1-билет Жаңа педагогикалық технологиялар. Жаңа педагогикалық технология



бет99/134
Дата15.12.2022
өлшемі5.18 Mb.
#467283
1   ...   95   96   97   98   99   100   101   102   ...   134
емтихан

Ой-толғаныс – бұл кезеңде күнделікті оқыту процесінде білім алушының толғанысын ұйымдастыру, өзіне, басқаға сын көзбен қарап, баға беруге үйретеді. Білім алушылар өз ойларын, өздері байқаған ақпараттарды өз сөздерімен айта алады. Бұл сатыда білім алушылар бір-бірімен әсерлі түрде ой алмастыру, ой түйістіру, өз үйрену жолын, кестесін жасау мақсатында басқалардың әр түрлі кестесін біліп үйренеді. Бұл үйрену сатысы – ойды қайта түйіп, жаңа өзгерістер жасайтын кезең болып табылады. Әр түрлі шығармашылықпен ой түйістіру болашақта қолданылатын мақсатты құрылымға жетелейді. Осы кезеңді тиімді етуге лайықталған «Бес жолды өлең», «Венн диаграммасы», «Еркін жазу», «Семантикалық карта», «Т кестесі» сияқты стратегиялар әр сабақтың ерекшелігіне, ауыр-жеңілдігіне қарай лайықтала қолданылады.
«Оқу мен жазу арқылы сыни тұрғыдан ойлау» технологиясында жазудың орны ерекше. Білім алушыларды жазуға қызықтырудың бірден-бір жолы қойын дәптер болып табылады. Үнемі үзбей жазудың арқасында білім алушылардың қойын дәптерлерінен жақсы ой түйіндерді кездестіруге болады. Кейін келе өздерінің рұқсаттарымен бір-біріне қойын дәптерлерін оқытып, өздеріне не ұнағанын айтқызып, бір-біріне ұсыныстар айтуына мүмкіндік жасаймын. Айтылған ұсыныстардан кейін қойын дәптер жазудың әр түрлі тақырыптар бойынша жазуға болатынын анықталды және оның мынандай жобасын жасауға болады:


- ұнаған нақыл сөздерді жазу;
- бұрын соңды естімеген мақал – мәтел, сөз тіркестерін жазу;

- нақыл сөздерге өзіндік ой тұжырым жазу;

- ой салған сыртқы құбылыстарды түрліше формамен жазу;

- махаббат, сезімге байланысты қарапайым адамдардың өмірінен мысалдар
 жазу;
- өнер, білім тақырыптарында өзің ұстаз немесе пір тұтқан адамдар жайлы жазу;

- ата-анаңның түрлі қасиетін, шыққан тегін жазу;

- «жүрек жарды жырларым» (өз өлеңін жазу);

-досың, құрбың, замандасың туралы пікіріңді жазу.

RWCT бағдарламасы – ағылшын тілінен аударғанда “Сын тұрғысынан ойлау үшін оқу мен жазу” дегенді білдіреді. Бұл бағдарлама оқытудың 100 түрлі стратегияларынан: әдістерінен тұрады. Мақсаты – шығармашылық ойлауды, сын тұрғысынан ойлауды дамыту.
Сын тұрғысынан ойлауды дамыту бағдарламасы – әлемнің түкпір-түкпірінен жиылған білім берушілердің бірлескен еңбегі. Тәжірибені жүйеге келтірген Джинни Л.Стил, Куртис С.Мередит, Чарльз Тэмпл. Жобаның негізі Ж.Пиаже, Л.С.Выготский теорияларын басшылыққа алады. Мақсаты барлық жастағы оқушыларға кез келген мазмұнға сыни тұрғыдан қарап, екі ұйғарым бір пікірдің біреуін таңдауға саналы шешім қабылдауға сабақтарда үйрету. Біздің елімізге Джордж Соростың ашық қоғам институты, “Сорос-Қазақстан” қоры арқылы келген бұл технология орыс және қазақ тілдерінде мектеп тәжірибелеріне ене бастады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   95   96   97   98   99   100   101   102   ...   134




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет