2)Клетка аралық байланыстар түрлеріне анықтама беріңіз. Қарапайым жанасу — жасушааралық байланыстың ең көп тараған тұрі. Ені 15-20 нм жасушааралық саңылау — көрші жасушалар плазмолеммалары гликокаликс қабаттарының өзара әрекеттесетін аймағы;
2.Саңылаулы жанасу немесе нексус 0,5-3 мкм жасушаарлық аймақты қамтиды. Көрші жасушалар плазмолеммалары аралығында 2-3 нм саңылау қалады. Нексус аймағындағы көрші жасушалар плазмолеммаларында арнайы протеиндік кешеннен түзілген, арналары 1,5-2 нм өзекшелер болады. Олар плазмолеммалар аралығындағы саңылауда бір-бірінің ұштарымен өзара түйісіп, әртүрлі иондар мен ұсақ молекулаларды бір жасушадан екінші жасушаға өткізетін өзектік бірліктер — коннексондарды түзеді. Коннексондар жасушалардың зат алмасуы мен электрлік әрекеттесуін қамтамасыз етеді. Коннексондар арқылы протеиңдер мен амин қышқылдарының ірі молекулалары өтпейді. Нексус қозу процесі жұретін ұлпалар мен мүшелерде кездеседі;
3.Тығыз жанасу — ұлпалар жасушааралық саңылауларын қоршаған ортадан оқшаулау арқылы, олардың ішкі ортасын сыртқы ортадан бөледі. Көрші жасушалар плазмолеммаларының интегральды протеиндері бір-бірімен байланысып, жасушааралық қосылу аймақтарын түзеді. Тығыз жанасу арқылы иондар мен молекулалар өте алмайды. Тығыз жанасу эпителий жасушалары апикальды ұштары аралығында болады. Ал эпителиоциттер плазмолеммалары аралығында, олардың механикалық байланысын қамтамасыз ететін, жалпы диаметрі 0,5 мкм, тығыз жанасудың тұрі — тығыз жабысу немесе десмосома кездеседі. Десмосома аймағындағы ені 22- 35 нм жасушааралық саңылауда плазмолеммалар жарғақұсті қабаттарынан талшықты зат түзіледі. Оның орталығындағы протеиндер мен мукополисахаридтерден түзілген жалпақ тақташалар көлденең жіпшелер арқылы көрші жасуша плазмолеммасымен байланысып тұрады. Десмосома аймағына іргелес көрші жасуша цитоплазмасы бөлігі тығыздалып, онда да жіпшелер түзіледі;
4.Саусақша жанасу немесе құлып — көрші жасушалар плазмолеммаларының бір-біріне қарама-қарсы саусақ тәрізді еніп, құлып тіліне ұқсас байланысуын айтады.
5.Синапстық байланыс — жүйкелік қозу мен тежелуді бір бағытта өткізуге маманданған, нейроциттер, нейроцит - Бұлшықет жасушалары, нейроцит-эпителиоциттер плазмолеммалары аралықтарындағы жасушааралық жанасу.[1]