Деңгейлеп-саралап оқыту технологиясы (Ш.А. Қараев) мәні мен түсінігі.
Деңгейлеп саралап оқытуда негізделген технология дамыта оқыту идеясын жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Өйткені ол оқушының ойлауын, елестету мен есте сақтауын, ынтасын белсенділігін дағдысын, білім сапасының дамуын қамтамасыз етеді. Мақсаты: əр оқушыны оның қабілеті мен мүмкіндік деңгейіне қарай оқыту. Оқытуды оқушының əр түрлі топтарының ерекшелігіне сəйкес бейімдеу, ыңғайлау. Ерекшелігі: 1. Таланттылар өздерінің қабілеті мен икемділігін одан əрі бекіте түседі, əлсіздер оқуға ниет білдіріп, сенімсіздіктен арылады. 2. Оқушылардың оқуға деген ынтасы артады. 3. Білім дəрежесі бірдей топтарды оқыту ісі жеңілдейді. Міндетті нəтижелерге негізделген деңгейлеп-саралап оқыту технологиясы мынадай ерекшеліктерімен – білімнің базалық деңгейінің барлық оқушылар үшін міндеттілігі, оқушыларға берілген тапсырманың саралануы, тапсырма оқушының күші жететіндей жəне қолайлы болуы шарт, білімнің базалық деңгейі оқытудың қазіргі заманғы педагогикалық технологиясының механизмі ретінде оқушының бірте-бірте өрістей дамуына мүмкіншілік жасау тиіс, оқушыға оқу деңгейін таңдауға ерік беру, оқушы өз мүмкіндігіне орай тек міндетті деңгейден кем емес білім алуға еріктілігімен сипатталады. XX ғасырдың 30-жылдарында Америкада білім беру мен оқытуда саралау үдерісі кеңіне етек алғаны мәлім. Бұл үдеріс бүгінгі таңда қазақ мектептеріне де келіп жетті.
Жалпы саралап оқыту бастауыш мектепті бітіргеннен кейін басталады.
Франция мен АҚШ- та барлық жалпы білім беретін мекемелерде сыныптағы оқушыларды топқа бөлу кеңіне таралған. Кейбір пәндерді оқытуда топтарды “жылдамдар”, “орташалар”, және “баяулар” деп атайды.
Жапония мектептерінде де оқушыларды топқа бөліп оқыту тұрақты орын алған. Топтағы жұмысты сайыс түрінде жүргізеді. Барлық оқушыға баға қойылады.
Деңгейлеп оқыту технологиясы 1998 оқу жылынан бастап мектептің барлық сатысына, барлық пәндерге еніп, оқу үрдісін жандандыруға үлкен үлес қосып келеді.
Деңгейлеп-саралап оқыту әрекеті – білім алуға бағыттаған әрекет. Ол өз бетінше әрі мұғалімнің жетекшілігімен жүзеге асады. Біз басшылыққа алып отырған саралай оқытудың жүйелік негізін Б. Ананьев, Л. Выготский, А. Леонтьев, С. Рубинштейн т.б. ғылымдар жасаған. Ал бастауыш мектеп кезендегі оқу әрекеті Ш. Аманатшвилли, В. Давыдов, Л. Занков т.б. зертеулерінде қарастырылады. Саралай оқытуды ұйымдастыру арқылы баланың ойы абстрактіден нақтыға қарай өрлейді, ілімдік ойлауы қалыптасады. Оқушы дамуының негізгі болып табылатын әрекет, оқу әрекеті әрбір сабақтың өзегі деп түсіну керек. Деңгейлеп-саралап оқытуды ұйымдастыру арқылы бала ақыл -ой деңгейі мен белсенді әрекеті арқасында репродуктивті емес өнімді нәтижеге жетеді.
Профессор Ж.Қараевтың деңгейлеп-саралап оқыту технологиясы жаңаша өзгерген мақсатпен оқушылардың өздігінен танып, іздену іс-әрекеттерін меңгертуді талап етеді. Бұл технологияда бірінші орында оқушы тұрады және өз бетімен білім алудағы белсенділігіне назар аударылды.
Деңгейлік-саралап оқыту технологиясы-оқушының туа біткен ақыл-ой қабілетінің жеке даму жанжақтылығына негізделген білім беру жүйесі.
Деңгейлеп оқыту әр оқушыға өз мүмкіндіктерін барынша пайдалана отырып,білім алуына жағдай жасайды.Әртүрлі деңгейдегі балаларға бірдей зейін аударып,олармен саралап жұмыс істеуге мүмкіндік береді. Бала білімін оқушы деңгейден шығармашылық деңгейге жетелеу оқушылардың өз бетінше,ізденуіне жол ашады,шығармашылық жұмыстарға баулиды,қиялын,ойын ұштайды.
Саралап оқытудың басты бағытының бірі – толықтыра оқыту, яғни үлгерімі төмен оқушыларға қосымша педагогикалық күш жұмсау. Толықтыра оқыту дегеніміз – үлгермеушілікті жою мақсатында өзіндік бағдарламамен оқыту.
Мектепішілік саралап оқытуда елеулі жетістіктерге жету үшін төмендегідей мақсаттар қою керек:
Нақты бағдарлама жасау: педагогикалық ұжым білім беру мен оқытуда саралаудың теориясы мен әлем педагогикасының іс-тәжірибесімен қаруланған болуы;
Материалдық базаның жеткілікті болуы.
Мектепте де үздік, дарынды оқушылар бар, олардың үміт талабын, бағыт-бағдарын дамытуда саралай оқыту – бүгінгі күннің алға қойған міндетін шешудің негізгі жолы.
Саралай оқыту екі кезеңнен тұрады:
1) дайындық кезеңі;
2) негізгі кезең.
Дайындық кезеңінің басты міндеттерінің бірі – шәкірттер ішінен талантты, дарындыларды тауып, олардың қабілеттерін дамыту, білімге құштарлыған қанағаттандырып, белсенділіктерін арттыру.
Негізгі кезең – оқушыны ынталандырған пәндерді айқындап, ондағы оқуға қажеттілерді тереңдете оқытуға назар аудару. Қазіргі кезде жарияланған бағдарламалар ішінен оқушыларға сай келетін түрін таңдап алу қажет.
Саралай оқытуды ұйымдастыру арқылы баланың ойы абстрактіден нақтыға қарай өрлейді, ілімдік ойлауы қалыптасады. Оқушы дамуының негізгі болып табылатын әрекет, оқу әрекеті әрбір сабақтың өзегі деп түсіну керек. Саралай оқытуды ұйымдастыру арқылы бала ақыл-ой деңгейі мен белсенді әрекеті арқасында репродуктивті емес өнімді нәтижеге жетеді.
Деңгейлік саралау оқушы мен мұғалімнің белсенді шығармашылық қызметін дамыту мен қатар, оқушыларға өз білімін жаңа әдіспен бағалауға мүмкіндік береді. Меселен, оқушылардың алған бағасы арнайы таблода көрсетіліп тұрады. Әр деңгейдің өз бағалауы бар. Олардың барлығы оқушылардың көз алдына тұрады. Мұның өзі білім берудегі демократия критерийлері болады.
Деңгейлеп саралап оқыту технологиясы:
- оқушының өз қабілетіне, болашағына сенуіне;
- оқушыны ынталандыруға;
- оқушы мен оқытушының ынтымақтастық қарым-қатынас достығына;
- оқушының өз білімін өзі бағалай білуіне;
- баға әділдігіне;
- білім көрсетудің әділ сайысына мүмкіндік береді.
Достарыңызбен бөлісу: |