2. Көбею — тірі организмдердің негізгі қасиеттерінің бірі. Клеткалар санының көбеюі алғашқы клетканың бөлінуі арқылы жүреді. Клеткалық белінудің екі типін ажыратады: митоз неме-се кариокенез және амитоз. Митоздық (клеткалық) цикл интерфаза мен митозға бөлінеді. Интерфаза — екі митоз-дық бөлінудің арасындағы кезең. Интерфазада клетка өсіп митозға дайындалады.
Интерфаза үш кезеңнен түрады: 1) постмитоздық (пре-синтездік) кезең, оны латынның Оі (ағылшынша £гош — өсу) әрпімен белгілейді, 2) 8 (8упіһезі8 — синтез) әрпімен белгіленетін ДНҚ-ның синтезделу кезеңі, 3) постсинтездік немесе премитоздык кезең (Ог). Бүл кезеңде бөлінуге қажетті белоктар — тубулиндер синтезделеді.
Постмитоздық кезең митоздық бөлінуден кейін жүреді. Осы кезеңде клетка цитоплазмасының өсуі байқалады және ДНҚ-ның синтезіне әзірлік жүреді. Электрондық микроскопиялық мәліметі бойынша цинтриольдар екі есе-ленеді. Клетканың бөлінуге дайындығындағы маңызды ке-зең синтездік (8) кезең. Бүнда ДНҚ синтезделеді және хромосомалар екі еселенеді. Премитоздық кезеңде (02) клеткада энергия жиналады және митоздық аппаратты түзуге қатысатын ерекше белоктар синтезделеді. Осыдан кейін клетканың митоздық бөлінуі басталады. Митоз кезінде клеткада синтез процесі токтайды. Митозға клетка толықтай қатысады. Өзгерістер ядрода ғана жүрмейді, со-нымен бірге цитоплазмада да жүреді. Клетканың бөліну процесі ядроның бөлінуі немесе кариокинез бен цитоплаз-маның бөлінуі немесе цитокинезден түрады. Бүл екі қүбы-лыс бір-бірімен тығыз байланысты.
Ядроның бөлінуіне қүрылымдардын екі тобы қатысады. Бірінші тобына цитоплазмамен байланысты қүрылымдар жатады. Митоздың ахроматин үршығы пайда болады. Қүрылымдардың екінші тобы ядроның негізгі элементі — хроматинмен байланысты. Ол митоздын хроматиндік фигу-расын қүрайды.
Интерфаза митозға қарағанда бірнеше есе үзаққа созы-лады. Мысалы, өсімдік тамырьшың клеткаларьшың митозы 2-3 сағатқа, ал интерфаза 18-ден 24 сағатқа дейін созылады.
Митоз (грекше тііоз — жіп), кариокинез (грекше кагуоп — ядро, кіпезіз — өзгеріс, қозғалыс) немесе тікелей емес бөліну клеткалар бөлінуінің кең тараған тәсілі.
Митоз немесе кариокинез процесі кезекпен келіп отыратын 4 фазадан тұрады, олар: профаза, метафаза, анафаза, телофаза. Профаза – ядроның бөлінуге дайындалған бірінші сатысы. Бұл кезде хромосома жіпшелерінің өз осінде шиыршықталып бұратылуының салдарынан хромосомалар қысқарып, жуандайды. Профаза кезінде хромосомалар кариолимфада кездейсоқ жерлерде орналасады, осы кезеңде ядрошықтар бұзылады.
Метафаза фаза сатысының екі кезеңі бар: метакинез – хромосомалар жасушаның экватор аймағына жиналып шоғырланады, жасуша бөлінуге дайындалады; нағыз метафаза – хромосома жіпшелері центромералармен байланысады, хромосомалар хроматидтерге жіктеледі. Клетка цитоплазмасы бұл кезде тұтқырлығын жоғалтады. Бұл кезеңде әрбір хромосоманың центромерасы дәл экваторда, ал қалған денесі экватордан тыс жазықта болуы мүмкін.
Анафаза – хроматин жіпшелерінің болашақ жас жасушалардың полюстеріне қарай созылып, ахроматин ұршығын құрау кезеңі. Ахроматин ұршығының белдеуінде хромосомалар түрліше орналасып, ең алдымен аналық жұлдызын құрайды. Сонан кейін аналық жұлдыздағы қосарланып орналасқан гомологиялық хромосомалардың ұзынынан бөлінуі нәтижесінде пайда болған жас хромосомалар жасушаның полюстеріне қарай ығысады да, екі жас хромосома жұлдыздары пайда болады. Осының нәтижесінде бір жасуша екіге бөлініп, жас жасушалар түзіледі. Анафазада хромосомалардың жасуша полюсіне ығысуы бірден басталып, өте тез арада бітеді.
Телофаза митоздың ақырғы сатысы. Телофаза кезінде хромосомалардың қозғалуы аяқалады, митоздық аппарат бұзылады, ядрошықтар пайда болады. Клетканың қарама-қарсы полюсінде жаңа пайда болған хромосомалардың сыртынан ядролық қабық пайда болады. Жаңа ядролардың қайта құрылуымен қатар әдетте клетка денесі бөлініп, цитотомия не цитокинез өтеді де, екі жасуша құрылады. Телофаза кейде цитотомиямен аяқталмай екі ядролы жасуша құрылады.