1 билет «Химия» пәнінен жаңартылған білім беру мазмұныңдағы 7-11 сыныптардағы үлгілік оқу бағдарламасының мазмұны


Ішкі және сыртқы шеңбер. Бір сөйлемде барлығын айтып беру



бет51/58
Дата10.11.2023
өлшемі0.65 Mb.
#482882
түріБағдарламасы
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   58
1 билет «Химия» п нінен жа артыл ан білім беру мазм ны да ы 7-11

3. Ішкі және сыртқы шеңбер. Бір сөйлемде барлығын айтып беру.
Оқушылар ішкі және сыртқы екі шеңбер құрады. Балалар бір-біріне қарама-қарсы тұрып, өтілген тақырып бойынша бір-бірлеріне сұрақтар қояды. Сыртқы шеңберде тұрған оқушылар ауысып өздеріне жаңа жұптар құрады. Сөйтіп сұрақтар қою істері әрі қарай жалғаса береді
Бір сөйлемде барлығын айтып беру. Оқушылардан оқытылған тақырып бойынша «Кім? Не? Қайда? Қашан? Неге? Қалай?» деген сұрақтарға жауап беретін бір-ақ сөйлем құруларын ұсынады.
31 БИЛЕТ
1.Жазбаша түсініктеме (жазбаша кері байланыс).
Жазбаша кері байланыс.
Оқу мақсаттарына бағытталған
Оқушылар дұрыс бағытта екенін растайды
Оқушыларды қателерді түзеп, өз жұмыстарын жақсартуға уәждейді
Оқушылардың келесі қадам жасауына ынталандырады
Оқушылардың өз бетінше ойлануына мүмкіндік береді
Бірнеше оқушылармен салыстыруды болдырмайды
Оқушыларға жауап беруге мүмкіндік береді
Тиімді кері байланыс өздерінен не күтіліп отырғанын және өздері мұғалімнен не күтетінін білетін оқушыларға байланысты. Оқушыларға белгілі бір салада жетістікке жеткендерін, олардың себептерін және әрі қарай қалай жақсартуға болатындығы туралы түсініктеме беріп отыру қажет. Бұндай түсініктеме беріп отыру қажет.Бұндай түсініктемелер оқушылардың назарын оқудың мазмұнына аударуға көмектесетін болады.
Жазбаша кері байланыс түрлері
Эссе
Екі жұлдыз, бір тілек
Синквейн жазу
Аяқталмаған сөйлемдер:
Мен бүгін білдім ...
Мен бүгін сезіндім ...
Мен келесі сабақта білгім келеді ...
Мен қиналдым ...
2. Белсенді оқыту әдістері. (Бекіту жəне қолданысқа енгізу, рефлекция және бағамдау, қорытынды шығару жəне есте сақтау).
Белсенді әдіс-тәсілдер- «БӘ»сабақ барысында қолданылатын әдіс – тәсілдер.
Оқытудың белсенді әдістері - оқу материалын игеру үдерісінде оқушыларды белсенді ойлау және практикалық әрекетке итермелейтін әдістер. Проблемалық сұрақтар қою және шешу, проблемалық жағдаяттар құру. Белсенді оқу оқушының мұғалімді енжар тыңдап қана қоймай, белсенді жұмысқа тартылуын көздейтін оқыту және оқу әдістерінің бірі болып табылады.
Бекіту жəне қолданысқа енгізу -Жаңадан меңгерілген дағдыларды тəжірибеде қолдану жəне дамыту үшін сыныпта жəне үйде орындауға арналған əртүрлі жаттығулардың көмегімен түрлі мүмкіндік ұсыну; оқушылардың үдеріс барысында əріптесімен жұпта немесе топта бірлесе ойлануы немесе талқылау арқылы оларды өз идеялары мен пайымдауларының ауқымын кеңейтуге немесе өз жұмыстарының жазбасын жүргізу əдістері мен тəсілдерін салыстыруға жəне жетілдіруге ынталандыру; оларды оқу бағдарламасындағы химиялық есептерді шешуде математикалық дағдыларын тиімді қолдануға ынталандыру.
Рефлексия жəне бағамдау - Оқушылардың қателерін анықтап, олардың өзін жəне оған алып келген түсінбеушілікті талқылай отырып, бұны оқытудың жағымды қыры ретінде қолдану; оқушылар өздері таңдаған əдістері мен ресурстарын неліктен таңдағанын түсіндіру үшін пікірталас жүргізу; оқушылардың топқа немесе бүкіл сыныпқа жасаған таныстырылымын бағамдау; олардың жазбаша жұмысына ауызша кері байланыс ұсыну.
Қорытынды шығару жəне есте сақтау - Химия/жаратылыстану сабағында жұмыс барысына шолу жасап, оның қорытындысын шығару жəне оқушылардың не үйренгенін түйіндеу; оқушылардың түсінгенін анықтау жəне қате түсінген болса түзету; оқушыларды өз жұмыстарымен таныстырып, оның негізгі тармақтары мен идеяларын ұсынуға шақыру ; пəннің басқа салаларымен жəне басқа пəндермен байланыстыру; оқушыларға оқудың келесі кезеңін түсінуге мүмкіндік беру.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   58




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет