1-билет Жаңа педагогикалық технологиялар. Жаңа педагогикалық технология


Сын тұрғысынан ойлау технологиясы



бет97/134
Дата15.12.2022
өлшемі5.18 Mb.
#467283
1   ...   93   94   95   96   97   98   99   100   ...   134
емтихан

Сын тұрғысынан ойлау технологиясы.

Сын тұрғысынан ойлау – сынау емес, шыңдалған ойлау. Бұл деңгейдегі ойлау тек ересек адамдарға, жоғары сынып оқушыларына ғана тəн деп ойлау аса дұрыс түсінік емес. Жас балаларың да бұл жұмыста дұрыс ұйымдастырған жағдайда өз даму деңгейіне сəйкес ойы шыңдалып, белгілі бір жетістіктерге жетері сөзсіз. «Сын тұрғысынан ойлауды дамыту» кез келген ұстазға сапалы сабақ беруге мүмкіндік береді. Атақты қытай ойшылы Конфуций «танымның үш жолы бар: ең оңайы – еліктеу, ең ащысы – тəжірибе, ең мəртебелісі – ойлау» деген екен. Демек, сол əдіс-тəсілдерді меңгертіп, ішінен қажеттісін таңдау арқылы əр сабақтың мақсатміндеттерін тиімді де оңтайлы жолмен жүзеге асыруға мүмкіндік мол. «Оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлау» сабақтарында мына мəселелерге назар аударылады: 1. Сабақты белсенді өткізіп, əр баладан еркін жауап алуға жағдай жасау. 2. Қиялын дамыту үшін «менің ойымша» деген жауапқа дағдыландыру. 3. Тіл байлығын дамыту үшін қалайда жауапты соңына дейін тыңдау. 4. Жеке тұлға ретінде «мен» деген рөлін көтеру, өз пікірін қалыптастыру. Бұл жүйенің бір ерекшелігі – кез келген ақпараттың жан-жақты ой елегінен өткізіп барып қабылданатындығы. Екінші бір ерекшелігі – білім көбіне жеке емес, топтық не ұжымдық талқылаулар түрінде игерілетіні. Дамыта оқыту жүйесі сияқты «Сын тұрғысынан ойлауды дамыту» бағдарламасының да негізгі қағидалары мен мақсат-міндеттері дамытып-тəрбиелей отырып, шығармашыл тұлға қалыптастыруға бағытталған. СТО бағдарламасы балаларға мынандай мүмкіндіктер береді: 1. Мұғалімге тəуелділіктен арылып, өзінің білім игеру қызметін өздері басқаруға; 2. Білім қажеттілігі мен маңыздылығын түсініп, қажетті ісəрекетті белсене жəне өз бетінше орындауға; 3. Жеке ерекшелігі мен қабілетіне сай тапсырмаларды өзі таңдап, іздеп тауып, белсене орындауға; 4. Білім мен мəдени құндылықтарды игеру ісін топтасып жəне ұжымдасып мұғалім көмегінсіз, дербес атқаруға; 5. Құр мəлімет алумен шектелмей, сабақ барысында өз пікірін ашық айтып өзара сұхбат жүргізуге; 6. Ой өрісі ғана емес жəне əлуметтік жағынан өздерін-өздері дамытып тəрбиелеуге жетелейді.  Бұл технология Кеңес өкіметі кезінде
1973 жылдан, Қазақстанда 1997 жылдан бері таныла бастады. Оқу мен
жазу арқылы сыни тұрғыдан ойлау, яғни, RWCT жобасы 29 мемлекетте
қолданылады.Технологияның негізін қалаушылар американдық ғалымдар
Джон Дьюи, Мередит, Джинни Л.Стил, Куртис С.Мередит, Чарльз Тэмпл.
Жобаның негізі Ж.Пиаже, Л.С.Выготский теорияларын басшылыққа алады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   93   94   95   96   97   98   99   100   ...   134




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет