міндеттемелер туралы және шарттар туралы ережелер қолданылады, себебі бұл заңдарға, мәміленің табиғаты мен мәніне қайшы келмейді. Егер тараптар құқықтар мен міндеттердің туындауын басталу-басталмауы белгісіз мән-жайға байланысты етіп қойса, мәміле кейінге қалдырылатын шартпен жасалды деп есептеледі. Егер тараптар құқықтар мен міндеттемелердің тоқтатылуын басталу-басталмауы белгісіз етіп қойса, мәміле кейін күші жойылатын шартпен жасалды деп есептеледі. Егер шарттың басталуы тиімсіз болатын тарап шарттың басталуына теріс пиғылмен кедергі жасаса, шарт басталды деп танылады. Егер шарттың басталуы тиімді болатын тарап шарттың басталуына теріс пиғылмен ықпал етсе, шарт басталмаған деп танылады.



Мәміленің жарамды болу шарттары

Мәмілелер ауызша және жазбаша нысанда жасалады (жай және нотариалдық). Заңдармен немесе тараптардың келісімімен жазбаша (жай не нотариалдық) немесе өзге белгілі бір нысан белгіленбеген мәміле, атап айтқанда, олар жасалған кезде атқарылатын мәмілелердің бәрі ауызша жасалуы мүмкін. Мұндай мәміле адамның мінез-құлқынан оның мәміле жасау еркі айқын көрініп тұрған ретте де жасалған деп саналады. Жетон, билет немесе әдеттегідей қабылданған өзге де растайтын белгі арқылы расталған мәміле, егер заңдарда өзгеше белгіленбесе, ауызша түрде жасалған болып табылады. Үндемей қалу заңдарда немесе тараптардың келісіміне көзделген реттерде мәміле жасауға ерік білдіру деп танылады. Жазбаша түрде жасалған шартты орындау үшін жасалған мәмілелер, егер заңдарға қайшы келмесе, тараптардың келісімі бойынша ауызша жасалуы мүмкін. Мынадай мәмілелер міндетті түрде жазбаша жасалуы тиіс:




Құрастырған қолы

Келістірілген қолы

Бекітілді қолы

- егер мәмілелердің жекелеген түрлері үшін заңдарда өзгеше арнайы көзделмесе немсе іскерлік қызмет өрісінің әдеттегі құқықтарынан туындамаса, мәмілелерді жасау кезінің өзінде орындалатындарынан басқа, кәсіпкерлік қызмет үрдісінде жүзеге асырылатын мәмілелер;

- мәмілелерді жасау кезінің өзінде орындалатындарынан басқа, жүз есептік көрсеткіштен жоғары сомаға мәмілелер;

- заңдарда немесе тараптардың келісімінде көзделген өзге де реттердегі мәмілелер.

Егер іскерлік қызмет өрісінің әдеттегі құқықтарынан өзгеше туындамаса, жазбаша түрде жасалған мәмілеге тараптар немесе олардың өкілдері қол қоюға тиіс. Егер заңдарға немесе мәмілеге қатысушылардың бірінің талаптарына қайшы келмесе, мәміле жасау кезінде қол қоюдың факсимилелік көшірме, электрондық цифрлік қолтаңба құралдарын пайдалануға жол беріледі. Екіжақты мәмілелер әрқайсысына өзін жасаған тараптар қол қойған құжаттарды алмасу арқылы жасалуы мүмкін. Хат, жеделхат, телефонжазба, телетайпжазба, факс, электрондық құжаттар немесе субъектілерді және олардың ерік білдіруінің мазмұнын айқындайтын өзге де құжаттар алмасу, егер заңдармен немесе тараптардың келісімімен өзгеше белгіленбесе, жазбаша түрде жасалған мәмілеге теңестіріледі. Заңдармен және тараптардың келісімімен қосымша талаптар белгіленуі мүмкін. Оларға мәміледегі белгіленген нысанды бланкіге жазу, мөрмен бекіту сәйкес келуге және оларда осы тараптарды орындамау салдары көзделуге тиіс. Егер азамат кемтарлығы, науқастығы немесе сауатсыздығы салдарынан өзі өол қоя алмаса, оның өтініші бойынша мәмілеге басқа азамат қол қоя алады. Соңғысының қойған қолын, егер заңдарда өзгеше көзделмесе, нотариат немесе сондай нотариалдық әрекет жасау құығы бар басқа лауазымды адам, мәміле жасаушының өзі қол қоя алмаған себептерді көрсете отырып, куәландыруға тиіс. Жазбаша түрде жасаған мәмілені орындаған тарап екінші тараптан оның орындалғанын растайтын құжат талап етуге құқылы. Мәміленің жай жазбаша түрін сақтамау оның жарамсыз болып қалуына әкеліп соқтырмайды, бірақ дау туған жағдайда тараптарды мәміленің жасалғанын, мазмұнын немесе орындалуын куәгерлік айғақтармен растау құқығынан айырады. Алайда тараптар мәміленің жасалғанын, мазмұнын немесе орындалғанын жазбаша немесе өзге, куәгерлік айғақтардан басқа дәлелдермен растауға құқылы. Заң құжаттарында немесе тараптардың келісімінде тікелей көрсетілген реттерде мәміленің жай түрін сақтамау оның жарамсыз болып қалуына әкеліп соқтырады. Заң құжаттарында немесе тараптардың келісімімен белгіленген реттерде жазбаша мәмілелер оларды нотариат куәландырғаннан кейін ғана жасалды деп саналады. Бұл талапты сақтамау мәміленің жарамсыздығына әкеліп соқтырады. Заң актілеріне сәйкес мемлекеттік немесе өзге де тіркелуге тиіс мәмілелер, егер заңнамада өзгеше көзделмесе олар тіркелгеннен кейін жасалған болып есептеледі.




Құрастырған қолы

Келістірілген қолы

Бекітілді қолы

Тіркеуден бас тартылу жазбаша түрде ресімделуге тиіс және заң талаптарының бұзылуына сілтеме жасалғанда ғана мүмкін болады. Егер мемлекеттік тіркеуді керек ететін мәміле тиісті нысанда жасалса, бірақ тараптардың бірі оны тіркеуден жалтарса, сот екінші тараптың талап етуімен мәмілені тіркеу туралы шешім шығаруға құқылы. Бұл ретте мәміле соттың шешіміне сәйкес тіркеледі.



Мәміленің жарамсыздығы

Мәміленің нысанына, мазмұнына және қатысушыларына, сондай-ақ олардың ерік білдіру бостандығына қойылатын талаптар бұзылған жағдайда мүдделі адамдардың, тиісті мемлекеттік органның не прокурордың талабы бойынша мәміле жарамсыз деп танылуы мүмкін. Жарамсыз мәмілелердің түрлері азаматтық құқық теориясында мәмілелердің жарамсыз болуы мынадай түрлерге бөлінеді:

- субъект құрамының ақауы болатын мәміле;

- ерікке қатысты ақауы бар мәміле;

- нысанның ақауы бар мәміле;

- мазмұнның ақауы бар мәміле.

Субъектінің құрамында бар мәміле екі топқа бөлінеді. Оның біріншісі азаматтардың әрекет қабілетсіздігімен, екіншісі заңды тұлғалардың арнайы құқық қабілеттілігімен немесе олардың органдарының мәртебесімен байланысты болады.

Мәмілелер жарамсыздығының негіздері:

- Қажетті лицензия алмай, не лицензияның қолданылу күшінің мерзімі біткеннен кейін жасалған мәміле жарамсыз болады;

- Теріс пиғылды бәсеке мақсатын көздейтін немесе іскерлік әдеп талаптарын бұзатын мәміле жарамсыз болады;

- Тұрмыстық ұсақ мәмілелерді қоспағанда, он төрт жасқа толмаған адам жасаған мәміле жарамсыз болады;

- Он төрт жастан он сегіз жасқа дейінгі кәмелетке толмаған баланың ата-анасының немесе қамқоршыларының келімінсіз жасаған мәмілесін, заң бойынша оның өзі дербес жасауға құқығы бар мәмілелерді қоспағанда сот, ата-анасының немесе қамқоршысынң талабы бойынша жарамсыз деп тануы мүмкін.

- Есуастық немесе ақыл-есі кем болуы салдарынан әрекет қабілеттілігі жоқ деп танылған адам жасасқан мәміле жарамсыз деп тануы мүмкін;

- Сот әрекет қабілеттілігін шектеген адам жасасқан мәмілені сот оның қамқоршысының талап етуі бойынша жарамсыз деп тануы мүмкін;

- Әрекет қабілеттілігі болғанымен, мәміле жасаған кезде өз әрекетінің мәнін түсіне алмайтын немесе өзінің не істегенін білмейтін жағдайда болған азамат талабы бойынша, ал егер тірі кезінде талап етуге азаматтың мүмкіндігі болмаса, азамат қайтыс болғаннан кейін басқа мүдделі адамдардың талабы бойынша жарамсыз деп тануы мүмкін;


Құрастырған қолы

Келістірілген қолы

Бекітілді қолы

- Алдау, зорлық, қорқыту ықпалымен жасалған мәмілені, басқа тарап пайдаланған жағдайларға қарағанда адам өзі үшін мүлде тиімсіз ауыр мән-жайлардың салдарынан жасауға мәжбүр болған мәмілені сот жәбірленушінің талабы бойынша жарамсыз деп тануы мүмкін;

- Бір тарап өкілінің екінші тараппен зұлымдық ниетте келісуі нәтижесінде жасалған мәмілені сот жәбірленуші тараптың талабы бойынша жарамсыз деп тануы мүмкін.

Ерікті ақауы бар мәмілелер екі топқа бөлінеді:

- мәміле жасауға іштей келіспей жасаған мәміле;

- ішкі еріктің дұрыс қалыптаспауы салдарынан жасалған мәміле.

Бірінші топқа бір тараптың екіншісін алдау, зорлық, қорқыту ықпалымен, бір тарап өкілінің екінші тараппен зұлымдық ниетте келісуі нәтижесінде жасалған мәміле. Зорлап мәміле жасату дегеніміз – мәмілеге қатысушыны мәжбүрлеп оның өзіне, не жақындарына күш қолдану немесе жан дүниесін жаралап мәміле жасауға көндіру болып табылады. Зорлық заңсыз әрекет болғанымен, кейбір жағдайда оны жасаушыны қылмыстық жазаға тарту міндет емес. Қорқыту – тұлғаға мәміле жасамаған жағдайда оның өзіне немесе моральдық зиян келтіретіндігін ескертіп, қоқан-лоққы жасау. Қорқытудың салдарынан мәмілені жарамсыздеп тану үшін қорқыту құр сөзбен емес, шын мәнінде болуы мүмкін. Алдау дегеніміз – мәмілеге қатысушыны көрер көзге адастырып, қатысушы жақтың бірі екінші жаққа мәміленің тиімділігін асыра мақтап немесе тиімсіз жағын бүгіп қалып мәміле жағдайлары жөнінде жалған айту. Керіптарлық мәміленің үш белгісі болады:

- мүлде тиімсіз ауыр мән жайларда жасалуы;

- өзі үшін тиімсіз ауыр мән жайлардың орын алуы салдарынан жасалуы.

- мәжбүрлік, яғни тұлғаның еркінен тыс жасалуы.

Мұндайда сот жәбірленушінің талабы бойынша ондай мәмілені жарамсыз деп тануы мүмкін. Жарамсыз мәміленің келсі түрі нысанының ақауы бар мәмілелер. Азаматтық Кодекстің 153-бабында орай мәміленің жай жазбаша түрін сақтамау оның жарамсыз болып қалуына әкеліп соқтырмайды, бірақ дау туған жағдайда тараптардың мәмілені жасағанын, мазмұнын немесе орындалуын куәгерлікайғақтармен растау құқығымен айырады. Мәмілені жарамсыз деп тану кезіндегі талап қою мерзімі іс жүзінде маңызға ие. Мәміленің жарамсыздығына байланысты даулар бойынша заңды талап мерзімі зорлық немесе тоқтатылған күннен бастап не талап қоюшы мәмілені жарамсыз деп тануға негіз болып табылатын өзгеде мән жайларды білген немесе білуге тиіс болған күннен бастап бір жыл болады. Бұдан басқа жағдайда мәміленің жарамсыздығына жалпы үш жылдық заңды талап мерзімі қолданылады. Мәміле жарамсыз деп танылған жағдайда тараптардың әрқайсысы екінші тарапқа мәміле бойынша алынғанның бәрін қайтарып беруге, ал заттай қайтарып беру мүмкін болмаған жағдайда құнын ақшалай өтеуге міндетті.


Құрастырған қолы

Келістірілген қолы

Бекітілді қолы


Дәріс 7. Өкілдік және сенімхат

7.1. Өкілдік ұғымы және түрлері

7.2. Сенімхат ұғымы, мерзімі және тоқтатылуы

Өкілдік ұғымы және түрлері

Өкілдік - басқа адамның (өкілдік берушінің) атынан бір адамның (өкілдің) сенімхатқа, заңдарға, сот шешіміне не әкімшілік құжатқа негізделген өкілетті күшімен жасаған мәмілесі өкілдік берушінің азаматтық құқықтары мен міндеттерін тікелй туғызуы, өзгертуі және тоқтатуы. Өкілдіктің туындауының негізі – заң фактісі болып табылады. Заңда мынадай өкілдіктің негіздері бар: шартта немесе алдын ала келісімде көрсетілген өкіл ұстауға тілек білдірген өкілдік берушінің еркі; заңда көрсетілген фактілер; өкілетті органның актісі – тұлғаға өкіл болып қатысуға рұқсат беретін акт. Өкілдік заңды және ерікті болып бөлінеді. Заңды өкілдік тікелей заңнан туындайды, әрі ол өкілдік берушінің еркіне қарамайды. Шартқа негізделген өкілдік ерікті өкілдік деп аталады. Мұның өзі өкілдік берушінің еркіне байланысты болады. Өкілдік беруші өкілді таып қана қоймай, оның өкілеттілігін де айқындайды. Өкілдік берушінің атынан заңдық әрекет жасарда өкілдің өзімен де келісім жасау талап етіледі. Өкілдік беруші мен өкіл арасында шарт жасалып, онда өздерінің ішкі қарым-қатынастарын айқындайды. Өкіл жасаған мәміле бойынша тікелей өкілдік берушіде құқықтар мен міндеттер пайда болады. Өкіл жеке өзіне қатысты да, сонымен бірге өзі өкілі болып табылатын басқа адамға қатысты да өкілдік берушінің атынан мәмілелер жасай алмайды. Басқалардың мүдделері үшін болса да өз атынан әрекет ететін адамдар, сондай-ақ болашақта жасалуы мүмкін мәмілелерге қатысты келіссөзжүргізуге уәкілдік берілген адамдар өкілдер болмайды. Сипаты жөнінен тек жеке өзі ғана жасауға болатын мәмілені, сондай-ақ заңнамаларда көзделген реттердегі басқа да мәмілелерді өкіл арқылы жасау жол берілмейді. Әрекет қабілеттілігі жоқ адамдардың атынан мәмілелерді олардың заңды өкілдер – ата-анасы (асырап алушылары) мен қорғаншылары жасайды. Мәміле жасауға уәкілдік берілмеген адамның басқа адам атынан немесе өкілеттігін асыра пайдаланып жасаған мәмілесі өкілдік беруші осы мәмілені кейіннен мақұлдаған ретте ғана ол үшін азаматтық құқықтыра мен міндеттерді туғызады, өзгертеді және тоқтатады. Өкілдік берушінің кейіннен мақұлдауы мәмілені оның жасалған кезінен бастап жарамды етеді. Кәсіпкерлер шарт жасасқан кезед олардың атынан үнемі және дербес өкілдік етуші адам (коммерциялық өкіл) өкілдің өкілеттігі көрсетілетін жазбаша шарт негізінде, ал ол көрсетілмеген жағдайда – сенімхат негізінде де әрекет жасайды. Коммерциялық өкіл сонымен бір мезгілде өзінің қатысуымен жасалатын шарттың түрлі тараптарының мүдделерін білдіре алады. Бұл орайда ол өзіне берілген тапсырмаларды кәдімгі кәсіпкердің ыждағаттылығымен орындауға міндетті.





Құрастырған қолы

Келістірілген қолы

Бекітілді қолы

Коммерциялық өкіл келісілген сыйақыны және өзі тапсырмаларды орындаған кезде жұмсаған шығындарын, егер өздерінің арасындағы келісімде өзгеше көзделмесе, шарт тараптарынан тең мөлшерде төлеуді талап етуге құқылы. Коммерциялық өкіл өзіне белгілі болған сауда мәмілелері туралы мәліметтерді өзіне берілген тапсырманы орындағаннан кейін де құпия сақтауға міндетті. Кәсіпкерлік қызметтің жекелеген салаларындағы коммерциялық өкілдіктің ерекшеліктері заңмен белгіленеді.



Сенімхат ұғымы, мерзімі және тоқтатылуы

Сенімхат - бір адамның (сенін білдірушінің) өз атынан өкілдік ету үшін екінші адамға (сенім білдірген) берген жазбаша уәкілдігі. Мүлікке билік жасауға және нотариаттың куәландыруын талап ететін мәмілелер жасауға берілетін сенімхатты, егер заңнамада өзгеше белгіленбесе, нотариат куәландыруы тиіс. Нотариат куәландырған сенімхаттарға:

- госпитальдарға, санаторийлер мен басқа әскери-емдеу мекемелерінде емделіп жатқан әскери қызметшілерді және өзгеде адамдардың осы госпитальдардың, санаторийлер мен басқа әскери-емдеу мекемелерінің бастықтары, медицина бөлімі жөніндегі орынбасары, аға және кезекші дәрігерлері куәландырған сенімхаттар;

- мемлекттік нотариалдық кеңселер мен басқа да нотариалдық әрекет жасайтын органдары жоқ әскери бөлімдер, құрамалар, мекемелер және әскери-оқу орындарының командирлер (бастықтары) куаландырған әскери қызметшілердің сенімхаттары, сондай-ақ жұмысшылар мен қызметшілердің, олардың отбасы мүшелері мен әскери әскери қызметшлер отбасы мүшелерінің сенімхаттары;

- бас бостандығынан айыру орындарындағы адамдардың бас бостандығынан айыру орындарының бастықтары куәландырған сенімхаттары;

- халықты әлеуметтік қорғау мекемелеріндегі кәмелетке толған әрекет қабілеттілігі бар азаматтардың осы мекеменің немесе тиісті халықты әлеуметтік қорғау органдарының басшысы куәландырған сенімхаттары теңестіріледі.

Сенімхат үш жылдан аспайтын мерзімге берілуі мүмкін. Егер сенімхатта неғұрлым ұзақ мерзім көрсетілсе, ол үш жыл бойы, ал егер қолдану мерзімі көрсетілмесе, берілген күннен бастап бір жыл бойы жарамды болады. Берілген күні көрсетілмеген сенімхат жарамсыз болады. Өкілдің алған өкілеттілігінің көлемі мен мазмұнына орай сенімхаттың үш түрі бар:

- бас сенімхат – ол белгілі бір кезеңге арналып, әр түрлі мәмілелер жасайтын өкілге беріледі;

- арнайы сенімхат – ол біртекті мәмілелер жасайтын өкілге беріледі;

- бір мәрте берілдетін сенімхат – ол тек бір әрекет жасау үшін беріледі.

Сенім білдірілген адам өзіне уәкілдік берілген әрекетті өзі жасауға тиіс. Алған сенімхат бойынша сенім ауыстыруға уәкілдік берілген не сенім білдірушінің мүдделерін қорғауға мәжбүр болған ретте ғана ол осы әректті жасау сенімін басқа адамға аудара алады.

Құрастырған қолы

Келістірілген қолы

Бекітілді қолы

Сенім білдірілген адамның өз өкілеттігін басқа адамға беруі жөніндегі сенімхатты нотариат куәландыруы тиіс. Сенім ауыстыру жөнінде берілген сенімхаттың қолданылу мерзімі ол негізге алынып берілген алғашқы сенімхаттың қолданылу мерзімінен аспауы керек. Өз өкілеттігін басқа біреуге берген сенім білдірілген адам бұл жөнінде сенім білдірушіні дереу хабардар етуге және оған әлгі туралы, оның тұрғылықты жері туралы қажетті мәліметтерді хабарлауға тиіс. Бұл міндеттің орындалмауынан, сенім білдірілген адамға нақ өз әрекеттері үшін жауапкершілік жүктелетіні сияқты, өз өкілеттігін берген адамның әрекеттері үшін де жауапкершілік жүктеледі.Сенімхаттың қолданылуы мынадай салдардан тоқтатылады:

- сенімхаттың мерзімінің өтуі;

- сенімхатта көзделген әрекеттердің жүзеге асуы;

- сенімхатты беруші адамның оның күшін жоюы;

- сенімхат берілген адамның одан бас тартуы;

- өз атынан сенімхат берген заңды тұлғаның тоқтатылуы;

- атына сенімхат берілген заңды тұлғаның таратылуы;

- сенімхат берген адамның қайтыс болуы, оның әрекет қабілеттілігі жоқ, әрекет қабілеттілігі шектеулі немесе хабар-ошарсыз кетті деп танылуы;

- сенімхат берілген азаматтың қайтыс болуы, оның әрекет қабілеттілігі жоқ, әрекет қабілеттілігі шектеулі немесе хабар-ошарсыз кетті деп танылуы.

Сенімхат беруші сенімхаттың күшін жойғандығы туралы сенімхат берілген адамға, сондай-ақ сенміхат берілгендердің алдында өкілдік ету үшін өзіне белгілі үшінші жаққа хабарлауға тиіс. Сенімхат берілген адамға сенімхаттың тоқтатылғанын белгенге дейін немесе білуге тиіс болған кезге дейін оның жасаған әрекеттері нәтижесінде пайда болған құқықтар мен міндеттер сенімхатты берген адам және оның құқықты мирасқорлары үшін үшінші жақтарға қатысты күшін сақтайды. Егер үшінші жақ сенімхаттың тоқтатылғанын білсе немесе білуге тиіс болса бұл ереже қолданылмайды. Сенімхат берілген адам немесе оның құқықты мирасқоры сенімхат тоқтатылысымен оны дереу қайтаруға тиіс. Сенімхаттың тоқтатылуына байланысты осы сенімхат бойынша басқа адамға өкілеттік беру де (сенім ауысуы) күшін жояды.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет