«Алпамыс батыр» жырындағы Ұлтан көкпарға кімді тарттырмақшы: (Жәдігерді)
«Алпамыс батыр» жырындағы:
«Аш бүгіліп жарағыр,
Жетім қалып жасыңнан
Мендей болып жылағыр,
Тарта бер, жұртым, тарта бер!»деген жолдардың иесі: (Жәдігер)
«Алпамыс батыр» жырындағы сақау әйелдер: (Бадамша, Мапия)
«Алпамыс батыр» жырында «Ұлтан бегіме лайық өлеңді өзім айтамын» деген: (Бадамша)
Алпамыс еліне қайтқанда жылқыны бағып жүрген: (Тортай)
Алпамыс батыр өз елінеұзақ жылдан соң қандай бейнеде келеді: (Диуана)
...Атса мылтық өтпеді,
Шапса қылыш кеспеді,
Суға салса батпады... Үзіндіде айтылып отырған батыр: (Алпамыс батыр)
Алпамыс батырды зынданнан Қаракөзайымның шығаруы себеп болған жағдай: (Қаракөзайымның ғашық болуы)
Алпамыс батырдың зынданнан шығуына көмектескен кейіпкер: (Қаракөзайым)
«Көрінеді осы адам,
От жалын боп көзіме.
Айналайын, құдай-ау,
Осы тұрған диуана
Жалғызымның өзі ме?!»- деген жолдарды кімнің кіммен тілдескенде айтқаны: (Гүлбаршынның Алпамыспен тілдескенде
айтқаны)
«Алпамыс батыр» жырында Байшұбарды босатып алып шыққан: (Қаракөзайым)
«Алпамыс батыр» жырындағы эпизодтық кейіпкер: (Кейқуат)
«Алпамыс батыр» жырындағы сиқырлы сыбызғышы, өнерлі бала: (Кейқуат)
Достарыңызбен бөлісу: