8-билет
1.Кальций карбидінен ацетилен алу.
CaC2–ден ацетиленді алудың өндірістік әдісі XIX ғасырдың соңынан бастап белгілі және қазір де актуалды.
CaC2-ін сөндірілмеген әк СаО және кокстан электродоғлы пештерте алады:
Реакция - эндотермиялық, бұл өндірілетін ацетиленнің өзіндік құнының маңызды элементін құрайды.
Экзотермиялық реакция бойынша кальций карбидінің сумен әрекеттесуі кезінде ацетилен алынады:
Ацетиленнің ыдырауы мен полимерленуін болдырмау үшін реакция аймағынан жылуды үнемі алып тастау керек.
1 кг CaC2-нен 230÷280 л CH≡CH алады, теориятық түрде болу керек – 380 л.
2.Медицинада және фармакалогияда ЖМҚ қолдану.
Дәрілік заттар Пепсин ПанкреатинТрипсин Медицинада қолдану бойынша 3 топқа жіктеледі:
-Ағзаға енгізуге арналған полимерлер: ішкі протездер, пломбылар, желімдер,
қан алмастырғыштар, дезинтоксикаторлар, антидоттар;
-Ағзамен және оған енгізілетін заттармен түйісетін полимерлер: хирургиялық құралдар, шприцтер, медициналық аппараттар мен приборлардың тетіктері;
-Ағзаға енгізілмейтін және ағзаға енетін заттармен түйіспейтін полимерлер: лабараториялық ыдыс, штативтер,операция бөлмелері жабдықтары
Медицинада қолданылуы.
Жоғары молекулалық қосылыстар (полимерлер) - бұл өте үлкен молекулалық массасы бар заттар, олардың молекулаларында мономер атомдарының қайталанатын топтары болады.
Жіктелуі:Химиялық құрамы бойынша полимерлер органикалық бейорганикалық және Элементоорганикалық болып бөлінеді.
Шығу тегіне байланысты полимерлер табиғи, жасанды және синтетикалық болып табылады.
Полимерлердің мономерлі байланыстарының құрамы бойынша жіктелуі полимерлерді гомополимерлер мен гетерополимерлерге бөледі.Негізгі тізбектің құрылымына байланысты мыналар бөлінеді: гомо және гетеро тізбекті полимерлер.
Макромолекулалардың құрылымы бойынша полимерлер: сызықты, тармақталған және торлы.
Алынуы:-Поликонденсация-бұл функционалды топтарды алмастыру механизмі арқылы жүретін бірдей немесе әртүрлі құрылымдағы мономерлердің бірнеше молекулаларынан жоғары молекулалық қосылыстардың түзілу реакциясы және реакция төмен молекулалы өнімдердің түзілуімен бірге жүреді.
-Полимеризация-бұл жоғары молекулалық қосылыстардың тізбекті реакциясы, оның барысында мономер молекулалары өсіп келе жатқан тізбектің соңында орналасқан белсенді орталыққа қосылады.
Достарыңызбен бөлісу: |