1-билет Жаңа педагогикалық технологиялар. Жаңа педагогикалық технология



бет76/134
Дата15.12.2022
өлшемі5.18 Mb.
#467283
1   ...   72   73   74   75   76   77   78   79   ...   134
емтихан

2.Сөзжасамды оқыту әдістемесі.
Сөзжасамды оқыту оның ішінде туынды сөзерді оқытуда қазіргі кезде жан-жақты қарастырыла бастады. Ғалым Ж.Сүлейменова жоғары мектепте сөзжасамды оқытудағы дәстүрден тыс сабақтардың маңызын айқындады. З.Бейсембаева сөзжасамды модульдік технология арқылы оқытуда тиімді болып табылатын дәріс, практикалық сабақтар мен өздік жұмыстың түрлерін, ал Н.Оразақынова сатылай талдауды сөйлесім әрекетінің түрлері арқылы меңгертудің амал-тәсілдерін ұсынды. Осыған орай сөзжасамды оқытуда бірнеше әдістер қолданылады.
Материалды ауызша түсіндіру әдісі - сөзжасамды оқытуда кең тараған әдістердің бірі.Ол оқушылардың рецептивтік әрекетіне негізделеді. Материал дайын күйінде, не мұғалімнің айтуы немесе оқулықтан оқып тыңдау арқылы беріледі.
Жаңа материалды түсіндіру әдісіне фактіні дәлелдеу, салыстыру, қорытынды жасау, оқушылардың ойландыру, қатыстыру мақсаты көзделеді. Кей материалды түсінікті жеткізу үшін мысалдар,ғылыми дәлелдер қажет болады.Мысалы, қазіргі қазақ тіліндегі көмектес септігін беретін тұлғалар о баста дербес шылау сөз болған.Көне түркі тілінде қазіргі көмектес септігінің мағыналары үш түрлі тұлғада:-ын,-бірле,-лы арқылы берілген. Тілдің тарихи даму үдерісінде –ын қолданудан шығып қалып,-лы өзінің бұрынғы грамматикалық мәнінен айрылған,лексикаланған. Қазіргі тілде –лы тұлғалы қос сөздер мен шылауына кейде жалғауына синоним есебінде қолданылады.Осындай тілдегі кейбір фактілерді ғылыми негізге сүйеніп түсіндіруге болады. Мұндай жұмыстар оқушылардың ғылымға деген ынтасын арттырады,қызығушылығын тудырады.
Түсіндіру әдісінде салыстыру, көрнекілік, бақылау, анализ-синтез, индукция-дедукция,т.б. тәсілдер қолданылады.Мысалы,сөзжасам қосымшаларының өзіне тән белгілерін түсіндіру үшін: оларды форма тудыратын қосымшалармен салыстыруға болады. Мағыналық айырмашылығын көрсету үшін таблица немесе көрнекі құралға бірнеше туынды сөздерді жазып, қайсысының жаңа мағына, қайсысының сөз формасын тудырып тұрғанын оқушыларды қатыстыра отырып, дәлелдеуге болады. Бірнеше туынды сөздегі сөзжасам мағыналарын тауып,оны туғызып тұрған қосымшаларды жинақтап беруге болады. Бір сөзге бірнеше қосымшаның жалғануы арқылы түбірлес сөздер жасап,қазақ тілінің сөзжасам мүмкіншілігін бақылау тәсілі арқылы да білуге болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   72   73   74   75   76   77   78   79   ...   134




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет