1 билет Альцгеймер ауруы



Pdf көрінісі
бет10/16
Дата20.09.2023
өлшемі0.65 Mb.
#478087
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   16
Патфиз рк 6 глоссарий, есеп

1. 
Антижүйелер 
(грек. anti – қарсы + лат. systema - тұтас, бірігу)- патологиялық 
жүйенің қызметін басуға және дамуын шектеуге бағытталған организмнің реттеуші 
механизмдері. Мысалы; антиноцицептивтік, антиэпилепсиялық және 
антиэмоциялық антижүйелер кездеседі. 
2. 
Инсульт кезіндегі ишемияның ядролық аймағы («өзек», «инфарктты ядро») 
ми қанайналымының жіті бұзылысы дамығаннан бастап 6-8 минуттың ішінде 
нейрондардың қайтымсыз зардапталған аумағы және қантамырлардағы минуттық 
қанағымның (МҚ) 10 мл/100г/минуттан–1 төмен) айқын азайған аймағы. Бұл 
инсульттің орталық аймағы саналады, яғни көлемі жағынан басымдау «ишемиялық 
жартылай көлеңке» деп аталатын тіршілікке икемді аймақпен қоршалған некроз 
ошағы. 
 
3. 
Каталепсия
 (грек. katalepsia - ұстап қалу) - жасанды кейіпте дене қалпының аяқ-
қолдың немесе дененің мелшейіп қатып қалуы («балауыз тәрізді иілгіштік»), 
сонымен бірге, осы дене қалпының ұзақ уақыт бойы патологиялық түрде сақталуы. 
Бұл кезде бұлшықеттердің тонусы артады. Науқастар бірнеше апта немесе айлар 
бойы осындай қозғала алмайтын жағдайда қалады. 
4. 
Антиэпиялепсиялық жүйе 
- эпилепсиялық белсенділіктің таралуына және 
генерализациялануына бөгет ететін механизмдердің жиынтығы. Оларға 
ингибиторлық функциясы бар, яғни тежеуші қабілетке ие құрылымдар: құйрықты 
ядро, мишық, гипоталамустың латералдық ядросы, ми көпірінің каудалды 
ретикулалық ядросы және фронталды-орбиталық қыртыс кіреді 
5. Паркинсон ауруы 
– стриопаллидарлы жүйе құрылымындағы дофаминергиялық 
жасушалардың алғашында дегенеративті өзгерісімен кейін өлімімен сипатталатын 
баяу үдейтін ауру (қара денешік, көгілдір дақ, стриатум). Даму барысында мидың 
басқа бөліктеріндегі дофаминергиялық нейрондардың ыдырауы байқалады. ПА 
кезіндегі бастапқы процеске дофаминді нейрондардың өліміне әкелетін α-
синуклеин нәруызының жиналуы, одан нейротоксикалық агрегаттар мен Леви 
денешіктерінің түзілуі жатады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   16




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет