Сабақ тақырыбы Мен армандайтын мектеп Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаттары



бет1/29
Дата29.01.2024
өлшемі0.71 Mb.
#490143
түріСабақ
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   29
8-сынып. ҚМЖ (1)


Қысқа мерзімді жоспар

Пән: Қазақ тілі Т2
Күні:
Сынып: 8

Бөлім: I. Білім. Ғылым. Инновация
Педагогтің аты-жөні:
Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

1.Мен армандайтын мектеп

Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаттары

8.1.1.1 мәтін тақырыбы, тірек сөздер, иллюстрациялар арқылы көтерілетін мәселені болжау
8.5.1.1 болжалдық сан есімді
жазба, ауызша жұмыстарда орынды қолдану



Сабақ мақсаттары

Барлық оқушылар: Мәтін тақырыбы, тірек сөздер, иллюстрациялар арқылы көтерілетін мәселені болжайды. Болжалдық сан есімді
жазба, ауызша жұмыстарда орынды қолданады

Тілдік мақсаттар

Қанша? Қаншада?

Сабақтың барысы

Сабақтың кезеңі/
уақыт

Педагогтің әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау



Ресурстар

Сабақтың басы
7 минут



Ұйымдастыру кезеңі. Амандасу.Көтерiңкi көңiл-күй oрнaту үшiн «Ізгілік шары» әдісін қолдану арқылы сабақтың басталуына жағымды ықпал ететін көңіл-күй қалыптастыру. Шеңбер болып тұрған оқушылар бір-біріне «ізгілік шарын» ұсыну арқылы жақсы тілектер айтады.

слайд

Суреттер


Сабақтың ортасы
30 минут



Сөздікпен жұмыс:
Артықшылық, талап, өзекті, білімпаз, кісі, кемшілік
1. Жаңа сөздердің мағыналарын түсіндіру. 2. Дұрыс айтуға дағдыландыру: мұғалім сөздерді мәнерлеп оқиды;

Жаңа сөздерді тыңдайды, оқиды, мұғалім соңынан қайталайды.


Оқушылар жаңа сөздермен сөз орамдарын, қарапайым сөйлем құрастырады.
Жаңа сөздерді сөздік дәптерге жазады.





Ауызша кері байланыс беру. Жақсы! Тамаша!


Оқулық
4 бет

сөздік
слайд




1-тапсырма
Көп нүктенің орнына қажет сөзді қойып жазады.
1. Ғылым — ..., білім — қайық.
2. Ғылым таппай мақтанба, орын ... баптанба (Абай).
3. Отан ... отқа түс, күймейсің. ­
Қажет сөздер: таппай, үшін, теңіз.

Жазылым. Айтылым «Мағынаны таны» әдісі. Өзі қалаған бір нақылдың мағынасын айтады.


Үлгі: Отан үшін отқа түс, күймейсің. Бұл сөздің мағынасы отанға деген махаббаттың беріктігіне негізделген.

Дескриптор:
-көп нүктенің орнына қажетті сөздерді қояды
-өзі қалаған бір нақылдың мағынасын айтады;



Оқулық
4 бет

Оқулық
5 бет



2-тапсырма. Сұра
қтара жауап бер. 1. Сен қандай мектепте оқисың?

2. Оқып жүрген мектебің ұнай ма? 3. Сенің мектебің несімен ерекшеленеді?

Айтылым. Сұрақтарға жауап береді.

Ауызша кері байланыс беру. Жақсы!
Тамаша!







3-тапсырма. Айтылым.
Бұл қандай мектеп? Оны «жаңашыл мектеп» деп атауға бола ма? Сенің ойыңша, инновациялық мектеп қандай болуы керек? Сенің мектебің қандай.



Сипатта. Суретке қарап, болжалдық сан есімдерді пайдалана отырып, сұрақтарға жауап бер
Үлгі: «Инновациялық мектеп» мыңдаған оқушыға сапалы білім бере алатындай мүмкіндікке ие.












Сергіту сәті.


Жазылым. 4-тапсырма.
Сөйлемдегі сан есімдерді болжалды сан есімге айналдырып жаз.
1.Биыл 1-сыныпқа (90) оқушы қабылданды. 2. Екінші қабаттағы сыныптарға (50) компьютер қойылды. 3. (5000) кітап қоры бар кітапхана жұмыс істейді. 4. Мектепте (10) үйірме бар. 5. Үйірме жетекшісі Мақсат ағайдың жасы (45).



Сергіту сәтін орындайды

Жазылым


Үлгі: Биыл 1-сыныпқа тоқсандай оқушы қабылданды.

Дескриптор
- сөйлемдегі сан есімдерді болжалды сан есімге айналдырып жазады
-сөйлемнің құрылымын сақтайды;

Оқулық
6 бет



Сабақтың соңы
3 минут

Рефлексия (Ө)Әдісі: Кері байланыс
Оқушылар сабақтан алған әсерлерін
смайликтер арқылы көрсетеді.






Үй тапсырмасы: Жаңа сөздерді жаттау. 9 беттегі «Ойшыл қалпақтар» рөлдік ойынына сәйкес сабақ кестесін жасайды
Бағалау.Мұғалім формативті бағалауы бойынша қорытынды балын қояды.




Қысқа мерзімді жоспар

Пән: Қазақ тілі Т2
Күні:
Сынып: 8

Бөлім: I. Білім. Ғылым. Инновация
Педагогтің аты-жөні:
Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

2. Мен армандайтын мектеп

Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаттары

8.1.1.1 мәтін тақырыбы, тірек сөздер, иллюстрациялар арқылы көтерілетін мәселені болжау
8.5.1.1 болжалдық сан есімді
жазба, ауызша жұмыстарда орынды қолдану



Сабақ мақсаттары

Барлық оқушылар: Мәтін тақырыбы, тірек сөздер, иллюстрациялар арқылы көтерілетін мәселені болжайды. Болжалдық сан есімді
жазба, ауызша жұмыстарда орынды қолданады

Тілдік мақсаттар

Қанша? Қаншадан?

Сабақтың барысы

Сабақтың кезеңі/
уақыт

Педагогтің әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау



Ресурстар

Сабақтың басы
7 минут



Ұйымдастыру кезеңі. Амандасу.Көтерiңкi көңiл-күй oрнaту үшiн «Мотивация» әдісін қолдану арқылы сабақтың басталуына жағымды ықпал ететін көңіл-күй қалыптастыру. Оқушылар бір-біріне жақсы қасиеттерін айтады.

слайд

Суреттер


Сабақтың ортасы
30 минут


1-тапсырма. Диалогті рөлге бөліп о
қыңдар.
-Саша, сәлем! Оқу жылының басталуымен құттықтаймын!
-Рақмет, Әлібек, сені де құттықтаймын!
-Мектебіңде қандай инновация бар?
-Біздің мектебіміз жаңа, сондықтан көп артықшылығымыз бар. Сексеннен аса кең әрі жарық кабинет бар. Олардың барлығы талап
қа сай. Жаңа компьютермен жабдық талған, ғаламтор қосылған. Бес мығдай кітап қоры бар кітапхана жұмыс істейді. Мұғалімдеріміз де -- білімпаз кісілер. Бізге басқа не керек?

-Солай деп ой лайсың ба? «Өзекті мәселе шешілген, кемшілік жоқ», -дейсің ғой?!
-Айтпақшы, ұмытып барамын, мектепте жазу бассейні бар. Он шақты үйірме жұмыс істейді: би, домбыра, қазақша күрес, самбо, таэквондо, тоғызқұмалақ және тағы басқа...
-Оның бәрі жақсы-ау... Бірақ қазір мектептер жаңаша жұмыс істей бас тады ғой.
-Сонда бұлар инновация емес пе?
-Қазір өркениетті елдердің мектептерінде оқушылар сабақты өздері таңдап о
қиды екен...



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   29




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет