1-билет Гольджи аппаратының құрылысы жǝне қызметі, оның синтездегі, сеĸрет шығарудағы жǝне ĸлетĸаға басқа заттарды өтĸізудегі рөліне анықтама беріңіз


Нейроциттердің өсінділерінің морфологиялық және функционалдық айырмашылығы



бет58/79
Дата29.04.2024
өлшемі161.36 Kb.
#500112
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   79
шпор цитооо

3.Нейроциттердің өсінділерінің морфологиялық және функционалдық айырмашылығы
Жүйке жасушалары немесе нейрондар немесе нейроциттер (гр. neuron, neurokytos;
neuron — жүйке, kytos - жасуша) — жүйке ұлпасының негізгі морфологиялық және
қызметтік құрылымдық бөлігі .Морфологиялық :Жүйке жасушалары — өсінділі
жасушалар. Олар нейролеммадан (плазмолемма), нейроплазмадан (цитоплазма),
ядродан және жасуша денесінен (перикарион) таралатын өсінділерден құралған.
Жүйке жасушаларының нейроплазмасында базофильді түйіршіктер (хроматофильді
зат) және нейрофибриллалар болады.
Жүйке жасушаларының өсінділері қызметіне байланысты: дендрит және аксон (нейрит)
болып екіге бөлінеді. Нейроциттер дендриттері қозуды сыртқы орта немесе
организмнің ішкі орта әсерлерінен, басқа нейроциттерден қабылдап, жүйке
толқындарын (импульстерін) нейроцит денесіне, ал аксон — жүйке толқынын нейроцит
перикарионынан басқа нейроциттерге немесе орындаушы мүшелерге өткізеді.
Өсінділерінің санына байланысты жүйке жасушалары: бірөсінділі (униполярлы), жалған
бірөсінділі (псевдоуниполярлы), екіөсінділі (биполярлы) және көпөсінділі
(мультиполярлы) болып бірнеше топқа ажыратылады.Униполярлы нейроциттер —
жануарлар эмбрионында,Псевдоуниполярлы жүйке жасушалары — жұлын
түйіндерінде,Биполярлы нейроциттер — көздің торлы қабығында, ішкі құлақта, иіс
сезімі мүшесінде,
Мультиполярлы нейроциттер — мида, жұлында, көптеген сомалық, вегетативтік
интрамуральды және экстрамуральды жүйке түйіндерінде орналасады.
Мультиполярлы нейроциттердің бір өсіндісі - аксон, ал қалған өсінділері — дендриттер.
Биполярлы нейроциттерде екі өсіндісінің біреуі дендрит, ал екіншісі аксон. Униполярлы
нейроциттің бір өсіндісі аксон (нейрит), ал оның дендритінің қызметін перикарион
атқарады. Қызметіне байланысты нейроциттер: сезімтал, байланыстырғыш,
қозғалтқыш нейроциттер болып бөлінеді. Сезімтал жүйке жасушалары ми және жұлын
түйіндерінде, қозғалтқыш нейроциттер — орталық жүйке жүйесі мүшелерінде және
вегетативтік жүйке жүйесінің түйіндерінде, байланыстырғыш нейроциттер — орталық
жүйке жүйесінде орналасады. Жүйке жасушаларының негізгі қызметі - жүйке
толқындарын қабылдап, өңдеп, тиісті мүшелерге өткізіп, қарапайым және күрделі
рефлекстерді іс жүзіне асыру.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   79




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет