1-билет Гольджи аппаратының құрылысы жǝне қызметі, оның синтездегі, сеĸрет шығарудағы жǝне ĸлетĸаға басқа заттарды өтĸізудегі рөліне анықтама беріңіз


)Ядроның құрылысы мен қызметі. Клеткадағы маңызына сипаттама беріңіз



бет18/79
Дата29.04.2024
өлшемі161.36 Kb.
#500112
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   79
шпор цитооо

3)Ядроның құрылысы мен қызметі. Клеткадағы маңызына сипаттама беріңіз.
Ядро (лат. nucleus, гр. κάρυον) — хромосомалары бар жасушаның негізгі органоиды. Диаметрі — 3-10 мкм.

Интерфазалық жасуша ядросы хроматин дәншелерінен (хромосомалардың микроскоппен көрінетін бөліктері), ядрошықтан, кариоплазмадан (ядро сөлі) және кариолеммадан (нуклеолемма) тұрады. Сыртқы және ішкі жарғақтардан құралған кариолеммада цитоплазмамен қатысатын диаметрі 80-90 нм тесіктер болады. Сыртқы жарғақша эндоплазмалық тор өзекшелерімен қосылып, өзекшелердің біртұтас жүйесін түзеді.


Жасушалық құрылысы бар тірі ағзалардың барлығы ядросыздар (прокариоттар) және ядролылар (эукариоттар) болып екі топқа бөлінеді. Ядросыздарда сақиналы ДНҚ-ның тек бір молекуласы ғана болады және ол тікелей цитоплазмада жатады.
Жоғары сатыдағы көптеген өсімдіктер, жануарлар мен саңырауқұлақтардың жасушаларында бір ядро бар. Қарапайымдар мен төменгі сатыдағы өсімдіктердің бірнеше ядросы болады.
Ядро ағзадағы ақуыздық алмасуды реттеу арқылы тұқым қуалаушылық қасиеттерді ұрпақтан-ұрпаққа жеткізуге мүмкіндік береді. Ядрода РНҚ-ның барлық түрлері синтезделеді; ДНҚ екі еселенеді және рибосома бөліктері пайда болады.
Хромосомалар
Ағзаның тәндік (жынысқа жатпайтын) жасушалардың барлығындағы хромосома саны бірдей, қосарлы, ал жыныс жасушаларында хромосомалар екі есе аз - жеке жиынтық болады. Бір түрге жататын ағзалардың барлығының жасушаларындағы хромосомалардың құрылысы, саны мен мөлшері бірдей. Ағзаның тәндік жасушаларының хромосомаларының барлық белгілерінің жиынтығы кариотип деп аталады. Ағзалар түрінің көпшілігінде хромосомалар саны тақ болып келеді. Тәндік жасушаларда пішіні мен мөлшері бірдей екі хромосома болады, оның біреуі - аналық ағзадан, екіншісі - аталық ағзадан тұрады. Сондықтан пішіні, мөлшері және құрамы бойынша бірдей хромосомалар ұқсас хромосомалар деп аталады. Тәндік жасушаның екі еселенген хромосома жиынтығы диплоидты хромосома деп аталып, 2n арқылы белгіленеді.
Жыныс жасушалар - гаметалар пісіп жетілген кезде ұқсас хромосомалардың барлығынан жасушалардың әрқайсысына тек біреуі ғана түседі. Сондықтан гаметаларындағы хромосома жиынтығы екі есе аз болады. Ол біреу ғана болады, сондықтан даралық немесе гаплоидты деп аталып, 1n болып белгіленеді.
Ген - белгілі бір нәруыз жөнінде жазылған ақпараты бар хромосомалар үлескісі.
Ядро шырыны
Ядроның негізгі бөлігі - ядро шырыны немесе кариоплазма - ядроның қаңқасы қызметін атқаратын түпнегізден: сұйық бөліктен және басқа қоспалардан тұрады. Шырынның сұйық бөлігін, цитоплазманікі сияқты, ферменттер және жартылай ыдыраған бейорганикалық заттар құрайды.
Ядроның түпнегізі шырын мен ядрошықты түгел қамтитын қышқылды ақуыздан тұрады. Ядро шырынында цитоплазмадан әр түрлі заттар өтеді және ядродан цитоплазмаға өтетін заттардың бәрі соған жиналады.
Кариоплазма құрамына су, ақуыз, көмірсулар, нуклеопротеидтер, витаминдер, ферменттер, минералды тұздар иондары кіреді. Кариоплазма митоз кезінде цитоплазмамен қосылып кетеді.
Ядрошық
Ядрошықтың саны бір немесе бірнешеу болады. Ядрошықтың 15 пайызы ДНҚ мен 80 пайызы ақуыздан тұрады. Олар рибосомды нуклеин қышқылдары және рибосомаларды синтездеу қызметтерін атқарады. Митоздың (жасушаның бөлінуі) бөліну кезінде ядрошықтар жойылып кетеді және жаңа жасуша пайда бола бастағанда қайтадан синтезделе бастайды, интерфаза сатысында олардың синтезделуі толығымен аяқталады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   79




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет