2.
Эксайуыттылық
(ағылш. to excite - қоздыру, белсендіру) – NMDA- және AMPA-
рецепторларын белсендіруге қабілетті нейромедиаторлардың әсерінен нерв
жасушаларының бүлінуі мен өлуін туындататын басты механизм. Глутаматтың
ионотропты рецепторларының тым артық белсенуінің нәтижесінде кальций, натрий, калий
үшін иондық қаналдар ашылады. Глутаматтың эксайтоуыттылығы церебральды ишемия
дамуының патобиохимиялық каскадының маңызды тізбегі болып есептеледі
3.Броун Секар
(жұлын-мидың латералдық гемисекциясы) (лат. hem» - жартысы +
sectio - кесу) - жұлын-мидың жарты көлденеңі зақымданғанда пайда болатын симптомдар
кешені. Зақымданған жақта орталықты салдану (немесе парез) дамиды, бұлшықеттік-
буындық және вибрациялық сезімталдық жойылады. Қарама-қарсы жақта ауырсыну сезімі
мен температуралық сезімталдық жойылады. Жұлын жарақаттанғанда, онда қанайналым
бұзылғанда, инфекциялық миелопатияларда, жұлын өспелерінде, таралған склероз
дамығанда пайда болады.
Достарыңызбен бөлісу: