1-билет Жаңа педагогикалық технологиялар. Жаңа педагогикалық технология


Әдебиет сабағында қолданылатын ресурстар, оларды пайдаланудың тиімді жолдары мен амал-тәсілдері



бет92/134
Дата15.12.2022
өлшемі5.18 Mb.
#467283
1   ...   88   89   90   91   92   93   94   95   ...   134
емтихан

2.Әдебиет сабағында қолданылатын ресурстар, оларды пайдаланудың тиімді жолдары мен амал-тәсілдері.
Көрнекілік – оқу материалын оқушы көңіліне оңай да, әсерлі жолмен жеткізуші көмекші құрал.
Әл-Фараби «оқытудың негізгі әдісі-көрнекілік» деп,оның мақсаттарын, тәсілдерін (түсіндіру, әсерлендіру,есте қалдыру) ұсынады.
Оқу материалын меңгеру көп жағдайда оқыту процесінде қолданылатын көрнекі құралдарға және техникалық құралдарға байланысты.
Көрнекілік әдісі — оқытудың сөздік және тәжірибелік әдістерімен өзара байланыста қолданылады және құбылыстармен, обьектілермен оқушыларды таныстырғанда олардың сезім мүшелеріне әсер етіп, алуан түрлі сурет, көшірме, сызба арқылы құбылыс, процесс, обьектілердің символдық бейнелерін немесе оларды табиғи күйінде қабылдайды. Қазіргі мектепте осы мақсатпен экрандық және техникалық құралдар кең қолданылады. Көрнекілік әдістерін шартты түрде екі үлкен топқа бөлуге болады: иллюстрация және демонстрация.
Иллюстрация әдісі арқылы оқушыларға иллюстрациялық құралдар-атап айтсақ: плакат, кесте, картина, карта, тақтадағы суреттер, үлгілер көрсетіледі.
Демонстрацияның (көрсету) оқыту әдісі ретіндегі ерекшеліктері:
Демонстрация әдісі арқылы заттар мен құбылыстар тәжірибе жасау арқылы немесе техникалық құралдардан, кинофильмдерден, диафильмдерден көрсетіледі.
Оқу процесі жаңа техникалық құралдарды енгізу (теледидар, бейнематериалдар) оқытудың көрнекілік әдісінің мүмкіндіктерін кеңейтеді.
Қазіргі уақытта көрнекі құралдың жаңа түрі-жеке тұлғалар қолданатын компьютерлерге ерекше көңіл бөлініп, мектептерде электронды-есептегіш техникасы кабинеттерін құру міндетті шешілуде, оқу процесіне белгілі бір жағдаяттарды және процестерді үлгілеуге мүмкіндік беретін компьютерлерді енгізілген. Олар оқушыларға бұрын оқулық мәтінінен меңгерілген көптеген процестерді қозғалыста, көрнекі түрде көруге мүмкіндік береді. Компьютерлер, көрнекілік әдістерінің оқыту процесіндегі мүмкіндіктерін елеулі түрде кеңейтеді.
Оқытудың көрнекілік әдісінің шарттары:
• көрнекіліктің оқушылардың жасына сәйкестігі;
• көрнекілікті сабақтың керек сәтінде қолдану;
• демонстрацияланған затты барлық оқушылардың көруі;
• иллюстрацияның ең бастысын, мәндісін нақты бөлу;
• құбылыстарды демонстрациялау кезінде берілетін түсініктерді мұқият ойластыру;
• демонстрацияланатын көрнекіліктің оқу материалы мазмұнымен сәйкес келуі;
• көрнекі құрал мен демонстрациялық қондырғылардан керекті мәліметтерді табуға оқушыларды қатыстыру.
Көрнекілік:1. Білім мазмұнын байыта түседі. 2. Есту арқылы алған білімін көру арқылы бекіте түседі. 3. Оқушылардың ынтасын, қызығушылығын арттырады, ойлау, таным белсенділіктерін, көркем тілін дамытады. 4. Эмоциясына әсер етеді. 5. Алған білімдерін практикада жүзеге асыруға жетелейді.
Көрнекілікпен оқытудағы басты мақсат – оқушыны байқағыштыққа, оймен топшылауға жаттықтыру. Өзінің байқағандарын сөзбен айтып бере білуге, одан логикалық қорытынды шығаруға үйрету. (К. Д. Ушинский)
Көрнекіліктерді қолдан жасау – аса күрделі дүние. Оған қойылатын басты талаптар мыналар: Жазуын соңғы партада отыратын бала да оқи алатындай болу керек. Көркемдеуі, безендіруі, бояулары әлем-жәлем емес, қарапайым, оқушы жан жүйесіне, көру қабілетіне кері әсер етпейтіндей, мектеп гигиенасына сай жасалуы керек. Қолдануға оңай әрі мазмұнды болуы керек. Тұжырымдылық, нақтылық, ғылыми жағынан тереңдік те басты шарт.
Көрнекілік әдісі- берілген білімнің мазмұны көрнекілікті тілеп тұрғанда уақыт үнемдеуге, әсіресе оқушы психологиясына әсер ету мақсатында өте тиімді болады. Сондай-ақ оқушы сабаққа қызықтыру, ынталандыру мәселесінде де маңызы зор.
Көрнекілік пәнді оқытуда қолданылатын маңызды дидактикалық материалдың бірі ретінде, мектеп практикасында үнемі қолданылып келеді. Көрнекілік сабақ материалымен тығыз байланыста болу керек. Көрнекілікті қолдану оқушылардың психологиялық белсенділігін, сабаққа деген қызығушылығын жоғарылатып, материалдарды терең ұғуына, есте сақтауына көмектеседі. Көрнекілікті сабақтың кез келген бөлігінде қолдануға болады. Яғни, жаңа материалды меңгертуде, бекітуде, бақылау, бағалау және қайталау сабақтарында пайдалануға болады. Көрнекіліктер шартты түрде екіге бөлінеді:
- көру көрнекіліктері және есту көрнекіліктері.
Жаңартылған білім мазмұнында көрнекіліктерді ресурстар деп аталады..
Оқу әдістемелік кешеннің бір бөлігі ретінде көрнекілік (ресурс) құралдары пән мазмұнының, оның ұйымдастырылуы мен оқу тәрбие жүйесінің біртұтастығын талап етеді. “Көрнекілік” дегеннің өзі көру етістігінен шықса да, қазір оның мағынасы кеңейді. Педагогикалық сөздіктерде: “көрнекілік – оқушылардың тікелей қабылдауы кезінде нақты түрде әсер ететін дидактикалық ұстаным” деген анықтама берілген. Оқыту процесінде табиғат заттары мен құбылыстарының маңызды роль атқаратыны және көрнекілік түрлерін қалыптастыруда қажетті құрал болатыны белгілі.
Слайдты қара
Көру көрнекіліктеріне сызба, үлестірмелі кеспе қағаздар, оқулық, кітаптар, буклеттер, экранды және техникалық құралдар жатады. Есту көрнекіліктеріне техникалық құрал түрлері, қосымша материалдардан алынған әңгімелеу жатады. Көрнекі құралардың қолдану тиімділігі жоғары болғаны жөн. Ол тек сабақты сырт түрлендіру рөлін атқармай, мұғалімнің беретін ақпаратын еселеп, көрнекі түрде жеткізе алатын тірек болуға тиіс. Мектепте көрнекілікті қолданудың өз тәртібі бар. Алдымен, көрнекілік оқушыға эстетикалық әсерлілігі, мазмұндылығы тұрғысынан ықпал ету керек. Көрнекілік сыныптағы оқушылардың қай қатарда отырса да, бәріне бірдей айқын көрінетіндей болғаны жөн. Әр сабақта көрнекілікті пайдаланудың реті, көлемі сақталуға тиіс. Бір тақырыпқа бірнеше көрнекілік түрін үстемелей қолдану, оқушыларға олардың бәрін түсінікті ете бермейді. Көрнекілік оқушылардың жаңадан танысуға тиісті тақырыбына тың ақпарат, көрнекілік тұрғысында қабылдауына әсер ету керек. Көрнекілік түрін мұғалім сабақтың нақты мақсатына сай әзірлеп, оны сабақтың тиісті бөлігінде қолданып отырады. Оқушы көрнекілік арқылы сол пәннің қоршаған ортамен байланыстылығы туралы, өтіліп жатқан материал жөнінде жан-жақты мағлұмат алады.
Қазіргі ақпараттық қоғамда ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолдануға негізделген ақпараттық процестер өркениеттің дамуының негізгі белгілерінің бірі болып табылады. Қоғамды ақпараттандыру үдерісі білім берудің сипаты мен мазмұнын өзгерту қажеттілігін тудырып білім беру жүйесіне әсер етеді.
АКТ-ны пайдаланудың негізгі мақсаттары
1) оқушылардың функционалдық сауаттылығын, негізгі оқу дағдыларын қалыптастыру, бейінді және бейіналды даярлықпен қамтамасыз ету;
2) АКТ артықшылықтарын жүзеге асыру арқылы білім, білік және дағдыларды меңгеру сапасын арттыру, танымдық қызметті белсенді қылу мақсатында ынталандыру, ақпаратты өңдеудің заманауи құралдарын пайдалану негізінде пәнаралық байланыстарды тереңдету;
3) білімділіктің жоғары көрінісі деп танылатын және жеке адамның қасиеттері мен кәсіби біліктілігінен тұратын жалпы мәдениет құраушылардың бірі ретінде ақпараттық мәдениеттің қалыптасуы;
4) оқыту процесінде оқушылардың жеке ерекшелігін ескеру, белгілі бір бағыт бойынша оқушылардың қабілеттерін дамыту;
5) ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалану арқылы оқушыларды өз бетінше оқу-танымдық қызметке даярлау;
6) оқушы тұлғасын дамыту, оның шығармашылық мүмкіндіктерін, зерттеу ісіндегі шеберлігін ашу;
7) аппараттық құралдар, бағдарламалық жүйелер, сондай-ақ, заманауи технологиялық шешімдер негізінде жүзеге асатын және ақпараттық сұраныстармен қамтамасыз етуге арналған мазмұндық толықтырулар, оқушылардың қызметіне байланысты және де оларға қажет оперативті қарым-қатынас үшін ақпараттық ағындарды ұйымдастыру ретінде біртұтас ақпараттық орта құру;
Жоғары компьютерлік технологиялар ғасыры заманауи мұғалімдерге жаңа талаптар қояды. Білім беру жүйесі, заман талаптарын ескере отырып, жастарды қазіргі қоғамға даярлаудағы өзіндік тәсілдерін оперативті түрде өзгертіп отыруы тиіс. Түпкі мақсаты технологияларды пайдалану емес, оқушыларды оқытуда ойлау мен дербестікті қолдау және ынталандыру мақсатында сынып пен мектеп мәдениетін өзгерту. Сынып мәдениеті өзгерместен тұрып қалмай заман талабына бейімделіп дамуына, мұғалімдердің үнемі ізденісте болып кәсіби біліктілігін арттырып дамуына қол жеткізу керек.
Мұғалім ақпаратпен жұмыс жасаудың ұтымды тәсілдерін меңгеруі қажет. Сабақтарда қолданылатын АКТ-ға негізделген оқу стратегиялары оқушыларға икемді болуды және инновациялық ойлауды үйретуде, тиімді бірлескен жұмыс жасауда, оңтайлы, құнды пайымдаулар жасау шеберлігіне көмек көрсетуі тиіс. Компьютерлік технологияларды меңгеру мұғалімнің кәсіби мәдениетінің элементіне айналуы тиіс.
Мұғалімге өз пәнінің оқыту әдістемесін жетілдіру үшін АКТ-ны қолдануды үйрену маңызды.
Мұғалім АКТ-ны (интерактивті тақта, электронды оқулықтар мен құралдар, электрондық энциклопедиялар мен анықтамалықтар, жаттығулар және тестілеу бағдарламалары, Интернет желісінің білім беру ресурстары, бейне және аудиотехника, интерактивті сабақтар, конференциялар мен сайыстар, қашықтықтан оқыту) пайдалану оқушыларды белсенді жұмысқа тартуға мүмкіндік беріп, ақпаратты қабылдауын, зейінін жетілдіріп, материалды түсіну мен есте сақтауын жақсартатынын, орындалған әрекеттердің нәтижесінің көрінісін көрсетіп, қызықты зерттеу жұмыстарын, жобаларды жасауға мүмкіндік беретінін білуі тиіс.
АКТ пайдаланып өтетін сабаққа дайындық кезінде мұғалім сабақ жоспарын оның мақсаттарын негізге ала отырып құрауы қажет екенін ұмытпауы тиіс, оқу материалын іріктеу кезінде негізгі дидактикалық принциптерді сақтау керек: жүйелілік пен бірізділік, қолжетімділік, саралау тәсілі, ғылымилық және т. б. Компьютер мұғалімді алмастырмайды, тек қосымша қызмет атқаратыны да түсінікті.
Осындай сабаққа тән белгілер:
1. Бейімделу принципі: компьютерді баланың жеке ерекшеліктеріне қарай бейімдеу қажет.
2. Басқару: кез келген уақытта мұғалім оқыту үдерісіне түзетулер енгізуі мүмкін.
3. Интерактивтілік және оқытудың диалогтік сипаты. АКТ-ның оқушы мен мұғалімнің әрекетіне жауап беру, олармен диалогқа «түсу» қабілеті бар, бұлар компьютерлік оқыту әдістемелерінің басты ерекшелігін құрайды.
4. Жеке және топтық жұмыстың ұтымды үйлесімі.
5. Оқушының компьютермен қатынасы кезінде психологиялық жайлылықпен қамтамасыз ету.
6. Шектелмеген оқыту: білім мазмұны, оның интерпретациясы және оны қолдану көлемі өте үлкен.
АКТ-ның негізгі функцияларының арасынан келесі белгілерді ерекшелеп атап көрсетуге болады
Педагог-психологтардың пікірінше,оқушы қабылдайтын білімнің тиімділігіне көрнекі әдістің тигізетін ықпалы зор. Себебі, қабылдаудың басты жолдарыныңбірі ретінде көру, тыңдау арқылы қабылдау оқушының материалды меңгеруіне үлкен ықпал етеді. Бүгінде мектеп бағдарламасы бойынша оқытылатын көптеген тұлғаларымыздың өмірі мен шығармашылық жолына байланысты түсірілген документальді фильмдер, көркем фильмдер, қысқа метражды фильмдер жарық көруде. Әрине бұл фильмдердегі идеялық бағыт немесе ақпарат құралымы мектептегі әдебиет сабақтарымен бүтіндей үндесе бермеуі заңды. Әйткенмен қажетті жерін мақсатқа сәйкес пайдалану мүмкіндіктері зор. Арнайы фильмнің үзіндісін қиюға арналған компьютерлік бағдарламалардың көмегімен сабақ мақсатына лайықты қолданған тиімді. Сондай-ақ аудиодискілерді пайдалану да маңызды. Әсіресе жыр жанрын, лирикалық шығармаларды оқытқанда тыңдау әрекетіне басымдық жасаған абзал. Телевизия, радио, үнтаспа, экскурциялық оқыту, компьютерлік оқыту, электронды оқыту жүйелері, электронды оқулықтар, онлайн сабақтар т.б. көрнекі құралдарды еркін пайдалану мүмкіндіктері зор.
Компьютерлік технологиялар адам қызметінің барлық салаларына – ғылымға, өндіріске, тұрмыс пен білім беру салаларына енген қазіргі кезеңде қоғам дамуының жаңа, компьютерлік дәуірі туғаны туралы айтуға болады.
Оқытушы сабақта компьютерді пайдалы түрде қолдану үшін жақсы меңгеруі қажет.
Компьютерді орынды қолдану үшін оқытушының
• Компьютермен сабақ өткізе алатындай білімі (компьютердің қолдануында қатысты) болу керек;
• Өз пәніне қатысты компьютерлік жаңалықтар мен өзгерістерден хабары болуы керек;
• Компьютермен өткізуге болатын тақырыптарды таңдауы қажет;
• Таңдаған тақырыбына қатысты материалдар дайындауы керек;
• Нені қалай қолдану керектігіне қатысты жоспар жасауы керек;
• Сабаққа қатысты материалдарды жинап отыруы керек.
Қазіргі заманғы компьютерлік технологиялар қажетті мәтінді экраннан көрсетуге ғана емес, кез келген графикалық сызбаларды, жоғары сапалы фотосуреттерді, слайдтарды көрсетіп, анимацияларды, дыбысты және бейнефильмдерді пайдалануға мол мүмкіндіктер береді. Компьютерлік технологияларды қазақ тілі мен әдебиеті сабақтарында пайдалану тәжірбибеге еніп, нәтижелер беруде.
Компьютерлік оқытудың негізгі мақсаты - оқыту процесін басқаруды жетілдіру, тексеруден өзін-өзі тексеруге, оқытудан өзін-өзі оқытуға көшу. Компьютерлік оқытуда жаңа бағдарланған оқулықтар, оқыту құжаттары, үйрету (оқыту) құралдары қолданылады. Компьютерлік оқытудың ерекшеліктері: оқу материалы жеке логикалы бөлшектерге бөлінеді; әр бөлімді меңгерген кейін оқушы немесе студент өздігінен тест тапсырмаларына, бақылау сұрақтарына жауап бере алады.
Лекциялық, практикалық және лабораториялық сабақтарда көрнекілік ретінде электрондық құралдарды пайдаланудың көптеген артықшылықтары қазіргі кезде тәжірибе жүзінде дәлелденген.
Біріншіден, терминдер мен кестелерді, қажетті мәліметтерді тақтаға жазу, графикалық элементтердің сызбасын салу сабақ өткізу кезінде оқытушының біршама уақытын алады.
Екіншіден, егер дәріс оқу кезінде білімгер экраннан қажетті мәліметті жазып алуға немесе көшіріп сызып алуға үлгермесе, сабақ аяқталғаннан кейін электрондық құралдың өзіне керек бетін ашып, қажетті мәліметті алуына мүмкіндік береді.
Үшіншіден, дәріс алушылардың сабақтың алдында дәрісте баяндалатын тақырыпқа қатысты ақпаратпен алдын ала танысуларына мүмкіндіктері бар.
Төртіншіден, басты мәселені немесе тақырыпты белгілі бір түске бояу, астын сызу, анимацияның көмегімен беру арқылы оған тыңдаушылардың назарын аудартуға болады.
Бесіншіден, дәріс оқуда қолданылатын компьютерлік технологиялардың жаңашылдығы білім алушылардың қызығушылығын арттырып, тақырыпты жан-жақты меңгеруге ынталандырады.
Қазіргі кезде оқытушылардың өз тәжірибелері мен шығармашылық шеберлігін пайдаланып, кез келген оқу пәні бойынша авторлық курс дайындауға мол мүмкіндіктер бар. Бұл сабақ барысында теориялық материалды көбірек мөлшерде беруге және уақытты ұтымды пайдалануға мүмкіндік береді.
Оқытудың ақпараттық технологиялары – бұл білім беру саласында қолданылатын электрондық құралдар, компьютерлік желілер, компьютерлік телекоммуникациялар және басқа да құралдардың жиынтығы. Осы анықтамада аталып шыққан құралдардың білім беру процесін ақпараттандыруда айтарлықтай нәтижелі болуымен қатар, сонымен бірге ашық және дәстүрлі білім беру жүйелеріне тән процесстер комплекстерінің барлығын ақпараттандыруда нәтижелі болатыны сөзсіз.
Оқытудың техникалық құралдары, соның ішінде ақпараттық технология құралдары ақпараттың көздері туралы оқушының пән бойынша түсінігін нақтыландырады, аудиовизуалды құралдар арқылы оқу ақпаратына әуестігін, эмоционалды жағымды көзқарасын оятып, оқуға қызығушылығын күшейтеді.
Аталған құралдар білім беру жүйесінде, қазіргі қоғамның бүтіндей дамуында маңызды орын алып, сабақты жаңаша өткізуге, жекеше алғанда оқушылардың танымдық қызығушылығын қалыптастыруға бағытталған оқыту технологияларын, әртүрлі әдістерді, құралдарды қолдануға мүмкіндік береді және білім беру сапасын жаңа деңгейге жеткізеді.
Дәстүрлі оқыту барысында оқушы тек мұғалім мен құрбыларымен қарым-қатынаста болады, ақпараттық технология құралдары қолданылған сабақтарда оқушы компьютермен қарым-қатынас жасау арқылы танымдық, ақпараттық қажеттілігін дамытуға мүмкіндік береді.
Білім беру жүйесіндегі ақпараттық технология құралдары



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   88   89   90   91   92   93   94   95   ...   134




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет