2. Әдістемелік құзырлылық – мұғалімнің кәсіби-педагогикалық құзырлығының негізгі құраушысы
«Кәсіби құзіреттілік – жеке тұлғаның кәсіби іс – әрекетті арттыруға ториялық және практикалық әзірлігі мен қабілеттілігінің бірлігі».
Кәсіби құзыреттілік мәселесін зерттеген ғалымдардың ой – тұжырымдарын терең талдай отырып, білім беру жағдайында педагогтің құзыреттілігін мынадай үш аспектімен бірдей кешенде сипаттауға болады:
1. Мәндік аспект, яғни ахуалды жете түсіну, оны ұғыну және оған деген қарым – қатынас, бұл жағдайда оқытудың теориялық негізін, өткір мәселелерді ұғыну;
2. Проблемалық практикалық аспект: бұл осы жағдайда педагогтің алдына мақсат орындау жолдарын ан, міндет нормаларын қойып жәнықтауды сипаттайды;
3. Коммуникативтік аспект: бұл-педагогтің осы үрдісіне, ахуалға қатысын және өзара ықпал жасауын қамтамасыз етеді.
Г.Л.Луканкиннің жұмысында математика мұғалімін кәсіби дайындаудың ғылыми-әдістемелік негіздері зерттелген. Ол математика мұғалімін кәсіби дайындаудың моделін және жоғары педагогикалық оқу орындарында студенттерді оқытудың біртұтас әдістемелік жүйесінің моделін құрған. Г.Л.Луканкиннің кәсіби дайындық моделі үш блоктан тұрады: мұғалім-азамат тұлғасын қалыптастыру; тәрбиеші мұғалімді қалыптастыру; құзырлы маман, әрі пән мұғалімін қалыптастыру. Құзырлылықтың құрамы мынандай:
1) кәсіби дайындықтың әдіснамалық бағыттылығы;
2) қоғамдық-саяси пәндердің кәсіби-педагогикалық бағыттылығы;
3) психологиялық-педагогикалық дайындықтың кәсіби-пәндік бағытты-лығы;
4) математикалық дайындықтың кәсіби бағыттылығы;
5) әдістемелік дайындықтың ғылыми-теориялық және практикалық бағыт-тылығы;
6) студенттердің үздіксіз педагогикалық практикасының ғылыми-теориялық және ғылыми-әдістемелік деңгейін көтеру;
7) мамандарды дайындағанда тұлғалық-әрекеттік тұғырды жүзеге асыру;
8) мамандарды қазіргі педагогикалық және жаңа ақпараттық технологиялармен қаруландыру;
9) мұғалімдердің үздіксіз компьютерлік дайындығын жүзеге асыру;
10) оқу-ғылыми-өндірістік-педагогикалық кешенін жасау
М.А.Құдайқұлов мұғалімді кәсіби дайындаудың моделінде мұғалімнің іс-әрекетінің үш «баспалдағын» көрсетеді. Олар: жалпы-педагогикалық, кәсіби-педагогикалық, кәсіби-әдістемелік. Біліктілікті мынандай үш түрге бөледі: 1) барлық адамдар үшін: кәсіби емес педагогикалық біліктіліктер; 2) барлық педагогтар үшін: кәсіби-педагогикалық біліктіліктер; 3) пән мұғалімі үшін: кәсіби-әдістемелік біліктіліктер
Достарыңызбен бөлісу: |