1-билет Жаңа педагогикалық технологиялар. Жаңа педагогикалық технология


Оқушылардың алған білімін бекіту әдісі



бет77/134
Дата15.12.2022
өлшемі5.18 Mb.
#467283
1   ...   73   74   75   76   77   78   79   80   ...   134
емтихан

Оқушылардың алған білімін бекіту әдісі. Бұл әдіс оқушылардың репродуктивті әрекетіне бағытталады. Алған білімді есте ұзақ сақтау үшін оны бірнеше рет қайталау қажет. Оқушылардың өздері қатысып отырған,өздері қорытынды жасап талданған сабақтар естерінде ұзақ сақталады.Яғни логикалық есте сақтау көру мен есту арқылы есте сақтаудан тиімдірек.Сондықтан жаңа материал түсіндіру, баяндау,әңгімелесу тәсілдерімен берілгеніне қарамай,материалды оқушының есінде қалатындай бекіту керек.Бекіту әдісі сонымен қатар қайталау үдерісінде болады.Мысалы, оқушыларға таблица беріліп,олар соған қарап теориялық мәселелерді естеріне түсіреді.Мысалы: мамандықты-кәсіпті білдіретін жұрнақтарды оқушылардың есінде қалғанын тексеру үшін бірнеше мысалдар ойлату немесе бірнеше сөз беріп соған жұрнақтарды қосу, сөзжасам қосымшаларының талғампаздық қасиетін ескеру т.б. жұмыстар беруге болады.
Дағды мен іскерлікті қалыптастыру әдістері. Жаңа материалды меңгергеннен кейін оны практикада қолдана бастайды. Іскерлікті қалыптастыру- күрделі процесс. Дағды-іскерліктің элементі. Іскерлік оқушыдан ең алдымен теориялық материалды, оның орындалу тәсілін, материалдың мазмұнын білуді талап етеді.Сөзжасамдық іскерлікті қалыптастыру үшін ең алдымен сөзжасамдық және морфемдік талдауды және сөзжасамдық жаттығуларды орындай білу керек.
Сөзжасамдық талдау мен морфемдік талдау мақсаты жағынан ұқсас. Екеуі де сөзге құрылымдық талдау жасайды. Айырмашылығы талдау тәсілінде. Сөзжасамдық талдаудың мақсаты - сөздің жасалу тәсілін білу. Негізгі обьектісі - туынды сөз. Сөзжасамдық талдау кезінде туынды сөзге негіз сөзді,туынды сөздің құрамындағы қосымшаны,формантты,тәсілді тауып,түбір мен туынды сөзді салыстыру арқылы сөзжасам тәсілін табамыз. Сөзжасамдық талдауда түбір мен туынды сөздің мағыналық арақатысы анықталады.Мысалы: малшы,түбірі-мал,қосымшасы-шы,туынды сөздің мағынасы алшақ кетпейді(яғни, мал бағатын адам),жасалу тәсілі-сөзжасам жұрнағы арқылы.Сөзжасамдық талдаумен оқушылар төменгі сыныптардан бастап таныса бастайды.Яғни, түбір мен қосымша тақырыптарын өткеннен кейін, оларға құрамы оңай ажырайтын сөздерді, таныс сөздерді беріп, әр сабақта құрамына қарай талдатып отыруды дағдыға айналдыру керек.
Сөзжасамдық талдау тек тілдің сөзжасам бөлімінде ғана емес, тілдің лексикология саласында да, морфология саласында да жүргізіліп отыруы тиіс. Сөзжасамдық талдау дағдысы қалыптасу үшін мынадай жаттығулар жүргізуге болады:
1.Туынды сөздер қандай сөздерден пайда болады.Мысалы:қаламгер,егінші,білім,айтыст.б. Олардың лексикалық мағынасы қандай?
2.Берілген сын есімдерден зат есім жаса: ақылды, қорқақ, ақ,т.б.
3.Берілген сөздерден мамандық-кәсіпті білдіретін туынды сөз жаса: арба, дихан, жаз, қой,т.б.
4.Берілген үлгі бойынша туынды сөз жаса: ақжайма,саябақ,саяжай, теледидар,автоқалам,т.б.
5.Берілген сөздің сөзжасамдық тізбегін,ұясын жаса: біл,жат,сурет,т.б.
6.Берілген туынды сөздердің түбірін тап: жұмысшы,егінші,басылым,т.б.
7.Берілген түбірлерден туынды сөз жаса, қалай жасалғандығын түсіндір: кітап,үй,өн,т.б.
Тілдік талдаулар оқушылардың рецептивтік әрекетіне негізделеді.Мұндай талдаулар ауызша немесе жазбаша жүргізіліп отырады.
Оқушылардың дағдысы мен іскерлігін қалыптастыруда мектепте қолданылатын тәсілдің, жұмыстың бір түрі -көшіріп жазу мен диктант. Көшіру кезінде оқушылардың зейіні бір жерге жинақталады,көру арқылы есінде сақтау қабілеті қалыптасады. Мысалы сөзжасамға байланыстытерме диктантын, шығармашылық диктанты, сөздік диктантын,т.б. жүргізуге болады. Терме диктантта берілген мәтіннен туынды сөздерді көшіріп жазу көзделсе, шығармашылық диктантта туынды сөз жасау,соған сөйлем құрау мақсаты болады,сөздік диктантта түбір сөз беріліп,оған туынды сөз жасау тапсырылады.
Оқушылардың сөзжасамнан дағдысы мен іскерлігін қалыптастыруда орындалатын жаттығулардың маңызы зор. Жаттығу - оқу анасы. Тілді құбылыстар тек жаттығу арқылы, бірнеше рет орындалатын жаттығулардың негізінде оқушының дағдысына айналады, есінде ұзақ сақталады. Осыған орай жаттығулардың да бірнеше түрі бар: дайындық жаттығулары, байқау жаттығулары, машықтану жаттығулары, шығармашылық жаттығулар, тексеру жаттығулары т.б. Сөзжасамды бұл әдістер арқылы оқытудың маңызы, біріншіден, оқушылар (жаңа ) туынды сөздің лексикалық мағынасын ашудың жолдары мен амалдарын біледі.Екіншіден, тілдің лексикалық құрамының байлығын,оның баю,толығу көздерінен мағлұмат алады,үшіншіден, қосымшаның сөз құрамындағы қызметін білуге,оларды бір-бірінен ажырата алуға үйренеді. Төртіншіден,туынды сөздің құрамына талдау жасау жолын біледі. Бесіншіден, сөздің жасалу жолын,сөзжасамның қызметін білу арқылы олардың ойлау қабілеті артады.
Қазіргі таңда сөзжасамды оқытуда проблемалы оқыту, дамыта оқыту т.б. оқытудың тиімді жолдары қолданылып жүр.
Проблемалы оқытудың тиімділігі онда оқушылар ізденеді, ойланады, білетіні мен білмейтінің арасында қайшылықтар пайда болады.Ой жүйесіндегі қарама-қайшылық оқушының өз бетімен жұмыс істеуіне түрткі болады.
Дамыта оқытуда мұғалім мен оқушы оқу үдерісіндегі негізгі міндеттерді шешудегі іскер партнер ретінде жұмыс істеуі тиіс. Оқыту тиімді, оқушылардың ақыл-ойын дамытатындай болуы үшін мұғалім жай интуицияға емес,белгілі принциптерге сүйенеді: ондай принциптерге:баланың психикасын зерттеу,ұстаздың интуициясы,генетикалық принцип,жас ерекшелігіне қарай қарым-қатынас жасау,т.б. жатады.
Сөзжасамды оқытудың негізінде, тілдің басқа салалары сияқты, жалпы дидактикалық принциптер басшылыққа алынады.Сонымен қатар пәннің табиғатынан, өзіне тән ерекшелігінен шығатын арнайы принциптер болады. Ондай принциптер:жалпыметодикалық және жекеметодикалық болып келсе, жалпыметодикалық принцип: экстралингвистикалық принцип, функционалды принцип, мағыналық-құрылымдық принцип, тілдің басқа қабаттарымен байланыс принципі, тарихи принцип болып бөлінеді.
Жеке әдіснамалық принцип тілдің әр саласының ішкі ерекшелігімен, заңдылығымен байланысты. Мысалы: сөзжасамды оқытудақұрылымдық, лексика-сөзжасамдық, мотивация принциптеріне сүйенеміз.
Сөзжасам сөз таптарын, яғни грамматикалық топтарды жасау емес, тілдің лексикалық құрамын байытатын жаңа мағыналы сөз тудыру,тек одан кейін ғана жасалған сөздердің грамматикалық сипаттары арқылы ол белгілі бір сөзтабына енеді. Қорыта айтсақ, сөзжасамның да тілдің фонетика, лексика, морфология, синтаксис салалары сияқты, бірақ оларға ұқсамайтын өзекті мәселелері, өзіндік зерттеу нысаны, алдына қойған мақсат-міндеттері бар.
5-сыныпта:түбір, негізгі және туынды сөздер, күрделі сөздер,
7-сыныпта: көптік, септік, тәуелдік, жіктік жалғаулар.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   73   74   75   76   77   78   79   80   ...   134




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет