1-билет Жаңа педагогикалық технологиялар. Жаңа педагогикалық технология



бет113/134
Дата15.12.2022
өлшемі5.18 Mb.
#467283
1   ...   109   110   111   112   113   114   115   116   ...   134
емтихан

9.
10.
Білім беруде компьютерлік технологияны қолданудың төмендегі
артықшылықтарын көрсетуге болады.
1. Даралап оқытуға қол жеткізіледі.
2. Білім алушылардың өзіндік жұмыс істеулерін қарқындатуға жол
ашылады.
3. Сабақта бірнеше тапсырмалар жүйесін орындауға мүмкіндік туады.
4. Ғаламтор арқылы және арнайы дискілер қолдану арқылы әртүрлі
ақпараттар алуға мүмкіндік туады.
5. Электронды оқулықтың мультимедиалық жүйесі арқылы
бағдарламаны дыбыспен қамтамасыз етуге, мәтінді диктордан кейін
қайталауға, кез келген видеофрагмент көруге мүмкіндік туады.
6. Білім алушылардың танымдық белсенділігі артады. Әртүрлі үлгіде
ұйымдастырылған жұмыс түрлері оқушылардың көңіл-күйлерін
көтеріп, жұмыс істеу қабілеттері артады.
7. Білім алушылардың білім деңгейі мен қабілеттерін дұрыс бағалауға
жол ашылады.
8. Сабақта компьютерлік тесті пайдалану арқылы қысқа мерзімде
үйренушінің білім деңгейін анықтап, дер кезінде тиісті көмек көрсету
мүмкіндігі болады.
9. Білім алушылардың шығармашылық қабілеттерін шыңдауға
мүмкіндік туады.Қазақ тілін меңгертуде компьютер тек қосымша тиімді
құрал ретінде қызмет атқарады. Себебі тілді меңгерту тіке
қарым-қатынас арқылы іске асырылатын үрдіс. Тіке
байланыс болмаса, сөйлесім әрекеті де іске аспайды.
Қатысымның өзі адамдардың біріккен әрекетінің бір қыры,
яғни адамдардың үйренетін тіл арқылы өзара бірігіп әрекет
жасауы болып табылады. Қатысымдық әдіс – ақпарат
алмасу үрдісі, тіл үйренушілердің алға қойған мақсатқа
жетуіне бағытталған белсенді тілдік қатынас үрдісі.
Белсенді тілдік қатынастың өзі – тіке байланыс арқылы
жүзеге асады. Тіке байланыс арқылы тіл үйренушілер бірбіріне өз ойларын жеткізеді, өз көзқарастарын білдіреді.
Бір-бірінен алған мәліметтерді, ақпараттарды қабылдайды.
Сол арқылы жаңа хабарлар мен ұғымдарды меңгереді, ой
қорытындылайды. Ал компьютерлік технологияны
тақырыпты бекіту, қайталау, білім, білік, дағдыны тексеру
кезеңдерінде қолдану тиімдірек болады.



  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   109   110   111   112   113   114   115   116   ...   134




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет