3.Миелинденген және миелинденбеген жүйке талшықтарының құрылысы.
Нейроглияның қызметі.
Жүйке талшығы (гр. neurofibra neuron — жүйке және fibra - талшық) - жүйкелік глия
(нейроглия) жасушаларыме(олигодендроглия жасушаларымен) қапталған нейроциттің
біліктік (ось) цилиндрлі (нейроцит өсіндісі).Құрылысына байланысты жүйке
талшықтары: миелинсіз (үлпексіз) және миелинді (үлпекті) болып екі топқа бөлінеді.
Миелинсіз жүйке талшығы — вегетативтік жүйке жүйесіне тән. Оның ішінде бірнеше
біліктік цилиндр болады. Олар сыртынан леммоциттермен ғана қапталған.
Миелинді жүйке талшығы негізінен сомалық жүйке жүйесі жүйкелерін құрайды. ішіндегі
біліктік цилиндр сыртынан екі қабықпен қапталады. ішкі қалың миелінді қабығын
сыртынан бір қабат леммоциттер қаптап жатады. Жүйке талшықтары: қызметіне
байланысты сезімтал, аралас және қозғалтқыш жүйкелерді құрайды. Жүйке толқынын
сезім мүшелерінен жүйке жүйесінің орталық мүшелеріне өткізетін жүйке талшығын —
афферентті (орталыққа тепкіш), ал жүйке толқынын, керісінше, орталық жүйке жүйесі
мүшелерінен шеткі орындаушы мүшелерге (Бұлшықеттерге, бездерге) өткізетін жүйке
талшығын эфферентті жүйке талшығы деп атайды.
Нейроглия (neuroglia, грек, neuron — нейроцит, жүйке клеткасы, glia — желім) — жүйке
ұлпасының құрамына кіретін жасушалық құрылым. Нейроглия жасушаларын
глиоциттер деп атайды. Нейроглия өз кезегінде: макроглия және микроглия болып екі
топқа бөлінеді. Макроглиялар эктодермадан дамиды және олар: эпендимоциттер,
астроциттер және олигодендроциттер болып үш топқа бөлінеді. Эпендимоциттер ми
қарыншалары мен жұлынның орталық өзегінің қабырғаларын астарлайды. Астроциттер
ми және жұлынның құрамына кіреді. Олар өз кезегінде протоплазмалық және
талшықты астроциттерге бөлінеді. Олигодендроциттер орталық және шеткі жүйке
жүйесінде орналасқан нейроциттердің денесін қоршап қаптап, нейроглиялық
қабықшалар түзеді. Микроглия — жүйке жүйесі мүшелеріне өтетін моноциттерден
жетілетін глиальдық макрофагтар. Ол қорғаныс қызметін атқарады. Нейроглия жүйке
жүйесі мүшелеріндегі нейроциттер элементтері үшін қоректік (трофикалық), тіректік,
қорғаныс, секреторлық, шекаралық қызметтер атқарады.Нейроглия тірек, реттеуші,
трофикалық, секреторлық, шектейтін (Шван жасушалары), қорғаныс функцияларын,
нейрондардың оқу қызметін орындайды, есте сақтау процестерінде маңызды рөл
атқарады.Тор қабықтың глиальды жүйесі орталық жүйке жүйесінің глиялары сияқты
қызметтерді орындайды. Көз торының ұлпасы зақымданғанда астроциттер
гипертрофияланып, көбейіп, тыртық түзеді.
Достарыңызбен бөлісу: |