14.билет 1.Амитоз-бөліну кезінде жасуша ядросында күрделі өзгерістер жүрмейтін жасуша бөлінуінің сирек кездесетін түрі. Алғаш рет неміс биологі Роберт Ремак 1841 жылы сипаттады, ал терминің 1882 жылы Вальтарам Флеминго еңгізді. Амитоздық бөліну кезінде жасуша хромосомалары көрінбейді және беліну ұршығы түзілмейді. Алдымен ядро, соңынан цитоплазма бөлініп, бір аналық клеткадан бірнеше жас клеткалар пайда болады. Адам мен жануарлар организмдерінде амитоздың үш: генеративті, дегенеративті және реактивті түрлері кездеседі. Генеративті амитоз нәтижесінде пайда болған жас жасушалар, қалыпты жағдайда, бөлінуден кейін одан әрі қарай митоз арқылы белініп көбейе береді. Реактивті амитоз — адам мен жануарлар организмдеріне кездейсоқ факторлардың эсер етуі нәтижесінде, мысалы, жарақаттану ошақтарында байқалады. Жарақаттанған ұлпа жасушалары жедел реактивті амитоз арқылы бөлініп, жазылғаннан кейін, ұлпа жасушалары одан әрі митоз арқылы бөліне береді. Дегенеративті амитоз ұлпа жасушаларында тіршілік тоқтап, оларда ыдырау процесі басталған кезінде байқалады.
Эндомитоз деп клеткадағы хромосоманың репродукциялануы кезінде ядроның бәлінбей жүру процесін айтады. Осының нәтижерінде клеткада хромосома саны көбейеді, кейде ол бастапқы санымен салыстырғанда ондаған есе артады. Эндомитоз өсімдіктердегі сияқты жануарлардың да әр түрлі тканьдердегі белсенді жұмыс істейтін клеткаларында кездеседі. Кейде хромосомалардың пайда болуы клеткадағы олардың санының өсуінсіз өтеді. Бұл кезде әр хромосома еселеп еседі, бірақ жас хромосома өзара байланысқан күйінде қалады. Бұл құбылыс политения деп аталады. Ол эндомитоздың жеке жағдайынан тұрады. Политенді хромосомада жіпшелер саны 1000—2000 шамасына жетеді. Бұл кезде аса зор алып хромосомалар түзіледі. Политения құбылысы бірқатар диффереицияланған тканьлеткаларда байқалады және ол клетка ядросының ерекше байланысты болады. Клетканың белінуі процесіндегі болатын ерекше ды бағалау үшін, хромосоманың құрылысын және ұдайы дамып отыруын яғни оның репродукциясын жан-жақты қарастыру қажет.