1-билет Гольджи аппаратының құрылысы жǝне қызметі, оның синтездегі, сеĸрет шығарудағы жǝне ĸлетĸаға басқа заттарды өтĸізудегі рөліне анықтама беріңіз


билет 1. Көмірсулар табиғатта өте кең таралған және адам өмірінде аса маңызды роль атқарады



бет28/79
Дата29.04.2024
өлшемі161.36 Kb.
#500112
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   79
шпор цитооо

13.билет
1. Көмірсулар табиғатта өте кең таралған және адам өмірінде аса маңызды роль атқарады. Олар қоректі заттардың құрамына кіреді, адамға қажетті энергия негізінен осы көмірсулармен толтырылады.Ақуыздың биосинтезіне және тұқым қуалау қасиеттерінің берілуіне қажетті нуклеин қышқылдары осы көмірсулардың туындыларынан құралған. Әсіресе көмірсулар туындыларының фотосинтез процесінде маңызы зор.
Фотосинтез процесі деп қарапайым заттардан (Н2О және СО2) күн сәулесінің энергиясын пайдаланып жасыл пигмент хлорофильдің қатысуы арқылы көмірсулардың түзілуін айтады.
Көмірсудың қызметі
1.Жасушадағы барлық процестерде энергияның негізгі көзі болып табылады. 1 г глюкоза 17,1 кДж (4,2 ккал) энергия бөледі
2.Құрылымдық қызмет атқарады. Өсімдіктерде жасуша жарғақшасы құрамына целлюлоза кіреді.
3.Қор жинау қасиеттеріне ие. Крахмал мен гликоген глюкоза көзі.
4.ДНҚ, РНҚ және АТФ компоненттері.
Көмірсулар адам ағзасына нәруыз бен майлардың дұрыс алмасуына қажет. Олар нәруыздармен қосылыстарда кейбір гормондар, ферменттер, сілекей секреттері мен басқа да маңызды қосылыстар түзеді. Ерекше рөлді ішекте жартылай қорытылатын, энергия бөлуде аз рөл ойнайтын клетчатка, пектиндер, гемицелюлозалар ойнайды. Бірақтан бұл полисахаридтер ас талшықтарының негізін құрайды және тамақтануда маңызды рөл атқарады. Көмірсулар негізінен өсімдіктектес азық-түліктерде кездеседі.
Көмірсулар алмасуы – тірі организмде жүретін көмірсулардың қорытылу, ыдырау, сіңірілу, сондай-ақ, олардың басқа қарапайым заттардан биологиялық түзілу процестерінің жиынтығы. Адам мен жануарлардың қоректенуіне қажетті негізгі көмірсуларға крахмал жатады. Адам қорегінде дисахаридтердің де атқаратын қызметі үлкен. Ферменттердің (амилазалар, мальтазалар, сахаразалар және лактазалар) әсерінен ас қорыту жолдарында бұл көмірсулар гидролиздік жолмен ыдырайды. Осының нәтижесінде түзілетін моносахаридтер (негізінен, глюкоза, фруктоза және галактоза) қан тамырлыры арқылы тіндерге тарайды.
Нуклеин қышқылдары (лат.nucleus — ядро) немесе полинуклеотидтер — көптеген нуклеотидтерден тұратын үлкен молекулалы күрделі полимердер.
Нуклеин қышқылдары тірі жасуша ядросының маңызды құрам бөлігі. Нуклеин қышқылдары (НҚ) рибонуклеин қышқылы (РНҚ) және дезоксирибонуклеин қышқылы (ДНҚ) болып екі үлкен түрге бөлінеді. Тірі организмнің құрамына нуклеин қышқылдарының екі түрі де кіреді. Нуклеин қышқылдары жоғары молекулалы гетерополимерлі қосылыстар.
ДНҚ (дезоксирибонуклеин қышқылы) үлкен молекуласы
РНҚ (рибонуклеин қышқылы) салыстырмалы түрде шағын молекулалар
ДНК да, РНК да екі негізгі пурин негізін, аденин (А) жене гуанинді (G) жене екі негізгі пиримидинді камтиды.
ДНК-да да, РНК-да да пиримидиндердін бірі цитозин (С), бірак екінші ортак пиримидин екеуінде де бірдей емес: ол ДНК-дагы тимин (Т) жене РНК-даты
урацил (U).
РНК-да тимин немесе ДНК-да урацил кейде гана кездеседі.
Нуклеин қышқылдары биологиялық тұрғыдан маңызды рөл атқарады. Олар тірі организмдердегі генетикалық ақпаратты сақтайтын және тасымалдайтын жасушаның (жасушаның) маңызды кұрам бөліктері болып табылады. Нуклеин қышқылдары ақуыз биосинтезіне қатысады және тірі организмдерде тұқым қуалаушылықты сақтап, оның бір ұрпақтан екінші ұрпаққа берілуін қамтамасыз етеді. ДНҚ жасуша ядросының хромосомасында (99%), рибосомаларда және хлоропластарда, ал РНҚ ядрошықтарда, рибосомаларда, митохондрияда, пластидтер мен цитоплазмада кездеседі.
Олар жасушаның қай бөлігінде шоғырланса, соған байланысты қызмет атқарады. Жоғарыда айтылғандай, ДНҚ организмдегі тұқым қуалаушылық ақпаратты сақтайтын гендердің құрылыс материалы болып табылады. Ал РНҚ үш түрлі болғандықтан: рибосомдық (р-РНҚ); тасымалдаушы (т-РНҚ) және ақпараттық (а-РНҚ) әр түрлі қызметтер атқарады. ДНҚ мен РНҚ қызметтері 1940 жылдардан бастап анықталып, түрлі биологиялық тәжірибелер арқылы дәлелденген. Осы зерттеулер нәтижесінде молекулалық генетика ғылымы жедел дами бастады.
Соңғы жылдары ғалымдар жоғары организмдердің гендерін бактериялар мен ашытқы саңырауқұлақтарының организміне енгізуді іске асырды. Соңынан оларды ақуыз синтездеуге пайдаланды. Мысалы, инсулин генін осылайша "жұмыс істеткізді". Адам инсулині ең алғаш рет Е. соlі деген бактерияның көмегімен 1982 жылы алынды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   79




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет