Екінші деңгейі - қалыптастырылған жекелеген, кейде тіпті әдістемелік біліктіліктің толық бір кешенін жаңа нысанға, оқу материалының неғұрлым ірі блогына көшіре білуі. Мұндай көшіру көбінесе жалпы ұсыныстарды пайдалану жолымен, оның мақсатының мағынасын түсіну негізінде жүзеге асады.
Үшінші деңгейі - жоғары дамыған әдістемелік біліктілік, ол мұғалімнің кәсіби іс-әрекетінің тек мақсаттарын ғана емес, сонымен бірге оның мотивтері мен құралдарын таңдай білуімен анықталады. Бұл деңгейде нақты педагогикалық ситуацияға сәйкес әртүрлі құралдар мен әдістемелік біліктілікті пайдалана білу шеберлігі тән болады.
4. Болашақ математика мұғалімдерін кәсіби даярлау қағидалары
В.А. Гусев математика мұғалімін әдістемелік дайындаудың төмендегідей негізгі компоненттерін атап көрсетті:
а) математиканы оқытудың міндеттерін, мектеп математика курсының бағдарламасын, оқулықтарды білу;
ә) математиканы оқытудың теориялық негіздерін және оны зерттеудің әдістерін білу, оқыту әдістемесін функцияналды меңгеру;
б) математиканы оқыту үдерісінде оқушыларды тәрбиелеу жолдарын білу
А.Г.Мордкович математика мұғалімін оқытудың кәсіби-педагогикалық бағыттылығын төмендегідей қағидалар негізінде тұжырымдайды:
фундаменталдық (фундаменталдық математикалық дайындық қажеттігі);
бинарлық (оқытудағы жалпы ғылымилық және әдістемелік бағытты біріктіру);
жетекші идеясының болуы (математикалық курстардың мектеп математика курсымен байланысы туралы);
үздіксіздік (педагогикалық іс-әрекетке үздіксіз үйрену)
5.Болашақ математика мұғалімін кәсіби дайындауда оның әдістемелік құзырлылығын қалыптастырудың мазмұны
құзіреттілік дегенімізді – қазіргі заман талабына сай педагог қауымының өзінөзі өзгерте алу қабілеттілігі деп түсінуімізге болады. Болашақ педагогтеріміздің осы ақ параттық қоғамнан қалыспай жедел ойлау шы; жедел шешім қабылдаушы; ерекше ұйымдастырушылық қабілетті; нақты бағыт-бағдар беруші болып шығуы – бұл қазіргі заманның талабы. Құзіреттілікті қалыптастыру дегеніміз болашақ математик-мұғалім – қазіргі білім алушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыта отырып, ойлаудың, интеллектуальдық белсенділіктің жоғары деңгейіне жету, жаңаны түсіне білуге, білімнің жетіспеушілігін сезуіне үйрету арқылы ізденуге бағыттауды қалыптастырудағы күтілетін нəтижелер болып табылады. Мұның өзі, қазіргі ұстаздардан шəкіртті оқытуда, білім беруде, тəрбиелеуде белгілі бір құзіреттіліктерді бойына сіңірген жеке тұл ғаны қалыптастыруды талап етеді. Осындай құзырлылықтардың қатарына: бағдарлы құзіреттілік; мəдениеттанымдық құзіреттілік; оқу-танымдық құзіреттілік; коммуникативтік құзыреттілік; ақпараттық-технологиялық құзі рет тілік; əлеуметтік-еңбек құзіреттілігі; тұлғалық өзін-өзі дамыту құзіреттілігі жатады. Тұлғаға бағытталған білімдер жүйесі білім стандартына сай тұлғаның жан-жақты дамуына негізделген, алған білімін өмірдің қандай бір жағдайында қолдана алатындай дəрежеде ұсыну педагогтің құзіреттілігіне байланысты болады.
Достарыңызбен бөлісу: |