1-билет Жаңа педагогикалық технологиялар. Жаңа педагогикалық технология



бет116/134
Дата15.12.2022
өлшемі5.18 Mb.
#467283
1   ...   112   113   114   115   116   117   118   119   ...   134
емтихан

Ата-аналармен ынтымақтастық. Мектепте, үйелменде балалар ересек адамдарға ашық сенгіштікпен қарайды деп ынтымақтастық педагогика жорамалдайды. Бұл үшін бірыңғай талаптар емес, үйелменде балалармен жолдастық, жылы-шырайлы қатынас болуы қажет. Жаңашыл мұғалімдердің айтуы бойынша ата-аналар жиналысында балалар туралы сын көзімен ескерту жасауға болмайды. Балалар мен ата-аналар арасында ұрыс-керіс жағдайын болдырмау. Мұғалім балалар жөнінде ата-аналарға айтып наразылық білдірмейді, күнделіктеріне не болса соны жазбайды. Балаңыз сабаққа дайындалмайды деп мұғалім әр ата-ананың есігін қағуды қою керек.
Егер оқушы назар аударуды, көмек көрсетуді талап етсе, онда оған керегінше (бір ай, әлде бір жыл керек пе) көмек көрсету қажет. Осындай жылы қамқорлықты сезген бала ата-аналарына да ризашылықпен толық сенім білдіріп, зор ықыласпен оқып білім алуға, еңбек етуге тырысады. Бұл өмірдегі, еңбектегі, оқудағы қарым-қатынас бірлігінің беріктігі - ынтымақтастық педагогиканың қағидасы.
Мұғалімдердің ынтымақтастығы. Экспериментшіл мұғалімдердің әрқайсысының педагогикалық еңбек өтілі 25-тен 40 жылға дейін. Олар әр түрлі мектеп ұжымдарында балалармен жұмыс істеген, талай мұғалімдер және директорлармен істес болған. Жаңашыл мұғалімдер, мүмкін ынтымақтастық педагогика өте күрделі, оны оқыту және тәрбиесінде қолдануға болмайтын шығар дейді. Шынында, олардың тәжірибесі бойынша кез-келген мұғалімнің ынтымақтастық педагогиканың принциптерін іске асыруы мүмкін, бірақ, бір айдың немесе бір тоқсанның ішінде жүзеге асыруы мүмкін емес. Әрине, егер кімде кім жаңа педагогиканы ақылға салып ойластырса, ол өз жұмысының жақсара бастағанын байқайды. Өйткені ынтымақтастық педагогика үшін айрықша жағдайдың керегі жоқ, әдеттегі оқу бағдарламасы және оқулықтар бойынша әрбір мұғалім өзінің сыныбында, әрбір директор өзінің мектебінде қайта құру кезеңінде мәселелерді тың зерттеумен айналысады.



  1. «Педагогикалық технология» мен «өндірістік технология» түсінігі мен мәні.

Қазіргі уақытта «педагогикалық технология» ұғымы әртүрлі түсіндіріледі. Көп тараған анықтама В.П.Беспалько ұсынған: ол педагогикалық технология оқу мен тәрбие процестерінің (теориялық негізделген) еске түсіру барысында қолданылған құралдар мен әдістер жиынтығы, олар білім мақсатын тиімді жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Педагогикалық технология қол жеткен жетістіктерді сатылы өлшеу мен қорытынды бағалаудың лбъективті мүмкіншілігін жеткілікті дәрежеде сақтайтын мақсаттары мен тапсырылған оларға сәйкес ғылыми жобалардың болуын қалайды. Бірақ бұл анықтамаға көрсетілген бір-бірімен тәуелсіз және дербес өмір сүруін оқыту және тәрбие процестері болады деген оймен келісу қиын. Тұлға дегеніміз тұтастай тұратын құрылым, және ол біртұтас педагогикалық процеспен байланысты. (В.С.Ильин), демек педагогикалық технологияда осы педагогикалық процестің басты белгісіне сәйкес болуы керек. Педагогикалық технологияға берілген басқа да анықтама бар, ол: оқыту процесін жүзеге асырудың мазмұндық техникада (В.П.Беспалько), педагогикалық ұйымдастыру мен жүзеге асырудың жобасы (алгоритмі), оқыту процесін ұйымдастырумен жүргізуді жобалау барысындағы бірлескен педагогикалық іс-әрекеттің моделі (В.М.Монахов), барлық сабақ беру процесін жасаудың, қолданудың және анықтаудың жүйелі әдісі, білімді меңгерудегі техникалық және адам және олардың өзара әрекеттерін ескеру (ЮНЕСКО), мазмұнын қорытындылау (Г.К.Селевко). В.Н.Бордовская мен А.А.Реанның көрсетуінше білім беру технологиялары дегеніміз бұл білім беру процесіндегі ұстаздар мен оқушылардың жүйелілік іс-әрекеттеріне, ол мақсат мазмұн әдістерді ұйымдастырудың белгілі бір нақтылы принциптері мен өзара байланыстылығына сай нақтылы идея негізінде жасалынады.
Г.М.Құсайыновтың есебінше педагогикалық технология әдеттегі түсініктерден басқа-ол мұғалімнің жоспарланған оқыту мен тәрбиелеудегі мақсаттары мен нәтижелерге жету мен сабақ беру процесі емес, ол кәсіби ұстаздың басшылығымен оқушылардың өзінің және өзара оқыту процесі, ол білім берудің мазмұнымен, оқу жоспарымен бағдарламаларында ескерілген іс-әрекеттердің сол түрлерін меңгеру жұмыстарының әрбір сатыларындағы болатын өзгерістер мен қайта құру болады.
В.А.Сластенин бойынша педагогикалық технология деген, ол қатал ғылыми жоспарлау мен дәлірек айтқанда педагогикалық әрекеттің жетістігін қамтамасыз ететін елестету. Педагогикалық процестің белгілі бір принциптердің жүйесі негізінде жасалатындықтан, педагогикалық технология сол принциптерді сыртқы және ішкі іс-әрекеттердің жиынтығы ретінде қарастырылуы олардың объективтік өзара байланысындағы ұстаз тұлғасының тұтасымен көрінетін бірізді жүзеге асыруға бағытталған. Міне, педагогикалық технологияның сабақ беру мен тәрбие жұмысының әдістемесінен айырмашылығы, өзгешелігі осыдан тұрады. Егер «әдістеме» деген ұғым оқыту мен тәрбиелеу әдістерін және оны жүзеге асырушы әрекетінен тыс тұтас комплексті қолдану процедурасын көрсетеді, онда педагогикалық технология оған ұстаз тұлғасының барлық жақтарымен көптеген көріністерімен қосылуын ұйғарады. Сірә осыдан, қандайда болмасын педагогикалық міндет тек қана оған сәй кәсіби маман ұстаздың жүзеге асыратын технологиялар көмегімен тиімді шешілуі мүмкін.
Демек, барлық педагогикалық технологиялардың негізгі мәні туралы пікірлердің қарама-қарсылықтарына қарамастан оны сабақ беру мен ұстаздардың жоспарланған мақсаттары мен оқушылардың іс-әрекеттерінің жетістіктеріне жету процесі ретінде түсіндіруге болады.
Қандайда болмасын технологияның негізгі бөлігі ол соңғы негізгі жетістікті толық анықтауымен оған жетуді дәлме-дәл бақылау болады. Негізінен, (өндіріс пен әлеуметтік аймақты) қарапайым процесс ол алдын ала жобаланған, өнімнің негізгі қасиеттері мен анықтаудың құралдары анықталғанда осы процес процесті жүргізу үшін жағдайлар мақсатта бір қалыптасып және ол «жіберілсе» ғана технология статусын алады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   112   113   114   115   116   117   118   119   ...   134




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет