1-билет Гольджи аппаратының құрылысы жǝне қызметі, оның синтездегі, сеĸрет шығарудағы жǝне ĸлетĸаға басқа заттарды өтĸізудегі рөліне анықтама беріңіз


Нейроциттер, олардың құрылысы, арнаулы органоидтары және классификациясы



бет55/79
Дата29.04.2024
өлшемі161.36 Kb.
#500112
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   79
шпор цитооо

3.Нейроциттер, олардың құрылысы, арнаулы органоидтары және классификациясы. Жүйке жасушалары немесе нейрондар немесе нейроциттер (гр. Neuron, neurokytos; neuron — жүйке, kytos – жасуша) — жүйке ұлпасының негізгі морфологиялық және қызметтік құрылымдық бөлігі.Жүйке жасушалары — өсінділі жасушалар. Олар нейролеммадан (плазмолемма), нейроплазмадан (цитоплазма), ядродан және жасуша денесінен (перикарион) таралатын өсінділерден құралған. Жүйке жасушаларының нейроплазмасында базофильді түйіршіктер (хроматофильді зат) және нейрофибриллалар болады.
Жүйке жасушаларының өсінділері қызметіне байланысты: дендрит және аксон (нейрит) болып екіге бөлінеді. Нейроциттер дендриттері қозуды сыртқы орта немесе организмнің ішкі орта әсерлерінен, басқа нейроциттерден қабылдап, жүйке толқындарын (импульстерін) нейроцит денесіне, ал аксон — жүйке толқынын нейроцит перикарионынан басқа нейроциттерге немесе орындаушы мүшелерге өткізеді.
Өсінділерінің санына байланысты жүйке жасушалары: бірөсінділі (униполярлы), жалған бірөсінділі (псевдоуниполярлы), екіөсінділі (биполярлы) және көпөсінділі (мультиполярлы) болып бірнеше топқа ажыратылады.
Униполярлы нейроциттер — жануарлар эмбрионында,
Псевдоуниполярлы жүйке жасушалары — жұлын түйіндерінде,
Биполярлы нейроциттер — көздің торлы қабығында, ішкі құлақта, иіс сезімі мүшесінде, Мультиполярлы нейроциттер — мида, жұлында, көптеген сомалық, вегетативтік интрамуральды және экстрамуральды жүйке түйіндерінде орналасады.
Мультиполярлы нейроциттердің бір өсіндісі – аксон, ал қалған өсінділері — дендриттер. Биполярлы нейроциттерде екі өсіндісінің біреуі дендрит, ал екіншісі аксон. Униполярлы нейроциттің бір өсіндісі аксон (нейрит), ал оның дендритінің қызметін перикарион атқарады. Қызметіне байланысты нейроциттер: сезімтал, байланыстырғыш, қозғалтқыш нейроциттер болып бөлінеді. Сезімтал жүйке жасушалары ми және жұлын түйіндерінде, қозғалтқыш нейроциттер — орталық жүйке жүйесі мүшелерінде және вегетативтік жүйке жүйесінің түйіндерінде, байланыстырғыш нейроциттер — орталық жүйке жүйесінде орналасады. Жүйке жасушаларының негізгі қызметі – жүйке толқындарын қабылдап, өңдеп, тиісті мүшелерге өткізіп, қарапайым және күрделі рефлекстерді іс жүзіне асыру.[1] Нейрондар бір-бірімен синапстар арқылы байланысады. Синапстар арқылы қозу бір нейроннан екінші нейронға, бұлшық етке немесе бездерге өтеді. Нейрондар бір-бірімен байланысқан кезде бір нейронның ақсоны екінші нейронның дендриттерімен байланысады. Екінші нейронның дендриті қозуды қабылдап, өзінің денесіне әкеледі, қозу ары қарай аксонның бойымен жылжып кете береді. Егер синапс нейронмен бұлшық етті немесе без жасушаларын байланыстыратын болса, нейроннан келген қозу бұлшық еттің жиырылуына, ал бездің секреттің бөлініп шығуына әкеліп соғады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   79




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет