1-билет Жаңа педагогикалық технологиялар. Жаңа педагогикалық технология


-билет. 1.Балалар жігерлілігінің түрлері



бет73/134
Дата15.12.2022
өлшемі5.18 Mb.
#467283
1   ...   69   70   71   72   73   74   75   76   ...   134
емтихан

20-билет.
1.Балалар жігерлілігінің түрлері.
2.Қазақ тілі сабағында білім алушы тілін дамыту. Байланыстырып сөйлеу және жазу жұмысының әдістемесі.
«Тіл дамыту дегеніміз – тілдік норманың жетілу, ширау, даму дәрежесі» Демек балалардың тілін дамыту жұмысы – ол баланың жалпы ойын дамыту деген сөз. Қазақ тілін оқытумен байланысты тіл дамыту жұмысын ұйымдастырудың негізгі мақсаты – баланың ауызша және жазбаша ойын граматикалық және статистикалық жағынан дұрыс бере білуге үйрету. Соның бірі – танымдық ойындар. Танымдық ойындардың түрлері көп. Мысалы, сөз жұмбақ, сөз тізбек, кроссворд, викторина, психологиялық жаттығулар, логикалық есептер, тренинг, тест, т.б Танымдық ойындар жас ерекшеліктеріне қарай күрделене түседі.
ұлт ойындары. Дамытушы ойындарға қойылатын бipiншi талап – баланың танымдық әрекетін, қызығушылығын дамыту. бақылау, заттарды қарау, сурет қарау, жұмбақ шешу және құрастыру, саяхат, ойын-сабақтарын ұйымдастыру барысында балалардың сөздік қорларын дамытады
Тіл дамыту – тілді оқытудағы негізгі мақсат. Адам ойын ауызша, не жазбаша түрде жеткізеді. Сондықтан оқушы тілін дамыту екі бағытта жүргізіледі: ауызша және жазбаша.
Оқушының сөздік қорын байыту, сөздік жұмысы Оқушының сөздік қорын үнемі байытып отыру – тіл дамытудағы негізгі мәселе. Сөздік жұмысы әр сабақ үстінде, жыл бойында, бүкіл оқу кезеңінде белгілі жоспармен, жүйемен жүргізілуі керек
Осы мақсатқа жету үшін, төмендегі жұмыстар жасалу керек:1) жаңа сөз мағынасын оқушыға анық түсіндіру; 2)жаңа сөздің оқушы есінде сақталуын қамтамасыз ету; 3)жаңа сөзді қолданыста меңгеру яғни жаңа сөзді қолдану дағдысын қалыптастыру; 4)жаңа сөздің айтылуы мен жазылуын меңгерту; 5)сөздікпен жұмысқа үйрету.
Оқушының сөздік қорын байытудың тағы бір жолы – мақал –мәтел сөздігін жасау.
Жаттығулар арқылы тіл дамыту Бірақ грамматиканың заңдылықтарын жатқа білгенмен, оны сөйлеуде қолдана алмаса, ол да тіл білгенге жатпайды. Сондықтан тілге үйрету тілдік нұсқаларды оқушыға білгізу және олардың сөйлеуде қолданылуын меңгертуге жаттықтырудан басталады. Ал тілдік жаттығуда тілдік тұлғаның сөздегі орнына нүкте қойылатын жаттығулар оқушыны тілдік тұлғалардың дыбыстық вариантын дұрыс таңдауға үйрету мақсатын көздейді. Оқушы тілін дамытуда кітап оқу зор қызмет атқарады. Кітап
Тест арқылы оқушы тілін дамыту
Сөйлеу тілі мен жазба тілдің байланысы
Жазбаша тілді дамыту
Әдістер
1 Саханлау
2Сурет бойынша ангыме құру
3 Әнгімені аяқтау
4 хат жазу
5 ұқсас әнгіме құру
Жұмыс түрлері
1 Үлгі бойынша мазмұндау
Тексті қысқартып мазмұндау
3 Тексті өзгертіп мазмұгдау
4текст жүйесін сурет бойынша реттеу
5.сурет бойынша әнгімелеу
6. өз жанынан әнгімелеу кино, видеороликтер арқылы мазмұндау
Қазақ тілі мұғалімнің негізгі міндеті - оқушылардың сөйлеу дағдыларын қалыптастыру, сөздік қорын молайту, тілін дамыту. О Қазақ тілі сабағында оқушыларды сөзді дұрыс қолдана білуге, өз ойын орнықты жеткізуге, еркін сөйлей білуге жетелейтін тәсілдің бірі – тіл дамыту жұмыстары. Тіл дамыту мақсатындағы жүргізілетін жұмыстар оқушының ойлау қабілетіне, сондай-ақ өз ойын жеткізе білуіне, шығармашылық ізденісіне жол ашады.
Тіл дамытудағы өнімді тәсілдердің бірі – шығармашылық тапсырмалар. Оқушы тілін дамыту үшін әр түрлі әдістер жұмыстар өткізу керек. Оқушылардың сөйлеу қабілетін дамыту, мәтін бойынша сұхбат құрастыруда, мәтінің мазмұның айтқызуда тірек сызбалардың берері көп. Бұл тәсіл жаңа сабақты жылдам түсінуге, есте сақтауға көмектеседі. Тірек сызба, сұхбат құрғыза отырып, оқушылардың қазақша сөйлеу дағдысын қалыптастыруға, сөйлем құрастыруға мүмкіндік береді. Тіл дамыту жұмысында сөздікпен қолданудың үлкен мәні бар.Сөздікпен жұмыс істеу балалардың сөздік қорын байытуға негіз болып табылады.Ауызекі сөйлеу әдісінің бірі - диалог арқылы дамыту. Диалог құру үшін белгілі бір тақырыпта оқуға байланысты оқушының сөздік қорын дамыту, жаңа сөздер үйретіп, мағынасын ұқтыра отырып, оларды жасайтын формаларды меңгертіп, сөйлем құрауға үйрету, сөз бен сөзді байланыстыруға, ауызша ойларын жүйелі айтуға, әңгімелеуге жаттықтыру керек. Сонда оқушы диалог құру кезінде сауатты сөйлеуге, қазақ тілінің граматикасын ескере отырып диалог дұрыс құруға тырысады.Бұл оқушының тілін дамытады.
ОҚЫТУДА КОММУНИКАТИВТІ ТЕХНОЛОГИЯНЫ ПАЙДАЛАНУ-тілде қарым-қатынас тудыру арқылы оқыту. Барлық жылдам оқыту технологияның негізгі тілдік қарым-қатынас тудыру арқылы оқыту болып табылады.Сөйлесу –бұл адамдардың тіл арқылы байланыс жасау процесі. Ақпараттық коммуникативтік біліктілікті қалыптастыруда сөз, сөз тіркесі, сөйлем, бейімделген мәтіннен басқа оқушы мен оқытушы арасында белгілі бір жағдаят немесе тақырыпқа сай іс-әрекеттік білім беру дәрежесіне байланысты болуы керек.Ол үшін көп жұмыс жүргізілу қажет.Тіл үйретуде ең басты міндет-оқушылардың сөйлеу тілін жетілдіру.Оқушылар тілдің грамматикасын білу арқылы бір-бірімен сөйлесуді,сұрақ қоюды үйренеді.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   69   70   71   72   73   74   75   76   ...   134




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет