Өзін-өзі бағалау – бұл тек қана өз жұмысын бағалау ғана емес, сонымен қатар туындаған мәселелерді өз бетімен анықтап және оның шешу жолдарын табу. Төменде көрсетілген №15 кестенің көмегімен қатысушылардың оқылып жатқан материалындағы мәселелерін анықтап, оларға талдау жасап, оның шешу жолдарын табуға мүмкіндік береді.
№30 БИЛЕТ
1.«Жоғары молекулалық қосылыстарға жалпы сипаттама» тақырыбын оқыту әдістемесі.
Жалпы сипаттама-Жоғары молекулалық қосылыстар немесе полимерлер деп молекулалары жүздеген немесе мыңдаған көміртегі атомдарынан, соған сәйкес молекулалық массалары мыңдаған, тіпті миллиондаған массаның атомдық бірлігіне тең болатын және өзіне тән бірқатар қасиеттері бар қосылыстарды атайды. Полимерлердің атомдары бір - бірімен химиялық байланыс арқылы қосылады.
Ашылу тарихы. Полимер туралы белгілі ағылшын ғалымы Роберт Гук 1685жылы «Егер жасанды түрде желім типтес жібек құртына ұқсас мата табылатын болса ,онда ол массадан жіңішке жіп иіру жолы арқылы табылған болар еді »қиялдаған екен. Көреген ғалымның бұл қиялы қазіргі таңда шындыққа айналып 1858 жылы нитроцеллюлозадан алғаш рет Англияда жасанды талшық алынды. Ең алғаш 1891 жылы Францияда алғаш жібек өндіру зауыты салынды. Қазіргі кезде полимерлер халық шаруашылығының барлық салаларында қолданылады. Себебі, полимерлерді пайдалану экономикалық тиімді және табиғи шикізатты үнемдеуге болады.
2. Химиядан факультативтік сабақтар, олардың химияны оқыту жүйесіндегі маңызы.
Факультативтік курс немесе факультативтік сабақ - оқушы немесе студенттің таңдауымен мектепте немесе жоғарғы оқу орнында өткізілетін міндетті емес оқу курсы. Факультативтік сабақтар міндетті сабақтар мен қосымша сабақтар арасындағы белгілі бір ережелерді сақтауды қамтамасыз ететін арнайы бағдарламалар арқылы өткізіледі. Факультативтік сабақтар оқушылардың ой-санасының дамуына, пәнге деген белсенді танымдық қызығушылығының қалыптасуына, оқушылардың зерттеу қызметіне деген ынтасын арттыруға ықпалын тигізеді. Оқушыларды қоғамның жан-жақты жетілген белсенді азаматтары етіп тәрбиелеу үшін химия пәні бойынша сыныпта өтілетін бағдарлама материалдарын қазіргі өмір талабына сай оқытумен қатар, оқытудың білім беру, тәрбиелік және одан әрі дамыту міндеттерін жүзеге асыруда факультативтік жұмыстарды ұйымдастырудын сапасын жақсартып, рөлін арттыра түсу көзделеді. Сондықтан мектепте химия пәнінен факультативтік сабақтарды ұйымдастыру үшін оқушылардың қызығушылығын ескеріп және алдын-ала сауалнама жүргізу арқылы, олардың ойын ескеруге болады. Себебі оқушылар бағдарламадан тыс көптеген мәселелерді білгісі, үйренгісі келеді.Факультативтік сабақтары әдетте күндізгі сабақтардың соңында немесе кешкі уақытта өткізіледі. Факультативтік сабақтарды жүргізу, тақырыптың мазмұнына сәйкес дәріс, рефераттарды талқылау, сарамандық жұмыс, бейнефильмдер және интернет ресурстар және танымжорыққа бару ұйымдастырылады.
Мектепте оқушылардың химия пәнінен факультативтік сабақтарда жүйелі ғылыми-зерттеу жұмыстарын айналысуы, күрделі (олимпиадалық) есептерді шығаруы, технологиялық үрдістердің физико-химиялық көрсеткіштерін анықтап үйренуі, технологиялық сызбаларымен, жаңа нұсқаларын құрастыруы, болашақта білімді, кәсіби жас ұрпақ тәрбиелеуге мүмкіндік береді. Осыған орай, жергілікті химиялық өндірістерге, тамақ өнімдерін өндіру орындарына, ғылыми-зерттеу зертханаларына, жоғары оқу орындарына танымжорық жасау және кәсіби мамандармен кездесу оқушылардың болашақта кәсіби бағдар алуына, болашақта мамандық таңдауына көмегі тиеді.
Достарыңызбен бөлісу: |