1-билет Мектеп жасына дейінгі балалардың қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыру әдістемесі пәні, мақсаты, міндеті


Балаларды жолда жүру ережелерімен таныстыруға арналған ойындар мен жаттығулар



бет2/47
Дата18.06.2023
өлшемі1.29 Mb.
#475186
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   47
Қарапайым матем калганы23 (1)

2. Балаларды жолда жүру ережелерімен таныстыруға арналған ойындар мен жаттығулар.
«Қандай белгі екенін тап?»
Мақсаты:Жол белгілерін ажырата білуге, балалардың жолда жүру ережелері жайында білімдерін бекіту; күнделікті өмірде алған білімін өз бетінше қолдана алуға тәрбиелеу.
Қолданатын көрнекіліктер: Сақтандыру, тыйым салу, көрсеткіш және қызмет көрсету: жол белгілері желімденген текшелер.
Ойын барыс:
1-ші нұсқа. Жетекші текшелер жатқан үстелге кезекпен шақырады. Бала текшені алып, белгіні атап, сондай сияқты белгілері бар балаларға барады.
2-ші нұсқа. Жүргізуші белгі көрсетеді. Балалар осы белгіні өздерінің текшелерінде табады, көрсетеді және оның не білдіретінін айтады.
3-нұсқа. Ойыншыларға текшелер таратады. Балалар оны мұқият зерттейді. Әрі қарай әр бала өзінің белгісі туралы атын атамай айтып береді, қалғандары оны шешу керек.
«Бағдаршам»
Мақсаты: Балаларды жол ережесімен таныстыру.
Көрнекіліктер: Қызыл, сары және жасыл дөнгелектер, машиналар, балалардың пішіндері.
Ойын барысы:
Қатысушылардың біреуі бағдаршамның белгілі бір түстерін орнатып қояды (қызыл, сары және жасыл дөнгелектерді қойып) машиналарды және балалардың пішіндерін, әр түрлі бағытпен жүретін. Екінші бала машиналарды көше қиылысынан өткізеді, (жүру жолынан) немесе балалардың пішіндерін (жүргінші жолынан) жол жүру ережесіне сәйкес. Содан соң ойыншылар рөлдермен ауысады. Машина және жүргінші жолы ережесімен және бағдаршамның шамдарымен белгіленетін әртүрлі жағдайлар қарастырылады. Кім қателеспей жақсы ойын көрсетсе сол жеңімпаз болып есептеледі.


«Кім үздік жүргінші?»


Мақсаты:Жол жүру ережесі бойынша балалардың білімдерін бекіту. (бағдаршамның берген белгісі, жүргінші жол) белсенділігін, назарын тәрбиелеу.
Көрнекіліктер:1,2,3,4,5,6 сандармен текшелер және 2 фишка. Ойын алаңы.


Ойын барысы:
Бірінші жүргінші №1 үйден, екінші №2 үйден шығады. Текшелерді өздерінің сандары шыққанша лақтыра береді, және қайтадан лақтырады. Сонымен бір түрлі-түсті суреттерге мұқият қарау керек. Бірінші суретте бағдаршамның қызыл шамы жанып тұр. Демек, жүргінші бағдаршамнан тұрған дөнгелекке секіре алмайды. Ол орнында тұра береді. Екінші суретте көлік. Жолды кесіп өтуге болмайды, орнында тұру керек. Үшінші суретте бағдаршамның жасыл шамы жанып тұр. Текшені текшенің санына байланысты дөнгелектерге жылжытуға болады. Төртінші суретте мотоциклшы. Оны тоқтап, өткізу керек. Алтыншы суретте бағдаршамның сары шамы жанып тұр. Жүргінші сол суреттің бойында тоқтай алады. Жетінші суретте реттеуші онымен қауіпсіз, бірден әженің үйіне баруға болады. Кім жол ережесін бұзбай әжесіне келсе сол жеңіске жетеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   47




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет