1 билет Альцгеймер ауруы



Pdf көрінісі
бет13/16
Дата20.09.2023
өлшемі0.65 Mb.
#478087
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16
Патфиз рк 6 глоссарий, есеп

 
5.Субарахн.кан куйылу: 
Субарахноидалды қан құйылулар (лат. sub – төмен, асты + грек. 
arachne - өрмекші + eidos - түр) - субарахноидалды кеңістікке (мидың өрмелі және жұмсақ қабығы 
арасындағы қуыста) қан құйылумен сипатталатын МҚЖБның бір түрі. Әдетте, артериялық қапшық 
тәрізді аневризмнің жарылуынан (70-85% жағдайда) немесе артериовеналық мальформация 
салдарынан туындайды. 
Есептің жауабы; В12 тапш анемия
12 вариант 
1. Истериозис 
(
грек. hystera - жатыр) - қандай да бір афференттік нервтің ұзақ уақыт 
бойы ырғақты түрде тітіркенуінен ОНЖ-де қозымдылықтың күрт артуымен 
көрінетін патологиялық жағдай. Осының нәтижесінде басқа да сезімтал нервтердің 
шамалы ғана тітіркенуі генерализацияланған реакцияны туындатады. Истериозис 
сіреспе, құтыру, стрихнинмен улау кезінде және т.б. жағдайда байқалуы мүмкін.
 
2. Межелі ишемиялық қанағым мидағы қанағымның ең төменгі критикалық 
деңгейі және миға оттегі мен қоректік заттектердің жеткіліксіз келіп түсуінен 
жергілкі ишемияның дамуы. Салдарынан ми инфаркты дамуының қауіпі 
туындайды. Минуттық қанағымның 10 мл/100г/мин–1 азаюы нейроглия 
жасушалары мен нейрондардың қайтымсыз зақымдануларын туындатады.
 
3. Парестезия (грек. parа - қасында, маңайында + aistesis- сезіну, сезім) - жалған 
сезіну; дененің әр жерінде шаншу, қызып ашу, түршігу, ұю, құмырсқа жүргендей 
жыбырлау сияқты кенеттен пайда болатын әртүрлі сезім. Парестезия шеткі 
нервтердің, қантамырлардың аурулары кезінде, өте сирек – ми мен жұлынның 
сезімтал орталықтарының бүлінуі кезінде туындауы мүмкін.
 
4. Клонусты құрысқақ (грек. klonos – қозғалыс) - жазылатын және бүгілетін 
еттердің рет-ретімен жиырылуы, нәтижесінде аяқ-қолдардың және дененің жылдам 
еріксіз қимыл-қозғалыстары байқалады. Олар пирамидалық жүйелердің 
құрылымдарының бұзылуы мен мидың үлкен жартышарларының шамадан тыс 
қозуының салдарынан туындайды; тонусты құрысқаққа қарағанда аса қауіпті емес, 
өйткені басқа қосарлас аурулар әдетте байқалмайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет