1. бастауыш сынып оқушыларының ақпараттық мәдениетін қалыптастыру негіздері



бет2/8
Дата09.07.2016
өлшемі2.18 Mb.
#187453
1   2   3   4   5   6   7   8



Адами капитал



Ақпараттық капитал




Жеке тұлға тағдырындағы мәні


Жеке мемлекет қауіпсіздігі

Адамзаттың өркендеуі

Ендi «дайын» бiлiм терминi емес, «жалғастырылатын», «одан әрi», «үздiксiз», «өмiр бойы» бiлiм беру терминдерi пайдаланылады.

«Үздiксiз бiлiм беру» терминi XX ғасырдың 40 жылдарында пайда болды. Екiншi дүние жүзiлiк соғыстан кейiн В.Г. Онушкин алғаш өз зерттеулерiн жариялады. 50-60 жылдарда үздiксiз бiлiм беру үлкендерге бiлiм беру, мектептегi бiлiм берудегi «ақтаңдақтардың» орнын толықтыру деп түсiндiрiлдi. 60 жылдарда өндiрiстi тиiмдi дамыту үшiн өз бiлiмiн көтеру деп қарастырылды. 60 жылдардың аяғында үздiксiз бiлiм беру өндiрiстiң әр түрлi салаларында жұмыс iстеу үшiн керек деп, ал 70 жылдарда сол кездегi қоғамдық өмiрге бейiмделу үшiн деп қабылданды.

Үздiксiз бiлiм берудi 3 блоктан тұрады деуге болады. Олар:



  • жалпы мәдени блок; мұғалiмнiң жалпы адамзаттық мәдениетi, тiлдердi меңгеруi, өнер түрлерiн игеруi, сөйлеу мәдениетi, дүниетанымы, әлеуметтiк құндылықтары мен көзқарастары.

  • Психологиялық -педагогикалық блок; мұғалiмнiң педагогикалық сана-сезiмi, педагогикалық iс-әрекеттердi талдауы, жобалау, iске асыру т.б.

  • Пәндiк блок; ғылыми бiлiмнiң мазмұнын жалпы адамзаттық мәдениеттiң құрамдас бөлiгi және оқушының жеке басын дамыту құралы ретiнде өрiстетуге бағытталған.

Қазiргi мектептiң бiлiм мазмұнын iзгiлендiру мен даралау мұғалiмдерге мынандай мiндеттердi жүктейдi:

  • оқушының жеке тұлға ретiнде және iс-әрекет субьектiсi ретiнде мақсатты, тұрақты және дәйектi дамуына жағдай жасау;

  • оқушылардың бiлiмдi таңдауымен меңгеруiн, олардың оқу процесiкезiнде таңдау мүмкiндiктерi мен құқықтарын қамтамасыз ету;

  • оқу-тәрбие үрдісі субъектiлерiнiң «тең дәрежедегi» ынтымақтастығын орнату;

  • бiлiм мазмұнын барынша iзгiлендiру;

  • психологиялық бiлiм берудiң бастапқы негiздерiн қалыптастыру;

  • бiлiм мазмұнының инварианттық және вариативтiк компонентттерi арасындағы гуманитарлық және жаратылыстану-ғылыми бiлiмдердiң диалектикалық бiрлiгiн қамтамасыз ету;

  • оқушылардың оқу жүктемесiн тұрақтандыру.

Бiлiм алаңдарының мынандай құрамын ұсынады: тiл және әдебиет; адамтану; қоғамтану; математика; информатика; жаратылыстану; өнер; технология; дене тәрбиесi.

Оқу үрдісіндегі басымдылықтарды өзгерту, пәндiк бағдарлы оқытудан баланың дамуына, тәуелсiз ойлау стилiн, жалпы оқу бiлiктiлiктерiн қалыптастыруға бағытталған оқытуға көшу қажет.

12 жылдық бiлiм беруде пәндiк-бағдарлы бiлiм беруден нәтижелi бiлiм беруге көшу керек. Нәтижелi бiлiм беруге көшу – адамның оқу-тәрбие үрдісі барысында өзiн iс жүзiнде көрсету және оның жеке қызметiнiң нәтижесi.

Нәтижелi бiлiм беруге көшу – 12 жылдық мектепке көшуге байланысты және қазiргi қоғамдағы өзгерiстерге байланысты туған объективтi қажеттiлiк.

Қазiр бiз «оқушыға бiлiм беру» түсiнiгiн өзгертуiмiз керек. Дәстүрлi бiлiм беруде оқушы алдымен «бiлiм алады», содан кейiн оны өмiрде шығармашылықпен қолданады.

Қазақстан Лиссабон конвенциясына қол қойғаннан кейiн Европалық бiлiм беру кеңiстiгiне ықпалдасудың құқықтық негiзiн алды. Ол жалпы бiлiм беруде 12 жылдық оқытуға көшудi көздейдi.

12 жылдық бiлiм берудi әлемнiң 216 елiнде таниды, мойындайды. Бұрынғы кеңес елдерiнiң iшiнен Балтық жағалауы елдерi, Молдова, Беларусь, Украина, ¤збекстан, ал 2000-2001 оқу жылынан бастап Ресей көштi. 1784 жалпы бiлiм беретiн мектептерде кең көлемде эксперимент жұмыстары жүргiзiлуде. Италия, Швеция, Германияда 13 жыл оқиды. Ал әлем елдерiнiң 20% бiлiм берудiң 10-11 жылдық үлгiсiн сақтап қалып отыр.

Қазiргi кездегi Қазақстан мектептерiндегi бiлiм берудiң мазмұнының көлемiн дамыған Европа елдерiнiң көлемiмен салыстыруға болады. Олар 12 жыл оқитын орта бiлiм бағдарламасын бiздiң оқушыларымыз 11 жыл iшiнде меңгередi. Бұл дегенiмiз оқушыларға артық оқу жүктемесi берiледi деген сөз.

Осы күнгi оқу жоспарына сәйкес 8-9 сыныптың оқушылары 16, ал 10-11 сынып оқушылары 15 мiндеттi пәндердi оқытады. Оның iшiнде көптеген сыныптарда 4-6-ға дейiн оқу пәндерi 1 сағаттық апталық жүктеме бойынша оқытылады. Бұл тәжірибелі мұғалiмдердiң пiкiрiнше тиiмсiз болып саналады.

Бастауыш сынып оқушыларының апталық оқу жүктемесi 24-30 сағат (күнiне 4-5 сағат), негiзгi мектепте 36-40 сағат (күнiне 6-7 сабақ), жоғарғы мектепте 41 сағатты (күнiне 6-7 сабақ) құрайды. Егер бiр сабақтың ұзақтығы 45 минут екенiн және пәндер бойынша үй тапсырмасының берiлетiнiн ескерсек, бұл оқушылар үшiн үлкен жүктеме.

Оқу жүктемесiнiң көбеюi оқушылардың денсаулығына зиянын тигiзедi. Қазiргi кезде мектептерде оқушылардың 60% астамы диспансерлiк есепте тұрады. Оқу жүктемесiнiң көптiгi нашар үлгеретiн оқушылардың оқуға деген ынтасын төмендетiп, қылмыстық ортаны толықтыратын балалар санының көбеюiне әкелiп соқтырады.

11 жылдық мектепте бейiндiк оқу мәселесi жеткiлiксiз шешiлуде. Бейiндiк оқыту тек кейбiр пәндердi тереңдетiп оқытумен шектелдi. Бейiндiк оқыту белгiлi бiр мамандыққа баулуға қызмет етпедi. Осының салдарынан мектеп бiтiрушiлердi жұмысқа орналастыру проблемасы шиеленiсе түстi. Статистикалық мәліметтерге сүйенсек, 2002-2003 оқу жылының басында 22785 оқушы жұмысқа орналасқан жоқ. Бұл мектеп бiтiрушiлердiң 17% құрайды.

Бiлiм реформасы әлемнiң көптеген дамыған елдерiнде жүрiп жатыр. Оларда бейiндiк оқытуға көп көңiл бөледi. 12 жылдық мектеп жағдайында бейiндiк оқыту мәселесiн дұрыс шешудiң мүмкiндiгi бар. Бұл негiзгi және жоғарғы мектептi бiтiрушiлердiң кәсiптi барынша саналы түрде таңдауына ықпал етедi. Негiзгi мектептi бiтiрушiлер кәсіптік мектеп, кәсіптік лицей және колледждерге ықыласпен баратын болады.

Бейiндiк оқу бағдарламалары шығармашылық (тереңдетiп оқыту) және қолданбалы деңгейлерде болуы мүмкiн.

12 жылдық оқуға көшу мектеп оқушыларының артық оқу жүктемесi проблемасын шешуге ықпал етедi. 11 жылға есептелген жалпы бiлiм 12 жыл iшiнде меңгерiлетiн болады. Оқу материалдары мектеп сатылары мен бiлiм беру деңгейлерi арасында қайта бөлiнедi. Орта және кәсiптiк, жоғарғы оқу орындарының бірінші курсында қайталап оқылатын материалдар мектептiң оқу бағдарламасынан алынып тасталынады.

Бұл өзгерiстер:

а) оқушылардың денсаулығының жақсаруына;

б) оқудан жалтаратын балалардың санының азаюына;

в) кәмелетке толмаған балалар арасында қылмыстың төмендеуiне;

г) қабiлетi мен бiлiмiне қарай жоғарғы оқу орнына түсетiн оқушыларды сапалы даярлауға;

д) кәсiп таңдау мотивациясының жоғарылауына;

ж) республикадағы демографиялық жағдайдың жақсаруына ықпал етедi деп күтiлуде.

Ең бастысы 12 жылдық бiлiм беруге көшу бiздiң аттестаттарымыздың шетелдерде танылуына, соның нәтижесiеде әлемдiк бiлiм кеңiстiгiне кiрiгуге мүмкiндiк бередi.

Сонымен қазiргi жалпы орта бiлiм берудiң басты мақсаты:



  • әлемдiк бiлiм беру стандартына сәйкес келетiн бiлiм берудiң жоғарғы сапасын қамтамасыз ету;

  • өзiн -өзi тәрбиелеуге, өздiгiнен бiлiм алуға, өзiн-өзi тануға, өзiн-өзi iске асыруға, өзiн-өзi дамытуға және кәсiптiк бiлiм беру бағдарламасын меңгеруге дайын, жеке және қоғамдық мүдделердi үйлестiре бiлетiн жан-жақты мәдениеттi, шығармашылық тұлғаны қалыптастыру.

Жалпы орта бiлiм берудiң мiндеттерi:

  • негiзгi және қосымша жалпы бiлiм беру бағдарлаиасын меңгеруге және бiлiм алуды жалғастыруға қажеттi жағдайлар жасау;

  • даралықты дамытуға жағдай жасау арқылы жеке тұлғаның интеллектiсiн байыту;

  • азаматтық пен патриотизмге, оз Отаны - Қазақстан Республикасын сүюге, халықтық дәстүрлердi құрметтеуге, конституцияға және қоғамға қарсылықты кез-келген көрiнiстерге төзбеушiлiкке тәрбиелеу;

  • республиканың қоғамдық-саяси, экономикалық және мәдени өмiрiне қатысу қажеттiлiктерiн, тұлғаның өзiнiң құқықтары мен мiндеттерiне саналы көзқарасын қалыптастыру;

  • Отандық және әлемдiк мәдениеттiң жетiстiктерiне бой ұру;

  • қазақ халқының және республикадағы басқа халықтардың тарихын, салттары мен дәстүрлерiн зерделеу, мемлекеттiк, орыс және шетел тiлдерiн меңгеру;

  • оқыту, бiлiмдi ақпараттандыру технологияларын және халықаралық ғаламдық коммуникациялық желiлерге шығуды қамтамасыз ету.




1.2. БАСТАУЫШ СЫНЫПТА ИНФОРМАТИКАНЫ ОҚЫТУ МАЗМҰНЫ

«Қазақстан Республикасы бiлiм беру жүйесiн 2015 жылға дейiн дамыту тұжырымдамасының» негiзгi мiндеттерiнiң бiрi оқушылардың ақпараттық дайындығын жетiлдiру болып табылады.

Орта бiлiм беру жүйесiндегi информатиканың ролi қазiргi қоғамдағы ақпараттық мәдениеттiң негiзiн құрайтын - ақпараттық және коммуникациялық технологияны пайдалану дағдыларын қалыптастырудағы ақпараттық бiлiмнiң мәнiмен қамтамасыз етiледi.

Бiлiм берудегi ақпараттық технологияның ЮНЕСКО институтының “Бастауыш бiлiм берудегi информатика” ұсыныстарын, информатиканы оқыту тәжiрибелерiн талдау және компьютердiң дидактикалық мүмкiндiктерiн негiзге ала отырып, “Ақпараттық мәдениет негiздерi” пәнiн оқытуды ұсынып отырмыз.

Пәннiң мазмұнын құрастыру бағытында оқушылардың ойлау қабiлетiнiң математикалық негiздерiн құрайтын ақпараттық мәдениет пәнiнiң iргелi ұғымдарын меңгерту басшылыққа алынған.

Психолог ғалымдардың тұжырымдамасы бойынша адамның жинақтаған бiлiмiнен гөрi, оның ойлау қабiлетiнiң дамуы, талдау жасай бiлу қабiлетi, алынған ақпараттарды жалпылау және шешiмдер қабылдай бiлу сияқты қасиеттермен қарулануы қажет. Осы тұжырым негiзiнде пәннiң негiзгi мақсаты алынады.



Пәннiң негiзгi мақсаты – жаңа буынды ерте жастан бастап жүйелi ойлау қабiлетiн қалыптастыру.

Аталған мақсаттан келесi мiндеттер шығады:



  • оқушылардың логикалық және алгоритмдiк ойлау қабiлетiн дамыту;

  • оқушылардың компьютерлiк сауаттылығын дамыту;

  • оқушылардың коммуникативтiк (тiлдiк) ойлау қабiлетi мен шығармашылыққа бейiмдiлiгiн дамыту;

  • оқушылардың жүйелiк-ақпараттық бейнесiн, ақпараттық мәдениетiн, өзiн-өзi дамытуға және қызмет субъектiсi ретiнде қалыптастыру.

Жоғарыдағы аталған мақсаттар мен мiндеттерден “Ақпараттық мәдениет негiздерi” пәнiн оқытудың мақсаттары айқындалып, нақтыланады.

Бастауыш бiлiм берудегi “Ақпараттық мәдениет негiздерi” пропедевтикалық курс болып табылады және онда берiлген iргелi ұғымдар жұмыс дәптерiндегi қызықты деңгейлiк тапсырмалармен, сұрақтармен, логикалық есептермен және дамытушылық ойындармен, сергiту сәттерiмен сипатталады.

Ақпараттық мәдениеттiң базалық ұғымдары туралы алғашқы мағлұмат бiздi қоршаған орта – зат, тiрi және өлi табиғаттағы нысандар, ақпарат және оның түрлерi, оларды алу және беру тәсiлдерi сияқты бiлiмдермен оқушыларды қаруландырады.

Бағдарлама мазмұны оқушыларғы мына тақырыптармен танысуға мүмкiндiк бередi:



  • ақпарат және оның түрлерi турыл түсiнiктермен;

  • ақпараттық үрдістiң негiзгi заңдылықтарымен;

  • әрекеттi жоспарлау және оны сипаттау, нысан белгiлерiнiң ерекшелiктерiмен;

  • нысанды топтаумен және оны бөлумен;

  • логикалық модельдермен және тұжырымдармен;

  • орындаушы ретiнде компьютерде жұмыс iстеу дағдыларын меңгерумен;

  • графикалық және мәтiндiк редакторларды жұмыс iстеумен;

  • алгоритмдеумен және оның атқарушыларымен.

Сонымен, пәннiң мазмұны оқушыларды ақпараттық қоғамда өмiр сүре бiлуге жан-жақты дайындап, олардың өзiндiк танымдық iс-әрекеттерi дағдыларын және үйренушiнiң iзденiстiк-танымдық мүмкiндiктерiн қалыптастыруға жағдай жасайды.

«Ақпараттық мәдениет негiздерi» пәнiн оқыту оқушыларды бiртұтас ақпараттық-бiлiмдiк ортаға бейiмделу негiзiне дайындайды.

Әрбiр курс тақырыптарға бөлiнген және олар таңдалынған курстың талаптарын қанағаттандырады. Курстың барлық тақырыптары жыл сайын компьютер сыныбындағы тәртiптi сақтау ережелерi мен техника қауiпсiздiгiн қайталаудан басталады. Сонымен бiрге курстың әрбiр тақырыбы дамытушылық, дүниетанымдық және технологиялық салалар бойынша бiлiмдердi тереңдетiп отырады. “Ақпарат”, “Ақпараттық процестер” сияқты ұғымдарды меңгертуде қоршаған әлем туралы бiлiм мен дерексіз ойлай бiлу қабiлетi мен логикалық тұжырымдар жасай бiлу қасиеттерi талап етiледi.

Курс соңында оқушы оқу бағдарламасында көрсетiлген әрбiр тақырып жөнiнде бiлiм мен бiлiктiлiк жинағын алады. Жекелеген тақырыптар бойынша қызықты тапсырмалар мен сұрақтар, компьютердегi практикалық жұмыстар қарастырылған. Барлық бұл кезеңдер бағдарлама құрылымында көрсетiлген.

Кейбiр тақырыптарды меңгеруде басқа пәннен алған бiлiмдерi қажет болады. Бұл пәннiң пәнаралық сабақтастығын және оқу үрдісiнде жаңа ақпараттық және коммуникациялық технологияны пайдалану негiзiнде пәндер сабақтастығы қамтамасыз етiледi.

Пәндi 1-4 сыныптарда оқыту аптасына 1 сағаттан барлығы 136 сағатты қамтиды.



Оқу бағдарламасын құрастыру барысында әрбiр сынып оқушыларының жас ерекшелiгi мен жалпы бiлiмдердi қабылдау деңгейi ескерiлген.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет