1-билет Гольджи аппаратының құрылысы жǝне қызметі, оның синтездегі, сеĸрет шығарудағы жǝне ĸлетĸаға басқа заттарды өтĸізудегі рөліне анықтама беріңіз



бет26/79
Дата29.04.2024
өлшемі161.36 Kb.
#500112
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   79
шпор цитооо

сипаттама беріңіз
Эпителий ұлпасы өзінің атауын гректің екі сөзінен «эпи»-үсті және «телий»-еміздікше деген ұғымдардан тұрады. Дәнекер ұлпалар еміздікшелерінің үстінде орналасқан ұлпаны эпителий деп атап, Бұл терминді алғаш рет Рюйеш қолданған.

Эпителий ұлпасы (epithelium), дененің сыртқы бетін, куыс органдардың ішкі бетін (ішектің, асқазанның, қуықтың) және ағзаның секрет бездерін алып жатады.


Эпителий-шекаралық ұлпа, өйткені ол ішкі ортамен сыртқы ортаның аралығында жатады. Эпителий арқылы организм мен сыртқы ортаның арасында зат алмасу жүреді.


Ішек эпителийі арқылы қоректік заттар, ақуыз, майлар, углеводтар қан мен лимфаға беріледі, олар арқылы ағзаға таралады, қоректік заттар энергия көзі болып табылады. Көп уақытта ағзадан сыртқы ортаға әртүрлі продуктылар (заттар) сыртқа шығарылып отырады. Мысалы: көміртегі-өкпеден сыртқа шығады, несеп, несепқышқылы бүйрек арқылы сыртқа шығады. Эпителий шекарада түрғандықтан қорғаныш қызметін атқарады. Ол ағнаны химиялық, механикалық және басқа да әрекеттерден сақтап тұрады, микроб, улы заттарды өткізбейді.


Секрет шығаратын бездердің эпителий ұлпасы маңызды қызмет атқарады, өйткені олар секрет шығарып отырады, ол секрет бүкіл ағзадағы зат алмасу процесінің дүрыс жүруін қамтамасыз етеді. Мысалға, асқазан бөлетін сөл оны химиялық және механикалық өзгерістерден сактайды, ішек эпителиі шығаратын фермент ас қорту процесінде үлкен роль атқарады.


Қалқан безі (щитовидная железа) шағаратын гормон жалпы ағзадағы алмасу процесін реттейді.


Шығу тегі және аткаратын қызметіне байланысты эпителийдің құрылысы әртүрлі болады, бірақ та эпителий ұлпасының басқа ұлпадан ерекшелігі болады. Бұл ерекшелігі оның шекаралық жағдайына және аткаратын қызметіне байланысты. Эпителий ұлпасы жасуша пластысын құрайды. Эпителий базальды мембранада жатады, оның астында борпылдақ дәнекер ұлпасы жатады. Оларда кан тамырлары болмайды, ал қоректік затты базальды мембрана арқылы алады. Эпиталий ұлпасы жасушалардан - эпителиоциттерден тұрады.


Эпителийдің негізгі қызметі өзінің астында орналасқан дәнекер ұлпасын қорғау. Сонымен қатар кейбір жағдайларда белгілі эпителиалдық жасушалар секрет бөлу және сіңіру функцияларын да атқарады.
—Көп қабатты эптителий сіңіруді тиімді қамтамасыз атқара алмайды, сонымен бірге көп қабатты құрылым секрет бөлу қызметіне нашар бейімделген. Сондықтан көп кабатты эрителийдің бетіне секрет оның астында орналаскан бездерден келеді де өзінің өзектер аркала оның бетіне ашылады. Сонымен, көп қабатты эпителий негізінде қорғаныш қызметінде атқарады көп кабатты эпителийдің мүйізденбейтін және мүйізделуші деп аталатын екі түрі бар.
—Ең ерте дамыған эпителий ішек және тері эпителийі болып саналады. Жоғары сатыдағы жануарларда олар тоскауылдық, сорғыштық, бездік шығарушы осмос реттейтін қызметтер аткарады. Без эпителийі метаболизм процессінде пайда болған секреттерді сыртқы ортаға шығарып отырады. Ерекше секрет ретінде гормондарды айтуға болады.

Эпителий ағза бездерінің негізгі массасын құрайды. Бездегі эпителиалдық жасушалардың қызметі - ағза тіршілігіне қажет заттарды жасушаларда тұзіп, олардан бөліп шығару. Бездер ағзада секрет бөлу қызетіы атқарады. Олардың көпшілігі қалыптасқан жеке органдар. Басқалары органдардың бөлігі болып саналады. Бездер экзокридік және эндокриндік болып бөлінеді. Экзокриндік бездер секрет тұзуші немесе бездік бөлімі мен шығарушы өзектен тұрады. Экзокриндік бездердің классификациясы осы бөлімдерінің құрылысына негізделген. Эндокриндік бездер тікелей қанға түсетін гормондарды бөледі. Эндокриндік бездер бездік жасушалардан тұрады және олардың шығару өзектері болмайды. Бұларға жататындар гипофиз, эпифиз, қалқанша және калканша серік бездері, бүйрек үсті бездер, қы безінің Лангерганс аралшықтары т.б. жатады. Осылардың бэрі ағзаның эндокриндік жүйесін құрайды. Экзокриндік бездер сыртқы ортаға, яғни эпителиймен астарланған органдардың куыстарына немесе терінің бетіне шығарылатын секреттер бөледі.


Бездердің қызмет ететін ұлпаларының ең негізгісі - эпителий ұлпасы. Бездер екіге бөлінеді: бір жасушалы және көп жасушалы. Бір жасушалы бездердің пішіні де, орналасады да әр түрлі болып келеді. Эпителиалдық жасушаның ішінде орналасса, онда эндоэпителиалдық бездер деп аталады. Дене сыртында орналасса, онда экзоэпителиальді бездер деп аталады. Өзінің секретін бөлуіне байланысты да ажыратылады: канға немесе бос кеңістікке (эндо- және экзокринді бездер). Сонымен қатар белоктың, мукополисахаридті (немесе мукопротеидті) және баска да секреттер бөліп шығаруына карай да бөлінеді.


Көп жасушалы бездерде 2 түрлі жасуша болады: секреторлы, секретті сыртка шығаратын жасушалары. Осы жасушалардың құрылымы мен функциясы әр түрлі болып келеді. Біріншісі сол безге тән спецификалық секрет бөледі. Екіншісі секрет өтетін каналдардың құрамын құрайды. Безді жасушалар кейде сүзгіш және механикалық қасиетімен қатар секторлық функциясында аткарады.


Көп жасушалы бездердің тармақталған (күрделі) және тармақталмаған (қарапайым деп аталады) «каналдары» болуы мүмкін.

Секторлық бөлімдер болса тармақталған болады. Сонда 1 каналға бірнеше секреторлық бөлімдер түседі. Көп жасушалы бездер бір жасушалы сияқты экзо және эндоэпителиальды болуы мүмкін. Бірақ та олардың көбісі экзоэпителиальды түрге жатқызылады. Секретін бөлу бағытына карай көп жасушалы бездер: эндокринді (ішкі секрециясы бар бездер) және экзокринді (сыртқы секрециясы бар) болып бөлінеді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   79




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет