Дәріс 11. Заттық құқық туралы жалпы ережелер
11.1. Шаруашылық жүргізу құқығы
11.2. Оралымды басқару құқығы
11.3. Өзге заттық құқықтар
Шаруашылық жүргізу құқығы
Шаруашылық жүргізу құқығы - мүлікті мемлекеттен меншік иесі ретінде алған және бұл мүлікті иелену, пайдалану және оған билік ету құқықтарын азаматтық заңнамалармен және өзге заң құжаттарымен белгіленген шекте жүзеге асыратын мемлекеттік кәсіпорынның заттық құқығы. Мүлікті құрылып үлгерген мемлекеттік кәсіпорынға бекіту туралы меншік иесі шешім қабылдаған мүлікке қатысты шаруашылық жүргізу құқығы бұл кәсіпорында мүлікті кәіспорынның дербес балансына бекіткен кезде пайда болады. Шаруашылық жүргізудегі мүлікті пайдаланудың жемістері, өнімі мен кірісі, сондай-ақ кәсіпорын шарттар немесе өзге де негіздер бойынша алған мүлік меншік құқығын алуға арналған заңдарда белгіленетін тәртіп бойынша кәсіпорынның шаруашылық жүргізуіне келіп түседі. Мүлікке шаруашылық жүргізу құқығы меншік құқығын тоқтатуға арналған заңдарда көзделген негіздер мен тәртіп бойынша, сондай-ақ меншік иесінің шешімімен кәсіпорыннан мүлік заңды жолмен қайтарып алынған реттерде тоқтатылады. Шаруашылық жүргізудегі мүліктің меншік иесі заң құжаттарына сәйкес кәсіпорын құру, оның қызметінің мәні мен мақсаттарын белгілеу, оны қайта құру мен тарату мәселелерін бақылау жасауды жүзеге асырады.
Құрастырған қолы
|
Келістірілген қолы
|
Бекітілді қолы
|
Меншік иесі өзі құрған кәсіпорынның шаруашылық жүргізуіндегі мүлікті пайдаланудан келтірілген таза табыстың бір бөлігін алуға құқылы. Қызметін шаруашылық жүргізу құқығында жүзеге асыратын мемлекеттік кәсіпорынның, егер заң актілерінде өзгеше көзделмесе меншік иесінің немесе ол уәкәлдәк берген мемлекеттік органның жазбаша келісімінсіз:
өзіне тиесілі үйлерді, құрылыстырады, жабдықты және кәсіпорынның басқа да негізгі құралдарын иеліктен айыруға немесе өзгеше әдіспен билік етуге, ұзақ мерзімді жалға беруге, уақытша тегін пайдалануға беруге;
- филиалдар, өкілдіктер және еншілес кәсіпорындар құруға, жеке кәсіпкерлермен бірге кәсіпорындар мен бірлескен өндірісте құруға, олардың өзінің өндірістік және ақша капиталын сатуға;
- заемдар беруге;
- үшінші тұлғалардың міндеттемелері бойынша кепілдеме немесе кепілдік беру.
Мемлекеттік кәсіпорын негізгі құралдарға жатпайтын, өзіне шаруашылық жүргізу құқығымен бекітіліп берілген мүлікке дербес билік етеді. Шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорынның негізгі құралдарына жататын мүлікке қатысты, сондай-ақ оған тиесілі акцияларды сатуға және сыйға беру мәмілелерін жасасуға құқығы жоқ.
Оралымды басқару құқығы
Оралымды басқару құқығы - Меншік иесінің қаражаты есебінен қаржыландырылатын мемлекеттік мекеменің, меншік иесінен мүлік алушы және өз қызметінің мақсатына, меншік иесінің тапсырмаларына және мүліктің мақсатына сәйкес заң құжаттарымен белгіленген шекте сол мүлікті иелену, пайдалану және оған билік етк құқығын жүзеге асырушы қазыналық кәсіпорындардың заттық құқығы. Оралымды басқарудағы мүлікті меншіктенуші заңнамаға сәйкес мемлекеттік мекеме немесе қазыналық кәсіпорын құру, оның қызметінің мәні мен мақсаттарын белгілеу мәселелерін шешеді, мемлекеттік мекеменің немесе қазыналық кәсіпорынның заң жүзіндегі тағдырын, оның қызметінің мазмұнын белгілеуге құқығы бар. Меншік иесі мемлекеттік мекеменің немесе қазыналық кәсіпорынның меншік иесі берген мүлікті тиімді пайдалануы мен сақтауына бақылау жасауды жүхеге асырады. Мемлекеттік мекемені бірнеше меншік иесі құрған жағдайда, олардың арасындағы қатынастар мен меншік иелерінің өз мүлкіне билік жүргізу құқықтары құрылтай шарттарымен немесе сол сияқты келісіммен белгіленеді. Мемлекеттік мекемеге немесе қазыналық кәсіпорынға бекітіліп берілген мүлікті меншіктенуші ол мүлікті қайтарып алуға, не өзі құрған басқа заңды тұлғалар арасында өз қалауы бойынша қайта бөлуге құқылы. Мемлекеттік мекеменің өзіне бекітіліп берілген мүлікті және оған смета бойынша немесе бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен айыруға немесе өзгеше әдіспен оған билік етуге құқығы жоқ.
Құрастырған қолы
|
Келістірілген қолы
|
Бекітілді қолы
|
Қазыналық кәсіпорын өзіне бекітіліп берілген мүлікті, сол мүліктің меншік иесінің жазбаша келісімімен ғана иеліктен айыруға немесе оған өзгеше әдіспен билік етуге, сондай-ақ дебиторлық берешекті беруге және есептен шығаруға құқылы. Қазыналық кәсіпорын өзінің міндеттемелері бойынша өз билігінде ақшамен жауап береді. Қазыналық кәсіпорынның ақшалай қаражаты жеткіліксіз болған жағдайда, оның міндеттемелері бойынша
Қазақстан Республикасының Үкіметі немесе тиісті жергілікті атқарушы орган субсидиарлық жауапта болады. Мекемені меншіктену құқығы басқа адамға ауысқан кезде бұл мекеме өзіне тиесілі мүлікке оралымды билік жүргізу құқығын сақтап қалады.
Өзге заттық құқықтар
Салынып жатқан үйлерге, құрылыстарға, өзге де мүлік кешендерге, сондай-ақ өзге де жаңадан жасалып жатқан қоэғалмайтын мүлікке меншік құқығы осы мүлікті жасау аяқталған кезден бастап пайда болады. Қозғалмайтын мүлік мемлекеттік тіркелуге тиіс реттерде, оған меншік құқығы осылайша тіркелген кезден бастап пайда болады. Қозғалмайтын мүлікті жасау аяқталғанға дейін, ал тиісті жағдайларда – оны мемлекеттік тіркеуден өткізгенге дейін мүлікке қозғалмайтын мүлік жасалатын материалдармен басқа мүлікке меншік құығы туралы ережелер қолданылады. Адам өзіне тиісілі емес материалды өңдеу арқылы дайындаған жаңа қозғалатын затқа меншік құқығын материалдың меншік иесі алады. Егер өңдеу құны материалдардың құнынан едәуір асып кетсе, жаңа затқа меншік құқығы алған материалдардың меншік иесі ол затты өңдеуді жүзеге асырған адамға оның құнын өтеуге, ал ол адам жаңа затқа меншік құқығығ алған ретте соңғысы материалдардың меншік иесіне олардың құнын қайтаруға міндетті.Мүліктің меншік иесі болып табылмайтын, бірақ өзінің жеке қозғалмайтын мүлкіндей он бес жыл бойы, не өзге мүлікті кемінде бес жыл адал, ашық және ұдайы иеленген азамат немесе заңды тұлға ол мүлікке меншік құқығын (иелену мерзімін) алады. Мемлекеттік тіркеуге жататын қозғалмайтын және өзге де мүлікке меншік құқығы бұл мүлікті иелену мерзіміне сәйкес алған тұлғада осындай тіркеу кезінен бастап пайда болады. Заңдарға, жергілікті әдет-ғұрыпқа немесе меншік иесі берген жалпы рұқсатқа сәйкес ормандарда, бөгендерде немесе басқа аумақта жидек теруге, балық аулауға, аң аулауға, басқа нәрселерді жинауға немесе аулауға жол берілген ретте, тиісті заттарға меншік құқығын оларды жинауды және аулауды жүзеге асырған адам алады. Меншік иесі жоқ немесе меншік иесі белгісіз зат не меншік иесі оның меншік құқығынан бас тартқан зат иесіз болып табылады. Иесіз қозғалмайтын заттарды олар табылған аумақтағы жергілікті атқарушы органның мәлімдеуі бойынша қозғалмайтын мүлікті мемлекеттік тіркеуді жүзеге асыратын орган есепке алады. Коммуналдық меншікті басқаруға уәкілдік берілген орагн иесіз қозғалмайтын заттарды есепке алған күннен бастап бір жыл өткеннен кейін бұл затты көммуналдық меншікке түсті деп тану туралы талап қойып сотқа жүгіне алады.
Құрастырған қолы
|
Келістірілген қолы
|
Бекітілді қолы
|
Меншік иесі тастаған немесе оларға меншік құқығынан бас тарту мақсатымен өзгеше түрде қалдырып кеткен жылжымалы заттар басқа адамдардың өз меншігіне айналдырылуы мүмкін. Меншігінде, иелігінде немесе пайдалануында құны жиырма айлық есептік көрсеткішке сәйкес сомадан көрінеу төмен тасталған мүлік не тасталған металл сынықтары, жарамсыз өнім жатқан жер учаскесі бар адамның ол заттарды пайдалануға кірісп немесе осы заттарды меншігіне қаратқандығына куә ьолатын өзге де іс-әрекет жасап, оларды өз меншігіне айналдыруға құқығы бар. Заңдарда белгіленген тәртіппен осындай мақсаттарға арнап бөлінбеген жер учаскесінде салынған, сондай-ақ қажетті рұқсат алынбай салынған тұрғын үй, басқа қора-қопсы, құрылыс немесе өзге де қозғалмайтын мүлік өз бетімен салынған құрылыс болып табылады. Өз бетімен құрылс салуды жүзеге асырған адам оған меншк құқығын алмайды. Оның құрылысқа билік етуге, сатуға, сыйға тартуға, жалға беруге, басқа да мәмілелер жасауға құқығы жоқ. Жоғалған затты тауып алушы бұл туралы оны жоғалтқан адмға немесе заттың меншік иесіне немсе оны алуға құқығы бар өзіне белгілі басқа адамдардың біреуіне дереу хабалауға және таыблған затты оған қайтаруға міндетті. Табылған затты алуға құқығы бар адамның өзі немесе оның тұрған жері белгісіз болса, затты тауып алушы олжа туралы полиция бөліміне немесе жергілікті атқару органына мәлімдеуге міндетті. Олжа туралы полиция бөліміне немесе жергілікті атқару органына мәлімденген кезден бастап алты ай өткенше жоғалған затты алуға құқығы бар адам анықталмаса және затқа өзінің құқығы туралы оны тапқан адамға не полиция бөліміне неемсе жергілікті атқару органына мәлімденбесе, затты тауып алуы оған меншік құқығы алады. Тауып алушы тапқан затын меншігіне алудан бас тартса, ол коммуналдық меншікке өтеді. Затты тауып алушы затты алуға заңды құқығы бар адамнан зат құнының отыз проценті мөлшерінде сыйақы алуға құқылы. Табылған зат оны алуға заңды құқығы бар адам үшін ғана құнды болса, сыйақының мөлшері тараптар есептеп шығарған баға бойынша белгіленеді. Қараусыз немесе қаңғып жүрген малды және басқа да үй жануарларын немес еқолға үйретілген жануарларды ұстап алған адам оларды меншік иесіне қайтаруға, ал егер оның өзі немесе тұрған жері белгісіз болса, осныдай жануарларды ұстаған кезден бастап үш күннен кешіктірмей табылған жануарлар полиция бөліміне немесе жергілікті атқру органына мәлімдеуге міндетті. Олар меншік иесін іздестіру шараларын қолданады. Жануарлардың меншік иесін іздестіру кезеңінде жануарларды ұстаушы адам оларды өзінің бағуында және пайдалануында қалдыруы, не ол бағу мен пайдалану үшін қажетті жағдайы бас басқа адамға тапсырылуы мүмкін. Егер жұмыс малы мен ірі қараны ұстап алғаны туралы мәлімделген кезден бастап алты ай ішінде және басқа үй жануарлары жөнінде – екі ай ішінде олардың меншік иесі табылмаса және оларға өзінің құқығы туралы мәлімделмесе, бұл жануарларға меншік құқығы жануарларды баққан және пайдаланған адамға көшеді.
Құрастырған қолы
|
Келістірілген қолы
|
Бекітілді қолы
|
Бұл адам бағынуында болған жануарларды меншігіне алудан бас тартса, олар коммуналдық меншікке түседі. Жануарларды меншік иесіне қайтарған ретте жануарларды ұстап алған адам және жануарларды бағып, пайдаланып келген адам сол меншік иесінен жануарларды пайдаланудан алынған пайданы есепке жатқыза отырып, оларды бағуға байланысты өз шығындарына өтем алуға құқылы. Жануарларды ұстап алған адам олардың меншік иесінен жануарлардың құнының отыз проценті мөлшерінде сыйақы алуға құқылы.
Көмбе, яғни жерге көмілген немесе басқа әдіспен жасырылған, меншік иесін анықату мүмкін болмайтын на заңдарға сәйкес оларға құқығынан айрылған ақша немесе өзге де бағалы заттар көмбе жасырылған жер учаскесі иесінің немесе қозғалмайтын затты меншіктенушінің және көмбе тапқан адамның, егер олардың арасындағы шартта өзгеше белгіленбесе, меншігіне тең мөлшерде түседі. Көмбе жасырылған жер учаскесін пайдаланушының немесе қозғалмайтын мүлікті меншіктенушінің келісімінсіз қазған немесе бағалы заттар іздестірген адам көмбені тауып алған жағдайда көмбе сол меншік иесіне берілуге тиіс. Тарих және мәдение ескерткіштеріне жататын заттардан тұратын көмбе табылған ретте олар Қазақстан Республикасының меншігіне берілуге тиіс. Бұл орайда ондай көмбе табылған жер учаскесін пайдаланушы немесе қозғалмайтын мүлікті меншіктенуші және көмбені тапқан адам осы көмбе құнының елу проценті мөлшерінде сыйақы алуға құқылы.
Дәріс 12. Міндеттемелер туралы жалпы ережелер
12.1. Міндеттеме ұғымы және пайда болу негіздері
12.2. Міндеттемені орындау
12.3. Міндеттемені тоқтату
Міндеттеме ұғымы және пайда болу негіздері
Міндеттеме - бір адамның (борышқордың) басқа адамның (несие берушінің) пайдасына мүлік беру, жұмыс орындау, ақша төлеу сияқты белгілі бір әрекеттер жасауы, не белгілі бір әрекет жасаудан тартынуы. Міндеттеменің әр тарабы – несие беруші немесе борышқор ретінде бір мезгілде бірнеше адам қатыса алады. Мұндай ретте үлесті, ынтымақты немесе жәрдем берушілік міндеттеме пайда болады. Міндеттеме тараптары (несие беруші мен борышқор) және үшінші жақ міндеттемеге қатысушылар болып табылады. Үшінші жақ ретінде міндеттеме тараптарының біреуне міндеттемелер немесе өзге де құқық қатынастары арқылы байланысты жақтар қатысады. Міндеттеме үшінше жақ үшін міндеттер туғызбайды, бірақ міндеттеме үшінші жақтар үшін міндеттеменің бір немесе екі тарапына да қатысты құқықтар туғызуы мүмкін. Міндеттеменің пайда болу негіздері:
- заңнамаде көзделген шарттар мен мәмілелерден, сондай-ақ заңнамада көзделмегенімен оларға қайшы келмейтін шарттар мен мәмілелерден;
- заңнамаға сәйкес азаматтық-құқықтық жағдайларды туғызатын әкімшілік құжаттардан;
Құрастырған қолы
|
Келістірілген қолы
|
Бекітілді қолы
|
- азаматтық құқықтар мен міндеттер белгілеген сот шешімімен;
- заң құжаттарында тыйым салынбаған негіздер бойынша мүлікті жасау немесе иемдену нәтижесінде;
- өнертабыстар, өнеркәсіптік үлгілер, ғылым, әдебиет пен өнер шығармаларын және интеллектуалдық қызметтің өзге де нәтижелерін жасау нәтижесінде;
- басқа жаққа зиян келтіру салдарына, сол сияқты басқа жақ есебінен мүлікті негізсіз сатып алу немесе жинау (негізсіз баю) салдарынан;
- азаматтар мен заңды тұлғалардың өзге де әрекеттері салдарынан;
- азаматтық-құқықтық жағдайлар басталуын байланыстыратын оқиғалар салдарынан және өзге де негіздерден міндеттемелер пайда болады.
12.2. Міндеттемені орындау
Міндеттеме барлық шарттар мен заң талаптарына сәйкес тиісінше орындалуға тиіс, ал мұндай шарттар мен талаптар болмаған жағдайда – іскерлік қызмет өрісіндегі әдеттегі құқықтарға немесе әдетте қойылатын өзге де талаптарға сәйкес орындалуға тиіс. Міндеттемені орындаудан біржақты бас тартуға және оның шарттарын біржақты өзгертуге жол берілмейді. Тараптардың келісімінде өзгеше көделмесе борышқор міндеттемені орындау кезінде несие берушінің өзі немесе бұған ол уәкілдік берген адам орындауға қабылдайтын нәрсені талап етуге құқылы және мұндай талап жасалмауының зардабын тартуға тәуекел етеді. Егер заңдарда немесе шартта көзделсе, үшінші жақ тиісті шарт арқылы тараптардың бірімен байланысты болса, міндеттемені орындау түгелдей немесе бөлшектеп үшінші жаққа жүктелуі мүмкін. Міндеттемеде ол орындалатын күн немесе ол орындалуға тиіс уақыт кезеңі көзделсе немесе анықтауға мүмкіндік берсе, міндеттеме сол күні немесе тиісінше сол кезең ішінде кез келген уақытта орындалуға тиіс. Міндеттемеде ол орындалатын кезең көзделмесе, ол міндеттеме пацда болғаннан кейін ақылға қонымды мерзімде орындалуға тиіс. Ақылға қонымды мерзімде орындалмаған міндеттемені, борышқор несие беруші талап еткен күннен бастап жеті күн мерзімде орындауға міндетті. Міндеттеме орындалатын жер шарттарда белгіленбеген жағдайда міндеттеме мынадай жерлерде орындалуы мүмкін:
- міндеттеме бойынша қозғалмайтын мүлікті беру – мүлік орналасқан жерде;
- міндеттеме бойынша мүлікті тасымалдауды пайдалана отырып беру – мүлікті несие берушіге жеткізу үшін оны бірінші тасымалдаушыға тапсыратын жерде;
- егер бұл жер міндеттеме пайда болған кезде несие берушіге белгілі болса, кәсіпкердің басқа міндеттемелері бойынша мүлікті беру – мүлік дайындалған немесе сақталған жерде;
- ақшалай міндеттеме бойынша – несие берушінің міндеттеме пайда болған кездегі тұрғылықты жерінде, ал егер несие беруші заңды тұлға болса – міндеттеме пайда болған кезеде оның болған жерінде;
Құрастырған қолы
|
Келістірілген қолы
|
Бекітілді қолы
|
- басқа да барлық мәндеттемелер бойынша – борышқордың тұрғылықты жерінде, ал егер борышқор заңды тұлға болса – оның орналасқан жерінде орындалуға тиіс.Міндеттемеге бірнеше несие беруші немесе бірнеше борышқор қатысса, несие берушілердің әрқайсысы міндеттемені орындауыды талап теуге құқылы, ал борышқорлардың әрқайсысы басқалармен тең үлесті орындауға міндетті (үлесті міндеттеме).
Несие берушілердің әрқайсысы міндеттемені толық атқаруды талап етуге құқылы, ал борышқорлардың әрқайсысы орындауға міндетті болуына сәйкес көп жақтар қатысатын міндеттеме ортақтасқан міндеттеме деп танылады. Негізгі борышқор несие берушінің міндеттемені орындау туралы талабын қанағаттандырмаған жағдайда бұл талап орындалмаған бөлігінде басқа борышқорға (субсидиярлық борышқорға) мәлімдеуі мүмкін екендігі заң құжаттарында немесе несие беруші мен борышқордың арасындағы міндеттеме ережелерінде көзделуі мүмкін. Басқа адамның міндеттемесін орындаған борышқор орындалған міндеттеме мөлшерінде сол адамға кері талап (регресс) қоюға құқылы. Міндеттеменің орындалғанын қабылдау отырып, несие беруші борышқордың талап етуі бойынша оның толық немесе бір бөлігі орындалғаны жөнінде оған қолхат беруге міндетті. Егер борышқор міндеттемені куәландыру үшін несие берушіге борыш құжатын берсе, несие беруші оның орындалғанын қабылдай отырып, құжатты борышқорға қайтаруға тиіс. Борышқорда борыш құжатының болуы, өзгеше дәлелденге дейін міндеттеменің тоқтатылғандығы куәландырады.
12.3. Міндеттемені тоқтату
Міндеттеме орындалса, талаптан бас тарту төлемі төленсе, борышты есепке жатқызылса, жаңғыртылса, борышты кешіру арқылы борышқор мен несие беруші бір тұлға болса, орындауға мүмкіндік болмаса, мемлекеттік органның құжаты шығарылса, азамат қайтыс болса, заңды тұлға таратылса, толық немесе ішінара тоқтатылады.Тараптардың келісімі бойынша міндеттеме орындалудың орнына бас тарту төлемін беру арқылы тоқтатытлуы мүмкін. Бас тарту төлемінің мөлшерін, мерзімдерін және тәртібін тараптар белгілейді.Міндеттеме мерзімі жеткен, не мерзімі көрсетілмеген немесе мерзімі талап ету кезімен белгіленген біртектес қарсы талапты есепке жатқызу арқылы толық немесе бөлік-бөлігімен тоқтатылады. Есепке жатқызуға бір тараптың өтініші жеткілікті. Міндеттеме тараптардың арасында болған бастапқы міндеттемені ауыстыру туралы келісіммен сол адамдардың арасындағы орындаудың өзге нысанын немесе әдісін көздейтін басқа міндеттемемен (жаңғыртылуға байланысты) тоқтатылады. Азаматтың өміріне немесе денсаулығына келтірілген зиянды өтеу жөніндегі және алимент төлеу жөніндегі міндеттемелерге қатысты жаңғыртылуға жол берілмейді.Міндеттемені орындауға мүмкіндіктің болмауы борышқор жауап бермейтін жағдайлардан туындаса, орындауға мүмкіндік болмағандықтан міндеттеме тоқтатылады. Бұл ереженің күші ақшалай мінддемелерген қолданылмайды.
Құрастырған қолы
|
Келістірілген қолы
|
Бекітілді қолы
|
Жергілікті өкілді және атқарушы органдарды қоса алғанда, мемлекеттік органдардың құжат (жария құжат) шығаруы салдарынан міндеттемені толық немесе ішінара орындау мүмкін болмаса, міндеттеме толық немесе тиісті бөлігінде тоқтатылады. Міндеттемені орындау борышқордың жеке өзінің қатысуынсыз жүргізілмейтін болса не міндеттеме басқаша түрде борышқордың жеке басымен ажырамастай байланысты болса, борышқордың қайтыс болуымен міндеттеме тоқтатылады.
Егер де міндеттемені орындау несие берушінің жеке өзіне арналса, не міндеттеме басқаша түрде борышқордың жеке басымен ажырамастай байланысты болса, несие берушінің қайтыс болуымен міндеттеме тоқтатылады. Таратылған заңды тұлғаның міндеттемесін орындау заңдармен басқа заңды тұлғаға (азаматтың өмірі мен денсаулығына зиян келуі салдарына туындаған міндеттемелер бойынша) жүктелген жағдайлардан басқа реттерде, міндеттеме заңды тұлға (борышқор немесе несие беруші) тартылғанда тоқтатылады. Жергілікті өкілді және атқарушы органдарды қоса алғанда, мемлекеттік органдардың қызметін тоқтату немесе оларды қайта құру осы органда борышқор болған міндеттемелерді тоқтатуға әкеліп соқтырмайды.
Дәріс 13. Міндеттеменің орындалуын қамтамасыз ету
13.1. Міндеттеменің орындалуын қамтамасыз ету ұғымы
13.2. Айыппұл және кепілпұл
13.3. Кепіл және оның түрлері
13.4. Кепілдік және кепіл болушылық
Міндеттеменің орындалуын қамтамасыз ету ұғымы
Азаматтық құқықтың нормаларын сақтайтын қатысушылар көп жағдайда міндеттемені ерікті түрде және тиесінше орындайды. Сонымен бірге, өмірде міндеттемені орындау немесе тиесінше орындау орын алатыны тағы шындық. Осыған байланысты заң міндеттемені орындауды қамтамасыз етуі үшін әдістер деп аталатын арнайы шараралды көздейді. Міндеттемені қамтамасыз ету оны орындатуға бағытталатын, жалпыға бірдей емес, арнайы шаралар болып табылады. Сондықтан, ол міндеттемелердің бәріне бірдей емес, тек заңдарда немесе келісімге отырған жақтардың шарттарына қаралған міндеттемелерге қолданады. Азаматтық заңнама талаптарына сәйкес, ондай әдістерге айып төлету, кепіл, борышқордың мүлігін алып қалу, аманат, кепілдік , кепілпұл және басқа әдістер жатады. Қамтамасыз ету әдістерін өздерінің сипаттарына қарай төрт топқа бөлуге болады. Қамтамасыз ету сипатының бірі міндеттемелерді орындамағанда немесе тиісінше орындамағанда борышқордың белгілі бір ақша сомасын төлей арқылы қосымша мүлік залал шегуініен көрінеді. Екінші топтың әдістері несие беруші арқылы мүлікті өндіріп алумен жүзеге асады. Үшінші топтағы қамтамасыз ету әдісі несие берушіге тек борышқордың ғана емес, үшінші жақтың да мүлкін өндіртіп алуды қамтиды.
Құрастырған қолы
|
Келістірілген қолы
|
Бекітілді қолы
|
Төртінші топқа біздің заңымызда бұрын – сонда тән болмаған әдіс – борышқордың мүлкін ұстап қалу болып табылады. Бұл әдістің ерекшелігі сол заң несие берушіге борышқор өз міндетін орындамайынша, борышқордың затын өзін - өзі қорғау мақсатында ұстап қалу құқығын береді.
13.2. Айыппұл және кепілпұл
Айыппұл (айып төлеу)– борышқордың міндеттемені орындамаған немесе тиісінше орындамаған ретте несие төлеушіге міндетті заңдармен немесе
шартпен белгіленген ақша сомасы. Айып төлеу туралы келісім, негізгі міндеттеменің нысаныа қарамастан жазбаша түрде жасалуға тиіс. Жазбаша нысанның сақталмауы айып төлеу туралы келісімнің жарамсыздығына әкеліп соқтырады. Айыппұл мөлшері нақты ақша сомасында немесе орындалмаған не тиісінше орындалмаған міндеттеме сомасына шаққандағы процентпен белгіленеді. Егер төленуге тиіс айыпппұл несие берушінің шеккен залалдарымен салыстырғанда тым көп болса, сот борышқордың міндеттемені орындау дәрежесін және борышқор мен несие берушінің назар аударуға лайықты мүдделерін ескере отырып айыппұл мөлшерін азайтуға құқылы. Міндеттемені бұзғаны үшін дорышқор жауапқа тартылатын жағдай болған кезде міндеттеменің орындалмағаны немесе тиісінше орындалмағаны үшін айып өндіріп алынады. Кепілпұл – уағдаласушы тараптардың біреуінің шарт бойынша өзінен алынатын төлемнің есебінен екінші тарапқа және шарт жасау мен орындауды қамтамасыз еткуге берілген ақшалай сома. Кепілпұл туралы келісім кепілпұлдың сомасына қарамастан жазбаша нысанда жасалуға тиіс. Бұл ереже негізгі міндеттеме нотариалдық жолмен куәландырылуға тиіс болатын жағдайда да қолданылмайды. Келісімнің жазбаша нысанда жасалуын сақтамау кепілпұл келісімін жарамсыз деп тануға әкеліп соқтырады. Міндеттеменің орындалуы басталғанға дейін тараптардың келісімі бойынша не олардың кінәсінсіз-ақ оны орындаудың мүмкіндігі болмауы салдарынан тоқтатылған жағдайда кепілпұл қайтарылуға тиіс. Егер міндеттеменің орындалмауына кепілпұл берген тарап жауапты болса, ол екінші тарапта қалады, ал егер кепілпұл алған тарап жауапты болса, ол екінші тарапқа кепілпұлдың екі еселенген сомасын төлеуге міндетті.
Достарыңызбен бөлісу: |